check

You are here

Елорданың күрделі құрылыс компаниялары заң талаптарын ескермейді – Б.Нұрымбетов

совещание с работодателями

Нұр-Сұлтан қаласының екі құрылыс компаниясындағы жалақы бойынша берешек 265 миллион теңгені құрайды. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов елорданың жекелеген кәсіпорындарындағы еңбек қатынастарының проблемалық мәселелеріне арналған кеңес барысында мәлімдеді.

Іс-шараға ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің (бұдан әрі - Еңбекмині), ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің, Нұр-Сұлтан әкімдігінің және елорда кәсіпорындарының басшылары қатысты.

 «Негізгі проблема - жалақының уақтылы төленбеуі. Қазіргі уақытта республиканың жұмыс істеп тұрған 39 кәсіпорнында жалақы бойынша мерзімі өткен берешек сомасы 1,8 мың жұмыскерге 683 миллион теңгені құрайды. Елордада заң талаптарын ескермейтін және 2 айдан астам уақыт жұмысшыларына жалақы төлемейтін кәсіпорын басшылары да кездеседі. Бұл, ең алдымен, «Шар-Құрылыс» ЖШС (326 жұмыскерге 206,5 млн. теңге) және «ДжиЭлБи» ЖШС (10 жұмыскерге 59 млн. теңге), жалпы қарызы 265 млн. теңге », – деді Біржан Нұрымбетов.

Сонымен қатар, жалақыны ұзақ уақытқа кешіктіру фактілері «Мостостроительный отряд – 25 им. Рязанова» ЖШС-да көптеген жанжалдың себебі болып отыр. Бүгінгі таңда республикадағы бұл компанияның жалпы берешегі 30 миллион теңгеден асады, оның 5 миллион теңгесі Нұр-Сұлтан қаласында әлі төленбеген, ал жұмыскерлер осы жылдың қыркүйегінде тағы да наразылық митингісін ұйымдастырды

«Келесі проблемалық мәселе – банкротқа ұшыраған кәсіпорындардағы жалақы бойынша берешек. Республика бойынша 86 кәсіпорында 2,3 мың жұмыскердің алдындағы қарыз 983 миллион теңгені құрайды. Оның ішінде Нұр-Сұлтан қаласындағы 4 банкроттық кәсіпорынның 9,4 млн теңге берешегі бар », – деп толықтырды министр.

Біржан Нұрымбетов сонымен қатар қоғамдағы әлеуметтік шиеленістің алдын алуға да назар аударды.

«Жыл басынан бері республикада еңбек жанжалдарының 3 фактісі тіркелді (Атырау облысы - 2 (Саренс ЖШС, «СиСиАйПи» ЖШС, БҚО – «Сичим» ЖШС). «Абу-Даби Плаза» құрлыс кешені (бас мердігер - «Arabtec CCL Company филиалы» ЖШС) – құрылыстағы қазақстандық және шетелдік жұмысшылардың арасындағы үнемі туындаған қақтығыстардың тұрақты шиеленіс көзі болып отыр. Тек осы жылдың өзінде аталған мекемеде 4 жанжал орын алған, бірақ олар тұрмыстық және ұлтаралық сипатта болды, олардың себебі жергілікті және шетелдік қызметкерлердің еңбек жағдайының әртүрлі болуында», – деді министр.

Сондай-ақ, ол ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бас прокуратурамен бірлесіп шетелдік жұмыс күшін тартатын 63 кәсіпорында (бұдан әрі - ШЖК) тексеру жүргізуге бастамашылық еткенін атап өтті. 38 кәсіпорында тексеру аяқталды, оның ішінде 19-да еңбекақы төлеудегі сәйкессіздіктің 161 фактісі анықталды.

«Тексеру нәтижелері көрсеткендей, Нұр Сұлтан қаласында Arabtec CCL филиалында жергілікті және шетелдік жұмыскерлерді тамақтандыру кезінде теңсіз жағдайлар фактілері анықталды. Жатақханада тұратын шетелдік жұмыскерлерге күніне 3 рет ас беріледі, оның құны 2-ден 3 мың теңгеге дейін, ал жергілікті қызметкерлер бөлек тамақтанады, оларға тек 800 теңге мөлшерінде өтемақылық төлем беріледі. Сонымен қатар, жұмыс берушілердің берілген рұқсатқа сәйкес келмейтін лауазымдарға шетелдік жұмыскерлерді тарту фактілері, сондай-ақ қазақстандық кадрларды қамту талаптарының сақталмау фактілері анықталды. Тексеру нәтижелері бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары тарапынан нұсқама берілді», – деді Нұрымбетов.

Министр ШЖК байланысты бұзушылықтарды тұрақты түрде анықтауға байланысты ҚР Еңбекмині квоталарды қысқарту бойынша шаралар қабылдауды және шетелдік мамандарды тартуға рұқсат беру ережесін күшейтуді жоспарлап отырғанын атап өтті.

5 қыркүйек, 2019 - 16:55 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші