You are here

Барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс

С-3 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

      жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

      мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау;

      жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

      1) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

      2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес;

3) А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;

      4) өкiлеттiктерiн теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жыл алты айдан кем емес;

      5) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

      6) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

      7) ғылыми дәрежесінің болуы;

      8) кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

С-4 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

      жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

      мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

      жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

      1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

      2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;

3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

      4) өкiлеттiктерiн теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

      5) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

     6) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

     7) ғылыми дәрежесінің болуы.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 желтоқсанда № 14542 болып тіркелді.

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы, тг.:

 

 Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

 

min

max

С-3

154 141

208 294

С-4

138 248

186 551

 

1. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Министрліктер үйі, Мәңгілік ел даңғылы, 8-үй, 6 кіреберіс, анықтама телефондары 8 (7172) 74-32-27, e-mail: kadry_mtszn@enbek.gov.kz, «Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс жариялайды:

1. Стратегиялық жоспарлау және талдау департаментінің стратегиялық жоспарлау басқармасының басшысы С-3 санаты

Функционалдық міндеттері: Стратегиялық жоспарлау басқармасы (бұдан әрі - Басқарма) жұмысына жалпы басшылықты жүзеге асыру. Әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру бойынша ұсыныстарды әзірлеу, орташа мерзiмдi және ұзақ мерзiмдi негізгі бағыттарға басымдықтарды белгілеуде қатысу.

Министрліктің стратегиялық жоспарында мемлекеттік бағдарламаларды, стратегияларды, тұжырымдамаларды, әлеуметтік-еңбек саласында талдау, әзірлеу және жүзеге асыру бойынша үйлестіру және жұмысты бақылау. Әлеуметтік-еңбек саласында аумақтарды дамыту бағдарламалардың келісілуі бойынша, стратегиялық және басқа да құжаттар мәнінің сәйкестігіне жұмысты үйлестіруді қамтамасыз ету. Министрлікте гендерлік саясатты жүзеге асыру жұмысын үйлестіру. Министрліктің қызмет тиімділігін бағалау кезеңдерінің орындалуын қамтамсыз ету – әлеуметтік-еңбек саласындағы стратегиялық міндеттер мен мақсаттарға қол жеткізу. Басқарманың құзыреттіне жататын мәслелер бойынша хат-хабарларды қарау, құжаттарды, сөз сөйлеуді, мақалаларды әзірлеу және басшылық жүктеген басқа да тапсырмаларды орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім: гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар), құқық (құқықтану, халықаралық құқық), әлеуметтік ғылымдар, экономика жəне бизнес (әлеуметтану, саясаттану, психология, аймақтану, экономика, менеджмент, есеп жəне аудит, қаржы, мемлекеттік жəне жергілікті басқару, маркетинг, статистика, әлемдік экономика, еңбекті ұйымдастыру жəне нормалау,  іскерлік əкімшілік жүргізу), жаратылыстану ғылымдары (математика, информатика), техникалық ғылымдар жəне технологиялар (автоматтандыру жəне басқару, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы жəне бағдарламалық қамтамасыз ету, математикалық жəне компьютерлік модельдеу, радиотехника, электроника жəне телекоммуникациялар), қызмет көрсету (әлеуметтік жұмыс).

2. Халықаралық ынтымақтастық және интеграция департаменті халықаралық ынтымақтастық басқармасының басшысы, С-3 санаты

Функционалдық міндеттері: Басқарманың жұмысын, оның ішінде Министрліктің құзыреті шегінде келісімдердің, меморандумдардың, ниет туралы хаттамалардың жобаларын әзірлеу бойынша жұмысын жалпы басқару, үйлестіру, бақылау, Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасының Үкіметінің және Министрлік басшылығының шешімдері мен тапсырмаларын бақылау және орындау, еңбек, жұмыспен қамту, халықты әлеуметтік қорғау және көші-қоны саласында халықаралық ынтымақтастықты дамыту бойынша жұмысты үйлестіру, мемлекеттік органдармен халықаралық ынтымақтастық мәселелері жөніндегі өзара іс-қимылды қамтамасыз ету, шетелдік тәжірибені тарту, Министрлікке бекітілген үкіметаралық комиссиялардың отырыстарын өткізуді ұйымдастыру, халықаралық ынтымақтастық мәселелері жөніндегі жоспарлар мен бағдарламалардың іске асырылуын бақылау, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Министрлік басшылығының тапсырмалары бойынша хаттар, материалдар және қорытындылар дайындауды қамтамасыз ету, заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарауды қамтамасыз ету. Халықаралық іс-шараларды қаржыландыруды жоспарлауды және 005 «Шетелдік іссапарлар» және 006 «Өкілдік шығыстар» бюджеттік бағдарламаларының орындалуын бақылау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім: білім беру (шетел тілі: екі шетел тілі), гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар, аударма ісі, шығыстану, шетел филологиясы), құқық (құқықтану, халықаралық құқық), әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (әлеуметтану, саясаттану, аймақтану, экономика, менеджмент, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, әлемдік экономика, еңбекақы төлеуді ұйымдастыру және нормалау, іскерлік әкімшілендіру), қызметтер (әлеуметтік жұмыстар), жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімді кадрларды шет елде дайындау бойынша Республикалық комиссия бекіткен жоғарыда аталған басым мамандықтар бойынша шетелдік жоғары оқу орындарынан аяқтағаны жөн, жоғары оқу орнынан кейінгі білімі болған жөн (магистратура).

Ағылшын тілін білу (TOEFL, IELTS сертификаттары) құпталады.

3. Мемлекеттік қызметтерді талдау және дамыту департаментінің мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру басқармасының басшысы, С-3 санаты

Функционалдық міндеттері: Мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру басқарма  (бұдан әрі - Басқарма) жұмысына жалпы басшылықты жүзеге асыру, талдау және мониторингтеу басқармасы  ұсынған ұсыныстар негізінде мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру бойынша жоспарларды әзірлеу және орындау, мүдделі тараптармен жоспарларды  келісу бойынша қызметті басқару, мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру бойынша жоспарлардың орындалу барысын мониторингтеуді басқару және Министрліктің басшылығына орындалу барысы туралы кезеңдік есептер беру, Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің және ведомстволық бағынысты ұйымдарының басшыларымен және өзге мүдделі тараптармен мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру шеңберіндегі жұмысты үйлестіру, Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің, ведомстволық бағынысты  ұйымдарының  ұсыныстары негізінде басқарма құзіреті шеңберінде нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу,  басқарма қызметінің тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстарды әзірлеуді басқару, басқарма қызметінің тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстарды әзірлеуді және енгізуді басқару, басқарма құзіретіне кіретін құжаттарды, сөз сөйлеулерді, мақалаларды дайындауды басқару және басшылық жүктеген өзге өкілеттіктерді жүзеге асыруды басқару.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім: гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар), құқық (құқықтану, халықаралық құқық), әлеуметтік ғылымдар, экономика жəне бизнес (әлеуметтану, саясаттану, психология, аймақтану, экономика, менеджмент, есеп жəне аудит, қаржы, мемлекеттік жəне жергілікті басқару, маркетинг, статистика, әлемдік экономика, еңбекті ұйымдастыру жəне нормалау, іскерлік əкімшілік жүргізу),  жаратылыстану ғылымдары (математика, физика, информатика), техникалық ғылымдар жəне технологиялар (автоматтандыру жəне басқару, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы жəне бағдарламалық қамтамасыз ету, математикалық жəне компьютерлік модельдеу, радиотехника, электроника жəне телекоммуникациялар), қызмет көрсету (әлеуметтік жұмыс), әскери іс жəне қауіпсіздік (ақпараттық қауіпсіздік жүйелері).

4. Ақпараттық қауіпсіздік басқармасының басшысы, С-3 санаты

Функционалдық міндеттері: Ақпараттық қауіпсіздік басқармасының жұмысын жалпы басқаруды, үйлестіруді және жоспарлауды жүзеге асырады..

-ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында бірыңғай талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді.

- ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша ведомствоаралық ынтымақтастықты ұйымдастырады;

- әлеуметтік-еңбек саласындағы ақпараттық жүйелерді құру, енгізу және пайдалану тиімділігінің индикаторларын әзірлеу және мониторингтеу бойынша жұмыстарға қатысады;

- ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкес әлеуметтік-еңбек саласының Интернет-ресурстарын және ақпараттық жүйелерін сертификаттау бойынша Министрліктің қызметін үйлестіреді;

- Министрліктің ақпараттық қауіпсіздік саясатын әзірлеу және бекітуді қатысады;

- ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша ағымдағы жобалар бойынша жұмыс кестелерін, техникалық тапсырмаларды, техникалық сипаттамаларды келісуге және әзірлеуге қатысады;

- ақпараттық қауіпсіздік мәселелеріне байланысты тауарларды және қызметтерді сатып алу шығыстарын жоспарлауға қатысады;

- басқармаға келіп түскен құжаттардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады;

- ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша Министрліктің қызметін үйлестіруге қатысады;

- ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерін әзірлеу қызметін үйлестіреді;

- ақпараттық қауіпсіздік тұрғысында әлеуметтік-еңбек саласындағы ақпараттық жүйелерді жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлейді және мониторингті қамтамасыз етеді;

- әлеуметтік-еңбек саласының ақпараттық жүйелеріне арналған техникалық құжаттаманы бекітуге және әзірлеуге қатысады;

- ақпараттық қауіпсіздік тұрғысында әлеуметтік-еңбек саласындағы ақпараттық жүйелерінің архитектурасын сүйемелдеу мен дамытуды үйлестіреді;

- комиссиялардың жұмысына, кеңестерге, семинарлар мен басқа іс-шараларға қатысуды қамтамасыз ету мақсатында Мемлекет Басшысының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Басқарма құзыретіне қатысты мәселелер жөніндегі Министрлік басшылығының тапсырмалары бойынша анықтамалық, талдамалық және өзге де құжаттарды, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау және сөз сөйлеу үшін материалдар дайындауға қатысады;

- ведомствоға және Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарға тапсырма жобаларын дайындайды, олардың орындалуына бақылау жасайды, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша көрсетілген ұйымдардың қызметін үйлестіру процесінде айқындалған бұзушылықтарды жою бойынша тапсырмалар жобаларын дайындайды;

- мемлекеттік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді құзыреті шегінде қорғауды қамтамасыз етеді;

- Министрліктің басқа құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволарымен, сондай-ақ ведомствоаралық хат-хабарларымен ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша хат-хабарларды жүзеге асырады;

- заңнамалық және басқа да нормативтік құқықтық актілермен және Министрлік басшылығының шешімдерімен басқармаға жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады;

- Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен бірге басқарма құзыретіне жататын мәселелер бойынша Министрлікке ведомстволық бағынысты ұйымдары ұсынған құжаттарды қарауды жүзеге асырады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғарғы және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім: техникалық ғылымдар мен технологиялар (автоматтандыру және басқару, ақпараттық жүйелер, математикалық және компьютерлік модельдеу, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, радиотехника, электроника және телекоммуникация), әскери іс және қауіпсіздік (ақпараттық  қауіпсіздік жүйелері), жаратылыстану ғылымдары (физика, информатика, математика), құқық (құқықтану, халықаралық құқық), әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару), ғылыми дәрежесінің болуы құпталады.

5. Халықты жұмыспен қамту департаменті еңбек нарығын дамыту басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты

Функционалдық міндеттері: Еңбек нарығы мәселелері жөніндегі ұсыныстарды қарау және еңбек нарығы мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілердің және басқа да құжаттардың жобаларын әзірлеу, жеке және заңды тұлғалардың хаттарын, шағымдарын, өтініштері мен ұсыныстарын қарау, басқарма құзыретіне жататны мәселелер бойынша баяндамалар, сөз сөйлеулер мен мақалаларды әзірлеу; басқарма құзыретіне жататын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің  және Министрлік басшылығының тапсырмаларын орындау бойынша хаттар, материалдар, қорытындылар әзірлеу, еңбек нарығы саласында орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-әрекет ету; басқарма құзыретіне жататын мәселелер бойынша Министрліктің стратегиялық және операциялық жоспарларына ұсыныстар енгізу, мемлекеттік қызмет көрсету саласында нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу; Министрліктің «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ еңбек нарығын дамыту, халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі қызметін үйлестіру, халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау, халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі халықаралық тәжірибені зерделеу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім: құқық (құқықтану, халықаралық құқық), гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (әлеуметтану, саясаттану, аймақтану, экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, маркетинг, статистика, әлемдік экономика, еңбекті ұйымдастыру және нормалау, іскерлік әкімшілік жүргізу), техникалық ғылымдар және технологиялар (автоматтандыру және басқару, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, математикалық және компьютерлік модельдеу, радиотехника, электроника и телекоммуникациялар), қызмет көрсету (әлеуметтік жұмыс).

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

Тар шеңберде мамандырылған лауазымдарға конкурсты өткізген жағдайда конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Тар шеңберде мамандырылған ретінде мемлекеттік орган қызметшілерінің 5 пайызынан аз қызметші ие болған мамандық болып табылады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.

 «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларының (Агенттігінің 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығы) 53-тармағына сәйкес әңгімелесу кезінде егер конкурс комиссиясы отырысының өтуіне кедергі келтірмеген жағдайда кандидат та техникалық жазба құралдарын қолдана алады.

Қағидаларының 91-тармағына сәйкес Басқарушы лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тізімінен бір эссені жазады. Эссе Комисиямен бағаланады. Эссені жазу уақыты 45 минуттан аспау керек.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш (нысаны қоса беріледі); 

2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.

Құжаттарды қабылдау мерзімі - 3 ЖҰМЫС КҮНІ, ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сайты: www.qyzmet.gov.kz

 

___________________________________
      (мемлекеттік орган)    

                           

 

Өтініш

 

Мені___________________________________________________________________________________________________
____________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын. Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

 

Қоса берілген құжаттар:

_______________________________________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________________________________

 

 

Мекен жайы және байланыс телефоны _______________________________
________________________________________________________________

      

 

__________                                ____________________________________
(қолы)                                                                                               (Т.А.Ә. (болған жағдайда))

      

 

«____»_______________ 20__ ж.

6 қыркүйек, 2019 - 12:09 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші