check

You are here

Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру» Жобасын басқару бойынша топқа – Мониторинг, бағалау және қоғаммен байланыс бойынша маман бос орын позициясына конкурс

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі "Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру" Жобасын басқару бойынша топқа – Мониторинг, бағалау және қоғаммен байланыс бойынша маман бос орын позициясына орналастыру үшін конкурс жариялайды (Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру жөніндегі жоба) ратификациялау туралы» 2016 жылғы 5 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы).

Біліктілікке қойылатын талаптар:

1) жоғары (және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) кәсіптік білім, артықшылығы - магистр, PhD, ғылым кандидаты немесе докторы дәрежесінің болуы;

2) мониторинг және бағалау саласында кемінде 5 (бес) жыл жұмыс тәжірибесі; артықшылығы - Дүниежүзілік банк жобаларында жұмыс тәжірибесі және Дүниежүзілік Банктің жобаларды басқару бойынша рәсімдерін білу, ақпараттық-түсіндіру кампанияларын дамытуға бағытталған бағдарламаларда жұмыс тәжірибесі мен білімі (бастапқы талдау жүргізу үшін тиісті фирмаларды жалдау тәжірибесін қоса алғанда), кері байланыс механизмін және проблемаларды шешу (азаматтарды қатыстыруда, түсіндіру кампанияларында жұмыс тәжірибесі (бастапқы талдау жүргізу үшін тиісті фирмаларды жалдау тәжірибесін қоса алғанда), кері байланыс тетігін және проблемаларды шешу (азаматтарды қатыстыруда, түсіндіру, және сыйақы бағдарламаларын (топтар мен жеке азаматтарды ынталандыру үшін монетарлық және монетарлық емес түрлерді) дамыту);

3) пайдаланушы деңгейінде компьютермен жұмыс істеу дағдылары (MS Office, Internet Explorer);

4) жақсы ұйымдастырушылық және басқарушылық дағдылар, іскерлік қарым-қатынастың және хат жазысудың тиімді дағдылары, ұйымдастырушылық және презентациялық дағдылар, командада жұмыс істей білу және міндеттерді шешуге бағытталу;

5) ауызша және жазбаша ағылшын тілін еркін меңгергені дұрыс.

Жеке консультанттарда іріктеу ХҚҚДБ қарыздары және МАР кредиттері бойынша  Консультанттарды Дүниежүзілік банктің қарыз алушылары арқылы іріктеу және жалдау жөнінідегі 2011 жылығы қаңтардағы Дүниежүзілік банктің нұсқаулығында(2014 жылғы шілдедегі редакцияда) көрсетілген рәсімдерге сайкес өткізіледі.

Барлық конкурсқа қатысушыларды және біліктілік талаптарына сәйкес келетіндері және ағылшын тілдеріндегі түйіндемені және таңдалған тапсырмада біліктілікті айқындайтын ақпаратты 2019 жылғы 20 қыркүйек мерзіміне дейін kzsj_zakup@mail.ru электрондық мекен жай бойынша, Хаттың тақырыбында міндетті түрде позицияны көрсетумен ұсынуды сұраймыз.

Байланыс телефондары: +7 (7172) 64-27-46

 

5 қыркүйек, 2019 - 16:36 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші