You are here

55 мыңнан астам қазақстандық Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төлемдер алды

55 мыңнан астам қазақстандық Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төлемдер алды

2019 жылдың 8 айында 577 мың қазақстандық шамамен 129,9 млрд теңге сомасында Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі - МӘСҚ) төлемдер алды.

Кейбір азаматтар МӘСҚ-дан бірден бірнеше төлем түрлерін алатындығын айта кету керек.

Осылайша, асыраушысынан айырылған жағдайда төленетін төлем сомасы 6,3 млрд теңгені (төлемдердің жалпы көлемінің 4,9%), еңбек қабілетінен айырылған жағдайда – 9,1 млрд теңгені (7%), жұмысынан айырылған жағдайда – 2,9 млрд теңгені (2,3%), жүктілігіне және босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылған жағдайда – 52,1 млрд теңгені (40,1%), бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда – 59,5 млрд теңгені (45,8%) құрады.

Жүктілігіне және босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты аналарға арналған Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін төлемдердің орташа мөлшері 416 400 теңгені, ал төлем алушылардың саны - 134,7 мың адамды құрады.

Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты әлеуметтік төлем мөлшері 31 052 теңгені құрады, оны 353,8 мың қазақстандық алды.

Жұмысынан айрылу жағдайы бойынша 47 мың адам әлеуметтік жәрдемақы алды, оның орташа мөлшері 22 401 теңгені құрады.

45,6 мыңнан астам қазақстандыққа асыраушысынан айрылу жағдайында төлемдер төленді, олардың орташа мөлшері 17 578 теңгені құрады.

Тағы 82,9 мың азамат еңбек ету қабілетінен айырылған жағдайда әлеуметтік төлем алды. Төлемнің орташа мөлшері 14 855 теңгені құрады. Сонымен қатар, еңбек ету қабілетінен айырылу және асыраушысынан айырылу бойынша алушыларға мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен төлемдер жүргізіледі.

2019 жылдың 8 айында МӘСҚ-на Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің 5,9 млн қатысушысы үшін жалпы сомасы 161,9 млрд теңге әлеуметтік аударымдар келіп түсті. Төлеушілер жалпы сомасы 0,3 млрд. теңгеге әлеуметтік аударымдарды уақытылы аудармағаны үшін өсімпұл аударды. Есепті кезеңде бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер саны 171,4 мың адамды құрады.

9 қыркүйек, 2019 - 16:20 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші