You are here

11 қыркүйектен бастап борыш жүктемесін азайту бойынша азаматтарға кеңес беретін ұйымдардың тізімі ұлғаяды

долговая нагрузка

11 қыркүйектен бастапқазақстандықтар борыш жүктемесін азайту бойынша кеңесті 111 call-орталығы мен Халыққа қызмет көрсету орталықтарынан басқа тағы да бірқатар ұйымдардан біле алатын болады.

Бүгінгі күніборыш жүктемесінің төмендеуінеүміткер азаматтар өз мәртебесін келесідей тексере алатыны белгілі:

- Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің (бұдан әрі - ҚР Еңбекмині) ресми интернет-ресурсындағы http://www.enbek.gov.kz/ru/node/363149 сілтемесіне ЖСН енгізіп, сұрау жіберу арқылы;

- Электрондық үкімет порталының басты бетінде орналасқан «Борыш жүктемесіназайту бағдарламасына қатысу үшін мәртебені тексеру» электрондық сервисінің көмегімен. Ол үшін ЭЦҚ қажет болады;

-ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің базасында жұмыс істейтін call-орталықта 111, 74-32-20, 75-01-79, 75-01-78 телефондары бойынша кеңес алу.;

- Халыққа қызмет көрсету орталығына жүгіну арқылы.

11 қыркүйектен бастап қазақстандықтар мемлекет есебінен қарыздар мен микрокредиттер бойынша берешекті өтеу мүмкіндігі туралы кеңесті:

- облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларынан;

- «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ және оның филиалдарынан;

- Облыстардағы, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларындағы Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық департаменттерінен ала алады

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Президентінің 2019 жылғы 26 маусымдағы Жарлығына сәйкес борыш жүктемесін азайту 5 санаттағы азаматтарға: көпбалалы отбасыларға; мүгедек балалары бар отбасыларға, бала кезінен мүгедектігі бар 18 жастан асқан азаматтарға; жалғыз асыраушысынан айрылған отбасыларға; атаулы әлеуметтік көмек алушыларға; 29 жасқа толмаған жетім балаларға қарастырылған.

Бұл санаттағы азаматтар үшін берешекті өтеу олардың қаржылық табысына байланысты емес.

Борыш жүктемесіназайту шарттары:

- тек кепілсіз тұтынушылық қарыздар (кепілге немесе бизнесті дамыту үшін алынған кредиттер қарастырылмайды);

- Мемлекет негізгі қарызды және ол бойынша есептелген сыйақыны жалпы мөлшері 300 мың теңгеге дейін өтейді (қарыз мөлшері 300 мың теңгеден асатын адамдарға, олардың борышының бір бөлігі 300 мың теңге мөлшерінде өтеледі).);

- жалпы берешек ағымдағы жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша 3 млн теңгеден аспауы тиіс;

- кредит банкте немесе микроқаржы ұйымында ресімделуі тиіс (коллекторлық компанияларға берілген қарыздар өтелуге жатпайды).

Жоғарыда көрсетілген санаттағы азаматтардың тізімін қалыптастыру орталық мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің деректері негізінде жүзеге асырылды (жалпы алғанда 2,289 млн бірегей адам). Тізімдер ҚР Ұлттық Банкіне және Мемлекеттік кредиттік бюроға берілді.ҚР Ұлттық Банкі өз тарапынан кепілсіз тұтынушылық несиесі жоқ, жалпы қарызы 3 млн теңгеден асатын, қарыздары коллекторлық ұйымдарға берілген адамдарды тізімінен шығарып тастады. Нәтижесінде 506 941 борышкерден тұратын 630 633 қарыздар мен микрокредиттер бойынша берешекті өтеу жүзеге асырылатын тізім пайда болды.

Мемлекет тарапынан ұйымдастырылған бұл акция бір реттік сипатқа ие. Борыш жүктемесін өтеу Қазақстандықтардың кредиттік тарихтарына кері әсерінтигізбейді, яғни кредиті өтелген азаматтар қаржы ұйымдарының «қара тізіміне» ілінбейді.

13 қыркүйек, 2019 - 16:41 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші