check

You are here

«Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан төленетiн әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерiн 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап арттыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына баспасөз релизі

«2020 жылғы 1 қаңтардан бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін арттыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкімет қаулысының жобасы (бұдан әрі – жоба) мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбек ету қабілетінен және асыраушысынан айрылуы бойынша тағайындалған әлеуметтік төлемдерді 5% индексациялау жолымен халықтың әлсіз бөлігін әлеуметтік қолдау мақсатында әзірленген.

Аталған арттырулар 2020 жылғы 1 қаңтарға Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбек ету қабілетінен айрылған және асыраушысынан айрылған жағдайларда әлеуметтік төлемдерді алушылар болып табылатын адамдарға қатысты.

Еңбек ету қабілетінен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайларына тағайындалған әлеуметтік төлемдердің мөлшерін арттыруды қаржыландыру үшін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 1 153 млн. теңге қосымша шығындар көзделген.

Жобаны қабылдау мен жүзеге асыру мемлекеттік бюджет қаражатынан қосымша шығыстарды талап етпейді.

4 қыркүйек, 2019 - 11:07 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші