check

You are here

«Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ашық деректер тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 16

«Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ашық деректер тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің

2018 жылғы 16 мамырдағы № 188 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

 

 

«Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 15) тармақшасына сәйкес  БҰЙЫРАМЫН:

1. «Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ашық деректер тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 16 мамырдағы № 188 бұйрығына  (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 17073 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 22 маусымда жарияланған)  мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ашық деректер тізбесінде:

реттік нөмірлері 37-жол, 38-жол және 39-жол алып тасталсын;

реттік нөмірі 47-жол алып тасталсын.

2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Ұлттық біліктілік жүйесін дамыту және болжамдау департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын   бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі                       Е.Ж. Жылқыбаевқа жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Министр                                                                                Б. Нұрымбетов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасы

Цифрлық даму, инновациялар

және аэроғарыш өнеркәсібі

министрлігі

 

ТіркемеМөлшер
Package icon proekt_prikaza_kaz_3_punkta.zip20.91 KB
Бөлімдер:
6 қыркүйек, 2019 - 16:41 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші