You are here

«Қазақстан Республикасында енбекті нормалауды мемлекеттік реттеуді дамытудың перспективалары» тақырыбындағы талдамалық зерттеулер

 

Бекітемін

 «REINDEER» ЖШС директоры

_____________Н. Наханов

«21» желтоқсан 2018 жыл

 

Қазақстан Республикасында енбекті нормалауды мемлекеттік реттеуді дамытудың перспективалары» тақырыбындағы талдамалық зерттеулер

 

Астана

қараша 2018 жыл

Мазмұны

КІРІСПЕ 3

1. Еңбекті нормалаудың теориялық-әдістемелік негіздерін шолу және талдау 6

1.1 Еңбекті нормалаудың пайда болуы мен оның даму үрдістері  6

1.2 Техникалық нормалаудың негіздері, еңбекті нормалаудың әдістері мен тәсілдері.....................................................................................................................................12

1.3 Қызметтің жекелей түрлері бойынша нормалаудың ерекшеліктері 17

2. Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымы (ЭЫДҰ), Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО), тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдерінде еңбекті нормалау бойынша халықаралық тәжірибені шолу және талдау……………………………………….................18

2.1 Индустриалды дамыған елдерде еңбекті нормалауды ұйымдастыру ..........................24

3. Қазақстанда еңбекті нормалаудың қазіргі жағдайын және Қазақстан Республикасының кәсіпорындарында еңбекті нормалау бойынша қолданыстағы жүйенің жай-күйін бағалау…………………………………………………..............................................................29

4. Экономика салаларында еңбекті нормалауды ұйымдастыру жөнінде ұсынымдар әзірлеу………………………………………...............................................................................38

4.1.1. Қазақстан Республикасында еңбек нормаларын әзірлеуде әдістемелік тәсілдерді жетілдірудің тұжырымдамалық аспектілері……..................................................................38

4.1.2. Негізгі тұжырымдамалық тәсілдер ..............................................................................40

4.2. Қазақстан Республикасында еңбекті нормалауды жетілдірудегі негізгі бағыттары..................................................................................................................................41

   4.3 Экономика саласында еңбекті нормалауды ұйымдастыру бойынша ұсынымдарды әзірлеу (жоба) ..............................................................................................................................48

5. Басқарушы, өндірістік және көмекші персоналдың сан нормативтерін есептеу әдістемесін әзірлеу .................................................................................................................... 61

6. Еңбекті нормалауды құжаттамалық қамсыздандыру жөніндегі нормативтік-әдістемелік кешенді әзірлеу (ұйымдастырушылық, нормативтік, жоспарлау-есептеу және өкімдік құжаттама) ...................................................................................................................................77

7. Еңбекті нормалау кезіндегі тиімділік критерийлерін, оның ішінде: кәсіпорында қолданылатын еңбек бойынша нормалар мен нормативтер жүйесін; еңбек нормаларын есептеу үшін пайдаланылатын салааралық, салалық нормалар мен нормативтердің қажетті базасын түгендеуді (жаңарту, толықтыру); жұмыстарды (жұмыскерлерді) еңбекті нормалаумен қамту дәрежесін бағ ..........................................................................................101

8. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне еңбекті нормалауды мемлекеттік реттеу бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар әзірлеу……...107

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.............................................................................................110

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

Қазіргі әлемде болып жатқан жаһандық процестер көптеген елдердің экономикалық дамуының тұрақсыздығы мен әркелкілігіне себепші болды.   Бұл процестер қазіргі кезеңде нарықтық ортаның жылдам өзгеретін талаптарына бейімделу қажеттігі, адами капитал сапасына қойылатын талаптарды күшейту, қоғамның екі негізгі тобы: қызметкерлер мен жұмыс берушілер мүдделерінің теңгерімін қамтамасыз ету себепші болып отырған, белгілі бір дағдарыстық құбылысқа ұшыраған Қазақстан Республикасын да айналып өтпеді. Мұндай жағдайда еңбекті нормалау мәселесі құрамдас бөлігі болып табылатын, еңбек қатынастарын тиімді реттеудің рөлі айтарлықтай өседі.

Еңбектің өлшемінің нақты көрінісі болып табыла отырып, еңбек нормасы сәйкес жағдайларда белгілі бір жұмысты орындау үшін қажетті жұмыс уақытының қажетті шығынын көрсетеді. Сонымен қатар еңбек нормасы еңбек қызметінің нәтижелеріне сәйкес еңбек төлемін ұйымдастыру негізін қамтамасыз ете отырып, әлеуметтік функцияларды қамтиды.

Нарықтық жағдайларда еңбекті нормалау өндірісті басқару саласында негізді шешімдер қабылдау мүмкіндігін береді, бұл өз кезегінде еңбек өнімділігінің өсуін және шығарылатын өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруды қамтамасыз етеді. Бірінші жағынан өндіріс шығындарын (еңбек шығындарын) азайту, екінші жағынан, қызметкердің еңбек нәтижелеріне байланысты еңбек ақысының негізді деңгейін белгілеу, еңбекті нормалаудың маңызды функциялары болып табылады.

Жалпы тұрғыда еңбекті нормалау ретінде жұмыс уақыты шығындарын және өндірістік түрлі факторларын есепке алуды зерттеу негізінде еңбек нормасын белгілеу процесін түсінуге болады. Бұл ретте нақты есептеу, еңбек шығындарының нормаларының ғылыми негізділігі мен прогрессивтігі проблемаларын, сондай-ақ оларды белгілеу әдістері мен тәсілдерін зерттеу маңызды мәнге ие болуда.

Еңбекті нормалаудың алдында тұрған негізгі міндеттер қатарына келесі аталғандарды жатқызуға болады:

  • осы бағыттағы жұмыстарды ұйымдастырудың кешенді жүйесін жасау жолымен еңбек өнімділігінің өсуін қамтамасыз ету;
  • экономикалық қызметтің барлық салаларындағы түрлі кәсіби-білікті қызметкерлер топтарының еңбектерін реттеу мүмкіндігін беретін, еңбекті нормалаудың заманауи әдістерін қолдану;
  • еңбек төлеміне бағытталған, қаржылық қаражатты үнемдеу мақсатында орындалатын жұмыстардың еңбекті көп қажеттілігін қысқарту;
  • олардың тең қауырттылығын және басқасын анықтау мақсатында кәсіпорындарда еңбек шығындарының әзірленген нормалар бірлігі қағидатын қамтамасыз ету.

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары Қазақстан Республикасында нарық барлығын өз орнына қояды, сондықтан мемлекетке еңбек процестерін, соның ішінде еңбекті нормалауды реттеу қажеттігі керек емес деген пікір кеңінен тарады. Шынында да, дамыған нарық экономикасы бар елдерде еңбек шығындары нормаларын анықтау немесе негіздеу процесін орталықтандырылған бақылау мемлекет функциялары қатарына кірмейді.

Жоғарыда баяндалғанға орай, қазіргі заманғы жағдайда Қазақстан Республикасында еңбекті нормалауды мемлекеттік реттеуді дамыту қажеттігін, мүмкіндігін және перспективаларын зерттеудің объективтік қажеттілігі туындайды.

Осы зерттеудің мақсаты Қазақстан Республикасының экономикалық дамуының қазіргі кезеңінде және перспективасында еңбекті нормалау мәселесін мемлекеттік реттеуді жетілдіру. Нысаналы бағыттылық аясында келесідегідей негізгі міндеттер шешілді:

- еңбекті нормалаудың теориялық-әдістемелік негіздеріне шолу мен талдау жасау;

- еңбекті нормалауды мемлекеттік реттеудің халықаралық тәжірибесін анықтау;

- ЭЫДҰ, ЕАЭЫ, ТМД елдерінде еңбекті нормалауды ұйымдастырудың халықаралық тәжірибесін талдау;

- Қазақстандағы еңбекті нормалаудың қазіргі жағдайына  және Қазақстан Республикасындағы  кәсіпорындардағы еңбекті нормалаудың қолданыстағы жүйесінің ағымдағы жай-күйіне баға беру;

- экономика салаларында еңбекті нормалауды ұйымдастыру жөнінде ұсынымдар әзірлеу;

- басқарушылық, өндірістік және қосалқы қызметкерлер сандарының нормативтерін есептеу әдістемесін жасау;

- еңбекті нормалауды құжаттамалық қамтамасыз етудің нормативтік-әдістемелік кешенін (ұйымдастырушылық, нормативтік, жоспарлы-есептік және басқарушылық құжаттама) әзірлеу;

- еңбекті нормалауды талдаған кезде тиімділік критерийін, соның ішінде кәсіпорындарда қолданылатын, еңбек жөніндегі нормалар мен нормативтер жүйесін негіздеу; еңбек нормасын есептеу үшін пайдаланылатын, салааралық, салалық нормалар мен нормативтердің қажетті базасын түгендеу (жаңарту, толықтыру); жұмыстарды (қызметкерлерді) еңбекті нормалаумен қамту деңгейін бағалау; қолданыстағы еңбек нормаларының сапасын талдау;

- Қазақстан Республикасындағы заңнамалық актілерге еңбекті нормалауды мемлекеттік реттеу жағынан өзгертулер мен толықтырулар енгізу жөніндегі ұсыныстарды жасау мен негіздеу.

Жұмыста әр түрлі елдердегі еңбекті нормалау мәселесін реттейтін, заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілер, шетелдік және отандық зерттеушілердің осы сала бойынша еңбектері, халықаралық конференциялардың материалдары, Қазақстан Республикасы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің, басқа да министрліктердің және ведомстволардың ресми материалдары, ғаламтор жүйесінде ашық қол жетімділікті деректер пайдаланылды.

Жұмыс Қазақстан Республикасы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің қызметтерді мемлекеттік сатып алу аясында орындалды (2018 жылғы 5 қарашадағы №194 шарт).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. Еңбекті нормалаудың теориялық-әдістемелік негіздерін шолу және талдау

 

1.1 Еңбекті нормалаудың пайда болуы мен оның даму үрдістері

Еңбек  – бұл  адамға тән, табиғи, материалдық және басқа да ресурстарды жеке немесе қоғамдық тұтынатын қажетті өнімге айналдыру бойынша қызмет саласы. Ол адамның тіршілік қызметі мен дамуының негізі болып табылады. Нарықтық экономика жағдайында адам өз қызметін жұмыс берушіге ұсынатын жалдамалы қызметкер не өз өнімін нарықта сататын дербес өндіруші түріндегі еңбек субъектісі ретінде өзінің еңбек әлеуетін іске асырады. Алғашқы жағдайда қағида бойынша: жұмыс уақыты мен қызметкердің біліктілігі – еңбек ақыға және пайдаға алмастыру болады.

Қызметкер мен жұмыс беруші арасындағы қатынасты еңбек процесінде олардың арасында туындаған, еңбекті ұйымдастыру мен нормалау, еңбек жағдайы мен қорғау, еңбекақы төлеу және т.с.с. маңызды мәселелерге қатысты қарым-қатынас ретінде сипаттауға болады. Аталған мәселелердің жиынтығында қызметкерлердің оңтайлы саны мен жұмыс орындарының санын есептеуге, жұмыс уақытын пайдалануды жоспарлауға, еңбек өнімділігінің қол жеткізілген деңгейін бағалауға, орындалатын жұмыстардың немесе қызметтердің саны мен сапасына қарай еңбек төлемін төлеу барабарлығын  негізді қамтамасыз етуге болатын жалғыз құрал ретінде еңбекті нормалауға маңызды орын беріледі.

Нарықтық экономикада еңбекті нормалау институтының қызмет ету қажеттігі жұмыс беруші мен қызметкерлер арасындағы қарама-қайшы тікелей мүдделердің болуымен қамтамасыз етіледі. Жұмыс беруші өндіріс шығындарын және тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің өзіндік құнын азайту, соның ішінде, қызметкерлердің еңбек төлеміне жұмсалатын үлестік шығындарын азайту негізінде пайда мөлшерін арттыруға тікелей мүдделі. Жалдамалы жұмысшылардың мүдделері, өз тарапынан, төменгі еңбек шығындары жағдайында барынша жоғары жалақы алу болып табылады. Сондықтан осы қарама-қайшы мүдделердің арасындағы консенсус еңбек шығындарының жан-жақты негізді нормаларын қолдану негізінде ғана анықталуы мүмкін.

Сонымен қатар, нарықтық жағдайда жұмыс беруші мен жалдамалы қызметкерлер арасында жалпы мүдделердің бірқатары болады. Мәселен, жұмыс берушілердің табыстары мен қызметкерлердің жалақылары өндірілген және сатылған өнім көлеміне тікелей байланысты болады. Сондықтан екі тарап та нарыққа жеткізілетін тауарлар көлемін арттыруға, ассортиментті кеңейтуге және сапа мен баға бойынша олардың тартымдылығын арттыруға мүдделі. Бұл шығындарға қатысты еңбек нәтижелерін арттыруды қамтамасыз ететін еңбекті нормалау механизмін пайдалану негізінде ғана мүмкін. Нақты жұмысқа арналған жан-жақты негізделген уақыт нормасын анықтау процесі ретінде нормалаудың бастапқы функциясы соңғысымен анықталады.

Еңбекті нормалау институтының пайда болуының негізін ХІХ-ХХ ғасырларды американдық инженер Ф.У. Тейлор салған. Ол еңбек процестерін, еңбекті нормалауды және оның төлемін талдау әдісін жасаған. Ол осымен  нормалаудың талдамалық әдісі негізін жасай отырып, хронометраж көмегімен жұмыс уақытын зерттеу әдісін қолданды. Ол есептеген нормалар жұмысты орындаудың тиімді (уақытты үнемдеу тұрғысынан) әдістері мен жұмыс орнында еңбекті ұтымды ұйымдастыруға негізделді. Бұл ретте ол ғылыми менеджменттің төрт қағидатын қолданды.

 

Ф.У. Тэйлордың ғылыми менеджментінің қағидаттары

  1. Жұмысты талдау тегіс қамтитын түрде. (Тейлор мен оның әріптестері 3-4 күн бойы вагонға шөген тиейтінетін жүк тиеушілерді бақылаған. Олар осы жұмыстың құрамына қамтылған, төрт жұмыс элементін бөлді – еңкейіп, 92-фунттік шөген құймасын көтереді; темір жол вагонына жоғары қарай қойылған тақтай бойымен бірнеше фут жүреді; құйманы еденге, қатар үйілген құймалар үстіне тастайды; келесі құйманы көтеру үшін қайтып келеді).
  2. Лайықты адамды таңдау және оны үйрету (75 жүк тиеуші топтарынан таңдалған төрт финалшының бірі ретінде Шмидт тұлға ретінде лайықты ішкі қасиеттерге ие болған жұмысшы ретінде анықталды: ол жұмысшы дағдысы мен физикалық қабілетке ие. Шмидтке шөген құймасын көтеруді ғана үйретіп қоймай, қай уақытта көтеруді, ал қай уақытта демалуды да үйретті. Жұмыс және демалыс кезеңдері жұмыс уақытының 43 % көтеруге және жүруге, ал 57% демалуға жұмсау керек деген инженердің сенімділігіне негізделді).
  3. Жұмыс белгіленген тапсырмаларға және өндірістік стандарттарға сәйкес орындалып жатқандығына сенімді болу үшін қызметкерлермен ынтымақтастық (Ынтымақтастық жұмысшылардың жұмысын атқаруы үшін қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуді тұспалдайды).
  4. Менеджмент атқаруы тиіс, жұмысты бөлу және жұмысшылар атқаруы тиіс жұмыс [1, 36-48 б.]

 

Осылайша, зерттелетін саладағы Ф.У. Тэйлордың мұрасы келесідегідей негізгі ережелерден тұрады:

- оның ауырлығына байланысты еңбек төлемі мөлшерін саралау: ең ауыр жұмысқа ең жоғары төлем және ең жеңіл жұмысқа – ең төменгі жалақы;

- қол және машина еңбегін тиімді бөлу, еңбек процесін оның құрамдастырушы бөліктеріне бөлу және операцияларды орындау тәртібін және қол және машина еңбегі арасын тиімді бөлу және операцияларды орындау тәртібін және жүйелілігін анықтау;

- еңбек қарқындылығын арттыру мен оның өнімділігінің өсуін арттырудың қажетті элементі ретінде еңбек және демалыс режимдерін енгізу:

- жұмысшының әр әрекетіне жұмсалатын уақытша шығынды анықтау;

- еңбек процесінен артық қозғалысты алып тастау;

- уақыт шығынына зерттеу жүргізу үшін ең білікті және шыдамды жұмысшыларды таңдау;

- ауысым ішіндегі үзілістер үшін алғышарттар жасау және басқасы.

Қазіргі  кезде жүргізіліп жатқан заманауи зерттеулердің барлық түрлері тэйлорлық «…жұмысты ұйымдастырудың барлық деңгейлерінде және жұмыстың барлық түрлерінде жұмысшылар жалақы ең құрмағанда, олардың жалақысының жартысы нәтижелілікке (жеке, бригадалық, жұмысшы бөлімшесі немесе ұйымдастырушылық) байланысты болуы тиіс екендігіне сенімді деген интуициялық идеяны» қолдауды жалғастыруда [2, 571 б.].

Ф.У. Тэйлор негізін қалаған идеяны американдық инженер Ф. Гилберт жалғастырды, оның жұмысында еңбек қозғалыстарын және олардың орындылығын талдауға бірінші кезекте назар аударылды. ХІХ ғасырдың 20-жылдарының өзінде-ақ ол жұмысшы орындаған кез келген еңбек процестерін қарапайым микро қозғалысқа бөлуге болады және кез келген ауыр еңбек қолдардың, аяқтардың, дененің микроқозғалыстар сомасынан тұрады деген пікір айтқан. Оның еңбегі жұмыстың машиналық қарқыны жұмысшының және жұмыс орнының еңбек өнімділігін көптеген сыртқы факторларға тәуелді қылып қойған, толассыз және жаппай өндіріс кезеңінің дамуында пайда болды. Өндіріске жаңа жұмыс күшін тарту, оны дайындау мен оқыту қажет болды. «Қозғалыстарды зерттеу» көмегімен Ф. Гилбрет  жұмыстың берілген қарқынын қамтамасыз етуге, еңбек өнімділігін және өндіріс тиімділігін арттыруға тырысты. Осылайша, Ф. Гилберт заманауи микроэлементтік нормалаудың негіздерін қалады.

Кейіннен еңбекті ұйымдастыру мен нормалау саласындағы зерттеушілер Ф. Тэйлор мен Ф. Гилберттің негізгі идеяларын қосып, еңбекті зерттеу деп аталатын, еңбек туралы методологиялық негіздер жасады. Ол әрі қарай оңтайландыру мақсатында еңбек әдістері мен тәсілдерін зерттеу және талдау болып табылады.

Микроэлементтік нормалау әдісі еңбекті нормалауды дамытудағы жаңа деңгей болып табылады. Ол арнайы әзірленген нормативтерді ұсақ (элементтік) еңбек қозғалыстарына пайдалануға негізделген. Осы әдіс кез келген еңбек тәсілін немесе әрекетін мүшелеген кезде барлық артық қозғалыстар алып тасталуы тиіс екендігін көздейді. Ол өзінің әмбебаптығының арқасында кеңінен тарады. Соңғысы  кез келген еңбек әрекеттерін және операцияларын құрылымдауға негіз беретін, қозғалысты орындау талаптарын егжей-тегжейлеу мен сипаттаудың жоғары деңгейін қамтиды [3, 33 б.]микроэлементтік нормалаудың бірінші жүйесінің қатарына келесілерді жатқызуға болады:

-  уақыт пен қозғалысты талдауды анықтайтын МТА (1926 ж.) жүйесі;

- құрастырмалы жұмыстар кезінде кеңістіктік қозғалыстарды орындау уақытын анықтайтын DMT(өткен ғасырдың 20-жылдары) жүйесі;

- ұзақтыққа және басқасына ықпал ететін, факторлар санына байланысты жұмыстың көп еңбекті қажет ету факторларын анықтайтын және негізгі қозғалысқа нормалар анықтайтын WorkFaktor (өткен ғасырдың 30-жылдары).

Жоғарыда аталған барлық жүйелер негізінен, еңбек процестерінің қайталануын және ауыр еңбектің едәуір көлемін болжайтын, фабрикалық және кеңселік еңбекке негізделген. Зияткерлік еңбекті бағалау саласындағы зерттеулер негізінен Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін басталды. Жұмысшылардың нақты физикалық әрекеттерін зерттеу аз деңгейде қолданыла бастады, оның орнына ой процестерін және адам мен машинаның өзара әрекеттестігін талдау рәсімі келді. Соғыстан кейінгі кезеңдегі уақыт талабы  жұмыс орындарындағы еңбек процестерін тікелей бақылаудан, барынша күрделі және жоғары технологиялық әдістерді пайдаланатын мамандандырылған зертханалардағы математикалық моделдермен және өзге де жиынтықталған санаттармен жұмыс істеуге өтті.

Экономика дамуының қазіргі кезеңінде индустриалды дамыған елдерде «еңбекті нормалау» түсінігі жұмыс көрсеткіштері, яғни нормалар негізінде кейіннен оларды жасау жолымен, белгілі бір өндірістік міндетті орындау үшін қажетті еңбек шығындары көлемін анықтаудың түрлі әдістерін біріктіреді. Батыстық түсініктемеде оны көбіне еңбек стандарттары деп атайды. Бұл мәселе осы зерттеудің жеке бөлімінде барынша жан-жақты сипатталатын болады.

КСРО-да жұмысты ұйымдастыру мен нормалауға едәуір назар аударылған. Қазақ КСР оның құрамында болған еді. Азаматтық соғыстан кейінгі келтірілген күйзеліске қарамастан, 1920 жылы А.К. Гастевтің бастамасымен Орталық еңбек институты (ОЕИ) ашылды. Институттың зерттеулерін бағалау қиын, өйткені оның қызметі ғылыми кадрлардың тапшылығы мен елдің экономикалық дамуының тұрлаусыздығы жағдайында жүзеге асырылды. Осыған қарамастан, ғалымдардың зерттеулері экономикалық ғылымның, оның ішінде, еңбек және басқару саласы мәселесінің дамуына негіз болды. Мәселен, институт қызметінің негізгі нәтижелеріне келесі аталғандарды жатқызуға болады:

- еңбек ережесі идеясы, яғни, жұмысшыларды ойлап тапқыштыққа және ұтымдылыққа белсенділендіруге бағытталған механизм;

- әлеуметтік инженерия идеясы, оған сәйкес қоғамдағы еңбекті ұйымдастыру, машиналар кешенін ұйымдастырумен адамдар қабілеттерін ұйымдастырудың күрделі және ажырамас үйлесімі болып табылады деп мойындалған;

- жеке, ұжымдық және қоғамдық мәдениетті қалыптастыратын, жұмысшының жұмысқа және пайдаланылатын материалдық ресурстарға қатынасын, ұжымдағы жұмысшылардың қатынасын қамтитын еңбек мәдениеті идеясы;

- өндірісті жоспарлау, еңбекті ынталандыру, нақты ахуалда және т.с. жұмыс тиімділігін арттыру жөніндегі практикалық ұсынымдар әзірлеу [4].

В.М. Иоффе мен А.А. Трухановтың уақыттың микроэлементтік нормативтерін жасаудың теориялық және әдістемелік негіздері кеңестік экономикалық ғылымда бетбұрысты еңбек болды[5].  Бірақ қажетті алғышарттардың (сәйкес техникалық құралдардың, білікті мамандардың) болмауы салдарынан, осы бағыт әрі қарай дамыған жоқ.

Өткен ғасырдың 20-жылдары ЖЭС (жаңа экономикалық саясат) тоқтату еңбекті нормалауға қатысты ел басшылығының назарын әлсіретуге себепші болды. Нәтижесінде осы бағыттағы көптеген жұмыстар тоқтатылды.

Елде шаруашылық етудің жаңа талаптарын енгізуге және халық шаруашылығын құрылымдық қайта құруға байланысты жалпы еңбек туралы ғылым мен еңбекті нормалау мәселесі ХХ ғасырдың 60-жылдарынан бастап қарқынды дами бастады. Осы негізде еңбекті нормалау мәселесі елдің саяси басшылығының бірінші кезектегі мәселелерінің біріне айналды. Еңбек өнімділігін үздіксіз арттыруға арналған бағытты іске асыру мақсатында, әр салада және әр өңірде арнайы құрылған орталық салалық ғылыми-зерттеу ұйымдары әдістемелік басшылықты жүзеге асырған, нормативтік-зерттеу ұйымдар желісі құрылды. Салалық министрліктер, КСРО Еңбек жөніндегі мемлекеттік комитеті жұмыстарды үйлестірді. Еңбек жөніндегі нормативтердің орталық бюросы (ЕНОБ) нормативтік-зерттеу жұмыстарын үйлестіру, ақпараттар жинау және әзірленген нормалар мен нормативтерді уақытылы жарық көруін қамтамасыз ету жөніндегі жұмысшы орган болды.

Мұндай ұйымдастырушылық жұмыстың нәтижесі 90-жылдардың соңына дейін қызметтің барлық саласында, соның ішінде, ақыл-ой еңбек саласында да нормалар мен нормативтер әзірлеу жөніндегі түрлі әдістемелік ұсыныстар шығару болды. Мұндай нормативтерді әзірлеуге қатысқан ұйымдар саны бойынша мұндай ұсыныстардың негізділігінің деңгейі туралы айтуға болады.

 

ҒЗИ және КБ мамандарының еңбегін нормалау

Салааралық әдістемелік ұсыныстар

Ұсыныстарды Еңбекті ұйымдастыру жөніндегі одақтық ғылыми орталық пен С. Орджоникидзе атындағы Мәскеу авиациялық институтының ғылыми қызметкерлері ұжымдары дайындаған.

Ұсыныстарды әзірлеуге келесідегідей ұйымдардың қызметкерлері қатысты:

  • КСРО Мемлекеттік еңбек комитетінің ББЖИ;
  • Мемлекеттік оптикалық институты;
  •  «Энергомаш» Ленинград ҒӨҰ;
  • Ленинград электротехникалық институты;
  • Омбы политехникалық институты;
  • Пенза ғылыми- зерттеу политехникалық институты;
  • Солтүстік Батыс политехникалық институты.

Ұйымдардың материалдарын жинақтауға қатысқандар:

  • КСРО Мемлекеттік еңбек комитетінің Еңбек жөніндегі нормативтердің орталық бюросы;
  • Мәскеу басқару институты;
  • Ғылыми-зерттеушілік автокөлік және автомотор институты [6, 2 б]

 

Елде осындай ұсыныстар негізінде халық шаруашылық қызметінің барлық салаларында орындалатын еңбек процестерінің басым көпшілігін қамтыған, ғылыми негізделген салааралық және салалық нормалар мен нормативтер әзірлене бастады. Мұндай нормативтерді жасауға, түрлі республикалар мен ел өңірлерінен мамандандырылған нормативтік-зерттеу ұйымдары тартылды. Нәтижесінде мұндай нормалар мен нормативтер жан-жақты негізділігімен ерекшеленді, нәтижесінде практикалық қызметте тиімді пайдаланылды.

 

Қоғамдық ғимараттарға қызмет көрсетумен айналысатын жұмысшылар санының нормативтері

(басқармалар ғимараттары мен конструкторлық және жобалық ұйымдардың ғимараттары)

Жұмысшылар санының нормативтерін Еңбек жөніндегі нормативтердің орталық бюросының әдістемелік басшылығымен, Белорусь КСР Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы министрлігінің Орталық нормативтік-зерттеу станциясы әзірледі.

Жинақты жасауға қатысқандар:

  • РКФСР Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының министрлігінің Орталық нормативтік-зерттеу станциясы;
  • Украина КСР Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының министрлігінің Еңбекті ғылыми ұйымдастыру және өндірісті басқару жөніндегі республикалық орталығы;
  • Өзбек КСР Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының министрлігінің «Өзремстройтрест» нормативтік-зерттеу станциясы;
  • Қазақ КСР Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының министрлігінің «Қазгипрокоммунстрой» институты;
  • Армян КСР Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының министрлігінің «Оргтехстрой» тресті;
  • Қырғыз КСР Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының министрлігінің «Севремстрой» тресті жанындағы нормативтік зерттеу станциясы;
  • Эстон КСР Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының министрлігінің «Коммуналпроект» институты;
  • Латвия КСР Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының министрлігінің Еңбекті ғылыми ұйымдастыру және өндірісті басқару жөніндегі зертхана;
  • КСРО Түсті металлургия министрлігі;
  • КСРО Жеңіл өнеркәсіп министрлігі;
  • КСРО Денсаулық сақтау министрлігі [7, 2 б.]

 

Салалық және салааралық нормативтерді әзірлеуге қатысқан кәсіпорындар мен ұйымдардың кең ауқымы олардың әзірлеудің, негізділігі мен оларды бекіткен кездегі жан-жақты сараптама сапасы жайлы айқын дәлелдейді.

1982 жылы КСРО Мемлекеттік еңбек комитетінің Ғылыми- зерттеу институты, Еңбек нормативтері жөніндегі орталық бюро салалық автокөлік жасау, кеме жасау, байланыс және басқа да ғылыми-зерттеу институттарымен бірлесіп, уақыттың микроэлементтік нормативтерінің базалық жүйесін (МБЖ) әзірледі және сынап көрді. Елдің өнеркәсібінің 11 саласына тәжірибелік енгізу нәтижесінде ол жетілдірілді және 1989 жылы жарияланды. Бірақ бұл жүйе кәсіпорындарда кеңінен қолданысқа ие бола алмады. Мұның негізгі себебі оның күрделілігі, сондай-ақ дайындалған мамандар мен арнайы аппаратураның болмауы болды.

90-жылдарға қарай кеңес ғалымдары мен практиктері еңбекті нормалау мен ұйымдастыру саласында шешімдер қабылдаудың теориясы мен методологиясын әзірледі. Еңбек жөніндегі нормативтік база халық шаруашылығы кешеніне қатысты еңбек жөніндегі нормативтер жинақтарының 750 астам аталымын қамтыды [8, 71 б].

Бұдан кейінгі Кеңес Одағының күйреуі мен 90-жылдары бүкіл бұрынғы кеңестік елдердегі экономиканың дағдарысты жағдайы нормалар мен нормативтердің орталықтандырылған жүйесін ғана емес, сондай-ақ еңбекті нормалау саласындағы салалық басқарудың да жойылуына әкелді. Нормалау кәсіпорынның өзінің ісіне айналды, және де, олардың көпшілігі бұл жұмысты жалғастыруды мағынасыз деп санады. Мұндай жағдайда МБЖ жетілдіру жөніндегі жұмыстар өзінің тіршілігін тоқтатты-дерлік.

Осылайша, Кеңес Одағы күйрегенге дейінгі кезеңде елде негізгі міндеті еңбекті нормалау саласындағы ғылыми-методологиялық және әдістемелік зерттеулерді әзірлеу және олардың негізінде халық шаруашылығының түрлі салаларында атқарылатын еңбек процестері үшін ғылыми негізделген нормалар мен нормативтер белгілеу болып табылатын, мамандандырылған ұйымдардың тармақталған құрылымы құрылған еді. Бірақ нарыққа өтудің бірінші кезеңінде еңбекті нормалауды басқарудың үйлесімді көп деңгейлі жүйесі өзінің тіршілік етуін тоқтатты.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, нарықтық экономикада (дамыған елдерде) еңбек нормаларын мемлекеттік реттеу бастапқыда іске асырылмағандығы туралы тұжырым жасауға болады. Жоспарлы-командалық экономика жағдайында бұл үрдіс мемлекеттік саясаттың дәрежесіне дейін көтерілді.

Дамудың қазіргі кезеңінде барлық посткеңестік кеңістіктегі елдерде еңбек қатынастарын реттейтін нарықтық механизмдердің дамымағандығын (ең алдымен, ұжымдық келіссөздер) ескеріле отырып, еңбек нормаларын мемлекеттік реттеуді объективті түрде сақтаған жөн.

 

1.2 Техникалық нормалаудың негіздері, еңбекті нормалаудың әдістері мен тәсілдері

Кез келген еңбек қызметі егер оны дәлдіктің қажетті және жеткілікті деңгейімен өлшеген жағдайда ғана экономикалық ғылымның мәніне айналады. Әдетте еңбекті өлшеу ретінде түрлі әдістер мен құралдарды қолдану жолымен еңбек қарқындылығының белгілі бір деңгейі кезінде нақты жұмысты атқару үшін жұмысшының қажетті уақыт шығынын анықтау түсіндіріледі. Мұндай түсінік еңбекті нормалауды нақты жұмысты орындауға жұмсалған уақыт шығыны нормалары процесі ретінде түсінуге әкеледі.

Экономика дамуының қазіргі кезеңінде «еңбекті нормалау» түсінігі батыстық түсініктемеде олардың негізінде кейіннен еңбек нормаларын әзірлеу жолымен (шетелдік әдебиетте келтірілген түсінікте – тиімділік көрсеткіштері жүйесі немесе еңбек стандарттары деп аталатын), белгілі бір өндірістік міндеттерді орындау үшін қажетті еңбек шығындарының көлемін анықтаудың түрлі әдістерін біріктіреді. Бұл ретте физикалық та, сондай-ақ зияткерлік де еңбек шығындары бағаланады, ал  жұмыстық кезең, яғни, еңбектің қалыпты жағдайлары кезінде сәйкес біліктіліктегі орташа статистикалық жұмысшы атқаратын жұмыстың орташа көлемімен белгіленетін, жұмыс уақытының нормативі олардың көлемін өлшеу бірлігі ретінде қызмет етеді. Жұмыстық кезеңді өлшеудің стандартты бірліктерімен (секундпен, минутпен, сағатпен, күнмен және т.б.) өлшеу қабылданған.

Еңбек стандарттары  жұмыс берушіге келесі міндеттерді шегу мүмкіндігін береді:

-жұмыс көлемін жоспарлауға;

- нақты қызметтер немесе мамандықтар үшін, сондай-ақ қызмет түрлері үшін қызметкерлердің қажетті санын анықтауға;

- жекелей қызметкерлердің немесе бөлімшелердің тиімділігін және жұмыс өнімділігін бағалауға;

- еңбек ақысын және ынталандыратын төлемдер мен үстемақылар төлем жүйесін қалыптастыруға;

-  өнімнің немесе қызметтің құнын анықтау үшін еңбек шығынының бағасын есептеуге.

Нормалау әдісі– бұл қажетті уақыт шығынын анықтау, еңбек процесін талдау, норма құрайтын факторларды есепке алу, бақылау материалдарын пайдалану, еңбек нормативтері мен нормаларын әзірлеу жөніндегі операциялардың ұтымды құрамы мен мазмұнын жобалау жөніндегі тәсілдердің жиынтығы. Демек, нормалау әдісі еңбек шығындары мен нәтижелерін анықтайтын, нормалаушы алдында тұрған міндеттерді шешудің тәсілдері туралы жалпы нұсқаудан тұрады. Есептеу тәсілдерімен қатар қандай да болсын жұмысқа арналған еңбек нормасының нақты көлемін анықтау үшін пайдаланылатын бастапқы деректер де есептеледі [9].

Жұмыс уақытының шығындарының қажетті және жеткілікті көлемін анықтау дәлдігі шешуші деңгейде нормалау әдісіне байланысты болады. Барынша жетілдірілген әдіс нормалардың барынша жоғары сапасын, яғни, еңбек шығыны көлемі шын мәнінде қажеттілігі мен жеткіліктілігінің ықтималдығының жоғары деңгейін қамтамасыз етеді.

Нормалау әдістері еңбек нормасының нақтылығымен және олардың көлемін анықтауға деген тәсілімен бір-бірінен ерекшеленеді.  Қазіргі кезде еңбекті нормалаудың талдамалық және тәжірибелік екі негізгі әдісі бар деген тұрақты пікір бар [10, 231 б.].

Талдамалық әдіспен норманы орнату келесі жұмыстарды жасауды көздейді:

  1. нормаланатын жұмыс элементтерге (ауысулар, өткелдер, еңбек тәсілдері) бөлінеді;
  2. әр элементті орындау уақытына ықпал ететін факторлар анықталады. Олардың қатарына бөлшектің салмағы, өңдеу ұзындығы, материалдың түсі, құралдың типі және т.с.с. жатқызуға болады
  3. бөлінген элементтер бойынша операциялардың құрамы мен жүйелілігіне мұқият талдау жүргізіледі. Бұл ретте олардың әрқайсысы орындылық және орындалудың ұтымдылығы көзқарасы тұрғысынан бағаланады;
  4. жабдықтарды, құрал-саймандарды, аспаптарды және қызмет көрсетудің ұтымды жүйесін тиімді пайдалану кезіндегі аз шығындармен операциялардың әр элементін орындаудың өндірістік мүмкіндіктері зерттеледі;
  5. операцияларды орындаудың психофизиологиялық ерекшеліктерінің адамға және өндірістік орта факторларына  (мәселен, жүк салмағы, жұмыс қарқыны, санитарлық-гигиеналық факторлар) ықпалын есепке алу жүргізіледі;
  6. олардың ұзақтығына ықпал ететін, факторларды тиімді үйлестіруді есепке ала отырып, операциялардың ұтымды құрамы мен оның элементтерін орындау жүйелілігі жобаланады;
  7. жұмыс уақыты шығынын өлшеудің түрлі әдістерін (хронометраж, сәттік бақылаулар және т.с.с.) қолдану негізінде әр жобаланған элемент пен жалпы операциялар (жұмыстар) ұзақтығы анықталады;
  8. операцияларды орындау үшін жобаланған еңбек процесін енгізуге мүмкіндік беретін, ұйымдастырушылық-техникалық іс-шаралар жасалады;
  9. еңбек нормасы есептеледі және енгізіледі.

Бұл ретте талдамалық әдіс екі түрлі тәсілді қарастырады: талдамалық зерттеушілік және талдамалық есептік. Олар уақыт шығынын анықтау тәсілімен ерекшеленеді.

Талдамалық зерттеушілік әдіс  жұмыс орындарын жұмсалатын осы шығындарды зерттеу мен оларды сыни талдау негізінде операцияның әр элементіне және жалпыға операцияға жұмсалатын шығынды анықтау үшін қолданылады. Жұмыс уақытының шығындары не жұмыстың және жұмыстағы үзілістің әр элементінің ұзақтығын тікелей өлшеу жолымен не жұмыс уақытын іріктеп таңдау әдісімен өлшенеді. Талдамалық зерттеушілік әдіс типтік (салааралық немесе салалық) нормативтер болмаған жағдайда немесе егер олар нақты жағдайларға сәйкес болмағандықтан, пайдаланылмайтын кезде қолданылады

Талдамалық есептік әдіс өлшеу жолымен емес, салааралық немесе салалық деңгейлерді ірілендірудің түрлі деңгейдегі алдын ала әзірленген типтік нормативтері бойынша операцияға немесе оның жекелей элементтеріне жұмсалатын уақыт шығындарын анықтаудан тұрады. Бұл әдіс кезінде операция (жұмыс) орындалу ұзақтығы орталықтандырылып әзірленген салааралық немесе салалық типтік нормативтерді пайдаланып немесе олардың ұзақтығына ықпал ететін, факторларға уақыттың тәуелділігі формуласы бойынша ірілендірілген элементтерге бөлшектенеді. Нормативтер кестесі оларды пайдаланған кезде жұмысты орындау ұзақтығына ықпал ететін нақты факторларды ескере отырып, жұмыстың қандай болсын элементінің уақытша сипаттамасын жеңіл орнатуға болатындай етіп жасалады.

Есептер негізінде нормаларды анықтау үшін еңбек жөніндегі нормативтік материалдардың ауқымды жиынтығына ие болу қажет. Бұл тәсілдің мәні психофизиологиялық және әлеуметтік шектеулерді қатаң сақтай отырып, құралдар мен дербес компьютерлер көмегімен және олардың арасынан экономикалық критерий (шығындардың аз болуы) бойынша ең тиімдісін таңдау көмегімен процестердің бірнеше нұсқаларын әзірлеу.

Еңбек нормасын анықтайдың талдамалық әдіске қарағанда, сомалық әдіс еңбек нормасы  құрамдас элементтерге емес, операция, өнім немесе жалпы функция үшін анықталатындығымен сипатталады. Әдетте еңбек процесі талданбайды, еңбектің тәсілдері мен әдістерінің ұтымдылығы, уақыт шығыны мен оларды орындау зерттелмейді.

Нормаларды сомалық әдіспен анықтаудың келесі тәсілдері бар:

- тәжірибелік – нормалаушының немесе ең білікті қызметкердің жеке тәжірибесі негізінде;

- статистикалық –  еңбектің нақты шығындарын (уақытты, қызметкерлер санын, өнімнің шығарылым көлемін ) статистикалық есептеу;

- салыстырмалы –  нормаланатын жұмыстың күрделілігін және көлемін бұрын орындалған ұқсас жұмыспен салыстыру жолымен.

Сомалық әдіс таза күйінде еңбек нормасын анықтаудың ғылыми негізі болып қызмет ете алмайды, бірақ оған жұмсалған тәжірибе қолданыстағы жағдайды орташа бағалаған кезде бағдар ретінде оны пайдалануға мүмкіндік береді. Бірақ сомалық әдісті талдамалық әдіспен үйлестіру мүмкіндігі жекелей жағдайларда тиімді нәтижелерге әкелуі мүмкін.

Еңбекті нормалаудың жүз жылдам астам тәжірибесі еңбек шығындары нормаларын есептеуге қойылатын, Д. Черняевтің нормалаудың дербес әдісіне, мәселен, нормалау әдісіне хронометражды қателесіп жатқызғаны тәрізді, көптеген басқа тәсілдердің пайда болуы мен практикалық қолданылуына себепші болды [11]. Онда осы әдіске ұқсас осындай әдіске жұмыс күнін фотосуретке түсіруді, фотохронометражды және басқаларын да жатқызуға болады. Бұл жағдайда түсініктерде шатасу пайда болады. Хронометраж, жұмыс күнін фотосуретке түсіру және т.б. нормалау әдістері емес, олардың көмегімен жұмыс уақытын өлшеу жүзеге асырылатын құралдар болып табылады. Сондықтан бұл жағдайда еңбекті нормалауға қойылатын тәсілдер туралы сөз қозғалу керек.

Олардың қатарына келесі аталғандарды жатқызуға болады:

- қозғалыстың алдын ала анықталған уақыт жүйесі – PMTS (predetermined motion time system);

- микроэлементтік нормалау мен оның түрлері;

- нормаланатын жұмыстарды математикалық моделдеу;

- бағалау әдісі немесе ретроспективті деректер әдісі;

- жұмыс процестерін іріктеп зерттеу немесе функционалдық үлгілер әдісі және басқасы.

Норманы анықтауға қатысты жоғарыда келтірілген тәсілдердің барлығы мәні жағынан талдамалық немесе тәжірибелік әдістердің түрлері болып табылады. Шын мәнінде PMTS, микроэлементтік нормалау, математикалық моделдеу мен жұмыс процестерін іріктеп зерттеу жүйесі негізінде жұмыс уақытына тікелей өлшем жүргізу болып отыр. Бұл жағдайда нормалаудың тәжірибелік әдісінің түріне ретроспективті деректер әдісін жатқызуға болады.

XIX- XX ғасырлар шегінде өнеркәсіптік инженерияда пайда болған физиологиялық әдіс деп аталатын жайлы сөз ету басқа нәрсе. Әдістің мәні еңбек нормасы уақыт шығынын зерттеу негізінде емес, қандай да болсын жұмысты орындау кезінде олар өндірген қызметкерлердің энергия шығындары негізінде анықталатындығында болып отыр. Энергия шығындар жұмысшы тұтынған оттегінің көлемі, жүрек ырғағының көрсеткіштері мен қандағы сүт қышқылы концентрациясы негізінде анықталады. Физиологиялық әдіс физикалық жұмыстарды нормалау кезінде өзін жақсы көрсетті. Ол объективтік көрсеткіштерді өлшеуге және арнайы өлшеу жабдығын қолдануға негізделгендіктен, онда еңбекті нормалаудың басқа әдістеріне тән, адамзаттық фактордың жағымсыз ықпалы болмайды. Демек, өзге әдістердің көпшілігі үшін сипатты емес, нәтижелердің айрықша жоғары дәлдігі мен  объективтігін осы әдістің айқын қасиетіне жатқызуға болады [12].

Жоғарыда баяндалған материал белгілі бір қорытындыларды тұжырымдауға негіз береді. Еңбекті нормалау әдісі ретінде уақыт шығынын анықтау, еңбек процестерін талдау, норма құрайтын факторларды анықтау және кейіннен еңбек шығындары нормаларын әзірлеу жөніндегі тәсілдердің жиынтығын түсіндіруге болатын болжамды негізге ала отырып, нормалау институтының пайда болған сәтінен бастап барлық тарихи кезең ішінде еңбекті нормалаудың үш негізгі кезеңі қалыптасты:

- талдамалық;

- тәжірибелік:

- физиологиялық.

Барлық басқа әдістер (экономикалық-математикалық, микроэлементтік нормалау және т.с.с.) жоғарыда баяндалған әдістердің түрлері болып табылады, өйткені олар қандай да бір деңгейде өздеріне тән «тектік» белгілерді қамтиды.

 

1.3 Қызметтің жекелей түрлері бойынша нормалаудың ерекшеліктері

ЭЫДҰ елдерінің тәжірибесі нарықта монополиялық жағдаймен айналысатын кәсіпорындарға қатысты бағалар мен тарифтер белгілеу кезінде еңбекті нормалауды реттеу механизмін пайдаланудан олардың бас тартуын бір жақты көрсетеді. Бұл елдерде табиғи монополия өнімдеріне (қызметтеріне) бағаны реттеуді арнайы үкіметтік комиссиялар атқарады. Мәселен, АҚШ-та комиссия өздерінің юрисдикциясындағы монополиялардың қызметтері мен жеткізілімдері үшін бағаны реттейді. Монополия өз өнімі үшін алатын, рұқсат етілген бағаны анықтау кезінде комиссия әдетте шикізатты және материалды, басқа да ресурстарды, сондай-ақ тұтынушылардың мүдделерін назарға алады. Әдетте олар фирмаға ең аз дегенде бухгалтерлік шығындар мен фирмаға салынған капиталдың балама құнын жабуға мүмкіндік беруге ұмтылады [13, 113-114 б.]. Басқа да индустриалдық дамыған елдерде табиғи монополиялардың өнімдеріне және қызметтеріне бағаны реттеу жүзеге асырылады.

Жүргізілген зерттеу көрсеткендей, түбегейлі тұрғыда, ТМД қатысушы елдерінің көпшілігі, сондай-ақ ЕАЭЫ кіретін мемлекеттер бұл үшін басқа тәсілдерді пайдалана отырып, табиғи монополия кәсіпорындарының бағаларын реттеуге еңбекті нормалау институтын пайдаланбайды. Мәселен, Ресей Федерациясында табиғи монополиялардың бағаларын реттеу келесі салаларда жүзеге асырылады:

- мұнай мен мұнай өнімдерін магистралдық құбырлармен тасымалдау;

- газды құбырлармен тасымалдау;

- электр және жылу энергиясын беру бойынша қызметтер;

- темір жол тасымалдары;

- көлік терминалдары, порттар, әуежайлар қызметтері;

- жалпыға қол жетімді электр және жалпыға қол жетімді байланыс қызметтері.

Бақылау органдары келесі сызба бойынша табиғи монополияларға бағаны белгілеуді ұсынады:

- жеке капиталға базалық бағалау жүргізу;

- базалық бағалау саладағы пайданың орташа нормасына көбейтіледі [14].

Беларусь республикасында Антимонополиялық реттеу және сауда министрлігі (АРСМ) 2018 жылы наурызда монополистер ұйымдарының бағаларын және тарифтерін реттеудің жаңа тәртібін бекітті. Атап айтқанда, АРСМ келесі аталғандар негізінде монополистер ұйымдардың тауарларына (жұмыстарына, қызметтерін) бағаларына (тарифтердің) мемлекеттік реттеу жүргізді: бағалар (тарифтер) орнату қажеттігі негізделген түсініктеме жазба; шығындар баптары есептелген, жоспарлы калькуляция; Белорусьтің тауар нарығында (республикалық және жергілікті деңгей) өндірілетін ұқсас тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) қолданыстағы бағаларының (тарифтерінің) деңгейі туралы ақпарат; монополист ұйымдардың өткен жылғы және есептің жылдың өткен кезеңі үшін қаржылық-экономикалық қызметінің көрсеткіштері, оның ішінде  тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) нақты табыстылығы туралы (толық өзіндік құнына қатысты) деректері [15].

Бүгінгі күні Қазақстан Республикасы, Өзбекстан Республикасы мен Тәжікстан Республикасы ғана еңбек заңнамасында монополист кәсіпорындар бағалар, тарифтер мен алымдар мөлшерлемелерін орнатқан кезде жасаған еңбек шығындары нормаларын міндетті келісу талаптарын сақтап қалды. Бұл кезде мұндай келісімді сақтаудың орындылығы туралы толық негізді болжам пайда болды. Осы шара  қызметкерлердің орташа еңбекақысы үшін келісілген еңбек нормасы бойынша белгіленген, қызметкерлердің нормативтік санын көбейтумен анықталатын және өндірушінің шығындарына кіретін, еңбек төлемі қорын нақты есептеу үшін қолданылады. Бірақ республиканың қолданыстағы еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс беруші еңбекақысының мөлшерін дербес анықтау құқығына ие екендігінде өзекті мәселе болып отыр. Мұндай жағдайда нормативтік санды анықтау үшін еңбек нормасын келісу логикалық мәнін жоғалтады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымы (ЭЫДҰ), Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО), тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдерінде еңбекті нормалау бойынша халықаралық тәжірибені шолу және талдау

 

Құрамына көптеген түрлі құрлықтағы нарықтық қатынастық жағынан дамыған елдер (АҚШ, Австралия, Жапония, Германия, Ұлыбритания және басқалары) кіретін, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) елдерінің тәжірибесін зерттеу, еңбекті нормалау мәселесі мемлекеттік реттеу саласына енбейтіндігін дәлелдейді. Еңбекті нормалау бойынша барлық жұмыс  кәсіпорындар деңгейіне ауысады және осымен, оның табысы оларда қалыптасқан дәстүрлерге, бастамаға және осы проблемаға олардың жұмыс берушілерінің қатынасына байланысты болады.

Бұрын социалистік лагер құрамына кірген, ал қазіргі кезде Еуропалық Одақ (ЕО) мүшелері болып табылатын, Орталық Шығыс Еуропа елдеріне де осыған ұқсас қорытындыны тұжырымдауға болады. 90-жылдардан бастап бұл елдерде қоғамдық құрылыстың ауысуының нәтижесіне айналған, еңбек құқығын кең ауқымды және терең реформалау, экономикалық және саяси қайта құруларды жүзеге асыру, нарықтық экономикаға қарай жылжу, азаматтық қоғам, батыс типтегі плюралистік парламенттік демократия құру,  жүргізілді. Сонымен қатар аталған елдердің еңбек туралы қолданыстағы заңнамасында жалдамалы жұмысшылар арасында белгілі және сонымен бірге нарықтық экономиканың іргелі бастамаларына, демократия мен халықаралық еңбек нормаларының қағидаттарына қарама-қайшы келмейтін, социалистік өткеннің бірқатар нормалары мен ережелері сақталған.  Орталық және Шығыс Еуропа елдеріндегі еңбек заңнамасының эволюциясы  жаңа еңбек құқығын қалыптастыра отырып, олар бұрынғы еңбек заңнамасын толығымен бұзбайды, абайлап реформалайды, түзетеді және оны қайта зерделейді. Бұл ретте  бұл елдердің барлығы дерлік индустриалды дамыған мемлекеттердің тәжірибелерін пайдалана отырып, еңбек заңнамасындағы еңбекті нормалау мәселесін көрсетуден бас тартты. Тек Литва Республикасында ғана еңбек заңнамасында еңбек шығындары нормаларын әзірдеу мен қолданудың жеке аспектілерін реттейтін нормалар сақталған.

 

Литва Республикасының «Еңбек кодексін бекіту, қолданысқа енгізу және жүзеге асыру туралы» Заңы

2017 жылғы 6 шілдедегі № XIII-414 Заңға енгізілген соңғы өзгертулерімен

(үзінді)

Еңбек нормасының 143 бабы

1. Егер қызметкер үшін (жекелей тәртіпте де, сондай-ақ қызметкерлер тобы үшін де) еңбек қызметінің көлемі (еңбек нормасы) белгіленген жағдайда, жұмыс беруші қызметкер (жекелей тәртіпте де, сондай-ақ қызметкерлер тобы үшін де) еңбек нормасын орындай алатындай етіп жұмыс жағдайын қамтамасыз ету керек.

2. Лайықты түрде белгіленген еңбек нормасына байланысты қызметкердің дәлелді өтінішін құқық туралы еңбек дауларын қарастыру жөніндегі орган қарастырады. Жұмыс беруші еңбек нормасы кәсіби қауіпті, жұмыс уақыты шығынын және еңбек функциясын  орындау міндеттемесін ескере отырып белгіленгендігін дәлелдеуі тиіс.

3. Егер қызметкер еңбек нормасын басқа біреудің кінәсынан орындай алмаған болса, төлем нақты орындалған жұмыс үшін жүргізіледі. Бұл жағдайда айлық еңбекақы оның орташа жалақысының үштен екі бөлігінен аз болмауы және ең аз жалақыдан төмен болмауы керек.

4. Қызметкердің кінәсынан норманы орындай алмаған кезде төлем нақты орындалған жұмыс үшін жүргізіледі [16].

 

Ұсынылған материалдан көретініміз, Литвада жұмыс берушінің қызметкердің норманы орындай алатындай еңбек жағдайын қамтамасыз етуі сияқты заңнамалық талаптар сақталған. Егер қызметкер сапасыз белгіленген норма туралы дәлелді қорытынды ұсынатын болса, онда жұмыс беруші еңбек дауларын қарастыру жөніндегі органға заңдылығын дәлелдеуге міндетті. Сонымен қатар Литва – ЕО еңбекті нормалауды заңнамалық реттеуді сақтаған жалғыз дерлік ел екенін ескере отырып, болашақта жалпы еуропалық стандарттарды ұстана отырып, бұдан бас тартуы мүмкін.

Зерттеу ТМД және ЕАЭЫ барлық елдерінде сәйкес республикалардың еңбек кодекстері қабылданды, ол еңбек қатынастары мәселесін заңнамалық тұрғыда реттейді. Олардың көпшілігінде еңбекті нормалаулы реттеу проблемалары алады. Ал Өзбекстан Республикасының және Армения Республикасының еңбек заңнамасында еңбекті нормалау мәселесі жоқ. Сонымен қатар Өзбекстан Республикасында еңбекті нормалаудың барлық мәселелері дерлік үкіметтің сәйкес қаулыларымен реттеледі. Арменияның еңбек кодексінде еңбек шығындары нормасын әзірлеуін, белгілеуін және қайта  қарастыруын реттейтін мәселенің болмауы бұл мемлекеттің индустриалды дамыған елдерде тараған еңбекті реттеудің нарықтық механизміне жақындау ниеті туралы білдіруі мүмкін.

Заңнамалық талаптарды талдау бұрынғы кеңестік елдер осы салада мемлекеттік кепілдіктерді көрсету проблемасына саралы түрде келетіндігін көрсетеді. Мәселен, Тәжікстан Республикасында мұндай кепілдіктер Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіндегі 2007 жылы ұсынылған кепілдіктеріне ұқсас дерлік. Атап айтқанда, оларға келесі аталғандар жатады:

- мемлекеттік органдардың еңбек жөніндегі негізделген нормалар мен нормативтерді қамтамасыз етуі;

- жұмыс берушілердің еңбек нормасын әзірлеуін, енгізуін және қарастыруын қамтамасыз етуін бақылау [17].

Осыған ұқсас, Ресей Федерациясында, Қырғыз Республикасында және Молдова Республикасында жоғарыда аталғаннан айтарлықтай айырмашылығы бар, мазмұны жағынан бірдей дерлік мемлекеттік кепілдігі белгіленді.

Қырғыз Республикасының Еңбек кодексі (176 бап)

Қызметкерлерге кепілдік беріледі:

еңбекті нормалауды жүйелі ұйымдастыруға мемлекеттік ықпалдастық;

қызметкерлердің өкілдік органының қатысуымен немесе белгіленген ұжымдық шартпен анықталатын, еңбекті нормалау жүйесін қолдану [18].

Молдова Республикасының Еңбек кодексі (166 бап)

Қызметкерлерге кепілдік беріледі:

a) мемлекеттің еңбекті нормалауды ұйымдастыруға методологиялық ықпалдастығы;

b) жұмыс берушінің қызметкерлердің өкілдерімен бірлесіп анықтаған және ұжымдық еңбек шартына немесе кәсіпорын деңгейінде өзге нормативтік актімен белгіленген, еңбекті нормалау жүйесін қолдану [19].

Ресей Федерациясының Еңбек кодексі (бап )

Қызметкерлерге кепілдік беріледі:

  • еңбекті нормалауды жүйелі ұйымдастыруға мемлекеттік ықпалдастық;
  • қызметкерлердің өкілдік органының немесе белгіленген ұжымдық шартпен анықталатын, еңбекті нормалау жүйесін қолдану [20].

 

Еңбекті нормалауды жүйелі ұйымдастыруға мемлекеттік ықпалдастық ретінде келесі аталғандар түсіндіріледі:

- Еңбек кодексі және басқа заңнамалық немесе нормативтік актілер арқылы еңбекті нормалау мәселесін заңнамалық реттеу;

- еңбекті нормалауды жүзеге асыруға және жетілдіруге әлеуметтік серіктестік қатысушыларын бағдарлану;

- меншіктің түріне қарамастан, экономикалық қызметтің сәйкес саласында пайдалану үшін, еңбекті нормалау жөніндегі нормативтік материалдарды әзірлеумен айналысатын нормативтік-зерттеушілік және жобалау ұйымдарын қолдау.

Еңбекті нормалаудың жүйелі ұйымы оның тиімділігін және оның төлемінің барабар деңгейін объективті бағалау үшін қажетті еңбек нормасын белгілеу шаралары мен әдістері жүйесінен құралады.

Қарастырылып отырған нормалауға сәйкес қандай да болсын кәсіпорындарда қолданылатын, еңбекті нормалаудың нақты нұсқасын жұмыс беруші кәсіподақ органының пікірін ескере отырып анықтайды немесе ұжымдық шартпен белгіленеді. Нарықтық жағдайдағы еңбекті нормалаудың механизмі осындай [21].

Елдердің кодекстерінде ұсынылған басқа заңнамалық талаптар әдетте бірдей және еңбек нормаларына қолданылатын түрлері мен сипаттамасын, оларды әзірлеу тәртібін, бекітуді, еңбек нормаларын  ауыстыруды және қайта қарастыруды, нормаларды ауыстыру, типтік (салааралық және салалық) нормаларды әзірлеу және бекіту ерекшеліктері үшін қалыпты жағдайды қамтамасыз ету. Жекелей елдердің заңнамаларында (Беларусь Республикасында, Молдова Республикасында, Әзірбайжан Республикасында) мәмілелік бағалануды есептеу тәртібі толық ашылады.

Сонымен қатар, заңнамалық талаптарға қатысты тәсілдердің айқын ұқсастығы жағдайында елдерде оларды жүзеге асыру механизмінде белгілі бір айырмашылық байқалады. Мәселен, Беларусь Республикасының Еңбек кодексінде жұмыс берушімен (Белорусь заңы бойынша - жалдаушымен) еңбек нормасын әзірлеудің міндеттілігі талабы көзделген. Басқа елдердің еңбек заңнамаларында мұндай шара көзделмеген.

Сонымен қатар, Қырғыз Республикасының және Беларусь Республикасының еңбек заңнамаларында қызметкерге жаңа норманы енгізу туралы бір ай бұрын хабарлау, ал Ресей Федерациясында, Әзірбайжанда және Молдовада екі ай бұрын хабарлау көзделген.

Еңбек жөніндегі салааралық, салалық типтік нормативтерді бекітетін органдарда да айырмашылықтар бар. Мәселен, Ресей Федерациясында салааралық нормативтерді РФ Еңбек және әлеуметтік даму министрлігі, ал салалықты  жоғарыда аталған еңбек жөніндегі мемлекеттік уәкілетті органның келісімімен атқарушы биліктің федералдық органы бекітеді. Беларусь Республикасында нормативтерді бекіту осыған ұқсас жүргізіледі. ТМД және ЕАЭЫ басқа елдерінде осы проблеманы шешудің басқа ерекше тәсілдері қолданылады. Молдовада, атап айтқанда, салааралық нормативтер Молдованың  Ұлттық патронат конфедерациясының және Ұлттық кәсіподақтар конфедерациясының  келісімімен, Еңбек, әлеуметтік қорғау және отбасы министрлігімен, ал салалық нормативтер салалық патронаттар мен кәсіподақтар келісімімен, салалық министрліктермен бекітіледі [22]. Қырғыз Республикасында еңбек жөніндегі типтік нормативтер ел үкіметінің қаулысымен бекітеді [23].

ЕАЭЫ елдерінде еңбекті нормалауды заңнамалық реттеу осы бағыттағы жұмысты әрі қарай жетілдіру бойынша нақты шаралар арқылы әрі қарай дамыды. Мәселен, Ресей Федерациясында 2012-2018 жылдарға арналған мемлекеттік (муниципалдық) мекемелерде еңбек төлемі жүйесін кезеңдеп жетілдіру бағдарламасы аясындағы басым міндет ретінде типтік салааралық және салалық еңбек нормаларын әзірлеу мен енгізу танылды. Бағдарламаны іске асыру аясында ұйымдарда еңбекті нормалау негіздерін анықтайтын құжаттар әзірленді және қабылданды:

- Еңбектің типтік салалық нормаларын әзірлеу жөніндегі атқарушы биліктің федералдық органдарына арналған әдістемелік ұсынымдар;

- Ресей Федерациясы Еңбек министрілігінің «Мемлекеттік (муниципалдық) мекемелерде еңбекті нормалау жүйесін әзірлеу жөніндегі әдістемелік ұсыныстарды бекіту туралы» бұйрығы.

Жоғарыда аталған актілерге сәйкес елде еңбек шығындарының осындай нормативтерін әзірлеу жөніндегі жұмыс басталды. Соңғы жылдары қызмет тәжірибесіне кинематография, мәдени демалыстық қызмет, кітапханаларда орындалатын қызмет және басқа салаларға салалық нормативтер енгізілді.

Осымен бір мезгілде 2014 жылы Урал жол қатынасы мемлекеттік университетінің мамандары БСМ – 1 пайдаланып, Свердлов темір жолында «Уақыттың микроэлементтік нормативтерін қолдану жолымен, еңбек шығыны нормаларын анықтау жөніндегі автоматтандырылған бағдарламалық кешенін» сынаудан өткізді. Осымен еңбекті нормалауда микроэлементтік жүйені практикалық қолдану бойынша жұмыс басталды [24, 207 б.].

Қызметкерлердің түрлі санаттарындағы қызметкерлердің жұмысын нормалау үшін әдістемелік және нормативтік материалдарды әзірлеу бойынша белсенді жұмыс Белорусь Республикасында жүргізілуде. Тек 2004-2008 жылдар аралығындағы кезең ішінде Белорусь Республикасы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек ҒЗИ келесі аталғандар бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірледі:

- экономиканың салаларында еңбекті нормалауды ұйымдастыру;

- стандартты еңбек тәсілдеріне (әрекеттеріне) уақыт нормативтерін белгілеу;

- жұмысшылардың еңбегін нормалау үшін нормалар мен нормативтер белгілеу;

- коммерциялық ұйымдардың өндірістік құрылымдық бөлімшелерінің басшылары үшін басқарушылық нормаларын белгілеу;

- коммерциялық ұйымдарда және салалық деңгейде еңбекті нормалаудың жағдайын бағалау;

- коммерциялық ұйымдарды басқару аппаратының басшыларының, мамандарының және басқа да қызметкерлерінің тиімді арақатынасын анықтау;

- ұйымдардың қызметкерлеріне нормаланған тапсырмалар белгілеу және олардың орындалуын есепке алу;

- қызметкерлердің демалу және жеке қажеттіліктеріне және басқасына уақыт нормативін анықтау.

Қазіргі кезде мемлекеттік басқарудың 22 салалық органы 2018-2022 жылдар аралығындағы кезең үшін салалық (өңірлік) бағдарламаларды іске асыруға кірісті. Оларды жүзеге асыру аясында еңбекті нормалау  үшін 210 астам еңбектің нормалаудың жинақтары мен әдістемелік материалдарды әзірлеу мен жетілдіру, сонымен қатар экономика дамуының қазіргі талаптарын ескере отырып, еңбекті ұйымдастыру мен нормалау үшін бірқатар оқыту іс-шараларын өткізу жоспарланып отыр  [25, 80-183 б.].

Осылайша, еңбекті нормалауды мемлекеттік реттеу тәжірибесін талдау, ЭЫДҰ елдерінде олардың ішіндегі бірлі-жарымын қоспағанда, әлеуметтік-экономикалық және еңбек процестерін мемлекеттік реттеу еңбекті нормалау саласын қамтымайтындығын дәлелдеп отыр. Осы сияқты еңбек қатынастарының осы параметрі нарықта монополиялық жағдайды иеленіп отырған, кәсіпорындардың тауарларына көрсететін қызметтеріне бағаны және тарифтерді реттеу кезінде де пайдаланылмайды, ТМД және ЕАЭЫ елдерінде керісінше, еңбекті нормалау еңбек заңнамасының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Мұндай жағдай негізінен нарықтық қатынастардың, бірінші кезекте, еңбек қатынастарын ұжымдық-шарттық реттеудің жеткізіліксіз дамуымен байланысты. Индустриалды дамыған елдерде кәсіподақтар еңбек қатынастарының барлық аспектілері, оның ішінде еңбекті нормалау мәселесі бойынша жалдамалы жұмысшылардың құқықтарын тиімді қорғайды. Әдетте, мұндай келісушіліктер әлеуметтік диалог жүйесі аясында түрлі деңгейдегі келісімдерде және шарттарда бекітіледі. Осы аспектіні ескере отырып, мұндай жағдайда еңбек қатынастарының бұл параметрін заңнамалық реттеудің объективтік қажеттігі жоқ.

ТМД елдерінде мемлекеттік органдардың қатысуымен, жұмыс берушілер мен жұмысшылар өкілдері арасында жасалған, түрлі деңгейдегі әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу саласындағы келісімдер көбіне бейресми сипатта болады және осы саладағы процестердің дамуына қандай да болсын маңызды ықпал етпейді. Осы негізде ТМД қатысушы бұрынғы кеңестік елдерде  еңбекті нормалауды реттеуден бас тарту мезгілсіз шара болып табылатындығы туралы қорытындыны тұжырымдауға болады.

 

2.1 Индустриалды дамыған елдерде еңбекті нормалауды ұйымдастыру

Дамыған елдерде тараған, еңбекті нормалаудың жекелей тәсілдерін қарастыралық. Нарықтық экономика жағдайында еңбекті нормалау саласындағы орталықсыздандыру, оның аясында жұмыс беруші мен жұмысшының маңызды әлеуметтік-еңбек мүдделерінің келісімі қамтамасыз етілетін, олардың арасындағы қатынастар жүйесі ретінде кәсіпорындарды басқаруда демократия қағидатын күшейтуге әкелді. Атап айтқанда, Германияда бұл қағидат заңнамамен мәртебесі бекітілген өндірістік кеңестер деп аталатын қызметтен өз дәлелін тапты.

Өндірістік кеңестің кәсіпорынды басқаруға қатысу құқығы келесі негізгі мәселелерге таралады:

- жұмыс уақытының мәселесі (жұмыс күнінің басталуын және аяқталуын анықтау және т.с.с.);

- еңбекақы төлеу уақыты, орны және түрі (оның ішінде еңбекті нормалау мәселесі);

- жұмысшылардың тәртібін және өнімділігін бақылаудың техникалық құралдарын енгізу және қолдану;

- еңбекақы саласындағы саясатты қалыптастыру мәселесі, сондай-ақ еңбекақы төлеудің жаңа түрлерін енгізу және қолдану;

- еңбекақы төлеудің сыйақылық-аккордтық түрі кезінде бағалау белгілеу;

- өндірістік процестерді ұйымдастыру және басқалары бойынша ұсыныстар беру мәселесі [26, 29 б.].

Демек, өндірістік кеңестің міндеттерінің кең ауқымы оған еңбекті нормалауды қосқанда, кәсіпорынның ішкі және сыртқы қызметінің барлық дерлік салаларын бақылау мүмкіндігін береді.

Жұмысшылардың кәсіпорынды басқаруға қатысуы кәсіби одақтың ұсынысы бойынша еңбек жөніндегі директор арқылы жүзеге асырылады, ол компания басқармасына кіреді және оның тең құқылы мүшесі болып табылады. Еңбек жөніндегі директор басқарманың басқа да мүшелері сияқты құқықтарға ие және компанияның мақсаттары мен міндеттерін іске асыру, оның экономикалық саясатты жүргізуі және оның мүдделерін жүзеге асыру үшін жауапкершілік атқарады. Оның қарауына кәсіпорынның экономикалық саясатының басқа бағыттарынан бөлек, кадрлық мәселелер, әлеуметтік сала мен жалақы мәселесі де (демек, еңбекті нормалау мәселесі) кіреді. Осылайша, жұмысшылардың өкілін компания басқармасына енгізу, олардың шешім қабылдауға қатысуына ғана мүмкіндік беріп қоймай, сонымен қатар компанияның басшылық звеносына тікелей ықпал етуге де мүмкіндік береді [27].

Еуропа өнімділік қауымдастығы мен Халықаралық МТМ қауымдастығы жүргізген бірлескен зерттеу әлемнің дамыған елдерінің (АҚШ, Ұлыбритания, Швеция, Италия, Жапония) кәсіпкерлері соңғы жылдары барлық өндірістерде еңбекті нормалауды қолдану саласын кеңейтуде. Мұндай тәжірибенің басты себебі – өндірістегі шығындарды ұдайы төмендету қажеттігі мен осы негізде ішкі және сыртқы нарықтарда бәсекеге қабілеттілікті арттыру.

Тәжірибе көрсетіп отырғандай, дамыған шетелдік елдерде нормаларды есептеу микроэлементтік нормативтер негізінде жүзеге асырылады. Мәселен, еңбек процестерін жетілдіруге бағытталған, жоғарыда аталған PMTS тәсілін американдық мамандар  Франк және Лилиан Гилберт жасаған. Осы тәсілдің  артықшылығы жұмыс процестерін егжей-тегжейлеудің жоғары деңгейі. Оны қолдану барысында нормаланатын жұмысты орындау үшін қажетті барлық қозғалыс анықталады және талданады. Осы жүйенің қосымша артықшылығы оны нормаланатын жұмыстардың негізгі кешенін бастағанға дейін қандай да бір дәлдікпен, өндірісті жоспарлау үшін қолдану мүмкіндігі болып табылады.

Бастапқыда PMTS жүйесі негізінен еңбек өнімділігін зерттеу мен арттыру үшін пайдаланылды. Бірақ бірден дерлік оның барынша заманауи нұсқасы әзірленді, ол уақыт әдістерін өлшеу  (methods-time measurement, МТМ) деп аталды. Оның мәні сегіз сағаттық жұмыс күні кәсіби жұмысшы қолдауға қабілетті қарқынды орындауды ескеріп, олардың әрқайсысын орындау үшін стандартты уақытты талдау ұсынысын қамтыды. Кез келген еңбек әрекеттерін, олардың көмегімен қолмен жасалатын тәсілдер модельденетін және оларды орындау үшін қажетті уақыт есептелетін, қарапайым, алдын ала стандартты қозғалыстарға бөлшектенуді көздейтін осы жүйе микроэлементтік нормалау деген атауға ие болды.

Шетелде микроэлементтік нормалау жүйесі ХХ ғасырдың 40 жылдарының соңында және 50-жылдардың басында алдымен АҚШ, кейіннен Германияда, Францияда, Жапонияда және басқа да елдерде кеңінен тарай бастады. Қазіргі уақытта әлемде микроэлементтік нормалаудың жүйесінің түрлі модификациясы жасалған, олардың ішінде адамның зияткерлік қызметімен байланысты жұмысты нормалау процесінде пайдаланылатыны да бар. Осы жүйенің бірінші ресми жарияланған түрінің бірі, онда күрделілік пен дәлдіктің айтарлықтай аз деңгейін болжайтын, қозғалыс талданған, факторлық әдіс болып табылады, яғни, PMTS жүйесінің  бастапқы элементтік қозғалысы барынша ірі модульге бірікті. Мәселен, «Алу» модулі екі қарапайым қозғалыстан құралады, одан  еңбек затына қолын созып, оны алатын жұмысшының әрекеті қалыптасады, ал «Орналастыру» модулі «Ауыстыру» мен «Берілген жағдайды орнату» элементтерінен  құралды. МТМ жүйесін жүзеге асыруға қойылатын мұндай қарапайым тәсіл өнеркәсіптік инженерияда «Тығыздау» немесе «Конденсация» деген атауға ие болды. Салдарынан МТМ тығыздалған жүйесінің бірнеше әр түрлі нұсқалары әзірленді. МТМ-2 нығыздалған жүйесі МТМ бастапқы жүйесіне тартылған мыңдағаннан айырмашылығы қарапайым қозғалыстың әрқайсысы үшін барлығы он бес ауыспалыны пайдаланды. Осыған сәйкес одан артық тығыздалған МТМ3 жүйесі МТМ-2 жүйесінің элементтерін барынша ірі модульге біріктірді. Мәселен, «Алу» және «Орналастыру» модульдері ол үшін ірі өнеркәсіптік компаниялардың жүйесінде автоматтандырылған жобалаудың маңызды тәжірибесі жинақталған, «Манипуляция» модулына түрленді. Өндірістің бірегейлендірілген процестері мұқият сипатталды, ал сипаттамасы дербес компьютерлердің жадысына енгізілді. Жаңа өнімді жобалау дербес компьютерлерде жүзеге асырылады, сызбалар машина жадысына енгізіледі. Компьютер әр бөлшекті дайындау процесін технологиялық жобалауды жүзеге асырады, өнім сапасына қойылатын талаптарды белгілей отырып, өңдеудің ең ұтымды әдістерін анықтайды. Технологиялық жоба техникалық кеңесте бекітіледі, сосын қолдағы нормативтер бойынша еңбек сыйымдылығын бір мезгілдей есептей отырып, технологиялық процесті автоматты түрде бөлшектеу жүргізіледі.

 

1 кесте–МТМ негізінде нормалаудың автоматты жүйесі

Негізгі жүйе

Автоматтандырылған жүйе

Жұмыстың математикалық режимі, ЭЕМ маркасы

Әзірлеуші, ел

МТМ-1

4М-ДАТА

Cobol, IBM 37о COBOL, dialog, HoNey

Westinghouse, АҚШ

 

Wocom-MTM

 

- WELL BULL

 

WOFAC,

 

МТМ-1

FORTRAN-IV, dialog, print, SIEMENS FORTRAN-IV, screen, dialog

 

АҚШ

ANABES

IBM 1130

IBM, ГФР

Basic

Values

MEVA

FORTRAN-IV, batch, IBM 1130

IBM, ГФР

МТМ-2

AVTOMAT

ADAM

FORTRAN-IV, dialog. Prime PASCAL, screen, dialog, APPLE II, IBM PC

University of Nottingham Великобритания MTV Association, АҚШ

МТМ-3

RADAC

Fexed programmed, dialog. TEKTRONIX 4051

TEKTRONIX, АҚШ

UAS

FREVAS

Froe programmed, print, dialog, TI 59/PC 100

German MTM Association, ГФР

МТК

REZEBAS/REMEK

СОММЕК

YREMEK

Basic 300, screen, dialog, SICOMP R BASIC, screen, dialog, COMMODORE com 3032 free, programmed, print, dialog, TI 59/PC 100

SIEMENS Coip, Германия University of Dortmund, Германия

German MTM Association, Германия

 

Келтірген кестенің деректері мұндай жүйені ірі жеке меншік ұлтаралық корпорациялар немесе қауымдастықтардың немесе мемлекеттік құрылымдардың қандай да болсын, қатысуынсыз, олардың тапсырмасы бойынша әзірленгендігін дәлелдейді.

Микроэлементтік нормалауды кеңінен пайдалануына қарамастан, шетелдік фирмалар ерекше жұмыстардың жекелей түрлерін нормалау үшін хронометраждық бақылау жүргізуден бас тартпайды. Шетелдік тәжірибеде линиялық бағдарламалау, көп факторлы регрессивтік талдау, уақыт шығынын зерттеудің статистикалық әдістерінің түрлері де нормалауға ие болып, барынша  кеңінен таралуда. Мұндай  методологиялық және материалдық-техникалық база кәсіпорындарға  жұмысшылардың барлық санаттары үшін дерлік нормалар жасау мүмкіндігін береді.

Нормалау методологиясының сипатты белгісі уақыт нормасына салынуы керек, жұмыс шапшаңдығын (қарқынын) бағалау болып табылады. Жұмыс шапшаңдығын есепке алу хронометраждық және басқа да бағалау түрлерін өткізуге байланысты. Нормалаушы еңбек процесін орындау, қабылдау, әрекет, қозғалыс уақытын өлшей отырып, бірмезгілде алдын ала белгіленген, жұмыстың қалыпты шапшаңдығы деп аталатынмен нақты салыстырып, орындаушының жұмыс шапшаңдығын бағалауға міндетті. «Қарқындылықтың қалыпты деңгейі» түсінігінің екі мағынасы болады. Бұл барынша көп пайдаға жету мақсатында өндірістің ең аз шығынын қамтамасыз ететін нормамен көзделген деңгей және орындаушының денсаулығы үшін қолайлы физиологиялық норма ретіндегі қалыпты деңгей. Нормалаушыларды жұмыстың шапшаңдығын сырттай бағалауға үйретеді, нормаланатын, нақты процестердің қалыпты шапшаңдығын «сезінуге» үйретеді. Тәжірибелі нормалаушы 2 ден 5% дейінгі ауытқулармен жұмыс шапшаңдығын бағалайды деп саналады.

Шетелде еңбек шапшаңдығының көлеміне ықпал ететін, қандай да болсын факторларды есепке алатын арнайы әдістер мен жүйелер жасалған. Бірақ, қалыпты шапшаңдық критерийлерін немесе еңбек қарқындылығының деңгейін  ғылыми негіздеу шетелдік теория мен тәжірибеде жоқ.

Көптеген кәсіпорындарда еңбектің шапшаңдығын (қарқындылығын) бағалау «еңбек қозғалыстары жылдамдығын бағалау» жолымен жүргізеді. Бұл ретте орындаушының  еңбек қозғалыстарының белгіленген жылдамдығы жүру кезіндегі немесе эталондық операцияларды орындау кезіндегі жылдамдықпен салыстырылады. Сонымен қатар уақыт нормасын белгілеу мақсатында хронометраждық зерттеулер жүргізу үшін таңдалған орындаушыда қажетті біліктілікке ие және еңбектің стандартты әдісін меңгерген деп тұспалданады. Мәселен, АҚШ, Англияда - 4,8 км/сағ, ГФР — 4,5-5 км/сағ. жылдамдықпен тегіс жермен жүксіз жүріске балама шапшаңдық қалыпты деп саналады.

Жұмыс шапшаңдығын ғана емес, сонымен қатар еңбектің стандартты әдісін меңгеру деңгейін сандық анықтау басқа тәсіл болып табылады. Жұмыстың шапшаңдығы мен қауырттылығы «жігер», еңбек әдісін меңгеру деңгейі – «ептілік» терминімен белгіленеді. Сонымен қатар жүйеге кейде хроноқатар тұрақтылығынан байқалатын, тағы екі фактор – «еңбек талабы» және «жұмыстың тұрақтылығы» енгізіледі.

Соңғы жылдардағы жұмыста шапшаңдық коэффициенті қозғалыс шапшаңдығы, жұмсалатын физикалық күш-жігер деңгейі, өндірістік дағдылар, осы қызметкердің кәсіби жарамдылық деңгейі және т.с.с. тәрізді түрлі факторлардың ықпалын ескеретін, ықпалдастырылған көрсеткіш ретінде қарастырылады.

Еңбекті нормалаудың қазіргі жүйесінің қатарына жұмыс кезеңін және еңбекті нормалауға қажетті басқа да параметрлерді анықтау үшін  нақты жұмыстың математикалық моделінің формуласына тәжірибелік бақылау көмегімен алынған, мағына ұсынылатын, нормаланатын жұмыстарды математикалық моделдеу әдісін жатқызуға болады. Осы факт математикалық моделдеу жүйесін нормалаудың талдамалық әдісіне де жатқызуға болатындығын көрсетеді, өйткені жұмыс уақыты шығындарына тәжірибелік бақылау жүргізусіз, мұндай жүйені тәжірибеде пайдалану мүмкін емес.

Олардың көпшілігі қандай да бір деңгейде субъективтік сипатқа ие екендігін де мойындауымыз керек, өйткені болжамдарға, ұқсастыққа, қорытындыларға, сондай-ақ адамзат факторына негізделген.

Әлбетте, заманауи компьютерлік технологиялар бақылаушылардың шаршауын, зейінсіздігіне немесе біліктілігінің жеткіліксіздігіне байланысты туындаған бірқатар проблемаларды болдырмауға мүмкіндік береді. Бірақ  жүз пайыздық дәлдікке жету екіталай, өйткені еңбек процестерінің зерттелетін объективтік шындығы өзімен өзі тұрақтылықпен ерекшеленбейді және түрлі сыртқы және ішкі факторлар ықпалымен кенеттен өзгеруге қабілетті.

Дегенмен, шетелдік мамандар қазіргі жағдайда еңбекті нормалаудың заманауи әдістерін сауатты пайдалануды, экономикалық және қаржылық ресурстарды тиімді пайдаланып, экономикалық дәлелсіз штаттық қысқартуды және жабдық сатып алудың дәлелсіз шығындарын болдырмай, корпорацияларға жылына мыңдаған доллар үнемдеуге мүмкіндік береді [28]. Бұл ретте жекелей зерттеушілер зерттелетін саладағы маңызды жетістіктерге қарамастан, американдық экономиканың қазіргі қолайсыз жағдайының себебі жалпы өнеркәсіптік инженерияға және оның ішінде, еңбекті нормалауға жеткілікті назар аударылмаумен түсіндіріледі [29].

Еңбекті нормалау – бұл қызметкерлерді уәждеме жүйесін қалыптастыру кезіндегі де негізгі элемент. Статистика деректеріне сәйкес ынталандырудың тиімді жүйесімен үйлесімде еңбектің негізделген нормаларын ғана қолдану, еңбек өнімділігін 25% дерлік көтеруге қабілетті. Дәл еңбекті нормалаудың өзі жұмыс құрамындағы болмашы өзгерістер  мен өндірістік емес қажеттіліктерге жұмсалатын уақытша шығындарды қысқарту кәсіпорын қызметінің жалпы тиімділігіне ықпал етуге қабілетті екендігін көрсете алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3. Қазақстанда еңбекті нормалаудың қазіргі жағдайын және Қазақстан Республикасының кәсіпорындарында еңбекті нормалау бойынша қолданыстағы жүйенің жай-күйін бағалау

 

Қазақстан Республикасында еңбекті нормалаудың қазіргі жағдайына әділ баға қою осы саладағы өткен ғасырдың 90-шы жылдарының басынан бастап орын алған үрдістерді талдауынсыз аса қиынға соғады. Сондықтан тарихқа қысқаша шолу еліміздегі еңбекті нормалаудың қазіргі жағдайын толықтай бағалауға мүмкіндік береді деген негіздеме қалыптасып отыр.

Тәуелсіздікті алған кезеңнен бастап Қазақстан Республикасында еңбекті нормалау мәселесіне айтарлықтай жеткілікті зейін қойылып келеді. Алайда «экономикалық романизм» (1991-1994 жылдары) деп аталатын кезеңде өндірістің апатты құлдырауы мен бұрын қалыптасқан шаруашылық байланыстың ыдырауы салдарынан орын алған өте қатты экономикалық дағдарыс жағдайында көптеген жұмыс берушілер заңнамамен бекітілген құқықтық нормаларды елемеген болатын. Осының аясында еңбекті нормалау саласында ондаған жылдар бойы қалыптасқан ұйымдық құрылымы толықтай күйзеліске ұшырады. Бұл кезеңде осы салада мамандандырылған барлық республикалық және салалық ұйымдар қысқартылған болатын. Сонымен қатар, барлық кәсіпорындарда еңбек шығындарының нормаларын әзірлеуге қызмет еткен құрылымдық бөлімшелер іс жүзінде жойылды.

Көбінде бұндай жағдайға сәйкесінше уәкілетті орган тарапынан толықтай бақылау жүргізілмеуі де себепші болды. Дегенмен, бұл кезеңде еңбекті нормалауды ұйымдастыру саласында сонау 1972 ж. бекітілген Қазақ КСР-ның еңбек туралы заңдар Кодексінің нормалары өз күшін жоймаған болатын. Арнайы «Еңбек және баға нормалары» бөлімінде еңбек нормаларына, соның ішінде нормаланған тапсырмаларға сипаттама берілген еді, жаңа еңбек нормаларын енгізу, ағымдағы еңбек нормаларын алмастыру немесе қайта қарастыру, келісімді еңбекақы кезінде бағаны анықтау, сондай-ақ нормаларды бекіту немесе қайта қарастыру кезінде туындайтын қарама-қайшылықтарды шешу тәртібі қарастырылған болатын [30, б. 56-58]. Бұл заңнамалық актіде еңбек нормаларын кәсіпорын әкімшілігі әзірлеу керектігі тікелей көрсетілмесе де, тұспалданып жазылған еді. Салааралық, салалық және ведомстволық нормаларды ауыстыру және қайта қарастыруды оларды бекіткен органдар жүзеге асыруы тиіс еді. Әлбетте, бірқатар аталған анық тозған заң нормалары сол кезде қалыптасқан шаруашылық жүргізудің талаптарына және басқа да бірқатар заңнамалық актілерге сәйкес келмеген болатын және сондықтан жұмыс берушілер оларды елемеуді көздеді. Бұған қоса, осы заңнамалық актілермен бекітілген заңнамалық актілердің жартысы 1999 жылдың соңында «Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы заңы» қабылданғанға дейін әрекет етті. 

Сол кезеңде әрекет еткен Қазақ КСР еңбек туралы заңдар Кодексі алпауыт кәсіпорындарға қатысты еңбекті нормалау мен еңбекақы мәселелерін реттеуді қарастырмаған болатын. Алайда, 90-шы жылдардың соңына қарай арнайы нормативтік актілермен бұндай кәсіпорындар үшін еңбек нормалары мен еңбекақы параметрлерін ұсыну, қарастыру және келістіру тәртібі бекітілді.

2000 жылы күшіне енген «Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы заңы» еңбекті нормалау саласында ұғымдық аппаратты нарықтық талаптарға сәйкес қылғанын және оған дейінгі әрекет еткен құқықтық нормаларға кішігірім өзгерістер енгізгенін көруге болады [31].

Еңбекті нормалау мемлекеттік реттеу тәжірибесіне айтарлықтай өзгерістер 2007 жылы қабылданған тәуелсіз Қазақстандағы алғаш Еңбек кодексімен бірге енгізілді. Заңнамалық тәжірибеде алғаш рет бұл Кодексте осы саладағы мемлекеттік кепілдіктер көрініс тапты, яғни олар:

- еңбек жөніндегі үлгі нормалары мен нормативтері;

- мемлекеттік органдардың техникалық негізделген еңбек жөніндегі үлгі нормалары мен нормативтерін қамтамасыз етуі;

- жұмыс берушілердің еңбек нормаларын әзірлеуіне, енгізуіне және қайта қарастыруына бақылау жүргізу [32, б. 24].

Кодекспен еңбек нормаларын әзірлеу, енгізу, ауыстыру және қайта қарастыруға қойылатын маңызды құқықтық талаптар бекітілді. Онда жұмысшылардың өкілдерімен бекітілген рәсім бойынша еңбек шығындарының барлық енгізілген нормаларын міндетті түрде келістіру қарастырылған. Егер жұмыс беруші бұндай келісім рәсімін жүргізуден бас тартса, онда бұндай нормалар жарамсыз болып танылып, қолданысқа енгізілмейді [32, б. 7].

 

2007 жылғы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі (үзінді)

11 бап, 2 т. Жұмыс беруші осы Кодексте, ұжымдық шартта көзделген жағдайларда, қызметкерлер өкілдерінің келісімі бойынша немесе пікірін ескере отырып, актілер шығарады.

117 бап, 1 т. Жұмыс беруші еңбек нормаларын жаңадан енгізуді, қолданыстағы еңбек нормаларын ауыстыруды және қайта қарауды қызметкерлер өкілдерімен келісе отырып, еңбектің үлгілік нормалары мен нормативтерін ескеріп жүргізеді.

11 бап, 3 т. Жұмыс берушінің Қазақстан Республикасының еңбек заңдарымен, ұжымдық шартпен, келісімдермен салыстырғанда қызметкерлердің жағдайын нашарлататын не осы баптың 2-тармағында көрсетілген рәсімдер сақталмай шығарылған актілері жарамсыз болып табылады және қолданылмауға тиіс. [32].

 

Сондай-ақ заңнамамен еңбекті нормалау саласында алпауыт кәсіпорындарға қатысты мемлекеттік әсер шаралары қарастырылды. Кодекстің ерекше бабымен бұндай кәсіпорындарда еңбек нормаларын ұсыну, қарастыру және келістіру тәртібі еңбек жөніндегі уәкілетті органмен бекітілетіні белгіленген. Осы заңнамалық талапты дамыту үшін 2007 жылдың 19 шілдесінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің № 167-п бұйрығымен бекітілген «Көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алым мөлшерлемелерін) мемлекеттік реттеу енгізілетін ұйымдар қызметкерлерінің еңбек нормаларын және (немесе) еңбегіне ақы төлеу жүйесі бойынша параметрлерін ұсыну, қарау және келісу қағидалары» әзірленді [33, 242-250 б.]. Осы уақытта «Тиісті қызмет салалары мемлекеттік органдарының еңбек жөніндегі үлгілік (салалық, салааралық) нормалар мен нормативтерді бекіту, ауыстыру және қайта қарау ережесі» [33, 238-241 б.] де қабылданды. Олар бұндай нормалардың еңбек жөніндегі мемлекеттік уәкілетті органдармен міндетті келістіру қарастырған еді.

Мемлекет назарының осы кезеңде еңбекті нормалау мәселесіне күшеюі осы саладағы әдістемелік ұсынымдар кешенін әзірлеуде байқалды, оларға жататындар:

- Еңбек және халықты қорғау министрлігінің 2008 жылғы 28 желтоқсанындағы № 310-п бұйрығымен бекітілген «Жұмысшылардың еңбегін нормалауға арналған нормалар мен нормативтер белгілеу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар»;

- Еңбек және халықты қорғау министрлігінің 2009 жылғы 31 желтоқсанындағы № 402-п бұйрығымен бекітілген «Еңбекті нормалауды ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар»;

- Еңбек және халықты қорғау министрлігінің 2010 жылғы 19 қазанындағы № 344/1-ө-м бұйрығымен бекітілген «Ұйымдарда хронометраждық жұмыстарды жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар»

- Еңбек және халықты қорғау министрлігінің 2010 жылғы 15 қарашасындағы № 375/1-ө-м бұйрығымен бекітілген «Ұйымдарды басқару аппараты қызметкерлерінің үлгілік құрылымын және штаттық нормативтерін әзірлеу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар» [33].

Жоғарыда келтірілген ұсынымдарда еңбек нормаларын есептеу жұмыстарын даярлау мен өткізудің барлық кезеңдері, еңбекті нормалау әдістері, жұмыс уақыты шығындарын зерттеу құралдары (хронометраж, жұмыс күнінің суреті, жұмыс күнінің өздігінен түсірілген суреті, сәттік бақылаулар), тәртібі мен оларды тәжірибеде қолдану салалары және басқа да аспектілері толықтай ашылып, мазмұндалған. Олар кәсіпорындар мен басқа да ұйымдар үшін еңбек шығындарының нормаларын есептеу жұмыстарын жүргізуде маңызды тіреуге айналды. Бұндай ұсынымдардың әзірленуі Қазақстан Республикасында еңбекті нормалаудың әрі қарай дамуы үшін Қазақстанда қажетті әдістемелік базаны қалыптастырғанын мойындау қажет.

Бұл кезеңді (2007-2015 жылдар) еңбекті нормалауды ұйымдастырудың мемлекеттік реттеуі еліміздің тәуелсіз дамуының барлық кезеңінде өзінің «шыңына» жетті деуге болады. Түбегейлі жоспарда мемлекеттің еңбекті нормалау институтына бұндай қарым-қатынасын құптаған жөн, өйткені осылайша 90-шы жылдары «сәтсіз» аяқталған қарым-қатынастармен салыстырғанда оның қайта өркендеу үрдісі басталған еді. Бұндай саясаттың нәтижелері көп күттіре қойған жоқ. Бизнестің бәсекеге қабілеттілігін сақтау қажеттілігі жұмыс берушілердің өнімнің өзіндік құнын төмендетуге жағдай жасайтын еңбек шығындарының негізді нормаларының әзірленуіне қызығушылығын тудырды. Сонымен қатар, жеке мемлекеттік органдар бюджеттік қаржыландыруды қысқарту мақсатында жұмысшылар санының нормативін әзірлеуге кірісті.

Еңбекті нормалау институтын дамытудағы заманауи кезеңі көбінде 2016 жылдың басында Қазақстан Республикасының жаңа Еңбек кодексінің күшіне енуімен байланысты басталған еді. Оның тұжырымдамасы әлемдік дамудың тұрақсыздығы мен әркелкілігіне тәуелді келген дағдарысты құбылыстардың үдей түсуі жағдайында жұмыс берушілерді жан-жақты қолдауға бағытталған болатын. Бұл іс жүзінде еңбек қатынасының барлық параметрлері бойынша, соның ішінде еңбекті нормалау мәселесінде мемлекеттік реттеудің әлсіреуіне себепші болды. Атап айтқанда, заңнамадан еңбекті нормалау саласындағы мемлекеттік кепілдіктер толықтай алынып тасталды [34, 28 б.].

Нарықта монополиялық орынды алып тұрған ұйымдармен әзірленген еңбек нормаларына мемлекеттік реттеу сақталып қалды. Кодекске сәйкес бұндай ұйымдардың нормалары уәкілетті мемлекеттік органдарымен және еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органдарымен олар белгілеген тәртіпте мақұлдануы тиіс. Бұндай тәртіп «Көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алым мөлшерлемелерін) мемлекеттік реттеу енгізілетін ұйымдар қызметкерлерінің еңбек нормаларын және (немесе) еңбегіне ақы төлеу жүйесі бойынша параметрлерін ұсыну, қарау және келісу қағидаларымен» реттелген. Бұл акт еңбек нормаларын ұсыну, қарау және келісу тәртіптері мен мерзімдерін, ұсынылатын материалдар тізімі мен олардың мазмұнын, сондай-ақ еңбек нормаларын мақұлдауға ұсынылатын негізгі талаптарын реттейді [35].

Еңбек жөніндегі салааралық нормативтердің әзірленуі мен бекітілуі Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жүргізуіне, ал салалық нормативтер – жұмыс берушілердің салалық бірлестігінің жүргізуіне берілу жағдайы маңызды жаңалыққа айналды.

Жұмыс берушілердің өкілдерімен әзірленген еңбек нормаларын мақұлдануын қарастыратын бұрын қолданыста болған тәртіп айтарлықтай өзгеріске ұшырады. Енді заң мұндай келісімнің міндеттілігін жойып, жұмыс берушілердің актілерін шығару кезінде жұмысшылар өкілдерінің пікірлерін ескеру рәсімін орнатты. Бұған қоса, бұл шарттың бұзылуы жұмыс берушіге ешқандай жағымсыз салдар тудырмайтын болады.

 

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі (үзінді)

12 бап. Жұмыс берушінің актілерін шығару кезінде жұмыскерлер өкілдерінің пікірін ескеру тәртібі

1. Жұмыс беруші келісімдерде, ұжымдық шартта көзделген жағдайларда жұмыскерлер өкілдерінің пікірін ескере отырып актілер шығарады.

2. Жұмыс беруші өзінің актісінің жобасын және ол бойынша негіздемені жұмыскерлердің өкілдеріне ұсынады. Жұмыскерлердің бірнеше өкілі болған кезде олар жұмыс берушінің актілері бойынша пікірді есепке алу үшін сандық құрамы олар мүдделерін білдіретін жұмыскерлердің санына пропорционалды түрде болатын біртұтас өкілді орган құрады.

3. Жұмыскерлердің өкілдері жұмыс беруші актісінің жобасын табыс етілген күннен бастап бес жұмыс күнінен асырмай талқылайды. Жұмыскерлердің өкілдері шешімді осы Кодексте белгіленген мерзімдерде ұсынбаған жағдайда, жұмыс беруші актіні пікірді ескерместен қабылдауға құқылы.

4. Жұмыскерлер өкілдерінің шешімдері хаттамамен ресімделеді, онда жұмыскерлер өкілдерінің жұмыс беруші актісінің жобасымен келісетіні (келіспейтіні) көрсетіледі, олардың ұсыныстары болса олар жазылады.

5. Егер жұмыскерлер өкілдерінің пікірінде жұмыс беруші актісінің жобасына келісім болмаған не оны өзгерту жөнінде ұсыныстар болған жағдайда, жұмыс беруші:

1) келіскен жағдайда жұмыскерлер өкілдерінің ұсыныстарын ескере отырып өзгертілген акт шығарады;

2) келіспеген кезде жұмыскерлердің өкілдерімен қосымша консультациялар өткізуге құқылы.

6. Жұмыс беруші актілерін шығару үшін келісімдерге, ұжымдық шартқа сәйкес жұмыскерлер өкілдерінің пікірін есепке алу қажет болатын олардың жобалары бойынша келісімге қол жеткізілмеген кезде, туындаған келіспеушіліктер, жұмыс берушінің және жұмыскерлердің бір өкілі қол қоятын хаттамамен ресімделеді, одан кейін жұмыс беруші актіні қабылдауға құқылы.

7. Егер жұмыс берушінің шығарылған актісінде жұмыскерлердің осы Кодексте, еңбек, ұжымдық шарттарда, келісімдерде көзделген құқықтары мен кепілдіктерін бұзатын не нашарлататын ережелер қамтылған жағдайда, оған еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органға не сотқа шағым жасауға болады.

        

Кодекс талаптарын дамыту үшін еңбек жөніндегі уәкілетті органымен «Жұмыс берушінің еңбек нормаларынеңбек жөніндегі үлгілік нормалар мен нормативтерді, қызметтің барлық салалары үшін еңбек жөніндегі бірыңғай және (немесесалааралық үлгілік нормалар мен нормативтерді әзірлеубекітуауыстыру және қайта қарау қағидалары» әзірленіп, бекітілді. Бұл құжатпен әртүрлі деңгейдегі нормалар мен нормативтерді әзірлеудің және бекітудің тәртібі айтарлықтай өзгертілді.

 

Жұмыс берушінің еңбек нормаларынеңбек жөніндегі үлгілік нормалар мен нормативтерді, қызметтің барлық салалары үшін еңбек жөніндегі бірыңғай және (немесесалааралық үлгілік нормалар мен нормативтерді әзірлеубекітуауыстыру және қайта қарау қағидалары(үзінді)

……

3. Ұйымдағы еңбек нормаларын жұмыс беруші салааралық және үлгілік еңбек нормалары жоқ жұмыстарға әзірлейді және бекітеді.

4. Үлгілік еңбек нормаларын жұмыс берушілердің салалық қауымдастығы әзірлейді және бекітеді.

5. Салааралық еңбек нормаларын жұмыс беруші әзірлейді және жұмыскерлер өкілдерінің келісімі бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бекітеді[36, 35 б.]

 

Жоғарыда келтірілген «Ережелерде» бір елеулі олқылық кетіп отырғанын көруге болады. Мәселе еңбек жөніндегі салааралық нормалар мен нормативтерді анықтамасы бойынша жеке алынған жұмыс беруші әзірлей алмайтындығында жатыр. Бұндай салалық нормаларға ұқсас нормаларды әзірлеу Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жүргізілуіне берілуі тиіс.

Сондай-ақ бүгінгі күні қалыптасқан еңбек жөніндегі уәкілетті орган (қазіргі таңда – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі) қолданыстағы заңнамаға сәйкес еңбек жөніндегі салалық және салааралық нормалар мен нормативтерді мақұлдау процесінен толығымен босатылғанымен келісу қиынға соғады. «Ережелерге» сәйкес бұндай келісім жұмысшылардың өкілдерінің мақұлдауымен жүргізіледі.

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы қызметінің тәжірибесінен бұл органның салааралық нормативтерді әзірлеуге қызығушылық танытпайтындығын тұжырымдауға болады. Бұндай қорытынды Ұлттық палатаның барлық қызмет еткен кезеңі ішінде 2016 жылдың соңында тек нормативтің екі түрі ғана бекітілгеніне сүйеніп жасалып отыр, олар:

  • Әкімшілік және қоғамдық ғимараттарға қызмет көрсетумен айналысатын жұмысшылар санының салааралық нормативтері;
  • Қызметкерлер құрамын басқару қызметіндегі жұмысшылар уақытының салааралық нормативтері.

Бұған қоса, аталған нормативтер бұрын еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган басшысының сәйкесінше бұйрығымен әзірленіп, бекітілген болатын. Осы негізде палатаның барлық қызмет ету кезеңі ішінде бір де бір салааралық нормативтерді әзірлеуге бастамашылық жасамаған деп қорытындылауға болады.

Осыған ұқсас жағдай салалық бөлімде еңбек шығындарының нормативтерін әзірлеуде де орын алып отыр. Өкінішке орай, бекітілген еңбек жөніндегі салалық нормалар мен нормативтердің бар екендігі жөніндегі қандай да бір деректердің жоқтығы көңілді қынжылтып отыр. Жоғары ықтималдықпен салалық бірлестіктер еңбек жөніндегі салалық нормативтерді әзірлеуге әлі де кіріспеді деген болжам жасауға болады. Жоғарыда аталғандарды ескере отырып, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган атынан заңнамалық босатылуы қазіргі жағдайда орын алған мезгілсіз шара деп тұжырымдауға болады.

Әйтсе де еңбек шығындарының нормаларының еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органдармен мақұлдау заңнамалық талабы (нарықта монополиялық орын алатын кәсіпорындарға қатысты қолданылады) күмәнсіз оң нәтижелерге алып келді. 2013 жылға арналған жағдай бойынша Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты қорғау министрлігінің деректеріне сәйкес елімізде көбісі салааралық немесе салалық нормативтерге жататын 200-ден астам нормалар мен норматив түрлері әрекет етті. Өкінішке орай, соңғы жылдары бұл жұмыс жоғарыда аталып өткендей, үлгілік нормативтерді әзірлеу, қарастыру және мақұлдау қызметі басқа органға берілуі себебінен бір орында тұрып қалды.

Соңғы жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің бастамашылығымен еліміздің құқық қорғау органдарының сандық нормасы әзірленді: ҚР Ішкі істер министрлігі, ҚР Бас прокуратурасы және басқалары. 2012 жылы барлық деңгейдегі соттардың сандық нормасы әзірленді: аудандық, облыстық бөлімдердің және ҚР Жоғарғы Сотының.

Мемлекеттік қызметкерлердің жеке санаттарының сандық нормасын есептеудің нәтижесіз талпыныстары жасалынды. Соның ішінде, 2017 жылы Қазақстан Республикасы Экономика Министрлігінің тапсырысы бойынша бұрынғы Оңтүстік Қазақстан (қазіргі Түркістан) облысының әкімдігінің сандық нормаларын әзірлеу бойынша пионерлік жобасы аяқталды.

Республикамызда еңбекті нормалаудың қайта жандануы көптеген жағдайда осы институттың инфрақұрылымымен анықталуы мүмкін. Қазіргі уақытта елімізде тек бір ғана мемлекеттік институт бар – ол бұрын еңбек шығындарының жеке нормалары мен нормативтерін әзірлеген «Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты» (ЕҚРҒЗИ) ШЖҚ РМК. Алайда осы институттың еңбекті нормалау бойынша зертханасының қысқаруына байланысты қазіргі уақытта осы саладағы жұмыстар уақытша тоқтатылды. Осылайша бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында қызметіне еңбекті нормалау саласында қызметтерді үйлестіру, сондай-ақ еңбек жөніндегі салааралық нормативтерді әзірлеу жататын ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне ведомстволық бағынышты бір де бір мемлекеттік орган (ғылыми-зерттеу институты, мамандандырылған орталық және т.б.) жоқ.

Қазақстан Республикасында қазіргі уақытта осы салада өз қызметін жеке консалтингтік компаниялар жүзеге асырып келеді: «Юпитер» ЖШС, «Еңбек қатынасын оңтайландыру орталығы» ЖШС, «Қолданбалы экономиканы зерттеу орталығы» мекемесі және басқасы.

Еңбек шығындарын әзірлеуге мамандандырылған құрылымдық бөлімшелерін қазіргі таңда республикамыздың тек жеке ірі кәсіпорындары сақтап қалды: «Қазақстан Темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ, «АрселорМитталТемиртау» АҚ, «Қазақмыс» ЖШС және басқалары. «Қазмұнайгаз» Ұлттық компаниясының» құрамына мұнай өнеркәсібінде жеке жұмыс түрлеріне нормаларды әзірлейтін мұнай және газ институты кіреді.

Жалпы, экономиканың кәсіпкерлік саласындағы кәсіподақтардың басым көпшілігінде еңбек нормасын есептеу жұмыстары іс жүзінде жүргізілмейді, сондықтан орындалған жұмыстарға сәйкесінше нормалардың жоқтығы кеңінен байқалып отыр.

Еңбекті нормалау саласындағы тиімді жұмысқа кедергі келтіретін маңызды мәселелердің біріне білікті мамандардың жетіспеушілігін жатқызуға болады. Тәуелсіздік жылдары елімізде жүргізілген жоғары білім реформасы кадрларды даярлауды тек бір ЖОО («Нархоз» университеті «Еңбекті ұйымдастыру және нормалау» мамандығы бойынша) ғана жүзеге асыратындығына алып келді. Алайда студенттердің оқытулы  заманауи талаптарды ескермей, ескірген бағдарламалар бойынша жүргізіледі.

Экономикалық дамудың қазіргі кезеңінде еңбекті нормалау институты қазақстандық зерттеушілер мен мамандарының қатаң анықталуын талап ететіндігіне ешқандай күмән жоқ. Шет елдік тәжірибенің зерттелуі аса ықпалды әдістердің болашақта жетілуі мен тәжірибеде қолданылуы үшін еңбек қызметінің тиімділігін заманауи өлшеу мен бағалау әдістерінің барлық артықшылықтары мен кемшіліктерін алдын ала ұсынуға мүмкіндік беретін мықты қолдау береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4. Экономика салаларында еңбекті нормалауды ұйымдастыру жөнінде ұсынымдар әзірлеу

 

4.1. Қазақстан Республикасында еңбек нормаларын әзірлеуде әдістемелік тәсілдерді жетілдірудің тұжырымдамалық аспектілері

 

 4.1.1. Мәселенің қазіргі заманғы жағдайы

 Еңбекті нормалау ұйымдастыру саласында жинақталған әлемдік тәжірибе компанияның қызметіне барлық қызмет жасайтын салаларында мұндай институттың қатысуының айқын  екендігін көрсетіп отыр.  Еңбекті нормалаудың негізінде жұмыстың еңбек сыйымдылығы және қызметкерге қажеттілігі, өндірістік бағдарламалардың көлемі және орындалу мерзімі анықталады, өндіріс шығыны бақыланады және бағаланады, еңбек ақысы белгіленеді. Еңбекті нормалау әрбір жұмыс орнында оның өнімділігі мен ұйымдастырылуын тығыз байланыстырады. Сонымен қатар, нормалаушылардың еңбек өнімділігін бірнеше есеге арттыруға мүмкіндік беретін қазіргі заманғы компьютерлік бағдарламалар, микроэлементтік нормалаудың автоматтандырылған жүйелері, нормативті деректер банкісі және т.б.  қолданылады. АҚШ, Канада, Германия және өзге елдердегі компанияларда нормалаудың негізгі тәсілі ретінде уақыттың түрлі типтегі микроэлементтік нормативтері және олардың нұсқалары, сонымен қатар, еңбектің (өсу) қарқындылығын бағалауда уақыт межелеу қолданылады.

Жоғарыда айтылғандай, шетелдік кәсіпорындарда сызықтық бағдарламалау, көп факторлы кемімелдік талдау, жұмыс уақытының шығынын зерттеудің статистикалық әдістерінің түрлері қолданылады. Өндіріске қызмет көрсету бойынша жекелеген жұмыстарда кезеңдік бақылау әдісі қолданылады.

Әрине, нарықтық қатынаста дамыған елдердің тәжірибесін толық көлемде қолдану Қазақстан Республикасында еңбекті нормалау саласындағы қызметті жетілдіруге көп ықпал ететіні сөзсіз. Сонымен қатар, еліміздің дамуының қазіргі кезеңінің ерекше артықшылықтарын ескере отырып, тәжірибені толық көлемде қолдану бірнеше объективті себептердің әсерінен қиындықтар тудыратынын болжауға болады.

Біріншіден, зерттелініп отырған салада білікті кәсіби мамандар дайындаудың толығымен жоқтығы таяу келешекте еңбек мөлшерлемесін есептеу үшін қолданыстағы нақты қызметте микроэлементтер нормативтердің қолданыстағы базасын іс жүзінде қолдануға мүмкіндік бермейді.

Екіншіден, ақпаратты технологиялардың қарқынды дамуына қарамастан, дамыған елдердегідей жаппай қолданысқа енген жұмыс уақытының шығынын өлшейтін тиісті компьютерлік бағдарламалар мен электронды құралдардың таяу уақытта қолданылуы екі талай.

 Үшіншіден, табысты және бәсекелестікке қабілетті бизнес құрудағы еңбекті нормалаудың ролін қазақстандық жұмыс берушілер мен мамандар тарапынан  жете бағаланбай отырғандығын басым сенімділікпен айтуға болады. Бұл, атап айтқанда, осы , салада ғылыми зерттеулердің жоқтығымен, сондай-ақ кәсіпорындардағы тиісті еңбек мөлшерлемесінің кеңінен қолданылмауымен айғақталады.

Ең соңында, төртіншіден, қазіргі жағдайда еңбекті нормалау институтының дамуындағы мемлекеттің орны мен ролін анықтау қажет. Жоғарыда аталғандай, индустриалды дамыған елдерде мемлекет еңбекті нормалауды ұйымдастыру міндетін толығымен нақты фирмалар мен корпорациялардың деңгейіне дейін толықтай ауыстырған.

 

4.1.2. Негізгі тұжырымдамалық тәсілдер

Жоғарыда баяндалған аспектілерді қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, еңбекті нормалауды ұйымдастыруды алдағы уақытта жетілдірудің  концептуалды әдістері айқындалды.

  1. Еңбекті нормалаудың ұйымдастыруда мемлекеттік реттеудің орны мен ролін анықтау. Жоғарыда атап өткендей, нарықтық экономика жағдайында мемлекет салааралық және салалық деңгейде еңбек шығыны мөлшерлемесін белгілеу, сонымен қатар, ұйымдардағы еңбек мөлшерлемесінің негізділігін белгілеу арқылы еңбек өлшемін қадағалауды жүзеге асырмайды. Сондықтан да, дамудың қазіргі кезеңінде Қазақстан Республикасында реттеудің нарықтық тетіктерінің дамығандығына бағалау жүргізуге толығымен негіз бар деп түсінуге болады. Осындай бағалаудың негізінде еңбекті нормалауды ұйымдастыруды заңды түрде реттеуге мемлекеттің қатысуы орынды және қажетті екендігі туралы тұжырымды түйіндеуге болады.
  2. Еңбек бойынша қолданыстағы әдістер мен нормативтік материалдарды  жетілдіру және жаңасын әзірлеу. Қазіргі уақытта, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің тиісті бұйрығымен кәсіпорындарда  еңбекті нормалауды ұйымдастыру мәселелерін реттейтін, бірнеше әдістемелік нұсқаулықтар бекітілген. Сонымен бірге, техникалық үдерістің дамуын тұтас алғанда, ақпараттық технологиялар мен роботты техникалардың, әсіресе, өткен кезеңдегі оларды қабылдаған сәттен жұмыскердің жекелеген еңбек қызметін және міндеттерінің мазмұны өзгерістерге әкелгендігіне күмән тудыруға болмайды. Нәтижесінде қолданыстағы әдістемелік материалдарға тиісті өзгерістер енгізудің, сонымен қатар зерттеу жүргізілген бағытта жаңа әдістемелік нұсқаулықтар дайындау қажет екендігі айқындалып отыр. Атап айтқанда, осы уақытқа дейін Қазақстан Республикасында басшылардың, мамандар мен техникалық орындаушылар санының нормативтерін белгілейтін әдістемелік тәсілдері әзірленбеген.
  3. Еңбекті нормалау саласында білікті кадрларды дайындау және қайта даярлау жүйесін мемлекеттік қолдау. Дамыған елдердің тәжірибесі көрсеткендей, нормалау бойынша ұйымдастырылған жұмыстың қазіргі кезеңдегі ерекшелігі, нормативтік-зерттеу жұмыстарына жоғарғы оқу орындарын бітірген, сонымен қатар, компанияларда қосымша арнайы оқытудан өткен жас мамандарды тарту негізінде  кешенді дайындау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру жолымен еңбекті нормалау бойынша мамандар еңбектерінің тиімділігін арттыру болып табылады. Сонымен бірге, осы маңызды бағыттармен қатар, ғылыми негізделген және экономикалық тұрғыдан анықталған еңбек мөлшерлемесі саласында жұмыс жасайтын мамандарды техникалық жағынан жабдықтау. Шетелдік тәжірибелер көрсеткендей мөлшерлеме бойынша бюджеттегі мамандардың кері тартпа жұмыс уақытының үлесі шамамен  40% құрайды. Олардың жұмыс орнын компьютерлендіру, сонымен қатар, қолданыстағы компьютерлік бағдарламаларды қолдану белгіленген еңбек шығындары бойынша жұмыс сыйымдылығын нормалау бойынша  50-60%  төмендетуге мүмкіндік береді. Мысалы, электронды секундомердің көмегімен күніне 2-3, ал микроЭВМ-ді қолданумен 6-8 дейін хронометраж жүргізуге болады. Сонымен қатар, индустриалды дамыған елдерде нормативті-зерттеу жұмыстарының барлық түрін жүргізу кезінде арнайы бағдарламалармен дербес компьютерлер қолданылатынын ескеру қажет.
  4. Еңбекті нормалау мен оның әртүрлілігінде талдамалы әдісті қолдануды кеңейту. Осы тұжырымдамалы бағыт жұмыс уақыты шығындарын зерттеудің анағұрлым негізделген тәсілдері мен жолдарын, заманауи техникалық құралдарды қолдану негізінде әр түрлі жұмысшылардың кәсіби-білікті топтары бойынша еңбек үдерістерін зерделеу және жобалауды қамтиды.
  5. Кәсіпорындарда микроэлементтер нормасын тәжірибеде қолдану мүмкіндіктерін зерттеу. Тәжірибе көрсеткендей, индустриалды дамыған елдерде микроэлементті мөлшерлемелеудің түрлендірулерін қолдану еңбек шығындарының нормаларын әлдеқайда дәл есептелуін қамтамасыз етеді және айтарлықтай экономикалық нәтиже береді.

Жоғарыда аталған тұжырымдамалы тәсілдер біздің көз қарасымыз бойынша, алдағы уақытта Қазақстан Республикасында еңбек мөлшерлемесін жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды мен нақты нұсқауларды әзірлеу үшін негіз болып танылады.

 

4.2. Қазақстан Республикасында еңбекті нормалауды жетілдірудегі негізгі бағыттары

  1. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің талаптарына сәйкес еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органына (қазіргі уақытта – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі) еңбекті нормалау саласында   келесі құзыреттерді қолдану белгіленген:
  • Жұмыс беруші еңбек мөлшерлемесін, еңбек жөніндегі типтік нормалар мен нормативтерді, бірегей және (немесе) салааралық типтік нормалар және қызметтің барлық салалары үшін еңбек бойынша нормативтерді әзірлеу тәртібін белгілеу, бекіту, ауыстыру және қайта қарау;
  • мемлекеттік реттеу қолданылатын (баға, алым мөлшерлемесі) [34, б.8] ұйымдарда қызметтер, (тауарлар, жұмыстар)  еңбек мөлшерлемесін ұсыну, қарастыру және келісу реттерін белгілеу.

Осы заң талаптарын дамытуда Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі заң аясында тиісті актілерді (Ережелер) әзірлеп, бекітті, онда еңбекті нормалау саласындағы мемлекет саясатының жоғарыда баяндалған тәсілдері нақты айқындалған. Сонымен қатар, өзге ТМД елдері-қатысушыларының еңбек заңдарына қарғанда (Армения мен Өзбекстанды қоспағанда), республикалық заңда зерттейтін сала бойынша мемлекеттік кепілдеме жоқ екендігін ескере кеткен орынды.

Осыған байланысты, нарықтық жағдайда елімізде қалыптасып отырған еңбекті нормалауды ұйымдастыруды заңды түрде реттеудегі тәжірибенің сәйкестігін анықтау қажеттілігі туындап отыр. Мәлім болғандай, дамыған елдерде бұл мәселелер бойынша мемлекеттік реттеу жүргізілмейді, ал, компаниялар мен корпорациялар нормалар мен нормативтерді әзірлеуде өз еркімен айналысады. Негізінде, мұндай тәсіл нарықтық жағдайдағы шаруашылық жүргізуге толығымен сәйкес келеді, жұмыс берушілерді объективті түрде өнім шығару шығындарын қысқарту  және оның бәсекелeстікке төтеп беруін арттыру мақсатында қажетті нормаларды әзірлеумен айналысуға мәжбүрлейді.  Одан басқа, тағы бір маңызды жағдайды ескеру керек. Негізінде, дамыған елдердегі еңбек қатынастарын реттеуді анықтайтын бөлінбес бөлігі оларды  ұжымдық-келісіммен реттеу болып танылады. Мұндай реттеулер басқарудың әр түрлі деңгейінде жұмыс берушілер (олардың өкілдері) және кәсіподақтар арасындағы әлеуметтік диалог шегінде келісімдер мен ұжымдық шарттар түріндегі кеңестер, келісім сөздер және біріккен шешім қабылдау жүргізуді білдіреді. Демек, осы елдерде еңбек нормалары  мәселелерін реттеуден мемлекетті іс жүзінде толығымен тыс қалдыру, көбінде әлеуметтік диалог жүйесінің дамығандығын және тиімділігімен түсінді, сондықтан шарттық қарым-қатынас іс жүзінде еңбекті нормалаумен байланысты барлық мәселелерді шешеді.

Тәжірибе көрсеткендей, Қазақстан Республикасындағы жағдай бір шама өзгешелеу. Әлеуметтік әріптестікте заңды қалыптасқан жүйе басым түрде формалды сипат алады. Жүргізілген талдаулар анықтағандай не бас, не салалық, оған қоса, өңірлік келісімдерде соңғы бір неше жылдар бойына, еңбек мөлшерлеме мәселесі іс жүзінде көрсетілмеген. Мұндай сұрақтардың, ұжымдық шартты әзірлеу және  жасау үрдісінде жұмыс беруші мен жұмысшы өкілінің арасындағы ұжымдық келіссөздердің тақырыбы болады деп болжауға болатын еді. Алайда, әріптестіктің бұл деңгейінде де еңбекті нормалау мәселесі іс жүзінде қозғалмады. Мұндай жағдайдың орын алуына қолданыстағы қазақстандық заңнаманың, ұжымдық шарт жасау мазмұны бөлігіндегі ерекшелігі ықпал етуі де мүмкін.

 

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 2015 жылғы (үзінді)

157-бап. Ұжымдық шарттың мазмұны мен құрылымы

1. Ұжымдық шарттың мазмұны мен құрылымын тараптар бас, салалық және өңірлік келісімдерге сәйкес айқындайды. 

 

Ұжымдық шартқа: 

 

1) еңбекті нормалау, еңбекке ақы төлеу жүйелері, жұмыскерлерге, оның ішінде ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарда істейтін жұмыскерлерге арналған тарифтік мөлшерлемелер мен айлықақылар, үстемеақылар мен қосымша ақылар мөлшерлері туралы;   …. (34, б. 40)

 

Редакцияның ұсынған кодекс талаптары әртүрлі түсіндірілуі мүмкін. Мысалы, ұжымдық шартта келесі келісімдер жазылуы мүмкін: «Ұйымдарда еңбекті нормалауға қатысты сұрақтар жұмыс берушімен бекітілген актілермен реттеледі». Бұл жағдайда, көрініп тұрғандай, бір тараптан, заңнамалық талаптар толығымен сақталған. Басқа тараптан, жұмысшылар белгіленген еңбек шығыны нормаларының негізділігіне қатысты жұмыс беруші әрекеті бөлігінде іс жүзінде барлық құқығынан айырылады.

Жоғарыда баяндалғандардың негізінде мынадай қортынды шығаруға болады, Қазақстанда еңбек қатынастарын ұжымдық-шартпен реттеу жүйесі қазіргі жағдайда нарықтық жағдайға сәйкес келмейді. Сондықтан да, дамудың қазіргі кезеңінде еңбек мөлшерлемесін ұйымдастыруды заңнамалық реттеуді толығымен алып тастау шарасын қолдану әлі ерте. Мұндай реттеулер бойынша нақты ұсыныстар есептің тиісті бөлімінде төменде ұсынылатын болады.

  1.  Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын жетілдіру еңбекті нормалау жүйесінің тиімділігін арттыруға байланысты бірқатар ұйымдастыру мәселелерінің қажеттілігін тудырады. Бірінші кезекте, бұл Ұлттық біліктілік жүйесі, кәсіптік стандарттардың салалық біліктілік шеңбері аясында қазіргі уақытта әзірленіп жатқан Жұмысшылар кәсiптерi мен қызметшiлер лауазымдарының атауларын мемлекетаралық сыныптауышқа қатысушы ТМД мемлекеттеріндегі 2017-2020 жылдарға арналған Жалпы еңбек нарығын қалыптастыру және жұмыс күшінің көшіп-қонуын реттеу бойынша басым іс-шаралар шеңберінде әзірленетін, Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығының, Басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығының қолданыстағы шығарылымдарының орта мерзімді перспективасын ауыстыру жағдайларындағы еңбекті нормалау рөлі мен орнын анықтауға қатысты.
  2. Еңбек қатынастарын реттеудің, соның ішінде еңбекті нормалау саласында қалыпты нарық механизмдеріне жақындауы жұмысшы өкілдерінің (кәсіптік одақтардың) бұл процестегі рөлінің артуының мақсаттылығын болжайды. Осыған байланысты жұмысшы өкілдерімен еңбек нормаларын келісу тәртібін енгізу орынды болып табылады. Сонымен бірге кәсіптік одақтарға еңбек ақы мәселелері бойынша жұмыс беруші актілерін  келісу құқығын беру проблеманың ықтимал шешімі болуы мүмкін.

4. Қазақстан Республикасында еңбекті нормалау саласындағы қолданыстағы әдістемелік нұсқаулықтар еңбек шығындары нормаларын есептеуде дәстүрлі қалыптасқан тәсілдерін көрсетеді. Іс жүзінде олардың барлығы қазіргі экономикалық дамудың ақиқатын көрсетеді және бұрынғыша маңызды болып отыр. Бұл, мысалы, барлық мамандықтар жұмысшыларының еңбек нормаларын есептеу тәртібіне,  хронометражды бақылау жүргізу тәртібі және т.с.с. Дегенмен де, атап айтқанда соңғы жылдары ақпараттық технологиялар саласындағы екпінді даму, оларға тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттілігін айқындап отыр. Осылай, соңғы жылдары компьютерлік технологиялар негізінде уақыт шығынын өлшеудің жаңа тәсілдері пайда болды. Атап айтқанда, көрсетілетін барлық қызметтер түрлері бойынша келушілерден құжаттарды қабылдауға кететін уақыт шығынын есепке алу жөніндегі компьютерлік бағдарлама «Халыққа арналған үкімет» АҚ халыққа қызмет көрсету орталықтарында қызмет көрсету кезінде. Осыған ұқсас бағдарламалар ұйымдарда қызметтің басқа салаларында да қолданылады.

Қазіргі уақытта, одан басқа, бейнебақылаулар кеңінен дамып отыр. Бұл жағдайда, осы бақылау түрін еңбекті нормалау мақсатында қалай  қолдану мәселесі туындап отыр.

Жоғарыда мазмұндалған аспектілерді ескере отырып, қолданыстағы жекелеген әдістемелік нұсқаулықтарға тиісті толықтырулар мен өзгерістер енгізу қажеттілігі туындауда.

Одан басқа, осы уақытқа дейін жұмыскерлердің жекелеген санаттары бойынша олардың еңбектерін нормалау бойынша тиімді нұсқаулықтар дайындалмаған деп айтуға негіз бар. Бұл жағдайда, көмекші персонал жұмыскерлер туралы сөз болып отыр.

Дамушы елдер тәжірибесінен көргендей, соңғы жылдары негізгі, сондай-ақ, көмекші жұмысшыларға мерзімді еңбек ақы төлемі жүйесіне ауыстыру үрдісі байқалып отыр. Көбінде мұндай жағдайлар, жұмыс ырғағы белгіленген, аппаратты және өзге де жаңа үдерістерде, ағынды және конвейерлі желілерде кеңінен қолданылады, онда негізгі талаптар шығарылатын өнімнің көлемін арттыруды көздемейді, оның нарықтағы сапасы мен бәсекелестікке төтеп беруін қарастырады.  Мұндай жағдайларда, осындай жұмысшылардың еңбектерін нормалау мөлшерленген тапсырмалар негізінде мүмкін болады, жұмысшы-мерзімшіге берілген жұмыс көлемінің орындалуын (бірақ артық орындалуы емес) қарастыратын. Одан басқа, міндетіне бір типті, қайталанатын жұмыстарды орындау жататын, қызметшілердің жекелеген санатына тапсырманы нормалауды қолдануға болады. Жұмысшыларға мөлшерленген тапсырманы белгілеу бойынша әдістемелік нұсқаулықтар жобасы осы есептің тиісті бөлімінде ұсынылған.

Ұйымның барлық экономикалық қызмет саласындағы персоналының  әр түрлі санаттағы жұмысшылардың еңбек мөлшерлемесі бойынша жұмыстарды жүргізу  қызметшілердің санының (басшы, мамандар мен техникалық орындаушылар) нормасын белгілеуде әдістемелік тәсілдер әзірлеу қажеттілігін алға тартып отыр.  Олардың жұмысты орындау ерекшеліктеріне қарай, жұмыс уақыты шығынына зерттеу жүргізу және осы негізде осы санаттағы жұмысшылардың еңбек мөлшерлемесін есептеу белгілі бір қиындықтармен түйіседі.

Қызметшінің жұмыс орны – бұл лауазымдық міндеттерін орындау үшін бір жұмыскерге немесе жұмыскерлер тобына бекітілген, қажетті құралдармен жабдықталған кеңістік аймағы. Нақты міндетін және өзара байланысты тапсырмаларды орындау үшін  .Жұмыс орнының ұйымдастырылуы нақты міндеттерді орындау және өзара байланысты тапсырмаларды шешу жөніндегі жұмыстардың жиынтығына сәйкес келуі керек.

Қызметшінің еңбек жұмыс орнын тиімді ұйымдастыру үдерісті шұғыл басқаруға, қажетті ақпаратты уақытылы алуға, басқарылатын еңбектің барлық түрін минималды уақыт шығынымен орындауға, тиісті құрылымдармен тұрақты байланыста болуға мүмкіндік береді. Барлық санаттағы қызметшілердің қызметінің тиімділігінің деңгейі еңбекті дұрыс ұйымдастырудан тәуелді болады.

Жоғарыда мазмұндалғандардың негізінде қызметші орындайтын еңбек үдерістерін зерделеуді, келесілердің негізінде жүзеге асыруға болады деген болжам бар:

- ұйымның тиісті құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді және орындаушылардың лауазымдық нұсқаулықтарын талдау;

- тиісті құрылымдық бөлімше және нақты орындаушылар атқаруы тиіс нақты міндеттер түрлерін анықтау.

Бүгінгі күні қызметшілердің еңбегін нормалаудың бірнеше әдістері әзірленген, олардың жиынтығына жататындар:

- нормативтар бойынша уақыт мөлшерлемесін есептеудің техникалық әдісі;

- микроэлементті мөлшерлеме;

- эталонды жұмыстардағы типтік нормалар бойынша салыстыру және есептеу әдістері;

- бақылай отырып жұмыс уақыты шығынын зерделеу негізінде мөлшерлемесін есептеу әдісі;

- факторлы (корреляционды-регрессионды);

- экономикалық-математикалық әдістер (модельдеу әдісі).

Ұсынылған әдістердің әр қайсысы өзіндік басымдылығы мен кемшілігі бар  (микроэлементті нормалауды қоспағанда, оған төмен еңбек сиымдылығы, жоғарғы дәлділік, сонымен қатар, ілгерішілдік және нормалардың жылдам өзгеретін жағдайларға бейімделу қабілеттілі). Жоғарғы дәлділік және нормалардың ілгерішілдігі нормативтар бойынша техникалық есептеулер әдісін қолданғанға тән. Алайда, оның кемшілігіне жоғарғы еңбек сыйымдылығын жатқызу қажет. Экономикалық-математикалық әдістер  (немесе модельдеу әдістері) нақты бір дәлдікті қамтамасыз етеді, дегенмен де бақылау негізінде алдын ала ақпарат жинау бойынша күрделі жұмыс жүргізуді талап етеді. Төмен еңбек сыйымдылығына ие корреляционды-регрессионды талдауға негізделген факторлы әдіс , сонымен қатар, алынған еңбек нормативтерінің қажетті дәлдігін қамтамасыз етпейді. Эталонды жұмыстардағы уақыттың типтік нормалары бойынша белгіленген салыстыру және есептеу әдістерінің нормасы төмен еңбек сыйымдылығына ие және белгілі бір дәлдікті қамтамасыз етеді, дегенмен де, сонымен қатар өндіріс өзгеруі жағдайында жылдам ескіреді. Ең соңында, бақылау арқылы жұмыс уақыты шығынын зерделеу негізінде нормаларды есептеу тәсілі әжептәуір нақты және ол ұйымдастыру-техникалық жағдайларының барлық өзгерістерін ескереді. Оның кемшілігі жоғарғы еңбек сыйымдылығы және зерттеу жүргізу уақытының ұзақтығы болып табылады [37, б. 134-135].

Қызметшілердің еңбегін нормалау әдісінің салыстырмалы сипаттамасы олардың арасындағы әлде қайда келешегі бары микроэлементті нормативтер бойынша нормалар есептеуі деп танылатындығына негіз бар деп ұйғаруға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, бүгінгі күннің ақиқатын ескере отырып, осы әдісті таяу уақытта Қазақстанда қолдану едәуір қиындық туғызады. Бұның объективті себептері төменде ұсынылды. Типтік нормативтердің жоқ болуынан эталонды жұмыстарда уақытты типтік нормалар бойынша салыстыру және есептеу нормативтері бойынша техникалық есептеулерді қолданылатындығы күмән келтіреді. Факторлы әдіс және модельдеу әдістері алынған еңбек нормативтерінің дәлдігін қамтамасыз етпейді. Сондықтан да, қазіргі жағдайда олардың бар кемшіліктерімен норма есептеудегі қолданылатын нұсқасы, тікелей бақылау арқылы жұмыс уақыты шығынын зерделеу негізінде норманы есептеу әдісі болып табылады. Оның маңызды басымдылығы  оны тәжірибеде қолданылған әдістері және нәтижелерінің қажетті дәлдікке жетуі танылады. Сондықтан да, жақын уақытта, осы әдіс қызметшілердің еңбек нормаларын есептеуде түпкісі болып қалатындығына негіздер бар.

Осы әдістің алуан түрлілігі қызметшілердің сандық нормасын есептеу әдісі болып танылады, олардың қызметінің ерекшелігіне қарай, қызмет матрицасы құрылымына негізделген. Ол басқару қызметшілерімен қатар, өндіріс қызметкерлері үшін де еңбек шығыны нормаларын белгілеуге қолданылады.

Қызмет матрицасы құрылымы әдісі бірнеше кезеңдерден тұрады, олардың жинақты түріндегі мәні келесілерден құрылады:

- бастапқы ақпараттарды жинау;

- жұмыс уақытының шығынын зерттеуді дайындау және өткізу;

- қызмет матрицасы құрылымы, талдау және нормативтік санын анықтау;

- еңбек бойынша нормативті материалдарды рәсімдеу;

- тексеру, түзету және енгізу.

Осы әдістемелік сілтемелердің негізінде осы жұмыста ұйымның қызметшілер санының нормасын белгілеу жөніндегі әдістемелік нұсқаулықтар дайындалды.

3. Еңбекті нормалауды жетілдірудегі маңызды мағына еңбектің сарапталған әдісін қолданатын салаларын жан-жақты кеңейтуге және оның түрлеріне мән берілуі тиіс. Әсіресе, сараптамалық әдісі, еңбек үдерісін жан-жақты зерделеуге негізделген және жұмыс уақыты шығынын зерттеуде әр түрлі құралдар қолданылған немесе тиісті салааралық және еңбек бойынша салалық нормативтерді, жан-жақты негізделген еңбек нормасын әзірлеуге мүмкіндік береді. Заманауи техникалық  құралдарды үйлесімдікте қолдану, осы әдістің түрлерін қолдану елеулі экономикалық әсер алуға мүмкіндік береді.

4. Нормалаудың әлдеқайда келешегі бар әдістерінің қатарына жатқызылатын талдамалы әдісі және ортамерзімді келешекте кеңінен таралуы мүмкін микроэлементтік нормаларды қолдану әдісін жатқызуға болады. Микроэлементтік нормалау үдерісін келесі негізгі кезеңдерінің жиынтығы түрінде ұсынуға болады:

- технологиялық үдерісін бақылау;

- микроэлементтер операцияларына техникалық үдерістерді бөлу;

- қозғалыстың тиімді тізбектілігін жобалау;

- уақыт нормасын есептеу.

Микроэлементті нормалаудың басымдылығына, жоғарыда мазмұндалғандардан басқа, уақыт нормасын есептеу кезінде жұмысшы атқарған, еңбек амалдары, тиімді қозғалыстың тізбектілігі және құрамы жағдайын жатқызуға болады. Осылармен қатар, микроэлементті нормативтер барлық жүйелеріне тән, норма есептеулерінің өте күрделілігі болып табылады. Республикада жоғарғы кәсіби білімі бар инженер-нормативтеушілерді іс-жүзінде кәсіби дайындықтан өткізудің жоқ болуынан, микроэлементті нормалауды дамыту бағытында елеулі шектеулер қиындығы туындайды.

Осыған байланысты, еңбекті нормалау саласында білікті кадрларды дайындау жүйесінде мемлекеттік қолдау. Жоғарғы және орта кәсіби білім беру жүйесінде еңбекті нормалау бойынша инженер-нормалаушылар мен техниктерді дайындауды қалпына келтіру қажеттігі мәлім болып отыр. Білім беруде мұндай трансформациялаудың қажеттілігі туралы бір көлденең факт куәландырады. Ресей  Федерациясында, мысалы,  1000 жұмысшыға орташа алғанда бір нормалаушы келеді, ал индустриалды дамыған елдерде – сегіз [38, б. 54]. Қазақстан Республикасы бойынша мұндай деректер жоқ, дегенмен де, Ресейде осындай мамандарды дайындау жалғасқандығы фактісін ескерсек, бұл салада әлі де болса жағдайдың төмен екендігін болжауға болады.

Осы бір маңызды бағытпен қоса, еңбек нормалау саласында жұмыс атқаратын техникалық мамандардың артығымен қамтылғандығы ғылыми негізделген және экономикалық тұрғыдан мақұлданған. Шетелдік тәжірибе көрсеткендей, бюджеттегі мамандардың жұмыс уақытын нормалау бойынша  керітартпа жұмыс  үлесі  шамамен 40% құрайды. Олардың жұмыс орнын компьютерлеу, сонымен қатар, қолданыстағы компьютерлік бағдарламаларды қолдану белгіленген еңбек шығындары бойынша жұмыс сыйымдылығын нормалау бойынша  50-60%-ға  төмендетуге мүмкіндік береді. Мысалы, электронды секундомердің көмегімен күніне 2-3, ал микроЭВМ-ді қолданумен 6-8-ге дейін хронометраж жүргізуге болады. Сонымен қатар, индустриалды дамыған елдерде нормативті-зерттеу жұмыстарының бар түрін жүргізу кезінде арнайы бағдарламалармен дербес компьютерлер қолданылатынын ескеру қажет.

5.  Қазақстанда еңбекті нормалау институтын қалыптастыру, тура айтқанда, жаңарту, көбінде , еңбекті нормалау саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын ғылыми-әдістемелермен қамтамасыз ететін ұйымдастыру құрылымдарының құрылуына байланысты. Тәжірибе көрсеткендей, Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы, Әзербайжан Республикасы, Өзбекстан Республикасында мемлекеттік ғылыми-зерттеу институттары немесе орталықтары бар,  онда экономиканың даму талаптарын ескере отырып, еңбекті нормалау ғылыми-әдістемелік негіздері әзірленеді және еңбекті нормалауға арналған салааралық нормативтері жетілдіріледі.  2015 жылдан Беларусь Республикасы еңбек ҒЗИ-на нормалау саласында әдістемелік және ұйымдастыру-техникалық қамтамасыз ету бойынша ТМД қатысушы-елдерде базалық ұйымдастырушы мәртебесі берілді. Мұнда мемлекеттік басқару органдары жанынан (салалық министрліктер) тиісті ғылыми – және нормативті-зерттеу мекемелері ашылған, олар салалық нормативті материалдарды әзірлеу бойынша әдістемелер мен ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. Нәтижесінде осы елде еңбекпен нормалау қамтудың орташа деңгейі 72,4% құрады. Сонымен бірге, жұмысшылардың негізгі топтарын нормалаумен қамту:

  • кесімді -жұмысшыларда – 100%;
  • мерзімді жұмысшыларда  – 67,5%;
  • қызметшілерде – 52,6% құрады. [39, б. 182].

Ұқсас қызметтерді ТМД елдері-қатысушыларының жоғарыда аталған ғылыми мекемелері жүргізеді.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасында қазіргі уақытта осындай қызметті жүзеге асыратын бірде бір мемлекеттік ғылыми-зерттеу ұйымы жоқ. Көріп отырғандай, мұндай ұйымды құру қажеттілігінің уақыты жетті.

Қазақстан Республикасында еңбекті нормалаудың мемлекеттік нормаларының рөлін сақтау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Республикалық еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ департаменті немесе Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институтымен еңбекті нормалау саласында мамандандырылатын бөлімшелерді (еңбек жөніндегі зертхана) құрудың мақсаттылығын көрсетеді. Мұндай бөлімшелердің келесі міндеттерді қосу ұсынылады:

- кәсіптік стандарттарды әзірлеу және қайта қарау;

- тарифтік-біліктілік анықтамалықтарын (қажет болғанда) және жұмысшылар кәсіптері мен қызметшілер лауазымдарына сәйкес келетін тарифтік-біліктілік сипаттамаларды әзірлеу және қайта қарау;

- салааралық нормалар мен еңбек нормаларын әзірлеу және қайта қарау (сонымен бірге еңбек жөніндегі салааралық үлгілік нормаларды әзірлеу және бекіту құқығын «Атамекен» ҰКП және жұмыс берушілердің салалық ассоциацияларына беру);

-  еңбекті нормалау саласындағы жұмыстарды үйлестіру;

- нормалар есептеу мен нормативтердің жеке аспектілері бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірлеу негізінде жұмыстарды әдістемелік қамтамасыз ету және басқалар.

 

4.3. Экономика саласында еңбекті нормалауды ұйымдастыру бойынша ұсынымдарды әзірлеу (жоба)

 

Түсіндірме жазба

 

2016 жылдың басында қолданысқа енгізілген Қазақстан Республикасың Еңбек кодексінде еңбекті нормалау мәселесін заңнамалық регламенттеуге анық назар салынып отыр. Осы заңнамалық актімен ұйымдарда еңбек нормаларын әзірлеуге қойылатын талаптар, еңбек жөніндегі салааралық және салалық үлгілік нормативтер, нормалау қағидаттары, сондай-ақ жұмысшыларға жаңа нормалардың енгізілуі туралы хабарлау мерзімдері белгіленген. Бұл талаптарды дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі еңбек нормалары мен еңбек жөніндегі нормативтерді әзірлеу, бекіту, алмастыру және қайта қарау тәртібі туралы ережені бекіткен болатын. Бұған қоса, нарықта монополиялық орын алатын ұйымдармен әзірленген еңбек нормаларын мемлекеттік реттеу сақталып қалды. Бұл ұйымдар әзірленген еңбек нормаларын еңбек жөніндегі мемлекеттік уәкілетті органмен келістіруі қажет. 

Соңғы жылдары Қазақстан Республикасында экономикалық қызметтің барлық салаларындағы ұйымдары еңбек жөніндегі нормалар мен нормативтерді есептеу үшін әдістемелік базаға айналған бірқатар ұсынымдарды әзірлеп, бекіткен болатын. Соның ішінде оларға жататындар:

- Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрінің 2008 жылғы 28 желтоқсандағы № 310-п бұйрығымен бекітілген «Жұмысшылардың еңбегін нормалауға арналған нормалар мен нормативтер белгілеу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар»;

- Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 402-п бұйрығымен бекітілген «Еңбекті нормалауды ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар»;

- Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрінің 2010 жылғы 19 қазанындағы № 344/1-ө-м бұйрығымен бекітілген «Ұйымдарда хронометражды жұмыстарды жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдар»;

- Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрінің 2010 жылғы 15 қарашасындағы № 375/1-ө-м бұйрығымен бекітілген «Ұйымдарды басқару аппараты қызметкерлерінің үлгілік құрылымын және штаттық нормативтерін әзірлеу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар» [33].

Бұл ұсынымдарда еңбек нормаларына есептеу жұмыстарын даярлау және жүргізу кезеңдері, еңбекті нормалау әдістері, жұмыс уақыты шығынын зерттеу құралдары, оларды тәжірибеде қолдану салалары мен тәртібі және басқа да аспектілер жеткілікті деңгейде егжей-тегжейлі түсіндірілген. Ұсынымдардың мазмұны негізінде еңбекті нормалаудың ұйымдастырушылық мәселелерге, еңбек жөніндегі нормативті материалдар мен еңбек нормаларын әзірлеуге және оларды тәжірибеде қолдануға қатысты барлық мәселелер аясын қамтыды. 

Сондай-ақ, қарастырылып отырған ұсынымдардың 2008-ден 2010 жылдар аралығында әзірленіп, бекітілгенін ерекше атап өтуге болады. Бұл оларда зерттеліп отырған саланың еңбек заңнамасына енгізілген негізді өзгерістердің орын алмағанына себеп болып отыр. Сонымен қатар, ғылым мен техниканың соңғы жылдары екпінді дамуына байланысты оларда жұмысшылардың еңбек қызметінің өзгертілген сипаты, еңбек шығынын зерттеудің заманауи құралдары мен басқа да жаңалықтар нақты көрініс таппаған. Бұған қоса, қарастырылып отырған ұсынымдарда мөлшерленген тапсырмаларын есептеу тәртібі мен қызметкерлер (басшылар, мамандар мен техникалық орындаушылар) санының нормасы сияқты маңызды бағыттар қарастырылмаған. Алайда, ағымдағы ұсынымдарды түзету қажеттілігі көп жылдық халықаралық және отандық тәжірибелерді ескеріп жасалған және барлық бекітілген талаптарға жауап беретін, дәстүрлі қалыптасқан жұмыс уақытын өлшеу құралдарына (хронометраж, фотохронометраж, жұмыс күнінің суреті, жұмыс күнін өздігінен түсіру, сәттік бақылаулар) қолданылатын әдістемелік тәсілге жатпайды.

Осы ұсынымдардың негізіне Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрінің 2009 жылғы 31 желтоқсанындағы № 402-п бұйрығымен бекітілген «Еңбекті нормалауды ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар» алынды. Елеулі жоспарда олардың көптеген ережелері қазіргі уақытта да өзекті болып қала бермек. Сондықтан оларға еңбек заңнамасының еңбекті нормалауды реттеу мен зерттеліп отырған бағыттың отандық тәжірибесіне қатысты орын алған өзгерістер сипатталған сәйкесінше толықтырулар енгізілген.

 

PS.  Қолданыстағы әдістемелік ұсынымдарға толықтырулар қалың қаріппен берілген.

 

Жоба

 

Экономика саласында еңбекті нормалауды ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар

 

Осы әдістемелік ұсынымдар Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, Қазақстан Республикасының басқа да нормативті-құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді және экономиканың қазіргі даму кезеңінде еңбекті нормалауды ұйымдастырудың негізгі қағидаттарын анықтайды.

Әдістемелік ұсынымдар әртүрлі ұйымдық-құқықтық нысандағы ұйымдарда еңбекті нормалаудың ұйымдастырылуын дамытуды нормативтік-әдістемелік және ақпараттық қамсыздандыру мақсатында әзірленді.

 

Жалпы ережелер

 

Қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының қажетті шартына экономиканың әлеуметтік бағытын күшейту, адамның барлық қызмет саласындағы, бірінші кезекте – еңбек саласындағы мүдделері мен қажеттіліктерін барынша толық есепке алу кезінде экономиканың тиімділігін арттыру жатады. 

Жан жақты негізделген еңбек нормалары еңбектің мөлшерден тыс қарқындатылуын тоқтатуға бағытталған және соның негізінде олардың барлық еңбек қызметі аралығында қалыпты жұмысқа қабілеттілігін сақтап қалуға жағдай жасайтын жұмысшыларды әлеуметтік қорғаудың ықпалды құралы болып табылады.

Еңбекті нормалауды жақсарту еңбек шығындарын қысқартуға мүмкіндік береді және нарықтық жағдайда өнімнің (жұмыстың. қызметтің) бәсекеге қабілеттілігіне айтарлықтай ықпал жасай отырып, маңызды ресурс түрлері бойынша өнімдердің (жұмыс, қызмет) бірліктеріне – негізгі қорларға, жанармай, энергия тасымалдауыштарға шығындардың азаюын қамтамасыз етеді. 

Жаңа экономикалық талаптарда еңбекті нормалауға қойылатын төмендегімен сипатталған талаптары үдейе түсуде:

оңтайлы қарқындылық пен қалыпты еңбек жағдайында орындалатын жұмыстардың барлық түрлері мен қызметтері кезінде еңбек шығындарын өлшеуге және бағалауға жағдай жасайтын еңбекті нормалау салаларын кеңейту;

белгіленетін еңбек нормаларының сапасын арттыру, оларды қажетті шығындарға барынша жақындату;

еңбек нормаларын ұйымдық-техникалық, экономикалық, психофизиологиялық және әлеуметтік факторлары ретінде мейлінше толық есептеу негізінде ғылыми негіздеу;

еңбекақы көлемін еңбектің нәтижесімен тығыз байланысын қамтамасыз ету және жұмысшылардың еңбек өнімділігін арттыруға материалдық тәуелділігін күшейту.

Көрсетілген талаптардың жүзеге асырылуы барлық деңгейдегі басқару органдары қызметін еңбекті нормалау кезінде бірыңғай әдістемелік қағидаттарды қамтамасыз етуде, сондай-ақ еңбекті нормалау үшін әзірленетін салааралық және салалық нормативтік материалдарға қатысты шешімдер қабылдауда күшейту қажеттілігін тудырады. 

 

1. Еңбекті нормалауды ұйымдастырудың әдістемелік негіздері

1.1. Еңбекті нормалау өз алдына жұмыстарды орындауға кететін қажетті еңбек (уақыт) шығынын анықтауға қатысты өндірісті басқару функциясының құрамдас бөлігі болып табылады және адамның барлық еңбек қызметі аралығында оның қалыпты жұмысқа қабілеттілігін сақтап қалуға жағдай жасайтын мөлшерден тыс психофизикалық жүктемелерді қысқарту мақсатында жұмысшының біліктілік дәрежесі мен еңбек (уақыт) шығынын реттемелеу, бағалау үшін негіз болып саналады.

1.2. Еңбекті нормалау жұмысшылардың талап етілетін саны мен жұмыс орындарының санын, жұмысшылардың еңбек өнімділігінде қол жеткізілген деңгейін бағалануын, еңбекақы көлемінің орындалатын жұмыстар немесе функциялардың саны мен сапасына қарай барабарлығын қамтамасыз етілуін негізді анықтайтын құрал болып табылады.

1.3. Еңбек нормалары шығарылатын өнімнің өзіндік құнын анықтау кезінде маңызды көрсеткіштер болып табылатын оңтайлы технологиялық және еңбек үрдісін таңдау мақсатында жұмысшылардың саны мен өндірістік жабдықтар санын анықтайтын құралы ретінде қызмет етеді.

1.4. Еңбек нормалары еңбек шығындарының өлшемі болып табылады және жұмыс беруші мен жұмысшылар үшін қол жеткізіліген техника, технология, еңбек өндірісін ұйымдастыру деңгейіне сәйкес орнатылады, яғни бұл – белгілі бір ұйымдық-техникалық жағдайларда жеке жұмыстарды, операцияларды немесе қызметтерді сәйкесінше кәсібі, мамандығы және біліктілігі бар бір жұмысшының немесе жұмысшылар тобының орындауына қойылатын бекітілген тапсырма.

Заманауи менеджмент элементі ретіндегі еңбек шығындарының жан жақты негізделген нормасы өндірісті оңтайлы ұйымдастыруға, жұмысшының жеке еңбек үлесіне және сәйкесінше оның жалақысына әділ баға беруге жағдай жасайды.

1.5. Нарықтық жағдайда кәсіпорындарда еңбекті нормалауды ұйымдастыру мен жетілдіру жұмыстарын жұмыс беруші жүргізеді. Еңбек нормаларын әзірлеу кезінде төмендегілер қамтамасыз етілуі тиіс:

1) еңбек нормасының сапасы, оларды қажетті еңбек шығындарына оңтайлы жуықтау;

2) ұқсас ұйымдық-техникалық жағдайларда орындалатын бірдей жұмыстарға бір норманы бекіту;

3) еңбек нормасының ғылым мен техниканың негізінде алға басуы;

4) еңбекті нормалаумен еңбек нормасының белгіленуін мақсатты қажет қылатын жұмыс түрлерін қамту;

5) еңбек нормасын техникалық (ғылыми) негіздеу.

Бұл қағидаттардың еңбекті нормалауда жүзеге асырылуы жұмыс берушіге өнімді өндіру кезінде жиынтықты шығындарға (ұсталымына) объективті баға беруге мүмкіндік береді.

1.6. Еңбекті нормалауға қойылатын талаптар:

барлық қызмет түрлері мен орындалатын әртүрлі жұмыстар кезінде еңбек шығынын өлшеуге және бағалауға мүмкіндік беретін еңбекті нормалау саласын барынша кеңейту;

ұйымдық-техникалық, экономикалық, психологиялық және әлеуметтік факторларды толықтай ескеру негізінде еңбек нормаларын жан жақты (ғылыми) негіздеу;

жұмысшының үйлесімді дамуына жағдай жасайтын, оның шығармашылық, өндірістік жән материалдық қажеттіліктерін қалыпты еңбек қарқындылығында барынша қанағаттандыратын еңбек нормаларын ізгілендіру.

 

2. Еңбекті нормалауға арналған нормалар мен нормативті материалдар жүйесі

2.1. Еңбекті нормалау жұмыстың (өнім бірліктерін шығару) жеке жұмысшылармен орындалуына қажетті еңбек (уақыт) шығындарын анықтаудан және осы негізде еңбек нормасын белгілеуден тұрады.

Өндірістің нақты талабында еңбек пен демалыстың ғылыми негізделген тәртібін ұстанған жағдайда еңбек және материалды қорлардың тиімді пайдаланылуына сәйкес келетін шығындар қажетті болып саналады.

2.2. Жұмысшылардың еңбегін нормалау кезінде мына еңбек нормалары қолданылады: уақыт нормасы, өндіру нормасы, қызмет көрсету нормасы, сандық норма (нормативі), нормаланған тапсырмалар, жабдықтардың жұмыс режимдерінің, жеке жұмыс элементтерін (кешендерін) орындауға кететін еңбек (уақыт) шығындарының, жабдықтар бірліктерінің, жұмыс орнында, бригаданың, құрылымдық бөлімшелердің және т.б. қызмет көрсетілуінің, сондай-ақ нақты ұйымдық-техникалық талаптар мен өндіріс факторларына байланысты өндірістік, басқарушылық қызметті атқаруға немесе өлшем бірлік ретінде қабылданған жұмыс көлеміне қажетті жұмысшылар санының реттелінген мәндері болып табылатын бірыңғай (салааралық) және салалық үлгілік еңбек нормалары.

Уақыт нормасы – уақыт бірлігін белгілі бір ұйымдық-техникалық талаптарда сәйкесінше біліктіліктегі жұмысшы немесе жұмысшылар тобы (бригада) орындауы үшін орнатылған жұмыс уақытының шығын өлшемі.

Өндіру нормасы – сәйкесінше біліктіліктегі жұмысшы немесе жұмысшылар тобы (соның ішінде, бригада) белгілі бір ұйымдық-техникалық талаптарда жұмыс уақытының бірлігінде орындауға міндетті (шығару, көшіру және т.б.) бекітілген жұмыс көлемі (өнім бірлігінің саны).

Сандық норма – бұл белгілі бір ұйымдық-техникалық талаптарда нақты өндірістік, басқарушылық қызмет немесе жұмыс көлемін орындау үшін қажетті белгілі бір кәсіби – білікті құрамдағы жұмысшылардың бекітілген саны.

Қызмет көрсету нормасы – бұл белгілі бір ұйымдық-техникалық талаптарда сәйкесінше біліктіліктегі жұмысшының немесе жұмысшылар тобының (соның ішінде, мысалы, бригада) жұмыс уақытының бірлігі ішінде қызмет көрсетуге тиісті өндірістік нысандар (жабдықтар бірлігі, жұмыс орындары және т.б.) саны.

Басқарушылық нормасы — басшының тікелей бағынышында болатын және басшы тікелей басқаратын адамдар саны.

Мерзімдік төленетін жұмысшылардың еңбек тиімділігін арттыру мақсатында оларға жоғарыда келтірілген еңбек нормаларының түрлерін негізінде есептелген нормаланған тапсырмалар белгіленуі мүмкін.

Нормаланған тапсырма – бұл жұмысшының немесе жұмысшылар тобының мерзімдік төленетін жұмыстарда жұмыс ауысымы немесе басқа да жұмыс уақыты бірлігі ішінде орындайтын белгіленген жұмыс көлемі.

Бірыңғай (салааралық) үлгілік еңбек нормалары бір немесе бірнеше экономикалық қызмет түрлері үшін ұқсас өндірістік талаптарда бірдей технологиямен орындалатын жұмыстарға арналып әзірленеді және жұмыс берушілермен сәйкесінше жұмыс түрлерінде жұмысшылардың еңбегін нормалау кезіндегі өлшем ретінде қолданылады.

Бірыңғай (салааралық) нормаларды бекіту кезінде оның қолданысқа енгізілу мерзімі жұмыс берушінің көрсетілген уақыт аралығында өндіріс пен еңбектің нақты талаптарын бірыңғай нормалардағы талаптармен сәйкес келтіретіндей етіп бекітіледі. 

Салалық үлгілік еңбек нормалары оңтайлы ұйымдық-техникалық талаптарды (аталған өндіріс үшін) ескере отырып, бұндай жұмыс түрлері бар әрекет етуші көптеген немесе ішінара ұйымдарда үлгілік технологиялар бойынша орындалатын жұмыстарға әзірленеді. Үлгілік нормалар экономикалық қызметтің бір саласындағы ұйым үшін эталон ретінде ұсынылады.

2.3. Еңбек нормалары жеке операцияларға (операциялық норма) және өзара байланысқан операциялар тобына, аяқталған жұмыстар кешеніне (іріленген кешендік норма) белгіленеді. Нормалардың жіктелу дәрежесі өндіріс түрімен, өндіріс көлемімен, шығарылатын өнімнің ерекшелігімен, өндіріс пен еңбекті ұйымдастыру нысандарымен анықталады.

Іріленген, кешендік нормалар өнім (жұмыс, қызмет) бірліктеріне, әдетте, аяқталған бұйымға, түйіндерге, бригадалық-кешенге, техникалық негізделген қайта бөлуге, ауыл шаруашылық жұмыстарының көлеміне, құрылыс кезеңі немесе нысанына белгіленеді.

2.4. Қолдану саласы бойынша еңбекті нормалауға арналған нормативтік материалдар бірыңғай (салааралық)  және салалық болып бөлінеді.

Бірыңғай (салааралық) үлгілік нормалар мен нормативтерді қызметкерлер өкілдерінің келісімі бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы әзірлейді және бекітеді.        

Салалық үлгілік нормалар мен нормативтер тиісті салааралық нормалар мен нормативтер болмаған жағдайда жұмыс берушілердің салалық қауымдастығымен әзірленеді және бекітіледі.

Бірыңғай (салааралық) және салалық үлгілік материалдарды әзірлеу кезінде ғылыми-зерттеу және жобалық институттарды, сондай-ақ салааралық сипаттағы жұмыстарға еңбек жөніндегі нормативтерді әзірлеумен айналысатын басқа ұйымдар тартылуы мүмкін.

Жұмыстардың жеке түрлеріне арналған еңбек нормалары олар болмаған жағдайда, сондай-ақ еңбекті нормалауға арналған қолданыстағы салааралық және салалық нормативтік материалдарды әзірлеу кезінде ескерілгендермен салыстырғанда аса үдемелі ұйымдық-техникалық талаптағы ұйымды құру кезінде жұмыс берушімен әзірленеді.

2.5. Жұмыстың тұрақты ұйымдық-техникалық шарттары бойынша орнатылған нормаларымен бірге уақытша және бір жолғы нормалар қолданылады.

Уақытша нормалар еңбекті нормалау үшін бекітілген нормативтік материалдар болмаған жағдайда қандай да бір жұмыстарды игеру кезеңінде 3 айдан асырмай белгіленеді.

Бір жолғы нормаларды жұмыс беруші жеке сипатқа ие (жоспардан тыс, апаттық)  жекелеген жұмыстарға белгілейді.

2.6. Қызметкерлердің еңбегі (ғылыми) негізделген нормалардың техникалық тұрғысынан нормалануы қажет.

Техникалық (ғылыми) негізделген мағынасында қандай да бір техниканы немесе технологияны қолдану арқылы жұмыстың орындалуына алып келетін еңбек шығындары шамасының кешендік негіздемесі негізінде аналитикалық әдіспен орнатылатын нормалар түсіндіріледі. Техникалық (ғылыми) негізделген нормалар жабдық жұмысының прогрессивті режимдерін, еңбектің ұтымды тәсілдері мен әдістерін, жұмыс орындарын ұйымдастыру мен қызмет көрсетуін, қызметкерлерді оңтайлы жұмыспен қамтуын және жұмыс орындарының мүмкіндіктерін барынша пайдалануын, өнімнің жоғары сапасын, қызметкерлердің денсаулығы мен жұмысқа қабілеттілігін сақтауын, олардың еңбек процесінде үйлесімді дамуын қамтамасыз етуі тиіс.

 

3. Еңбекті нормалау бойынша жұмысты ұйымдастыру

3.1. Еңбекті нормалауды ұйымдастыру Қазақстан Республикасының заңнамасымен, экономика саласындағы уәкілетті органдардың шешімдерімен, сондай-ақ әлеуметтік серіктестік шеңберінде бекітілген келісімдермен және ұжымдық шарттармен реттеледі.

3.2. Еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган:

еңбек саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырады, соның ішінде еңбекті нормалау мәселелерін;

Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және тиісті экономикалық қызметтің салаларындағы өкілетті мемлекетті органдардың қатысумен еңбекті нормалау бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді;

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының (ТМД) шеңберінде еңбек жөніндегі нормативтік материалдарды әзірлеу бойынша халықаралық ынтымақтастықты үйлестіреді;

тиісті экономикалық қызмет саласында уәкілетті мемлекеттік органдарға олардың еңбекті нормалауды ұйымдастыруы бойынша жұмыстарын үйлестіруге, еңбекті нормалауға арналған нормативтік материалдарды әзірлеу мен жетілдіру бойынша салалық бағдарламаларды үйлестіруге қатысты көмектеседі;

еңбек жөніндегі нормалар мен нормативтердің республикалық банкін қалыптастырады;

экономикалық қызметтің тиісті салаларының уәкілетті мемлекеттік органдарымен жүргізілген мониторингтік зерттеудің деректері бойынша еңбек жөніндегі нормативтік базалардың жағдайына талдауын жүргізеді;

еңбекті нормалау бойынша ұйымдарға тәжірибелік және әдістемелік көмекті көрсетеді.

3.3. Тиісті қызмет салаларының уәкілетті мемлекеттік органдар:

жұмыс берушілердің салалық қауымдастықтарымен бірлесіп еңбекті нормалау саласындағы нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге, талқылауға және сараптауға қатысады;

саладағы еңбек жөніндегі базаның жай-күйіне талдау жүргізеді, ұйымдар үшін жаңа еңбек нормаларын бекіту және қолданыстағы еңбек нормаларын ауыстыру мәселелері бойынша ұсыныстар дайындайды.

3.4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы:

еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен бірлесіп, Қазақстан Республикасында еңбекті нормалауды дамыту жөніндегі жалпы республикалық бағдарламаларды әзірлейді;

еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіпте экономикалық қызметтің барлық салалары үшін еңбек жөніндегі бірыңғай (салааралық) нормалар мен нормативтерді әзірлейді және бекітеді

3.5. Жұмыс берушілердің салалық қауымдастығы:

тиісті қызмет салаларының мемлекеттік органдарымен бірлесіп, Қазақстан Республикасында Еңбекті нормалауды дамыту жөніндегі жалпы республикалық бағдарламаларды әзірлейді;

еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен салалық үлгілік нормалар мен нормативтерді әзірлейді және бекітеді;

Еңбекті нормалау жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді сала ұйымдарына жеткізеді.

3.4. Экономика салаларының ұйымдары:

келесі бағыттар бойынша еңбекті нормалау бойынша жұмыс жүргізеді:

орын алған кемшіліктерді анықтау мақсатында қалыптасқан еңбекті ұйымдастыру мен қолданыстағы нормаларды талдайды және еңбек шығындарын қысқарту, өндірістің тиімділігін арттыру, қалыпты қарқындылығы мен еңбек жағдайларын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін объектілерді таңдауды жүзеге асырады;

жұмыстарды орындаудың жаңа ұйымдық-техникалық шарттарды жобалайды және тиісті оларға еңбек нормаларын орнатады;

еңбек өнімділігін арттыру, өндірісті және жаңа нормаларды игеру жөніндегі ұйымдық-техникалық іс-шараларды жүзеге асырады;

салалық шығындармен және озық ұйымдардың деңгейімен салыстырғанда ұйымда қалыптасқан еңбек шығындарының шамасы бөлігінде еңбек тиімділігін бағалайды және перспективаға еңбек шығындарын қысқарту бойынша шаралар әзірлейді;

еңбекті нормалау үшін нормативтік базаны дамытады және жаңартады.

3.5.Нормаларды қайта қарау жөніндегі ұйымдастыру жұмысы қолданыстағы нормалардың сапасын тексеруден, нормаларды ауыстыру мен қайта қараудың күнтізбелік кестелерін әзірлеуден, жұмыс беруші мен қызметкерлердің еңбекті нормалауды жақсарту туралы өзара міндеттемелер қабылдауынан тұрады.; 

3.5.1. Ұйымдастыру-техникалық іс-шараларға: жаңа жабдықтарды енгізу және жұмыс істеп тұрған жабдықтарды жаңғырту; неғұрлым прогрессивті технологияны енгізу, техникалық және ұйымдастырушылық жарақтарды, құралдарды жетілдіру; бұйымдардың құрылымдарын жақсарту; өндірістік процестерді механикаландыру және автоматтандыру, жұмыс орындарын ұйымдастыруды жетілдіру, оларды ұтымды ету; материалдардың, шикізаттың, отынның жаңа түрлерін пайдалану; рационализаторлық ұсыныстарды, еңбек жөніндегі салааралық, салалық нормалар мен нормативтерді енгізу;

3.5.2. Нақты еңбек шығындарын талдауды жүзеге асыру хронометраждық бақылауларды, жұмыс уақытының фотосуреттерін, жұмыс уақытының өзіндік фотосуреттерін, жұмыс уақытының шығындарын компьютерлік есепке алуды, сараптамалық бағалауды жүргізумен қамтамасыз етіледі. Хронометраж жүргізу кезінде орындаушының жұмыс қарқыны бағалануы тиіс. Фотосуретті жүргізген кезде бос тұрып қалуды және жұмысты орындау кезіндегі жұмыс уақытының ұтымсыз шығындарын анықтауға ерекше көңіл бөлінеді. Осы деректердің негізінде олардың пайда болу себептері белгіленеді және жұмыс уақытының нақты шығындарын қысқартуды қамтамасыз ететін ықтимал шаралар айқындалады. Жоғарыда аталған бақылау түрлерін біріктіруді пайдалану жұмыс уақытының шығындарын неғұрлым дәл бағалауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

3.5.3. Талдау деректері негізінде жұмыстарды орындаудың жаңа ұйымдық-техникалық шарттарын жобалау жүзеге асырылады-неғұрлым өндірістік жабдықтарды, прогрессивті технологияларды қолдану, еңбекті өзгерту жолымен өндіріс пен еңбекті жаңа ұтымды ұйымдастыруды енгізу, еңбектің тиімді әдістері мен тәсілдерін пайдалану, қызметкерлердің біліктілігін арттыру, еңбек жағдайларын жақсарту;

3.5.4. Жаңа ұйымдық-техникалық шарттарға сәйкес келетін нормалар әзірленгеннен және бекітілгеннен кейін жұмыс орындарында олардың сақталуын қамтамасыз ететін іс-шаралар жүзеге асырылуы, сондай-ақ барлық қызметкерлердің енгізілетін нормаларды игеруі бойынша жұмыс жүргізілуі тиіс.

3.5.5. Жаңа өнімді өндіруге арналған еңбек нормалары осы өнімді өндірудің жобаланатын ұйымдық-техникалық шарттарына және белгіленген жобалық еңбек сыйымдылығына сәйкес технологиялық процестермен бір мезгілде әзірленеді.

 

4. Еңбек нормаларын енгізу, ауыстыру, қайта қарау және тексеру тәртібі

4.1. Ұйымдарда еңбек нормаларын ауыстыру және қайта қарастыру үшін олардың әрекет мерзімінің өтуі, нормативтік материалдарды қолданудағы немесе есептерді жүргізу кезіндегі, сондай-ақ өндірістің ұйымдастыру-техникалық шарттардың өзгеру кезіндегі қателіктер, дәлсіздікке рұқсат етілген немесе ұйымдастыру-техникалық шарттары дұрыс емес ескерген әзірлеу процесінде орнатылған нормалар қате айқындау негіз болып табылады.

4.2. Нормаларды қайта қарау мен ауыстыруды жұмыс беруші, Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы, кәсіпкерлердің салалық қауымдастығы кемінде үш жылда бір рет қамтамасыз етеді.

4.3. Еңбек ұйымдарында аттестаттау жүргізуіне және жұмыс орындарын оңтайландыруына, бекітілген мерзіміне тәуелсіз түрде еңбек өнімділігінің өсуін қамтамасыз етуін жаңа техника, технология және ұйымдық-техникалық іс-шараларға байланысты міндетті түрде ауыстырылады. Ұйымдарда қате белгіленген нормаларды қайта қарау олардың анықталуына қарай жүргізіледі.

4.4. Жекелеген қызметкерлердің өз бастамасы бойынша жаңа еңбек тәсілдерін қолдану және жұмыс орындарын жетілдіру есебінен өнім шығарудың (қызмет көрсетудің) жоғары деңгейіне қол жеткізуі ұйымдарда бұрын белгіленген еңбек нормаларын қайта қарау үшін негіз болып табылмайды.

4.5. Нормаларды енгізу алдында нұсқау беру және қызметкерлерді жұмыстарды орындаудың неғұрлым тиімді тәсілдері мен әдістеріне оқыту болуы тиіс, бұл ретте оларды жүргізудің жеке да, топтық да нысандары пайдаланылуы мүмкін.

4.6. Нормаларды игеру жөніндегі жұмыстарды жүргізу кезінде әрбір қызметкердің нормаларды орындау туралы деректер негізінде, сондай-ақ арнайы жүргізілген фотохронометражды бақылаулардың нәтижелері бойынша жұмыстарды игеру дәрежесі талданады.

4.7. Жаңа техника мен технологияның енгізілуіне байланысты нормаларды игеру кезінде, қызметкерлерге еңбектің ұтымды тәсілдерін меңгерумен қатар жаңа теориялық және практикалық білім алу қажет болғанда, қызметкерлерді оқыту жүргізіледі.

4.8. Жаңа еңбек нормалары мен нормаланған тапсырмаларды енгізу туралы жұмысшылар мен қызметшілерге кемінде бір ай бұрын хабарлануы тиіс.

Бекітілген операциялық еңбек нормалары негізінде белгіленген уақытша және бір жолғы еңбек нормаларын және нормаланған тапсырмаларды енгізу туралы қызметкерлер жұмысты орындау басталғанға дейін хабарлануы тиіс.

4.9. Еңбектің жаңа нормаларын қолданылатын болатын жұмыс орындарындағы өндірістің ұйымдық-техникалық шарттар (еңбекті ұйымдастыру, технология, құрал-жабдық, керек-жарақ және т. б.) жұмыс орындарында қолданылатын болады жаңа еңбек нормалары келтіріледі, жұмыс беруші талаптарына сәйкес көзделген нормалар әзірлеу кезінде.

4.10. Жаңа өнімді өндіріске енгізу кезінде жобалық технологияға, өндіріс пен еңбекті ұтымды ұйымдастыруға есептелген техникалық негізделген нормалар, сондай-ақ жобалық қуаттарды және басқа да техникалық-экономикалық көрсеткіштерді игеруді ескере отырып, оның жобалық еңбек сыйымдылығына қол жеткізу кестелері әзірленеді.

4.11. Жаңа техника мен технологияны игеру, өнімнің жаңа түрлерін дайындау кезеңінде жабдықтың тұрақты және сапалы жұмысы қамтамасыз етілмеген және қызметкерлердің жұмысты орындау еңбек процесін толық игермеген кезде уақытша нормалар енгізілуі мүмкін. Бұл ретте уақытша нормалар өндірісті игеру үшін (оны толық игеру кезінде) нормалармен тікелей ауыстырылуы немесе өндіріс жағдайларын жетілдіру шамасына қарай оны толық игергенге дейін сатылы өзгеруі мүмкін.

4.12. Жұмыстың нақты жағдайлары жобаланғаннан уақытша ауытқыған кезде (материалдың, құралдың сәйкес келмеуі, технологиядан уақытша ауытқуы және т.б.) еңбек нормалары өзгертілмейді.

4.13. Нормаларды қайта қарау үшін негіздеме болмаған жағдайда, Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы немесе салалық кәсіпкерлер қауымдастығы еңбек жөніндегі нормативтердің түпнұсқасын, негіздеуші материалдарды және түсіндірме жазбаны міндетті түрде ұсынған кезде еңбек нормаларының қолданылу мерзімін ұзартады.

4.14. Жұмыс беруші мен қызметкерлердің өкілі арасында өнімнің еңбек сыйымдылығын төмендету, техникалық негізделген өндіру және қызмет көрсету нормаларының, нормаланған тапсырмалардың үлес салмағын арттыру, ескірген және қате белгіленген еңбек нормаларын уақтылы қайта қарау жөніндегі өзара міндеттемелер қолданылуы мүмкін. Көрсетілген міндеттемелер (еңбектің өнімділігінің өсуі бойынша, өнімнің еңбек сыйымдылығының азаюы бойынша, жаңа техниканы және технологияны енгізу бойынша және т.б. тапсырмалармен) жұмыс берушінің бизнес-жоспардың тиісті көрсеткіштерімен үйлестірген (немесе) және еңбектік және ұжымдық келісімшарттарында көрсетілген.

4.15. Еңбекті нормалаудың жай-күйі бойынша, еңбек нормаларын қолдануының дұрыстығы бойынша бақылау, (немесе уәкілетті органдарымен) жұмыс берушілерде еңбек төлемін және нормалау сұрақтарымен айналысатын (мамандармен) қызметімен жүзеге асырылады.

Нормалардың сапасын бағалау негізінде ұйымда қалыптасқан жұмыстың ұйымдық-техникалық жағдайларының прогрессивтілігі, нормаларда осы жағдайларға қатысты қажетті еңбек шығындарын көрсету туралы қорытындылар жасалады.

Бұл мәліметтер еңбек өнімділігін арттыруды және өндіріс пен еңбектің прогрессивті жағдайларына сәйкес келетін жаңа нормаларды белгілеуді қамтамасыз ететін іс-шаралар әзірленуі тиіс объектілерді таңдау кезінде бастапқы материал ретінде пайдаланылады.

5. Нормалау мәселелерін реттемелеу

5.1. Нарықтық қатынастардың дамуына қарай еңбекті нормалау мәселелері салалық келісімдер мен ұжымдық шарттарда кеңінен көрініс табуы тиіс.

5.2. Салалық келісімдерде еңбекті нормалау саласындағы әлеуметтік әріптестік тараптарымен келісілген іс-шараларды көрсету ұсынылады:

саладағы еңбекті нормалауды дамыту жөніндегі салалық бағдарламалар;

қызметкерлерді тиісті салада еңбекті нормалаумен қамту деңгейін сипаттайтын сандық өлшемдер және басқа да көрсеткіштер.

5.3. Еңбек, ұжымдық шарттарда және (немесе) жұмыс берушінің актілерінде реттеледі еңбекті нормалау мәселелері. Бұл ережелер бойынша еңбекті нормалау шектей алмайды және еңбек жағдайларын нашарлатпауы.

5.3. Өндіру нормаларды жұмыскерлермен орындау үшін еңбектің қарапайым шарттарды қамтамасыз ету қажет.

Он сегіз жасқа толмаған қызметкерлер үшін өндірім нормалары еңбек шартына сәйкес он сегіз жасқа толмаған адамдар үшін жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығына барабар ересек қызметкерлер үшін өндірімнің жалпы нормаларына сүйене отырып белгіленеді.

Еңбекті нормалау мәселелеріне қатысты еңбек сыйымдылығын төмендету және өнім шығару көлемін ұлғайту бөлігінде өндіріс және еңбек тиімділігін арттыру жөніндегі тараптардың міндеттемелері нақтыланады, өндіріс жағдайларын жетілдіру, жаңа нормаларды енгізу және қолданыстағы нормаларды ауыстыру, төмен нормалар енгізілетін персоналдың санаттары мен оларды төмендету өлшемдері көзделетін жұмыс түрлері айқындалады.  Бұл ретте, қамтамасыз етіледі ескере отырып, орындалатын жұмыстардың күрделілік және қызметкерлердің біліктілігін дұрыс атау беру кәсіптерінің және қызметшілер лауазымдарының және жатқызу бойынша санаттар мен біліктілік дәрежесі жұмысшылар кәсіптері мен қызметшілер лауазымдарының негізінде бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы, жұмысшылар кәсіптерінің, қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығын.

Сонымен қатар, еңбек шартында өндірісті игеру кезеңінде еңбек нормалау тәртібі орнатылады.                         

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5. Басқарушы, өндірістік және көмекші персоналдың сан нормативтерін есептеу әдістемесін әзірлеу

 

Ұйымның басқарушылық, өндірістік және қосалқы қызметкерлердің санының нормативтерін есептеу бойынша әдістемелік ұсынымдарды әзірлеу жұмыскерлердің сараланған келтірілген санаттардың, мәнді аппаратты нақты түсіну қажеттілігін болжайды. Біріншіден, еңбек және № 981 2015 жылдың 21 желтоқсанынан Қазақстан Республикасының халықты әлеуметтік қорғау Министрінің бұйрығымен сәйкес әкімшілік қызметкерлеріне жататын жұмыскерлердің лауазымдардың тізбегі бекітілген (40, 24-27 б.). Демек, бұл жағдайда сөз басқару емес, әкімшілік қызметкерлер туралы болуы керек. Екіншіден, өндірістік персоналға негізгі мамандықтың жұмыскерлер, сондай-ақ функционалдық міндеттеріне өнделетін процестерін орындайтын жекелеген санаттағы қызметкерлер (цехтың, учаскелердің бастықтары, инженерлер, шеберлер және т. б.)жатады. Қызметкерлердің осы санатының еңбегі негізгі кәсіптегі жұмысшылардың еңбектерінен айтарлықтай ерекшенеледі, бұл олардың еңбегін нормалауға деген көзқарастың айырмашылығын да негіздейді. Соңында, үшіншіден, көмекші персоналға, әдетте, қосымша уақытпен айналысатын жұмысшылар жатады.

Жоғарыда көрсетілген сәлемдемелерден ескере отырып, жұмыскерлердің айтылған санаттарына қарай үш түрлердің еңбек нормалауына әдістемелік тәсілдемелер әзірлеуге қажет екеніне негізді болжауға болады:

- негізгі кәсіптердің жұмысшыларын;

- қосалқы жұмысшыларын;

- басшыларын, мамандарын және техникалық орындаушыларын, өндірістік қызметкерлеріне жататын олардың қызметінің жекелерін қоса алғанда.

Негізгі мамандар жұмыскерлерінің еңбегін нормалауына қатысты келесіні айта кету керек. Еңбекті нормалау саласындағы зерттеушілер мен мамандардың абсолюттік көпшілігі негізгі кәсіптердің жұмысшыларын нормалау жөніндегі қолданыстағы әдістемелік ұсынымдардың қазіргі заманғы жағдайларға толық сәйкес келетініне сенімді, сондықтан да қандай да бір елеулі жетілдіруді талап етпейді. Осыған байланысты, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрінің 2008 жылғы 28 желтоқсандағы № 310-т [33] бұйрығымен бекітілген жұмысшылардың еңбегін нормалау үшін нормалар мен нормативтерді белгілеу жөніндегі бүгінгі күнгі әдістемелік ұсынымдар, практикалық қызметте толық табысты қолданылуы мүмкін деп айтуға болады. Олардағы өзгерістер осы жұмыстың алдыңғы бөлімінде көрсетілген компьютерлік технологиялардың дамуымен негізделген жұмыс уақытының шығындарын өлшеу құралдарының кеңеюіне қатысты ғана қатысты болуы мүмкін.

Осы жұмыста қосалқы қызметкерлеріне қатысты нормаланған тапсырмаларды әзірлеу бойынша әдістемелік ұсынымдардың жобасы әзірленді. Мұндай тапсырмалар негізгі өндіріс жұмысшыларының жекелеген кәсіптеріне (конвейерлік және ағынды желілерде) және функцияларына жиі қайталанатын жұмыс түрлері кіретін қызметкерлердің жекелеген лауазымдарына да орнатылуы мүмкін.

Әкімшілік қызметкерлеріне жататын жұмыскерлер үшін, сондай-ақ өндірістік персоналдың қызметкерлер бөлігіне функциялардың матрицаның негізінде қызметкерлердің санының нормативтерін орнату бойынша әдістемелік ұсынымдардың жобасы әзірленді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жоба

 

Нормаланған тапсырмаларды белгілеу жөніндегі  әдістемелік ұсынымдар

 

  1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
    1. Осы ұсынымдар барлық экономикалық қызмет салаларындағы ұйымдарда мерзімдік жалақымен жұмыс істейтін жұмыскерлердің жеке мамандары мен лауазымдарына нормаланған тапсырмаларды белгілеу бойынша жұмыстардың жүргізілу тәртібін анықтайды.   
    2. Осы әдістемелік ұсынымдардың мақсаты ұйымның негізгі және көмекші қызметкерлерінің жекеленген санаттары үшін еңбекті нормалау саласындағы жұмыстарды нормативтік-әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз ету болып табылады.
    3. Нормаланған тапсырмалар еңбек шамасының нақты көрсеткіші болып табылады, белгілі ұйымдастыру-техникалық жағдайларындағы жұмыстардың (қызметтердің) нақты түрлерін орындау үшін қажетті жұмыс уақытының шығындарын көрсетеді.
    4. Нарық жағдайларындағы нормаланған тапсырмаларды белгілеу бәсекеге қабілетті жоғары сапалы өнімді шығару, оны шығаруға арналған шығындарды кеміту, жоспарланған көлем мен жеткізу ырғақтығы бойынша келісімді міндеттерді сақтау қажеттілігімен болжанады.
    5. Нормаланған тапсырмалар жұмыстардың (қызметтердің) тиісті сападағы белгіленген көлемін орындаудағы жұмыскерлердің мүдделерін қамтамасыз етуге, жұмыскерлерді материалдық ынталандырудың тиімді жүйелерін құруға ықпал етеді. 
    6. Нормаланған тапсырмалар белгіленген тәртіпте әзірленген және бекітілген салааралық, салалық үлгі, сондай-ақ жұмыс берушімен әзірленген жергілікті еңбек нормасы негізінде белгіленеді.
    7. Осы әдістемелік ұсынымдарда келесі негізгі ұғымдар пайдаланылады:

- нормаланған тапсырма – жұмысшы немесе жұмыс тобының бір жұмыс ауысымындағы немесе мерзімді жалақы төленетін жұмыстағы жұмыс уақытының өзге бірлігінде орындауға міндетті болған жұмыс құрамы мен көлемі.

- құрамы бойынша тұрақты жұмыстар – көлемі мен құрамы алдын ала белгіленетін жұмыстар.

- құрамы бойынша тұрақты емес жұмыстар – жалпы көлемі мен құрамы алдын ала белгілі емес жұмыстар.

- өнім (жұмыстың) сыйымдылығы – өнім (жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету) бірлігін өндіруге арналған жұмыс уақытының адам-сағатта берілген нақты еңбек шығынының сомасы.

- нормаланған тапсырманың орындалу деңгейі (еңбек әдісі) – еңбек шығындарының нормалары негізінде есептелген, өндірілген өнімнің, тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) белгіленген өлшем бірліктеріндегі (адам-минуттардағы, адам-сағаттардағы, адам-күндердегі және т.б.), осы жұмысты орындауға шығындалған нақты атқарылған уақытына қатынасы.

-  нормаланған тапсырманың орындалу деңгейі (табиғи әдіс) – еңбек шығындарының нормалары негізінде есептелген, өнімнің (жұмыстардың, қызметтердің) нақты өндірісінің физикалық өлшем бірліктеріндегі (тонна, дана, қума метр және т.б.) белгіленген тапсырмаға қатынасы.

1.8. Орындалатын жұмыстардың (көрсетілетін қызметтердің) өндірісі мен сипатын ұйымдастыру ерекшеліктеріне қарай нормаланған тапсырмалар жұмыскерлермен ауысымға (жұмыс күні), айға немесе тапсырылған жұмыстар (қызметтер) көлемін толық жүзеге асыру кезеңіне болып белгіленуі мүмкін.

1.9. Негізгі (конвейер таспаларындағы, аппараттық үдерістердегі, автоматтандырылған өндірістердегі жұмыстар), сондай-ақ көмекші (баптау, жөндеу жұмыстары, жөндеу аралық қызмет көрсету, тасымалдау, тиеу-түсіру және басқа жұмыстар) өндірістегі жұмыскерлерге нормаланған тапсырмаларды белгілеу аса орынды. Мұндай тапсырмаларды сонымен қатар кезекші слесарьлар, кезекші электршілер және жұмыскерлердің басқа санаттарына белгілеу қажет. Нормаланған тапсырмаларды қызметшілердің жекеленген санаттары (кадр қызметінің, құрылымдық және жобалау ұйымының жұмыскерлері және басқалар) үшін қолдануға да болады.

1.10. Өндіру ерекшелігін ескере отырып, нормаланған тапсырмамен белгіленетін өндірілетін өнім (жұмыс, қызмет) көлемі табиғи (дана, тонна, метр, технологиялық жабдықты баптау саны, қызмет көрсетілген күштік қондырғылар саны және т.б.) және еңбек (белгіленген өлшем бірліктеріндегі нормаланған еңбек сыйымдылығы) көлемінде көрсетілуі мүмкін. Кей жағдайларда, сипаты бойынша тұрақты жұмыстар әр түрлі нысандарда орындалған кезде, нормаланған тапсырмалар қызмет көрсету кестесі түрінде берілуі мүмкін.

1.11. Өндірілетін өнімнің (жұмыстың, қызметтің) еңбек сыйымдылығын есептеу өнімнің (жұмыстың, қызметтің) тиісті түрі бойынша жұмыстарды жүргізу технологиясымен көзделетін, ұйымда қолданылатын техникалық құжаттама негізінде жүргізіледі.

1.12. Нормаланған тапсырманы есептеу кезінде жұмыскерлер еңбегінің ұйымдастырылу деңгейі және оның өнімді өндіру (жұмыстарды, қызметтерді орындау) технологиясын қоса алғанда, ұсынылатын тиісті салааралық немесе салалық үлгілік нормативтік талаптарға сәйкестігі белгіленеді.

1.13. Нормаланған тапсырма жұмыстарды орындау қиындығына және еңбек сыйымдылығына қарай белгілі бір кезеңге белгіленеді. Құрамы бойынша тұрақты жұмыстарға (мысалы, конвейерлік, тасқынды желілердегі жинау жұмыстары) нормаланған тапсырма жұмыс ауысымына белгіленуі мүмкін. Құрамы бойынша тұрақты емес жұмыстарға нормаланған тапсырма аса ұзақ кезеңге (онкүндік, ай) белгіленеді.

1.14. Өндіру үдерісінің ұйымдастырылу түріне қарай ұжымдық немесе жеке нормаланған тапсырмалар белгіленуі мүмкін. Ұжымдық нормаланған тапсырмалар жұмыскерлерге, еңбекті ұйымдастыру, жұмыскерлер тобының еңбек үдерістері бір жұмысты орындаумен технологиялық байланысқан жағдайда, ұжымдық нысанға қолданылады. Жеке нормаланған тапсырма әрбір жұмыскер (кезекші электрші, кезекші сантехник) жеке сипаттағы жұмыс түрін орындаған жағдайда қолданылады.

1.15. Нормаланған тапсырмаларды белгілеу негізі техникалық негізделген нормалар мен уақыт нормативтерінде болуы керек. Мұндай нормалар ұжыммен немесе жеке алынған жұмыскермен орындалатын барлық жұмыс түрлерін қамтуы керек.

 

  1. Нормаланған тапсырмаларды белгілеу тәртібі
    1. Нормаланған тапсырмаларды әзірлеу реттілігі келесі кезеңдерді қамтиды:
  1. нормаланған тапсырмаларды белгілеу орынды болатын қызметші лауазымдар мен жұмысшы мамандарды белгілеу;
  2. нормаланған тапсырманы белгілеу әдістемесін әзірлеу;
  3. нормаланған тапсырманы әзірлеу нысанын (ұжымдық, жеке) және оның әрекет ету кезеңін анықтау;
  4. еңбекті ұйымдастыру картасын және жұмыскерлердің еңбегін реттейтін басқа құжаттаманы әзірлеу;
  5. нормаланған тапсырманы белгілеу кезінде пайдалануға қажетті нормативтік материалдар тізбесін анықтау;
  6. нормаланған тапсырмаларды белгілеу үшін қолданылатын, қолданыста еңбек шығындары нормаларының болуы және оның негізділігін анықтау;
  7. техникалық негізделген нормалармен қамтылмаған, жеке жұмыс түрлерін орындауға арналған уақыт нормаларын әзірлеу үшін жұмыс уақытының шығындарын зерделеу әдістері мен тәсілдерін таңдау;
  8. жұмыстардың белгіленген өлшем бірліктеріне арналған еңбектің техникалық және ғылыми-негізделген нормаларын (жеке, ұжымдық) есептеу;
  9. нормаланған тапсырмаларды белгілеу мәні және тәртібі туралы жұмыскерлер арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
  10. ұйыммен белгіленген тәртіпте (жұмыскерлердің өкілімен міндетті келісумен, жұмыскерлердің өкілімен келісусіз), жұмыстардың белгілі түріне нормаланған тапсырмаларды бекіту;
  11. нормаланған тапсырмаларды қолданысқа енгізу.

 

    1. Нормаланған тапсырмаларда келесі деректер көрсетілуі мүмкін:

жұмысты орындау үшін қажетті, жұмыскерлердің сандық және сапалық құрамы;

орындауға жоспарланған жұмыстың құрамы мен көлемі;

жұмыстарды орындау мерзімі;

жұмыстарды орындаудың еңбек сыйымдылығы.

    1. Қызметшілерге нормаланған тапсырмаларды белгілеу, олардың еңбек үдерісінде кезеңдік қайталатын функциялар басым, ал кездейсоқ жұмыстардың үлесі олардың жұмыс уақыты қорының 20%-нан аспаған (жұмыс күнінің суреттерімен анықталады) жағдайда қолданылады.
    2. Қызметшілердің жұмыстарды орындау еңбек сыйымдылығы қызметшілердің еңбегін нормалауға арналған нормативтік материалдар бойынша анықталады (олар болған жағдайда), ал олар болмаған жағдайда, хронометрлік бақылау немесе сараптамалық бағалау негізінде белгіленеді.
    3. Қызметшілермен орындалатын жұмыстар негізінде келесілер анықталады:

- әрбір орындаушымен орындалатын жұмыс түрлері, олардің кезеңділігі;

- негізгі, кезеңдік қайталанатын, қосымша және күтілмеген жұмыстардың меншікті салмағы;

- шығармашылық, техникалық және әкімшілік-басқару жұмыстарының меншікті салмағы;

- қызметшілермен ұжымдық орындалатын жұмыстардың меншікте салмағы.

Алынған деректер негізінде нормаланған тапсырмалар белгілеу орынды болатын қызметшілер тізбесі, нормаланатын жұмыстар құрамы және олардың ұлғаю дәрежесі анықталады.

 

  1. Жұмысшы мамандарға нормаланған тапсырмаларды белгілеу
    1. Негізгі және көмекші өндірістің жұмысшыларына нормаланған тапсырмаларды белгілеу ерекшеліктері жұмысшылардың еңбек үдерісінің сипатына байланысты. Тапсырма түрін таңдаудағы аса маңызды фактор – құрамы және орындалу уақыты бойынша жұмыстардың тұрақтылық дәрежесі.
    2. Көлемі алдын ала белгілі болатын, құрамы бойынша тұрақты жұмыстарды орындайтын жұмысшылар үшін нормаланған тапсырмалар әрбір функцияға, жұмысқа, операцияға арналған жұмыс уақытының шығыны әр түрлі тәсілмен есептелген, уақыт (атқарылым) нормасы негізінде белгіленеді. Бұл топқа негізгі өндіріс жұмысшылары (конвейерлік желілердегі жинаушылар, автоматтық желілердің операторлары және басқалар), негізгі өндіріске қызмет көрсету бойынша жұмыстарды орындайтын жұмысшылар жатады. Олар бір немесе әр түрлі жұмыс орындарында тұрақты бірдей немесе әр түрлі жұмыстарды орындайды.

Бір жұмыс орнында бір ғана жұмыс түрін істейтін жұмысшыларға нормаланған тапсырмаларды белгілеу тәртібі, әдетте, атқарылым (уақыт) нормасын есептеуге ұқсас. Сонымен бірге кесімді ақы алушы жұмысшылар үшін еңбек нормасын есептеуге негіз болатын құжаттаманы пайдалану ұсынылады. Автоматтандырылған және тасқынды өндіріс учаскелерінде нормаланған тапсырмалар өнім өндірісінің белгіленген жоспарын есепке ала отырып, уақыт нормасы негізінде белгіленеді.

Ірі агрегаттарға, механизмдер мен аппараттарға (мұнай өндіретін және химиялық өнеркәсіптің аппаратуралық қондырғыларының операторлары, жұмысшылар, қағаз жасап шығаратын қызмет көрсетуші машиналар және т.б.) қызмет көрсететін нормаланған тапсырмаларды әзірлеу негізіне, әдетте, қызмет көрсетілетін жабдықтың төлқұжат деректері қабылданады.

Құжаттаманы көбейтуді және т.б. жүзеге асыратын шығу бақылауы учаскелеріндегі жалпы өндірістік зертханаларда жұмыс істейтін жұмысшыларға нормаланған тапсырмалар жұмыс бірлігін (бір зертханалық талдау, бір құжат бірлігін ресімдеу және т.б.) орындауға қажетті уақыт нормасына қарай есептеледі.

    1. Бір жұмыс орнында бірдей немесе әр түрлі жұмыс атқаратын жұмысшыларға нормаланған тапсырмалар белгіленген өндірістік жоспар, жұмыстарды орындау кестесі және ұйымда қолданылатын еңбек шығындары нормалары негізінде белгілі уақыт кезеңіне (ауысым, онкүндік, ай) жұмыстарды жинау арқылы белгіленеді. Әр түрлі жұмыс орындарында (нысандарда) тұрақты жұмыс атқаратын жұмысшыларға нормаланған тапсырмалар қолданыстағы салааралық және салалық нормативтерге, жұмыс берушімен есептелетін уақыт нормаларына және жұмыс кестелеріне қарай есептеледі. Мысалы, жабдық, машина және механизм майлаушыларына нормаланған тапсырмаларды жабдық бірлігінің майын ауыстыруға және бақылауға кеткен уақыт нормасын, жұмыс кезеңділігін және олардың еңбек сыйымдылығын көрсете отырып, жабдыққа қызмет көрсетудің техникалық регламентіне сәйкес белгілеу қажет. Тасымалдау жұмысшыларына нормаланған тапсырмаларды жұмыстарды орындау кестесіне, тасымалдау құралдарының техникалық сипаттамаларына, уақыт нормативтеріне қарай есептеу қажет.

Негізгі өндіріске қызмет көрсететін жұмысшылар (баптаушылар, жабдыққа жөндеу аралық қызмет көрсететін слесарьлар, кезекші слесарьлар, электромонтерлар және т.б.), сонымен қатар негізгі өндірістің кейбір мамандарының жұмысшылары тұрақты жұмыстармен қатар тұрақты емес жұмыстарды да орындайды. Мұндай жұмыскерлердің еңбектері көбіне нормаланған тапсырмаларды берумен бірге қызмет көрсету нормалары мен сандық нормаларды белгілеу арқылы нормаланады.

    1. Құрамы және орындалу уақыты бойынша тұрақты емес жұмыстарды орындайтын жұмысшыларға (кезекші электршілер, қоймашылар, құрал-саймандарды таратушылар, жөндеу аралық қызмет көрсетуші слесарьлар және мамандығы бойынша ұқсас жұмысшылар) нормаланған тапсырмаларды белгілеу кезінде олардың жұмыс уақытының шығын құрылымдарына жасалған талдау нәтижелерін (жұмыс күнін суретке түсіру негізінде), сондай-ақ кездейсоқ жұмыстардың сипатын, кезеңділігін және туындау себебін пайдалану қажет. Талдау негізінде тұрақты емес жұмыстардың көлемін кемітуге немесе ішінара реттеуге бағытталған шаралар әзірленеді, жұмысшыда жойылмаған кездейсоқ жұмыстарды орындаудан кейінгі қалған уақыт қоры анықталады. Мысалы, жүргізілген жұмыс күні суретінің нәтижелері бойынша, механикалық цехтың құрал-саймандарды тарату қоймасы қоймашысының құрал-саймандарды таратуға, яғни тапсырмамен көзделген жұмысқа, жұмыс уақытының 60% жұмсайтыны анықталды. Осы негізде оның жұмыс уақыты құрылымында тиісті нормативтер мен уақыт нормаларын пайдалана отырып, жұмыс уақыты қорынан 40%-ға жұмыстарды жинауды қосымша қарастыру қажет.
    2. Құрамы ұзақ уақыт кезеңі ішінде тұрақты болып табылатын және көлемі алдын ала белгіленген тұрақты жұмыстарды атқаратын негізгі және көмекші өндіріс жұмысшыларының бригадаларына нормаланған тапсырмалар орындалған жұмыстардың әрқайсысына есептелген, (атқарылым) уақыт нормасы негізінде жұмыстарды жинау арқылы белгіленеді.

Жұмыс құрамы мен көлемін анықтау кезінде өнімді өндірудің өндірістік жоспарларын, жұмыстарды орындау кестесін және т.б. қарастыру және ескеру қажет. Мысалы, машина жасау кәсіпорындарында аппаратуралық үдерістердегі жаппай өндіріс жағдайларында (конвейер, автоматты желілердегі) кен өндіру жұмыстарына арналған агрегаттарға қызмет көрсету кезінде, металлургиялық кәсіпорындарда нормаланған тапсырмалар өндірілетін өнімнің санымен көрсетілуі мүмкін. Сонымен бірге олардың есептелуі, талдау нәтижесінде кездейсоқ жұмыстардың шамалас көлемі мен оларды орындауға қажетті уақыты анықталатын, кесімді ақы алатын жұмысшыларға арналған атқарылым нормасын белгілеуге ұқсас болады.

    1. Әр түрлі нысандарда сипаты бойынша тұрақты жұмыстарды орындау кезінде нормаланған тапсырмалар бригадаларға қызмет көрсету кестесі түрінде берілуі мүмкін.
    2. Жоспарлы жұмыстармен қатар, құрамы мен орындалу уақыты бойынша тұрақты емес жұмыстарды орындайтын мерзімді жұмысшылардың бригадалары (мысалы, жабдықты баптаумен, жөндеумен және жөндеу аралық қызмет көрсетумен айналысатын бригадалар) үшін нормаланған тапсырмалар жұмыстарды орындауға қажетті уақыт қорын ескере отырып белгіленуі керек.
    3. Үздіксіз жұмыс істейтін кейбір аппаратуралық үдерістерде жұмысшылар жұмыстың сапалық көрсеткіштеріне елеулі әсер етеді. Мұндай жағдайларда нормаланған тапсырмалар сапалық көрсеткіштермен қатар, өнімнің сапа немесе өнім бірлігіне арналған материалдық және отын-энергетикалық ресурс шығындарының көрсеткіштерін қарастыру қажет.

 

  1. Қызметшілерге нормаланған тапсырмаларды белгілеу
    1. Қызметшілерге (мамандарға және техникалық орындаушыларға) нормаланған тапсырмаларды белгілеу олардың еңбек мазмұнының ерекшеліктерімен анықталады. Бұл үдерісті бірнеше кезеңде жүргізу қажет.

4.1.1. 1 кезең – нақты жұмыскердің нақты еңбек мазмұнын зерделеу (жұмыс күнін суреттеу, өзін-өзі суретке түсіру және басқа әдістерді пайдалану, жұмыстардың орындалу, олардың қайталану жіктеуішін құрастыру негізінде).

4.1.2. 2 кезең – лауазымдық нұсқаулықпен және жұмыскердің лауазымымен көзделген, біліктілік сипаттамаларымен орындалатын функциялардың (жұмыстардың) нақты мазмұнын сәйкестендіру.

4.1.3. 3 кезең – қызметші еңбегінің, соның ішінде оның жұмыс орнының оңтайлы ұйымдастырылуын жобалау.

4.1.4. 4 кезең – еңбекті нормалау бойынша қолда бар нормативтік құжаттарды дайындау, орындалатын жұмыс түрлеріне арналған еңбек шығындарының нормаларын есептеу.

4.1.5. 5 кезең – кездейсоқ жұмыстарды орындауға арналған уақыт қорын анықтау, көзделген жұмыстар көлемінің еңбек сыйымдылығын есептеу, оларды орындауға арналған уақыт шығынын арттыруға ықпал ететін факторларды ескере отырып, белгілі кезеңге жоспарланған жұмыстар (функциялар) тізбесі негізінде нормаланған тапсырмаларды белгілеу

4.2. Жұмыстардың барлық жоспарланған көлемінің жалпы еңбек сыйымдылығы, әдетте, жоспарланғанмен қатар, алдын ала болжау мүмкін болмаған жұмыстарды орындайтын жұмысшылардың жұмыс уақытының күнтізбелік қорынан кем болуы керек. Уақыт қорының шамасы жұмыскерлердің әр түрлі санаттары үшін саралап белгіленеді.

 

  1. Нормаланған тапсырмалардың орындалуын есепке алу және бағалау
    1. Қолдану ерекшеліктеріне қарай нормаланған тапсырмалардың орындалу деңгейін анықтау мақсатында, тиісті құжат нысандары әзірленеді. Оларда келесі көрсеткіштер көрсетілуі мүмкін:

- жұмыстардың жоспарланған көлемі;

- жұмыстарды орындаудың нормаланған еңбек сыйымдылығы;

- атқарылған уақыт;

- жұмыс сапасын бағалау;

- нормаланған тапсырманың орындалу пайызы (деңгейі);

- басқа қажетті мәліметтер.

    1. Нормаланған тапсырмамен көзделген мерзімді жұмысшылардың жұмыс көлемін орындауын есепке алу бөлімше басшысымен (шебер, учаске бастығы және т.б.) жүзеге асырылады.
    2. Нормаланған тапсырма жұмыс көлемі белгіленген мерзімде және берілген сапа параметрлермен орындалған жағдайда орындалды деп есептеледі.
    3. Жұмыскерлер өндірістік қажеттілік бойынша басқа жұмысқа тартылған жағдайда, нормаланған тапсырманың көлемі мен оның орындалу мерзімін түзетуге болады.
    4. Нормаланған тапсырманың орындалу деңгейі дайындалған өнімнің (орындалған жұмыстың) адам/сағаттағы көлемінің, нормаланған тапсырманы орындаумен байланысты емес жұмыстарға шығындалған уақытты және жұмыскердің кінәсі бойынша тұрып қалған уақытты қоспағанда, нақты атқарылған уақытқа қатынасымен анықталады.
    5. Егер нормаланған тапсырма табиғи өлшеуіштермен белгіленсе, онда оның орындалу пайызы нақты орындалған жұмыс көлемінің (операциялар, бұйымдар саны және т.б.) нормаланған тапсырмамен көзделген жұмыс көлеміне қатынасымен анықталады.
    6. Нормаланған тапсырманы өзгертуге, олардың белгіленуіне негіз болатын, еңбек нормасын ауыстыру және қайта қарау негіз болып табылады. Еңбек нормасын ауыстыру еңбек өнімділігінің артуын қамтамасыз ететін, ұйымдастыру-техникалық іс-шараларды енгізу шамасына қарай жүргізіледі; ескірген еңбек нормасының шығындарын қайта қарау, өндіріс және еңбек ұйымдастырылуының жалпы жақсаруы, өндіріс көлемінің артуы, кәсіби шеберліктің өсуі және жұмысшылардың өндірістік дағдыларының жетілуі нәтижесінде еңбек сыйымдылығы кеміген жұмыстарда жүргізіледі.

5.8. Нормаланған тапсырмалардың өзгеруі туралы жұмысшыларға, нормаланған тапсырманың белгіленуіне негіз болып табылатын еңбек нормаларын енгізбестен бір ай бұрын хабарлануы керек.

5.9. Қызметшілермен нормаланған тапсырмалардың орындалу деңгейі орындалған жұмыс көлемінің нормаланған еңбек сыйымдылығының нақты атқарылған уақытқа қатынасымен есептеледі.

5.10. Жұмысшылар мен қызметшілер нормаланған тапсырмаларды орындаған жағдайда жұмыс берушімен бекітілетін, еңбекті ынталандыру және ақы төлеу ережелерімен реттелетін, материалдық көтермелеу шараларын белгілеу орынды болады. Жұмыскерлердің кінәсі бойынша нормаланған тапсырмалар орындалмаған жағдайда, жұмысшының немесе қызметшінің лауазымдық айлығының тарифтік мөлшерлемесіне кеміту белгілеу түріндегі, еңбекті ынталандыру және ақы төлеу ережелерімен жазылған, материалдық жауапкершілікке тарту шараларын қолдануға болады. Нормаланған тапсырмаларды жүйелі түрде орындамайтын қызметшілерге қолданылатын қосымша жауапкершілік шаралары жұмыскерлерге аттестаттау өткізу кезінде осындай еңбек нәтижелерін есепке алу болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

6.1 қосымша

 

Жеке нормаланған тапсырма үлгісі

 

Т.А.Ә. __________________

Лауазымы _______________

Бөлім (бөлімше) _____________

Күні ________________________

 

Жұмысшыға (қызметшіге) нормаланған тапсырма

 

№ р/р

Жұмыс мазмұны

Өлшем бірлігі

 

Тапсырма

Орындалуы

Нормаланған тапсырманы белгілеуге негіздеме (жинақтың атауы, бөлімі, картасы, позициясы)

Жұмыс көлемі

Бір өлшем берлігіне уақыт нормасы, адам/сағ

Жоспарланған жұмыс көлеміне нормаланған уақыт, адам/сағ

Нақты орындалған жұмыс көлемі, адам/сағ

Өндірістік тапсырманың орындалу деңгейі, %%

 

1.

 

 

 

 

 

 

 

2.

 

 

 

 

 

 

 

3.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жиыны

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

6.2 қосымша

 

Ұжымдық нормаланған тапсырма үлгісі

 

Бригада __________________

Бригада мүшелерінің саны_______________

Цех (бөлімше) _____________

Күні ________________________

 

Жинау цехының бригадасына нормаланған тапсырма

(тасқынды желі, конвейер)

 

№ р/р

Жұмыс мазмұны

Өлшем бірлігі

 

дана

Тапсырма

Уақыт (атқарылым) нормалары бойынша есептелген, физикалық өлшем бірліктеріндегі жұмыс көлемі

Орындалуы

Нормаланған тапсырманы белгілеуге негіздеме (жинақтың атауы, бөлімі, картасы, позициясы)

Нақты орындалған жұмыс көлемі, дана

Тапсырманың орындалу деңгейі, %%

1

дана

 

 

 

 

2

 

 

 

 

 

 

3

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жиыны

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

6.3 қосымша

Жоба

 

Ұйымдағы қызметкерлердің сандық нормативін белгілеу бойынша әдістемелік ұсынымдар.

 

  1. Жалпы ережелер

Берілген әдістемелік ұсынымдар ұйымдағы қызметкерлердің санын өңдеу үшін арналған.

Қызметкерлердің еңбегін нормалау берілген жұмыс көлемін орындау кезінде еңбектің жобаланған немесе нақты ұйымдастырылуын ескере отырып, олардың еңбек өлшемін анықтауға бағытталған..

Ұйым қызметкерлері келесі санаттарға бөлінеді:

-  басшылар – басқарушылық шешімдерді қабылдау және олардың орындалуын ұйымдастыру өкілеттілігіне ие жұмысшылар;

- мамандар – ой еңбектері мазмұндылығымен, күрделілігімен, зерделілігімен айрықшаланатын және арнайы білімді талап ететін жұмысшылар;

- техникалық орындаушылар- әкімшілік-шаруашылық және көмекші функцияларды орындайтын жұмысшылар.

Жетекшілердің, мамандардың және техникалық орындаушылардың еңбектерің нормалаудың әдістемелік негіздері берілген санаттағы жұмысшылардың еңбек мазмұндылығының ерекшеліктерімен анықталады.

Ұйымдағы қызметкерлердің сандық нормасын белгілеу үшін еңбекті нормалаудың аналитикалық әдісі қолданылады.

 

2. Қызметкерлердің сандық нормасын әзірлеу кезеңдері

     Қызметкерлердің сандық нормасын әзірлеу үрдісі олардың қызметтерінің ерекшеліктеріне байланысты келесі іріленген кезеңдерден тұрады.  

  1. Осы мәселе бойынша әдістемелік және нормативтік материалдарды, басқару қызметінің құрылымын бекітетін жұмыс берушінің жергілікті актілерін зерттеу.
  2. Қызметкерлердің ұйымдық-техникалық шарттары мен жұмыстың орындалу әдістерін алдын ала зерделеу.
  3. Зерттеу әдістемесін әзірлеу, соның ішінде нормалау әдісін таңдау, кестелер мен карталар сұлбаларын әзірлеу және басқа да құралдар.
  4. Ұйымды басқарудағы функциялардың құрылымын анықтау.
  5. Жұмыс уақытының шығындарына функциялары бойынша зерттеулерді әзірлеу және жүргізу
  6. Функция матрицаларын құру, басқару қызметі бойынша қызметкерлердің сандық нормасын таңдау және анықтау
  7. Қызметкерлердің сандық нормасын тексеру, түзету және енгізу

Жұмыстың дайындық кезеңінде мыналар жүргізіледі:

- қолданыстағы заңнаманы, құрылымдық бөлімшелер туралы ережелерді, лауазымдық нұсқауларды, фирмаішілік және мемлекеттік стандарттарды, қолданылатын жергілікті актілерді және басқа да нормативтік материалдарды зерттеу;

- ұйымды басқару функциясының құрылымын анықтау, сәйкесінше бөлімшелердің жұмысшыларымен орындалатын қызметтерін айқындау;

- жұмысшының сәйкесінше қызметті жүзеге асыруы кезінде орындалатын еңбек үрдісін талдау, қызметтерді жеке жұмыс түрлері мен элементтеріне (операцияларға) ажырату;

- еңбек шығындарының көлеміне әсер ететін факторларды анықтау;

-  бақылаудың түрі мен көлемін анықтау.

 

3. Функция матрицаларын құру және сандық норманы есептеу

Қызметкерлер санының нормативтері басқару функциялары бойынша есептеледі. Ұйымның құрылымдылық бөлімшелері оларға жүктелген басқару қызметтеріне сәйкес айқындалады. Басқару функциясының әрқайсысына жұмыс (қызмет) түрлерінің шартты штаттық орналасуына байланысты тізім құрылады.

Ұйымды басқару функциясының құрамы ұйымның көлеміне, шығарылатын өнімнің көлеміне (көрсетілетін қызметтерге), салалық тиістілігіне және басқа да факторларға байланысты келеді.  Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2010 жылғы 15 қарашасындағы № 375-ө-м бұйрығымен бекітілген Ұйымдарды басқару аппараты қызметкерлерінің үлгілік құрылымын және штаттық нормативтерін әзірлеу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарда келесі ірілендірілген  басқару функциялары ұсынылған:

- жалпы басшылық;

- өндірістің дамуы мен техникалық дайындығы: конструкцияларды, технологияларды, өндірісті ұйымдастыруды жетілдіру  және т.б.;

- экономикалық функциялар: қаржы-шаруашылық қызметін болжау, жоспарлау, талдау, жұмысшылардың еңбекақыларының төленуін ұйымдастыру;

- бухгалтерлік есеп пен қаржылық қызмет;

- техникалық саясат: ғылыми-техникалық даму, стандарттау, сертификаттау,  сапа бақылауы, еңбекті қорғау және басқалары;

- қызметкерлер құрамын басқару: кадрларды жасақтау, дайындау мен қайта оқыту және басқалары;

- маркетинг, материалды-техникалық қамтамасыз ету мен өткізу;

- іс-қағаздарды жүргізуді, шаруашылық қызмет көрсетуді басқару және басқалары [33].

Ұйымның қызмет ерекшеліктерің ескере отырып, тәжірибеде басқару функцияларының басқа да тәсілдері қолданылуы мүмкін. Мысалы, «Қазақтелеком» АҚ облыстық телекоммуникациялар дирекциясында (ОТД) басқару функциялары үш функционалдық блокқа бөлінген: жалпы әкімшілік, өндірістік-техникалық, қаржылық-экономикалық. Жалпы әкімшілік блокқа келесі қызметтер жатады:

- еңбекті және қоршаған ортаны қорғау;

- қызметкерді басқару;

- құқықтық қамтамасыз ету;

- іс қағаздарын жүргізу.

Өндірістік-техникалық блокқа келесі қызметтер кіреді:

- пайдалануды ұйымдастыру;

- телекоммуникациялық жүйелер;

- технологиялық үрдістердің автоматтандырылған басқару жүйелері;

- бағдарламалық-техникалық қолдау.

Қаржылық-экономикалық блоктың негізін мына қызметтер құрайды:

- бюджеттендіру және корпоративтік қаржыландыру;

- бухгалтерлік есеп;

- экономикалық талдау;

- тарифтік реттеу.

Әр белгіленген басқару функциясы ірілену дәрежесіне байланысты жеке элементтерге бөлінетін нақты жұмыс түрлерінің жиынтығын қарастырады.

Қызметкерлердің сандық нормативін есептеу кезінде бақылау түрін таңдау маңызды мәнге ие. Бүгінгі таңда дәстүрлі бақылау түрлері::

- хронометраж;

- жұмыс орнының фотосуреті;

- жұмыс орнының өздігінен түсірілген фотосуреті;

- сараптамалық бағалар.

Соңғы жылдары компьютерлік және цифрлық технологияның дамуы жаңа бақылау түрлерінің пайда болуына негіз болды. Сондықтан халыққа белгілі бір қызмет түрлерін ұсынатын ұйымдарда көрсетілген әр қызмет түрлерінің ұзақтығын есептейтін компьютерлік есебі енгізілуде. Осылайша, бұндай жағдайларда, мысалы, хронометражды жүргізуге кететін уақыт шығыны айтарлықтай қысқарады.

Бұған қоса, жеке жағдайларда уақыт шығынын тиімді өлшеуге мүмкіндік беретін жұмыс үрдісіне бейнебақылау жүргізуге болады.

Қызметкерлердің еңбегін нормалау кезінде олардың орындайтын жұмыстардың сипатын ескере отырып, уақыт шығынын өлшеудің барлы жоғарыда аталған әдістерінің құрамдастырымын пайдалану мақсатты бағытталған болар еді.

Бақылаулар нәтижелері әр құрылымдық бөлімшелер бойынша функциялар матрицаларына топтасады (Кесте 1).

 

Кесте 1 – Сәйкесінше құрылымдық бөлімшенің функциялар матрицасының сұлбасы

Функция атауы

 

Орташа күндік еңбек сыйымдылығы

Орындалу кезеңділігі

Жылдық еңбек сыйымдылығы

1 функция

 

 

 

2 функция

 

 

 

3 функция

 

 

 

… функция

 

 

 

Барлығы

 

 

 

Демалысқа, жеке қажеттіліктерге, жұмыс орнына қызмет көрсетуге, кететін шығындар дайындық-қорытынды уақыты (10%)

 

 

 

Барлығы

 

 

Есж

 

Орындалу кезеңділігіне көбейтілген әр функция бойынша орташа күндік еңбек сыйымдылығы осы функция бойынша жылдық еңбек сыйымдылығын анықтайды. Демалыс пен жеке қажеттіліктерге, жұмыс орнында қызмет көрсетуге және дайындық-қорытындылау уақытына кеткен шығындарға түзетілген барлық функция түрлері бойынша еңбек сыйымдылығының қосындысы сәйкесінше бөлімшенің жиынтықты жылдық еңбек сыйымдылығын (Есж) береді.

Әр бөлімшенің жұмысшылар санының нормасы мына формула бойынша әр құрылымдық бөлімшенің барлық функцияларды орындауының жиынтықты жылдық еңбек сыйымдылығының 8 сағаттық жұмыс күні мен аптаның бескүндік жұмысы кезінде бір жұмысшының жұмыс уақыты қорына қатынасымен анықталады:

 

Сн = Есж : Қ,  мұндағы:

Есж – сәйкесінше бөлімшелердің барлық функцияларды орындауының жиынтықты жылдық еңбек сыйымдылығы, ад.-сағ.;

Қ – бір жұмысшының 8 сағаттық жұмыс күні мен аптаның бескүндік жұмысы кезіндегі қоры.

Жоғарыда келтірілген әдістеме қызметкерлердің еңбек айырмашылықтарын ескеретіндігін және уақыт шығынына сапалы бақылау жүргізу кезінде жұмысшылар санының негізделген нормасының әзірленуін қамтамасыз ететіндігін атап өткен жөн.

 

 

 

 

 

 

7. Еңбекті нормалауды құжаттамалық қамсыздандыру жөніндегі нормативтік-әдістемелік кешенді әзірлеу (ұйымдастырушылық, нормативтік, жоспарлау-есептеу және өкімдік құжаттама)

 

Бірнеше рет қолданылатын, ұйымның түрлі салалардағы қызметін реттейтін ресми ішкі құжаттары регламенттеуші құжаттарға жатады. Ұйымның барлық қызметкерлері үшін тұтастай алғанда еңбекті басқару жүйесін сипаттайтын, еңбек қатынастары мен еңбек жағдайларын реттейтін, еңбек құқығы нормаларын қамтитын регламенттеуші құжаттардың ерекше санатына жергілікті нормативтік актілер жатады.

Реттеу объектісіне байланысты регламенттеуші құжаттардың үш түр болуы мүмкін:

- ұйымдастыру құжаттары – ұйымның ұйымдық құрылымы мен басқару жүйесін реттейді;

- нормативтік-әдістемелік құжаттар – жұмысты, үдерістерді, іс-қимылдарды реттейді;  

- жоспарлы-есеп құжаттары – есеп саясатын реттейді, материалдық, қаржылық және еңбек ағындарын басқарады.

Ұйымдастыру құжаттары – бұл ұйымның және оның барлық құрылымдық бөлімшелерінің жалпы құрылымын, сондай-ақ бағыныштылық пен өзара іс-қимылдың ішкі тәртібін айқындайтын құжаттар. Олардың екі түрі болуы мүмкін: ереже және лауазымдық нұсқаулық. Ереже деп ұйымның немесе оның жекелеген құрамдас бөліктерінің (бөлімшелердің, лауазымдардың, алқалық органдардың) құқықтық мәртебесін, бағыныштылығын, құрылымын, құрылымдағы орнын, міндеттерін, функцияларын және қызметінің басқа да аспектілерін анықтайтын құқықтық акт түсініледі. Ереже ұйымды басқару жүйесін анықтайды. Еңбекті нормалауға қатысты осындай құжаттарға «Еңбек жөніндегі нормативтік-зерттеу зертханасы туралы ережені» жатқызуға болады (қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында құрамында осындай құрылымдық бөлімшелері бар ұйымның табылуы екіталай.   Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2012жылғы бұйрығымен бекітілген Басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығында дәл осындай бөлімшелер келтірілген. Сондықтан алдағы уақытта тиісті құжаттарды әзірлеу толық аталған Біліктілік анықтамалығына сәйкес жүзеге асырылады).

Лауазымдық нұсқаулық – қызметкердің белгілі бір лауазымда қызметін жүзеге асыру кезіндегі мәртебесін, функцияларын, құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін айқындайтын құқықтық акт. Лауазымдық нұсқаулық құрылымында тиісті лауазымы бар Бөлімше туралы ереженің негізінде әзірленеді. Лауазымдық нұсқаулық тиісті ережеге қатысты бағынышты құжат болып табылады.

Тапсырманың бекітілген техникалық ерекшеліктерінің шеңберінде осы жұмыста «Еңбек жөніндегі нормативтік-зерттеу зертханасы туралы ереже», сондай-ақ «Еңбек жөніндегі нормативтік-зерттеу зертханасының бастығы» және «Еңбекті Нормалау жөніндегі инженер» лауазымдары бойынша лауазымдық нұсқаулықтардың жобалары әзірленді (7.1, 7.2, 7.3-қосымшалар).

Нормативтік-әдістемелік құжаттар - бұл жұмыс үдерістерінде жұмыстарды, функциялар мен операцияларды орындау ережелерін, сондай-ақ оларда функционалдық түйіндес рөлдердің өзара әрекеттесу тәртібі мен ережелерін анықтайтын құжаттар. Нормативтік-әдістемелік құжаттардың алты түрі болуы мүмкін:

- қағида;

- ереже;

- регламент;

- тәртіп;

- әдістеме;

- жұмыс нұсқаулығы.

Нормативтік-әдістемелік құжаттардың келтірілген түрлерінің ішінде осы зерттеу тақырыбына қатысты тек «Ереже» мен «Әдістеме» қолданыла алады. Осы аспектіде «Ереже» деп қызмет саласының нақты бағыты бойынша жұмыстарды ұйымдастыру мен орындаудың жалпы ережелері мен тәртібін, сондай-ақ ұйымның функционалдық құрылымындағы олардың орнын, регламенттеу объектісінің сипаттамалары мен қолдану шарттарын айқындайтын құжат түсініледі. Құжаттардың мұндай түрлеріне «Еңбекті нормалау туралы ереже» жатқызылуы мүмкін (7.4-қосымша).

Жекелеген жағдайларда ұйымдарда әдістемелер әзірленуі мүмкін. Әдістеме – бұл үдерістердегі практикалық іс-әрекеттердің нақты тәсілдерін, амалдарын, техникаларын, технологияларын және құралдарын қамтитын құжат. Мысалы, ұйымда жұмыс күнінің және т.б.  фотосуреттерін жүргізу бойынша әдістеме Мұндай мәселелер осы жұмыста егжей-тегжейлі баяндалғанын, сондай-ақ Еңбекті нормалау саласындағы тиісті әдістемелік ұсынымдарда көрсетілгенін ескерумен, осындай құжаттарды есепте көрсетудің объективті қажеттілігі жоқ екені көрінеді. 

Жоспарлы-есепке алу құжаттары – бұл материалдық және қаржы ресурстарын жоспарлау, алу, есепке алу, бөлу және пайдалану, сондай-ақ ішкі және сыртқы есептілікті жасау және ұсыну тәртібі мен ережелерін айқындайтын құжаттар. Олардың регламенттеу объектісі қаржылық және материалдық ресурстар мен ағындар болады. Олардың нысаналы бағытына қарай, ондай құжаттаманың еңбекті нормалауға қандай да бір қатысты болуы екіталай.

Және өкімдік құжаттар – бұл ұйым қызметінің әкімшілік және ұйымдастырушылық мәселелерінің шешімдері белгіленетін құжаттар. Өкімдік құжаттардың көмегімен басқарудың жалпы функциясы жүзеге асырылады, онда басқару органына оның алдына қойылған міндеттерді іске асыруды, өндірістің барлық буындарының жұмысындағы үйлесімділікті қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін реттеудің неғұрлым жеке функциясы айрықша ерекшеленеді.

Өкімдік құжаттардың бірнеше түрлері бар, атап айтар болсақ:

- бұйрық

- қаулы

- шешім

- өкім

- нұсқау

Басқару тәжірибесінде ең жиі қолданылатын құжаттың екі түрі: бұйрық және өкім болып табылады. Бұл құжаттар дара басшылық негізінде жұмыс істейтін ұйымдарда құрылады, яғни оларда атқарушы биліктің барлық толықтығы бір адамға тиесілі. Бұйрық пен өкімнің арасындағы айырмашылықтар көбіне сақталмаған болып табылады, ұйымдарда нақты бір жағдайлар бойынша бұйрықтар да, өкімдер де шығарылуы мүмкін.

Нормалау практикасына қатысты осындай құжаттарға әзірленген еңбек нормаларын бекіту туралы бұйрық, сондай-ақ белгіленген мерзімде еңбек нормаларын әзірлеу қажеттігі туралы өкім жатқызылуы мүмкін. Осы жұмыста бұйрықтардың немесе өкімдердің үлгілерін келтірудің қажеттілігі жоқ деп санаймыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

7.1.-қосымша

Жоба

 

Еңбек жөніндегі нормативтік-зерттеу зертханасы туралы ереже

 

I. Жалпы ережелер

Зертхана кәсіпорынның дербес құрылымдық бөлімшесі болып табылады және директордың экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасарына тікелей бағынады.

II. Міндеттері

Еңбекті ұйымдастыру және нормалау саласында зерттеулер жүргізуді, қызметкерлердің түрлі санаттарының еңбек шығындарының техникалық негізделген нормаларын әзірлеуге және енгізуге бағытталған ғылыми негізделген іс-шараларды дайындауды қамтамасыз ету, шығарылатын өнімнің еңбек сыйымдылығын төмендету және осының негізінде еңбек өнімділігі мен өндіріс тиімділігін арттыру.

III. Құрылымы

1. Бөлімнің құрылымы мен штатын кәсіпорын директоры жұмыс көлемі мен өндіріс ерекшеліктерін ескере отырып, басқарма аппаратының үлгілік құрылымдарына және мамандар мен қызметшілер санының нормативтеріне сәйкес бекітеді.

2. Зертхана құрамына бөлімшелер (секторлар, бюро немесе топтар) немесе (жұмысшылардың, мамандардың және қызметшілердің еңбегін ұйымдастыру мен нормалауды жетілдіру жөніндегі, психофизиология және әлеуметтану жөніндегі және т. б.) жұмыстар бағыттары бойынша жекелеген мамандар кіреді.

IV. Функциялары

1. Еңбектің озық әдістері мен тәсілдерін енгізу, жұмыс орындарын ұйымдастыруды және қызмет көрсетуді жақсарту, психофизиологиялық және санитарлық-гигиеналық жағынан қолайлы еңбек жағдайларын, еңбек пен демалудың неғұрлым ұтымды режимдерін құру, өндіріс мәдениетін арттыру бойынша ұсынымдар дайындауды ұйымдастыру.

2. Еңбекті ұйымдастыру және нормалау саласында нормативтік-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыру.

3. Өндірістік жағдайларда еңбек жөніндегі нормативтік материалдарды, еңбекті тиімді ұйымдастыру жөніндегі ұсынымдар мен іс-шараларды әзірлеуге және алдын ала тексеруге, сондай-ақ аталған материалдарды бекіткеннен кейін енгізуге қатысу.

4. Еңбектің ұйымдастырылу жағдайын зерттеу, еңбек шығындарының қолданыстағы нормаларының сапасын, дұрыс қолданылуын және орындалу деңгейін (сандық нормативтердің, қызмет көрсетудің және уақыт нормалары) тексеру.

5. Еңбек процесстерін зерттеудегі заманауи техникалық құралдарды қолдану арқылы еңбек шығындарының прогрессивті нормаларын жасап шығаруға қажетті бастапқы мәліметтердің жинауды, талдау  өңдеуді ұйымдастыру.

6. Қызметкерлердің іскерлігі мен біліктілігінің артуына, еңбек пен өндірісті ұйымдастыруды жетілдіру бойынша шаралардың іске асырылуына, қолданыстағы жабдықтың жаңартылуына және жаңа жабдықтың енгізілуіне, прогрессивті технологиялық процесстердің енгізілуіне байланысты нормаларды қайта қарау бойынша ұсыныстарды дайындау.

7. Қызметкерлердің еңбегін нормалау салаларын кеңейту, экономикалық қызметтердің барлық түрлерін еңбек бойынша нормативтерін қолдану, ұқсас өндірісте қол жеткізген нәтижелер мен еңбек шығындарын сәйкестендіру негізінде прогрессивті нормаларды әзірлеу мен енгізу бойынша жұмыстарды жүргізу.

8. Жұмыс әдістерін өлшеу жүйесі және басқа да өткінші факторларына еңбек шығындарының математикалық тәуелділігі түріндегі нормативтерді көрсетудің жаңа формалары секілді микроэлементтік нормалаудың жүйелері мен әдістерін қолдану бойынша ұсыныстарды дайындау, қызметкерлердің санын есептеу мен еңбекті нормалаудың жаңартылуының перспективалы бағыттары бойынша зерттеулер жүргізу.

V. Еңбекті ғылыми ұйымдастыру және өндірісті басқару жөніндегі зертхананың кәсіпорынның басқа бөлімшелерімен өзара қарым-қатынасы

1. Кәсіпорын цехтары мен бөлімдерімен

Алады: ұйымның құрылымдық бөлімшелерінде еңбекті ұйымдастыру және нормалау жағдайына талдау жүргізу үшін қажетті материалдарды, жұмыс орындарында еңбекті ұйымдастыру картасын жасау үшін қажетті деректерді.

Ұсынады: еңбек шығындарының әзірленген нормаларының жобалары, прогрессивті еңбек нормаларын әзірлеу және енгізу жөніндегі жоспарлар, прогрессивті технологиялық процестерді қолдануға байланысты нормаларды қайта қарау, жаңа жабдықты енгізу және қолданыстағы жабдықтарды жаңғырту, өндіріс пен еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру бойынша ұсыныстар, еңбек нормаларының орындалу деңгейі жөніндегі статистикалық деректер

VI. Құқықтары

1. Кәсіпорын бөлімшелерінен зертханаға жүктелген функцияларды орындау үшін қажетті материалдарды (мәліметтерді, жоспарларды, есептерді және т. б.) ұсынуды талап ету.

2. Зертхана тақырыбы бойынша зерттеулер жүргізуге, әдістемелік ережелер мен ұсыныстар алуға, сондай-ақ жұмыс күнінің фотосуреттерін, хронометраж және т. б. өткізуге кәсіпорын мамандарын белгіленген тәртіппен жұмылдыру.

3. Зертхана құзыретіне кіретін мәселелерді талқылау үшін кәсіпорын қызметкерлерінің жиынын өткізу.

4. Зертхананың қызметі мәселелері бойынша басқа ұйымдармен байланысты жүзеге асыру.

VII. Жауапкершілік

1. Осы Ережемен жүктелген міндеттер мен функциялардың сапалы және уақытылы орындалуы үшін барлық толық жауапкершілікті зертхана бастығы көтереді.

2. Басқа қызметкерлердің жауапкершілік дәрежесі лауазымдық нұсқаулықтармен белгіленеді.

 

 

        

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

7.2. қосымша

Жоба

 

ЕҢБЕК ЖӨНІНДЕГІ НОРМАТИВТІК-ЗЕРТТЕУ ЗЕРТХАНАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ЛАУАЗЫМДЫҚ НҰСҚАУЛЫҒЫ

 

1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

 1.1. Осы лауазымдық нұсқаулық «_______________________________________________» (бұдан әрі -  «Қоғам») Еңбек жөніндегі нормативтік-зерттеу зертханасы бастығының функционалдық міндеттерін, құқықтары мен жауапкершілігін анықтайды.

1.2. Еңбек жөніндегі нормативтік-зерттеу зертханасының бастығы қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіппен Қоғам басшысының бұйрығымен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

1.3. Еңбек жөніндегі нормативтік-зерттеу зертханасының бастығы тікелей _________________________________ бағынады.

1.4. Еңбек жөніндегі нормативтік-зерттеу зертханасының бастығы лауазымына жоғары кәсіптік (экономикалық немесе инженерлік - экономикалық) білімі және еңбекті ұйымдастыру және нормалау жөніндегі инженерлік - техникалық және басшылық лауазымдарында кемінде 5 жыл жұмыс өтілі бар адам тағайындалады.

1.5. Еңбек жөніндегі нормативтік-зерттеу зертханасының бастығы еңбекақы төлеу, еңбекті нормалау мен ұйымдастыру бойынша нормативтік және әдістемелік материалдарды; еңбекті, басқару мен өндірістің ұйымдастырылуы мен экономикасын; еңбекті нормалау негіздерін; еңбек жөніндегі нормативтерді жасау тәртібін; өндірістің ұқсас түрлерінде қол жеткізген еңбек бойынша көрсеткіштерді; еңбекақы төлеудің, материалдық және моральдық ынталандыруың жүйесі мен нысандарын; сыйақы беру ережелерін;  нормативтік-зерттеу жұмыстарын жоспарлау, нормаларды қайта қарау, еңбек өнімділігін арттыру, өндірістің ұйымдастырылуын жақсарту және олардың экономикалық тиімділігін арттыру бойынша ұйымдастырушылық-техникалық шараларды әзірлеу тәртібін, еңбек жөніндегі көрсеткіштердің сапасын талдау, еңбек үдерістерін зерттеу әдістерін; еңбек үдерістерін жобалау тәртібі; еңбектің, өндірістің және басқарудың ұйымдастырылу деңгейін бағалау әдістерін; еңбек үдерістерін зерттеуге, жұмыс уақытының жұмсалуын өлшеуге және нормаларды есептеуге қолданылатын техникалық құралдарды, математикалық әдістерді; еңбек социологиясы, психологиясы және физиологиясының негіздерін; еңбек заңнамасының негіздерін; еңбектің ұйымдастырылуының, еңбекақы төлеу және өндірісті басқарудың отандық және шетелдік озық тәжірибесін; коммуникация және байланыс, есептеу техникасы құралдарын; еңбекті қорғау ережелері мен нормаларын білуге тиіс.     

1.6. Еңбек жөніндегі нормативтік-зерттеу зертханасының бастығы уақытша болмаған кезде оның міндеттері _________________________________________________________________ жүктеледі.

2. ЛАУАЗЫМДЫҚ МІНДЕТТЕРІ

Еңбек жөніндегі нормативтік-зерттеу зертханасының бастығы келесі міндеттерді жүзеге асырады: 

2.1. Еңбек қызметінің нәтижелерін жақсарту мен еңбек шығындарын қысқарту мақсатында нормативтік-зерттеу жұмыстарын өткізуге, еңбекті нормалау деңгейін жоғарлатуды қамтамасыз ететін шараларды әзірлеу мен енгізуге басшылық етуді іске асырады.    

2.2. Нормативтік-зерттеушілік жұмыстардың перспективалы және ағымдағы жоспарларының жобаларын, кәсіпорынның еңбегі бойынша жоспарларды, өндіріс тиімділігі мен еңбек өнімділігін арттыру бойынша техникалық-ұйымдастырушылық шараларын, нормалардың күнтізбелік қайта қарау жоспарларын дайындауға қатысады.

2.3. Еңбектің ұйымдастырылу жағдайын зерттейді, еңбек шығындарының қолданыстағы нормаларының сапасын, дұрыс қолданылуын және орындалу деңгейін (сандық нормативтердің, қызмет көрсетудің және уақыт нормалары) тексереді.

2.4. Еңбек үдерістерін зерттеудегі заманауи техникалық құралдарды қолдану арқылы еңбек шығындарының прогрессивті нормаларын жасап шығаруға қажетті бастапқы мәліметтердің жинауды, талдау  өңдеуді ұйымдастырады.

2.5. Қызметкерлердің іскерлігі мен біліктілігінің артуына, еңбек пен өндірісті ұйымдастыруды жетілдіру бойынша шаралардың іске асырылуына, қолданыстағы жабдықтың жаңартылуына және жаңа жабдықтың енгізілуіне, прогрессивті технологиялық процесстердің енгізілуіне байланысты нормаларды қайта қарау бойынша ұсыныстарды дайындайды.

2.6. Қызметкерлердің – мерзімді жұмыскерлер мен қызметшілердің еңбегін нормалау салаларын кеңейту, еңбек бойынша салааралық және салалық нормативтерді пайдалану, ұқсас өндірісте қол жеткізген нәтижелер мен еңбек шығындарын сәйкестендіру негізінде прогрессивті нормаларды жасау мен енгізу бойынша жұмыстарды жүргізуді қамтамасыз етеді.

2.7. Барлық қызметкерлердің еңбек шығындарының бекітілген нормаларын игеруі үшін қажетті шарттарын жасау бойынша ұсыныстарды дайындайды, өндірістік нұсқаудың өткізілуін және еңбектің жаңа әдіс-тәсілдеріне үйретуді қамтамасыз етеді.

2.8. Жұмыс әдістерін өлшеу жүйесі және басқа да өткінші факторларына еңбек шығындарының математикалық тәуелділігі түріндегі нормативтерді көрсетудің жаңа формалары секілді микроэлементтік нормалаудың жүйелері мен тәсілдерін қолдану бойынша ұсыныстарды дайындау, қызметкерлердің санын есептеу мен еңбекті нормалаудың жаңартылуының перспективалы бағыттары бойынша зерттеулер жүргізуді ұйымдастырады.

2.9. Еңбекақы төлеу, материалды және моральдық ынталандыру жүйесін жаңарту, еңбекті, көп білдекті жұмысты (көп агрегатты) қызмет көрсетуді ұйымдастырудың ұжымдық формаларын дамыту, мамандықтарды (лауазымдарды) үйлестіруді кеңейту, қызмет көрсету аймақтары мен орындалатын жұмыс көлемдерін арттыру бойынша ұсыныстарды дайындауға қатысады.

2.10. Еңбек өнімділігін арттыру резервтерін анықтауға, жұмыс уақытының тиімсіз қолданылуын жою мен оның қолданысын жақсарту бойынша шараларды жасау мен іске асыруға қатысады.

2.11. Еңбек сыйымдылығын қысқарту мен нормалау бойынша жұмыстардың сапасын арттыру мақсатында дербес компьютерлер мен желілерді, автоматтандырылған жұмыс орындарын енгізу бойынша ұсыныстарды әзірлейді.     

2.12. Ғылыми негізде еңбекті нормалауды жетілдіру және оларды енгізудің экономикалық тиімділігін айқындау жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және іске асыру кезінде кәсіпорын бөлімшелеріне әдістемелік басшылықты қамтамасыз етеді.

2.13. Зертхана жұмысшыларына басшылық етеді. 

3. ҚҰҚЫҚТАРЫ

Еңбек жөніндегі нормативтік-зерттеу зертханасы бастығының құқықтары:

3.1. Еңбек жөніндегі нормативтік - зерттеу зертханасы бастығының қызметі мәселелеріне қатысты қажетті материалдар мен құжаттарды сұрату және алу.

3.2. Еңбек жөніндегі нормативтік-зерттеу зертханасы бастығының құзыретіне кіретін өндірістік қызметтің жедел мәселелерін шешу үшін бөгде мекемелер мен ұйымдардың бөлімшелерімен өзара қарым-қатынас жасау.

3.3. Оның кәсіби қызметіне байланысты мәселелер бойынша басқа ұйымдарда кәсіпорынның мүдделеріне өкілдік ету.     

4. ЖАУАПКЕРШІЛІК

Еңбек жөніндегі нормативтік-зерттеу зертханасы бастығы:

4.1. Өз функционалдық міндеттерін орындауды қамтамасыз етпеуге.

4.2. Жұмыстың орындалу жағдайы туралы дұрыс емес ақпаратқа;

4.3. Кәсіпорын мен оның қызметкерлеріне қауіп төндіретін қауіпсіздік техникасы ережелерінің, өртке қарсы және басқа да ережелердің анықталған бұзушылықтарының жолын кесу жөнінде шараларды қабылдамағанына;

4.4. Еңбек тәртібін сақтауды қамтамасыз етпеуіне жауапты.  

5. ЖҰМЫС ШАРТТАРЫ

5.1. Еңбек жөніндегі нормативтік-зерттеу зертханасы бастығының жұмыс режимі қоғамда белгіленген Ішкі еңбек тәртібінің ережелеріне сәйкес анықталады.

5.2. Өндірістік қажеттілікке байланысты, нормативтік-зерттеу зертханасының бастығы еңбек бойынша қызметтік іс-сапарларға (оның ішінде, жергілікті жерлерге) шығуға міндетті.  

6. ҚОЛ ҚОЮ ҚҰҚЫҒЫ

6.1. Еңбек жөніндегі нормативтік-зерттеу зертханасының бастығына оның қызметін қамтамасыз ету үшін өз функционалдық міндеттеріне кіретін мәселелер бойынша ұйымдастырушылық-өкімдік құжаттарға қол қою құқығы беріледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

7.3.-қосымша

Жоба

 

Еңбекті нормалау жөніндегі инженердің

лауазымдық нұсқаулығы

 

I. Жалпы ережелер

  1. Еңбекті нормалау жөніндегі инженер мамандар санатына жатады.
  2. Еңбекті нормалау жөніндегі:

инженер лауазымына – жоғары кәсіби (техникалық немесе инженерлік-экономикалық) білімі бар тұлға, оның жұмыс өтіліне талап қойылмай, немесе орта кәсіби білімі мен І санатты техник мамандығы бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілі немесе орта кәсіби білімі бар мамандардың орнын басатын басқа да лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс өтілі бар тұлға;

ІІ санатты инженер лауазымына – кәсіби (техникалық немесе инженерлік-экономикалық) білімі мен еңбекті нормалау жөніндегі инженер лауазымында немесе жоғары кәсіби білімі бар мамандармен орны басылатын басқа да лауазымдарда кемінде 3 жыл жұмыс өтілі бар тұлға;

        І санатты инженер лауазымына – жоғары кәсіби (техникалық немесе инженерлік-экономикалық) білімі мен ІІ санатты еңбекті нормалау жөніндегі инженер лауазымында кемінде 3 жыл жұмыс өтілі бар тұлға тағайындалады.

  1. Еңбекті нормалау жөніндегі инженер лауазымының тағайындалуы және лауазымынан босатылуы _______________________________ ұсынуы бойынша кәсіпорын директорының бұйрығымен жүзеге асырылады
  2. Еңбекті нормалау жөніндегі инженер білуі тиіс:

4.1. Еңбекті ұйымдастыру, нормалау және еңбекақыны төлеуге қатысты қаулыларды, өкімдерді, бұйрықтарды, әдістемелік және нормативтік материалдарды.

4.2. Еңбекті нормалау әдістерін.

4.3. Өндіріс, еңбек және басқару экономикасын, оларды ұйымдастыруды.

4.4. Технологиялық процестер мен өндіріс режимдерін.

4.5. Технологиялық құжаттаманың бірыңғай жүйесін.

4.6. Еңбекақы төлеу нысандары мен жүйелерін.

4.7. Сыйақы беру жөніндегі ережені, тарифтік-біліктілік анықтамалары мен басқа да нормативтік және әдістемелік материалдарды, нормаларды қайта қараудың күнтізбелік жоспары мен еңбек өнімділігін арттыру бойынша ұйымдық-техникалық шараларды, еңбекті ұйымдастыру жоспарларын, бұйымның еңбек сыйымдылығын төмендету тапсырмаларын әзірлеу тәртібін.

4.8. Технологиялық үдерістерді (өндіріс режимдерін) әзірлеу кезінде еңбекті оңтайлы ұйымдастыру талаптарын.

4.9. Еңбекті нормалау жағдайын, нормалардың сапасын, еңбек көрсеткіштерін талдау, еңбек үдерістері мен аса тиімді еңбек тәсілдері мен әдістерін зерттеу, жұмыс уақытын қолдану әдістерін.

4.10. Есептеу техникасы, коммуникация және байланыс құралдарын.

4.11. Еңбек социологиясы, физиологиясы және психологиясы негіздерін.

4.12. Еңбекті ұйымдастыру, нормалау және еңбекақы төлеудегі озық отандық және шетелдік тәжірибені.

4.13. Еңбек заңнамасының негіздерін.

4.14. Еңбекті қорғау ережелері және нормалары.

  •           Еңбекті нормалау жөніндегі инженер өз қызметінде:

5.1. Еңбекті ұйымдастыру және еңбекақы төлеу жөніндегі ережені.

5.2. Осы лауазымдық нұсқаулықты басшылыққа алады.

  • нормалау жөніндегі инженер еңбекті ұйымдастыру және еңбекақы төлеу бөлімшесінің бастығына тікелей  бағынады.
  • нормалау жөніндегі инженер болмаған (демалыс, ауыру, іссапар, басқ.) кезде оның міндеттерін кәсіпорын директоры тағайындаған, сәйкесінше құқықты иеленетін және оған жүктелген міндеттерінің тиісті деңгейде орындалуына жауапты болатын тұлға атқарады.

 

II. Лауазымдық міндеттері

Еңбекті нормалау жөніндегі инженер:

  1. Психофизиологиялық және әлеуметтік-экономикалық факторларды ескере отырып, еңбек жөніндегі салааралық, салалық және басқа да қарқынды нормативтерді қолдану негізінде кәсіпорында орындалатын әртүрлі жұмыс түрлері бойынша нақты өндірістік-техникалық талаптарға қолданылатын еңбек шығындарының техникалық негізделген нормаларын, сондай-ақ жабдықтың өнімділігі туралы техникалық деректер, аса нәтижелі еңбек тәсілдері мен әдістерін қолдану кезінде жұмыс уақытының шығынын талдау нәтижелері негізінде есептелген жергілікті нормаларды әзірлейді және енгізеді.
  2. Нормалау жағдайын, норманың негізділік және қауырттылық дәрежесін талдайды, олардың сапасын жақсарту, бірдей ұйымдық-техникалық талаптар кезінде орындалатын біртекті жұмыстарда нормалардың бірдей қауырттылығын қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізеді.
  3. Технологиялық процестерден шегінумен байланысты біржолғы және қосымша жұмыстарға уақыт (өндіру) нормасын бекітеді.
  4. Технологиялық үдерістерді (өндіріс режимдерін) әзірлеу кезінде бекітілетін нормалардағы еңбекті оңтайлы ұйымдастыру талаптарының сақталуына бақылау жүргізеді, еңбек шығындарының техникалық негізделген нормаларын енгізуден экономикалық ықпалды анықтайды.
  5. Ескірген және қате бекітілген нормаларды анықтау мақсатында қолданыстағы еңбек нормаларын тексереді, оларды жаңа, ұйымдық-техникалық шаралардың енгізілуіне байланысты аса озық нормаларға уақытылы ауыстыру жұмыстарын жүргізеді.
  6. Қызметкерлер санының салалық нормативтеріне сәйкес басқару функциялары мен құрылымдық бөлімшелер бойынша жұмысшылар санын анықтайды, нақты санының нормативтік санынан ауытқуын және бұндай ауытқулардың себептерін анықтайды, нормативтен көп санды жою бойынша ұсынымдарды әзірлейді.
  7. Еңбек өнімділігінің өсуі бойынша белгіленген тапсырмалардың орындалуын қамтамасыз ететін, енгізілуге жоспарланып отырған ұйымдық-техникалық шаралар негізінде нормаларды қайта қараудың күнтізбелік жоспарының жобаларын құрайды.
  8. Кәсіпорында еңбектің ұйымдастырылуын жетілдіру бағдарламалары мен жылдық жоспарларының жобаларын дайындауға қатысады.
  9. Еңбек өнімділігінің артуы мен өнім сапасының жақсаруын қамтамасыз ететін шараларды жүзеге асыру нәтижесінде бұйымның, сондай-ақ жаңа техника мен озық технологиялардың, өнертапқыштық ұсыныстар мен өнертабыстардың енгізілуімен, еңбек пен өндіріс ұйымдастырылуының жетілуімен байланысты жаңа бұйым түрлерінің еңбек сыйымдылығын анықтайды, нормативтік еңбек сыйымдылығын азайту бойынша тапсырмаларды әзірлейді.
  10. Нормалардың орындалу деңгейін зерттейді, тікелей жұмыс орындарында нақты еңбек шығындарының нормативтік еңбек шығынынан ауытқу дәрежесі мен себептерін зерделейді, барлық жұмысшылардың еңбек шығындарының нормаларын игеруі үшін қажетті жадайлар жасау бойынша ұсыныстарды әзірлеуге қатысады.
  11. Жұмысшылар мен қызметкерлерге жаңа нормалар мен бағалаулардың уақытылы жеткізілуіне, кәсіпорында еңбек жөніндегі нормативтік материалдардың дұрыстығына бақылау жүргізеді.
  12. 12.     Өнімнің еңбек сыйымдылығын азайтуға, нормалау сапасын арттыру, мерзімді жұмысшының еңбегін нормалау саласын кеңейту есебінен еңбек өнімділігінің өсу қорларын анықтауға, жұмыс уақытының шығынын жоюға және оның қолданылуын жақсартуға, еңбекақыны төлеу жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстарды даярлауға, жұмысшыларды материалдық және моральдық ынталандыруға қатысты шараларды әзірлеуге қатысады.
  13. Жаңадан енгізілген нормаларды игеру нұсқамалығын жүзеге асырады.
  14. Заманауи есептеу техникасы, коммуникация және байланыс құралдарының көмегімен еңбек процестері мен операциялардың орындалуына кететін жұмыс уақыты шығынын зерттеу жұмыстарын жүргізеді, алынған деректерді талдайды, аса тиімді еңбек әдістері мен тәсілдерін анықтайды, олардың таралуына жәрдем жасайды.
  15. Кәсіпорын бөлімшелерінде еңбек (өндірісті, тоқтап қалуларды, қалыпты еңбек нормасынан ауытқыған жағдайдағы қосымша ақыны есепке алу бойынша бастапқы құжаттарды рәсімдеу кезіндегі жұмыс санаты, бағаны, тарифтік торлар мен мөлшерлемелер және т.б.) жөніндегі нормативтік материалдардың дұрыстығына бақылау жүргізеді.
  16. Еңбек шығыны мен бағалардың бекітілген нормаларының өзгеруі туралы хабарламалар жасайды.
  17. Ұжымдық шартқа енгізілетін әкімшіліктің, жұмысшылар мен қызметкерлердің бұйымның еңбек сыйымдылығын төмендету, еңбек өнімділігін, оның нормалану деңгейін арттыру бойынша өзара міндеттемелерін, соның ішінде техникалық негізделген нормалардың меншікті салмағын арттыру бойынша міндеттемелерін, сондай-ақ еңбекті нормалау деңгейін арттыруға, оның қолданылу саласын кеңейтуге, еңбек жөніндегі салааралық және салалық нормативтік материалдарды әзірлеуге жағдай жасайтын нормативтік-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру бойынша өзара міндеттемелерін анықтауға қатысады.
  18. Еңбекті нормалау мен оларды бекіткеннен кейін енгізу үшін салааралық және салалық нормативтік материалдардың жобаларын ұйымдастырады және өндірістік жағдайда оларға тексеріс жүргізеді.
  19. Еңбек шығыны нормасының санын, құрамын және орындалу деңгейінің, бұйымның еңбек сыйымдылығын төмендету, техникалық негізделген нормаларды қолдану бойынша тапсырмалардың орындалуының, сондай-ақ олардың енгізілуінен туындайтын экономикалық ықпалдың есебін жүргізеді.
  20. Еңбекті ұйымдастыру, нормалау және еңбекақы төлеу саласындағы озық отандық және шетелдік тәжірибені зерттейді және оны өз жұмысында қолданады.
  21. Еңбекті нормалау жағдайы туралы есептеменің жасалуын қамтамасыз етеді.

 

III. Құқықтары

Еңбекті нормалау жөніндегі инженердің құқықтары:

  1. Кәсіпорын басшылығының өзінің қызметіне қатысты шешімдерінің жобаларымен танысу.
  2. Оның құзыретіне жататын мәселелер бойынша кәсіпорын қызметін жақсарту және еңбек әдістері мен тәсілдерін жетілдіру бойынша ұсынымдарды; кәсіпорын қызметіндегі кемшіліктерді жою нұсқаларын еңбекті ұйымдастыру және еңбекақы төлеу бойынша бөлім бастығының қарауына енгізу.
  3. Өзінің лауазымдық міндеттемелерін орындауға қажетті ақпараттар мен құжаттарды бөлімше басшылары мен мамандардан жеке немесе кәсіпорын басшылығының тапсырысы бойынша сұрау салу.
  4. Өзіне жүктелген тапсырмаларды шешуге  барлық (жеке) құрылымдық бөлімшелер мамандарын жұмылдыру (егер бұл құрылымдық бөлімшелер туралы ережелермен қарастырылса, егер қарастырылмаса – басшылардың шешімімен).
  5. Кәсіпорын басшылығынан өзінің лауазымдық міндеттері мен құқықтарын орындауға көмек көрсетуін талап ету.

IV. Жауапкершілік

Еңбекті нормалау жөніндегі инженер:

  1. Ресей Федерациясының қолданыстағы еңбек заңнамасымен анықталған шекте осы лауазымдық қызмет нұсқаулығында қарастырылған өзінің лауазымдық міндеттерін тиісті деңгейде орындамаса немесе мүлдем орындамағаны үшін;
  2. Қазақстан Республикасының қолданыстағы әкімшілік, қылмыстық және азаматтық заңнамасымен анықталған шекте өзінің қызметін жүзеге асыру үдерісінде жасалған құқық бұзушылықтар үшін;
  3. Қазақстан Республикасының қолданыстағы қылмыстық және азаматтық заңнамасымен анықталған шекте материалдық зақым келтіргені үшін жауапты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

7.4.-қосымша

Жоба

 

Ұйымдағы еңбекті нормалау туралы ереже

 

Кіріспе

 

Осы Ереже келесі нормативтік актілер негізінде және оларға сәйкес әзірленді:

  • Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі;
  • Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1036 бұйрығымен бекітілген Жұмыс берушінің еңбек нормаларын, еңбек жөніндегі үлгілік нормалар мен нормативтерді, қызметтің барлық салалары үшін еңбек жөніндегі бірыңғай және (немесе) салааралық үлгілік нормалар мен нормативтерді әзірлеу, бекіту, ауыстыру және қайта қарау қағидалары;
  • Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің сәйкесінше бұйрығымен бекітілген еңбекті нормалау саласындағы әдістемелік ұсынымдар.

1. Қолданылу саласы

 

Осы ереже еңбекті нормалау функциясын жүзеге асыратын нормативтер мен нормалар жүйесін бекітеді және еңбекті нормалаудың ұйымдастырылуын реттемелейтін негізгі ережелерден тұрады, сондай-ақ ұйымда еңбек жөніндегі нормативтік-зерттеу жұмыстарын жүргізу тәртібін белгілейді.

 

2. Терминдер мен анықтамалар

 

Осы құжатта тиісті анықтамалары бар келесі терминдер қолданылады:

  1.  Апробация: нақты (іс жүзіндегі) жағдайлар талабында еңбек үдерісіне (атқарылатын қызметке) әсерін талдау және зерттеу мақсатында жүргізілген жұмыстардың (нормативтік материалдардың, еңбек нормасының) нәтижелерін шектеулі (тестілік) кезеңге енгізу процесі.
  2.  Аттестатталған нормалар: техника мен технологияның, өндіріс пен еңбекті ұйымдастырудың қол жеткізілген деңгейіне сәйкес келетін техникалық негізделген нормалар.
  3. Уақытша нормалар: еңбекті нормалау үшін нормативтік материалдар болмаған жағдайда қандай да бір жұмыс түрін игеру кезеңінде бекітілген, қайталанып келетін операцияларға арналған нормалар. Уақытша нормалар үш айға дейінгі мерзімге бекітіледі және осы мерзім аяқталған кезде тұрақты нормалармен алмастырылады.
  4.  Еңбек нормасын ауыстыру және қайта қарау: ұйым мен оның бөлімшелері деңгейінде сәйкесінше бақылауды ұйымдастыруды талап ететін қажетті және заңды үрдіс.
  5.  Еңбек нормасын ауыстыру және қайта қарау: ұйым мен оның бөлімшелері деңгейінде сәйкесінше бақылауды ұйымдастыруды талап ететін қажетті және заңды үрдіс.
  6.  Қызмет көрсету уақытының нормасы: жұмыс бірліктерін орындау, нақты ұйымдық-техникалық талаптарда қызмет көрсету үшін бекітілген жұмыс уақыты шығының шамасы.
  7.  Еңбек шығынының нормасы: нақты ұйымдық-техникалық талаптарда сапалы қызмет көрсетуге кетуге тиісті еңбек саны.
  8.  Қызмет көрсету нормасы: нақты ұйымдық-техникалық талаптарда сәйкесінше біліктіктегі жұмысшы немесе жұмысшылар тобы жұмыс уақытының бірлігінде қызмет көрсететін нысандар саны. Қызмет көрсету нормасының түр өзгешеліктеріне бір басшы басқаратын жұмысшылар санын анықтайтын басқарушылық нормасы жатады. Үлгілік қызмет көрсету нормасы біртекті жұмыс орындары үшін орташа көрсеткіш бойынша белгіленеді.
  9.  Сандық норма: нақты ұйымдық-техникалық талаптарда нақты фунцияларды атқару, қызмет көрсету, нақты жұмыс көлемін орындау үшін қажетті белгілі бір кәсіби-білікті құрамдағы жұмысшылардың бекітілген саны.
  10. Нормаланған тапсырма: жоғарыда келтірілген еңбек шығынының нормалар түрінде көрсетілген мерзімді төленетін жұмыстардың жұмыс ауысымында (жұмыс күнінде), ай ішінде немесе жұмыс уақытының басқа да бірлігінде жұмысшы немесе жұмысшылар тобының орындауға/көрсетуге тиіс жұмыс/қызмет көлемі. Нормаланған тапсырмалар қолданыстағы еңбек шығыны нормасы негізінде әзірленеді және еңбек өнімділігін арттыру мен материалдық қорларды үнемдеу бойынша тапсырмаларды ескере отырып бекітілген жеке және ұжымдық еңбек шығындарынан тұруы мүмкін.
  11. Салалық үлгілік нормалар: бір экономика саласының ұйымдарында орындалатын жұмыстарда еңбекті нормалау үшін арналған еңбек жөніндегі нормативтік материалдар.
  12. Қате бекітілген нормалар: ұйымдық-техникалық және басқа да талаптар дұрыс ескерілмеген немесе еңбек жөніндегі нормативтерді қолдану және есептеулер жүргізу кезінде олқылықтар жіберілген еңбек нормасы.
  13. Біржолғы нормалар: жеке сипатқа (жоспардан тыс, апаттық, кездейсоқ және технологиямен қарастырылмаған басқа да жұмыстар) ие жеке жұмыстарға бекітілетін және егер осы жұмыстарға уақытша немесе тұрақты нормалар енгізілмесе, онда осы жұмыстар аяқталғанға дейін әрекет ететін еңбек жөніндегі нормативті материалдар.
  14. Техникалық негізделген еңбек нормасы: нормалаудың талдамалық әдісімен бекітілген және жұмыс уақытының барынша толық әрі тиімді қолдануды қарастыратын норма.
  15. Ескірген нормалар: жұмыстардағы өндіріс пен еңбектің ұйымдастырылуын жалпы жақсарту, жұмыс көлемін арттыру, кәсіби шеберліктің өсуі және жұмысшылар дағдысын жетілдіру нәтижесінде еңбек сыйымдылығы азайған еңбек нормалары.
  16. Салааралық үлгілік еңбек нормасы: әртүрлі экономика саласының ұқсас ұйымдық-техникалық талаптарындағы бірдей технологиямен жұмысты жасауды атқаратын жұмысшылардың еңбегін нормалау үшін қолданылатын еңбек жөніндегі нормативтік материалдар.
  17. Жергілікті еңбек нормалары: ұйымда әзірленген және бекітілген еңбек жөніндегі нормативтік материалдар.

3. Ұйымда еңбекті нормалаудың негізгі мақсаттары мен міндеттері

Еңбекті нормалау шаруашылық тетіктің басым және бастапқы буыны, сондай-ақ еңбек тиімділігін арттыру үшін белгілі-бір ұйымдық-техникалық жағдайларда ғылыми-негізді еңбек нормаларын бекітуді қамтамасыз ете отырып, қызметкерлерді басқаруды ұйымдастырудың құрамдас бөлігі болып табылады. Ұйымда еңбекті нормалаудың басты міндеті жиынтық өнімділікті арттыру және еңбек ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыру мақсатында еңбек шығындары нормаларының негізделген, прогрессивті көрсеткіштерін белгілеу болып табылады.   

  1. Ұйымдағы еңбекті нормалау мақсаты:
  • еңбек шығынын барынша азайу арқылы өндіріс пен еңбектің ұйымдастырылуын жетілдіруге;
  • жұмыстардың, қызметтердің еңбек сыйымдылығын жоспарлы түрде төмендетуге;
  • жоспарлы көрсеткіштерді ескере отырып, жұмыс орындары мен бөлімшелер бойынша жұмысшылардың санын есептеу және жоспарлауға;
  • жұмысшылар жалақысының тұрақты және ауыспалы бөлігінің мөлшерін есептеу және реттеу, еңбекақы төлеу мен сыйақы беру нысандары мен жүйелерін жетілдіруге мүмкіндік беретін еңбекті нормалау жүйесін жасау.
  1. Ұйымда еңбекті нормалаудың негізгі міндеттері келесілер болып табылады:
  • еңбекті нормалау жүйесін әзірлеу;
  • еңбекті нормалауды жүйелі жетілдіру бойынша шаралар әзірлеу;
  • барлық жұмыстар мен қызметтерге оңтайлы еңбек шығындарын талдау және анықтау;
  • жаңа және нормалаумен қамтылмаған жабдықтарға, технологияларға, жұмыстар мен қызметтерге еңбекті нормалау үшін нормалар мен нормативтерді әзірлеу;
  • жұмыстың, қызметтің аяқталған көлеміне еңбек шығындарының ірілендірілген және кешенді нормаларын әзірлеу;
  • әзірленетін нормативтік материалдардың сапасын және оларды негіздеу деңгейін арттыру;
  • еңбек бойынша әзірленген нормалар мен нормативтерді уақтылы енгізу бойынша жүйелі жұмысты ұйымдастыру және олардың дұрыс қолданылуын бақылауды қамтамасыз ету; 
  • еңбек нормалары негізінде қызметкерлердің саны, біліктілік деңгейі бойынша олардың санын анықтау мен жоспарлауды қамтамасыз ету;
  • жеке және ұжымдық жұмыс орындарында қызметкерлерді тиімді жұмыспен қамтуды негіздеу және ұйымдастыру, әр түрлі күрделіктегі жұмыс ұзақтығының арақатынасын талдау;
  • жұмыс уақытының ұтымсыз шығындарын анықтау және қысқарту, жұмыс уақытының шығынын және жұмыс орындарында тұрып қалуды жою;
  • мекеме бөлімшелерінде әртүрлі біліктіліктегі бір кәсіп (мамандық) қызметкерлерінің оңтайлы арақатынасын анықтау;
  • жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жоспарланған көлемін орындау үшін қажетті қызметкерлер санының нормасын есептеу;
  • сандық және сапалық еңбек нәтижелері үшін қызметкерлерге сыйақы берудің нысандары мен түрлерін негіздеу.
  1. Еңбекті нормалауды дамыту еңбекті ұйымдастыруды жетілдіруге, еңбек ресурстарын пайдалануды жоспарлау мен талдауға, еңбек ресурстарын пайдалану нысандарын дамытуға, орындалатын жұмыстардың еңбек сыйымдылығын азайтуға, еңбек өнімділігін арттыруға ықпал етуі тиіс.

3.5 Еңбекті нормалау міндеттеріне ұтымды және тиімді қол жеткізу мақсатында бастапқы деректерді өңдеудің қазіргі заманғы экономикалық-математикалық әдістерін және электрондық-есептеу техникасын, микроэлементті нормалау жүйелерін, бейнетехниканы және жұмыс уақытының шығындарын өлшеудің және еңбек тәсілдері мен әдістерін зерделеудің басқа да техникалық құралдарын кеңінен қолдану қажет.

4. Ұйымда қолданылатын нормативтік материалдар мен еңбек нормалары

 

Ұйымда еңбекті нормалау бойынша мынадай негізгі нормативтік материалдар қолданылады:

  • еңбек нормаларын әзірлеу бойынша әдістемелік ұсынымдар;
  • еңбек нормалары (нормалар, уақыт, сандылық нормативтері, өңдеу, қызмет көрсету нормалары). 
    1. Ұйым деңгейінде жергілікті еңбек нормаларын әзірлеу, туынды көрсеткіштерді есептеу кезінде базалық көрсеткіштер ретінде қызметкерлерді ұйымдастыру және басқару мақсатында салааралық және салалық үлгілік еңбек нормалары пайдаланылады. Салалық және салааралық үлгілік нормалары болмаған жағдайда еңбек ұйымы жергілікті еңбек нормаларын әзірлейді.
    2.  Еңбекті нормалауға арналған нормативтік материалдар мынадай негізгі талаптарға сай болуы тиіс::
  • техника мен технологияның, еңбекті ұйымдастырудың заманауи деңгейіне сәйкес болу;
  • техникалық-технологиялық, ұйымдастырушылық, экономикалық және психофизиологиялық факторлардың әсерін барынша ескеру;
  • белгіленген еңбек нормаларының жоғары сапасын, еңбек қауырттылығының (қарқындылығының) оңтайлы деңгейін қамтамасыз ету;
  • талап етілетін дәлдік деңгейіне сәйкес келу;
  • олар бойынша мекемедегі еңбек шығындарын есептеу және жұмыстың еңбек сыйымдылығын анықтау үшін ыңғайлы болу;
  • ақпаратты жинау және өңдеу үшін автоматтандырылған жүйелер мен дербес электронды-есептеу машиналарында оларды пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз ету.
    1.  Қолдану саласы бойынша нормативтік материалдар салааралық, салалық және жергілікті болып бөлінеді..
    2.  Жұмыстарды орындауға қажетті еңбек шығындарының санын белгілеу осы жұмыстарды орындаушыларға қойылатын біліктілік талаптарын белгілеуге байланысты. 
    3.  Нормаларды саралау немесе ірілендіру дәрежесі еңбекті ұйымдастырудың нақты шарттарымен анықталады.
    4.  Ұйымдастырушылық-техникалық жұмыс жағдайлары бойынша тұрақты белгіленген нормалармен қатар уақытша және бір жолғы нормалар қолданылады.
    5.  Уақытша нормалар 1 (бір) жылдан аспайтын мерзімге бекітілген еңбек нормалары болмаған кезде сол немесе басқа жұмыстарды игеру кезеңіне белгіленеді, олар еңбекті нормалаудың жиынтық сараптамалық әдістерімен белгіленуі мүмкін.
    6.  Тұрақты нормалар 5 (бес) жылдан аспайтын мерзімге әзірленіп, бекітіледі және техникалық негізділікке ие.
    7.  Жұмысты орындауға қойылатын біліктілік талаптарын көрсете отырып, еңбекті нормалаудың талдамалық әдістері негізінде белгіленген және еңбек ұзақтығы мен қарқындылық деңгейі, жұмыс қарқыны бойынша жұмыс уақытының барлық резервтерін барынша толық пайдалануға бағдарланған еңбек нормалары техникалық негізделген болып саналады. Жұмысты тарифтеу, қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптарын айқындау  Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларына сәйкес жүргізіледі.
    8. Бір жолғы нормалар бірлі-жарым сипаттағы жекелеген жұмыстарға (жоспардан тыс, авариялық және т.б.) белгіленеді. Олар есептік және тәжірибелік-статистикалық болуы мүмкін.
    9. Уақыттың, санның, өндірудің немесе қызмет көрсетудің уақытша тәжірибелік-статистикалық уақыт нормалары осы жұмыс түрлерін орындауға еңбек бойынша техникалық негізделген нормативтік материалдар болмаған жағдайда белгіленеді. Тәжірибелік-статистикалық нормалар еңбекті нормалау жөніндегі маманның сараптамалық бағасы негізінде белгіленеді, ол өткен кезеңдегі ұқсас жұмыстарға нақты уақыт шығындары туралы жүйелендірілген деректерге негізделеді. Уақытша нормалардың қолданылу мерзімі үш айдан (жиі қайталанатын жұмыстарда), ал ұзақ процесс кезінде - қажетті жұмыстарды орындау кезеңінен аспауы тиіс. Нормалауға жауапты тұлғалар уақытша еңбек нормаларын дұрыс (негізделген) белгілеуге дербес жауапты болады.

4.12 Уақытша немесе бір жолғы еңбек нормаларын енгізу туралы еңбек ұжымдарына жұмысты орындау басталғанға дейін хабарлануы тиіс.

 

5. Еңбекті нормалау бойынша нормативтік материалдарды әзірлеу мен қайта қарауды ұйымдастыру

  1. Ұйымда еңбекті нормалау жөніндегі нормативтік материалдарды әзірлеу жұмыс берушінің немесе қызметкерлердің өкілетті органының бастамашылығына негізделген.
  2. Ұйымда еңбекті нормалау жөніндегі нормативтік материалдардың негізгі түрі техникалық негізделген еңбек нормалары болып табылады.
  3. Еңбек шығындарының нормативтік шамасына әсер ететін факторларды есепке ала отырып, талдау әдісімен белгіленген нормалар негізделген болып табылады.
  4. Еңбек шығындарының нормативтік шамасына әсер ететін факторлар әсер етудің сипаты мен бағытына байланысты техникалық, ұйымдастырушылық, психофизиологиялық, әлеуметтік және экономикалық болып бөлінеді.
  5. Техникалық факторлар еңбектің материалдық заттық элементтерінің:
  • еңбек пәндері;
  • еңбек құралдарының сипаттамаларымен анықталады.
  1. Ұйымдастыру факторлары еңбекті бөлу және кооперациялау формаларымен, жұмыс орнын ұйымдастыру және оған қызмет көрсетумен, жұмыстарды орындау әдістері мен тәсілдерімен, еңбек және демалыс режимдерімен анықталады.
  2. Техникалық және ұйымдастыру факторлары жұмыстарды орындаудың ұйымдастырушылық-техникалық шарттарын алдын ала анықтайды.
  3. Экономикалық факторлар әзірленетін нормалардың еңбек өнімділігіне, көрсетілетін қызметтердің сапасына әсерін анықтайды.
  4. Психофизиологиялық факторлар жұмысты орындаушының сипаттамасымен: жынысы, жасы, кейбір антропометриялық деректер (бойы, аяқ ұзындығы, күші, ептілігі, төзімділігі және т.б.), сондай-ақ өндірістің кейбір сипаттамаларымен (шолу аймағының және қол жеткізу аймағының параметрлері, жұмыс позасы, көрудің жүктемесі, жұмыс қарқыны және т. б.) анықталады. Психофизиологиялық факторларды есепке алу жұмыс істейтіндердің денсаулығын, олардың жоғары жұмыс қабілеттілігі мен тіршілік әрекетін сақтау мақсатында еңбек пен демалудың тиімді режимі мен еңбектің қалыпты қарқындылығы жағдайында өтетін еңбек процесінің оңтайлы нұсқасын таңдау үшін қажет.
  5. Әлеуметтік факторлар психофизиологиялық факторлар сияқты жұмысты орындаушының сипаттамасымен, оның мәдени-техникалық деңгейімен, тәжірибесімен, жұмыс өтілімен және т. б. анықталады. Өндіріс пен еңбекті ұйымдастырудың кейбір сипаттамалары да әлеуметтік факторларға жатады – бұл еңбектің мазмұндылығы мен тартымдылығы және т.б.
  6. Еңбек шығындарының шамасына әсер ететін барлық факторларды анықтау және есепке алу еңбекті нормалау үшін нормалар мен нормативтік материалдарды әзірлеу процесінде жүзеге асырылады.
  7. Факторларды есепке алу келесі тәртіппен жүргізіледі:
  • экономикалық қызметтің нақты түріне байланысты еңбек шығындарының нормативтік мөлшеріне әсер ететін факторлар анықталады;
  • осы жұмысты орындау кезінде факторлардың ықтимал мәндері анықталады;
  • еңбек үдерісіне белгілі бір талаптар қоятын шектеулер анықталады, соның нәтижесінде оның рұқсат етілген нұсқалары белгіленеді;
  • орындаушылар үшін барынша қолайлы жағдайларда тиімді жұмыс нәтижелеріне қол жеткізетін факторлардың үйлесімі таңдалады (еңбек үдерісін ұтымды жобалау).

Көрсетілген рәсімдер жұмыстарды орындаудың ұйымдастырушылық - техникалық және басқа да шарттарын алдын ала зерделеу кезеңінде жүргізіледі. Жұмыстарды орындаушыларға байланысты факторлардың бір бөлігі нормалар мен нормативтерді белгілеудің талдамалық-зерттеу әдісі кезінде бақылау үшін қызметкерді таңдау кезеңінде ескеріледі.

  1. Еңбек шығындары нормаларының сапасы және олардың негізділігі олардың негізінде белгіленетін әдістерге байланысты. Еңбек шығындарының нормалары екі әдіспен белгіленуі мүмкін: мекемеде жүзеге асырылатын жан-жақты талдау және оңтайлы еңбек үдерісін жобалау (талдамалық әдіс) негізінде; немесе әзірлеу туралы статистикалық есептер, алдыңғы кезеңдегі жұмысты орындауға арналған уақыт шығындары немесе сараптамалық бағалар (жиынтық әдіс) негізінде.
  2. Талдамалық әдіс еңбек өнімділігін және жалпы еңбек ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыруға ықпал ететін негізделген нормаларды анықтауға мүмкіндік береді.
  3. Ал жиынтық әдіс нақты еңбек шығындарын белгілейді. Бұл әдіс тек апаттық немесе тәжірибелік жұмыстарды нормалау кезінде ғана қолданылады.
  4. Талдамалық әдіс негізінде әзірленетін нормалар негізделген, ал жиынтық әдіспен белгіленген нормалар тәжірибелік - статистикалық болып табылады.
  5. Негізделген нормативтік материалдарды әзірлеу: талдамалық-зерттеу немесе талдамалық-есеп айырысу сияқты талдамалық әдістің бір тәсілімен жүзеге асырылады.
  6. Нормалаудың талдамалық-зерттеу тәсілі кезінде нормаланатын операцияның әрбір элементі бойынша жұмыс уақытының қажетті шығындары еңбекті ұйымдастыру қабылданған шарттарға сәйкес келетін жұмыс орнында осы операцияның орындалуын тікелей бақылау нәтижесінде алынған деректерді талдау негізінде анықталады.
  7. Талдамалық-есептеу тәсілі кезінде нормаланатын жұмысқа еңбек шығындарын бұрын зерттеу негізінде әзірленген жеке элементтерге арналған еңбек нормативтері бойынша немесе технологиялық жабдықтың оңтайлы жұмысының қабылданған режимдеріне сүйене отырып, есептеу арқылы анықтайды.
  8. Талдамалық-есептік тәсіл нормативтік материалдарды жобалаудың неғұрлым ұтымды және қолайлы тәсілі болып табылады, өйткені нормалаудың неғұрлым жетілдірілген және экономикалық тиімді тәсілі болып табылады.
  9. Талдамалық-есептік әдісті жетілдіру микроэлементтік нормативтер жүйесін әзірлеу, оның ішінде имитациялық модельдеу жүргізу арқылы жүзеге асырылады.
  10. Еңбекті нормалаудың талдамалық-есептік тәсілінің артықшылықтары талдамалық-зерттеу әдісін қолдануды жоққа шығармайды.
  11. Еңбек нормаларын белгілеу, ауыстыру және қайта қарау қызметкерлердің өкілетті органының пікірін ескере отырып, жұмыс берушінің бұйрығы (өкімі) негізінде жүзеге асырылады.
  12. Еңбек нормаларын белгілеу, ауыстыру және қайта қарау туралы қызметкерлерге кемінде бір ай бұрын хабарлануы тиіс. Уақытша және бір жолғы нормаларды белгілеу туралы қызметкерлерге жұмысты орындау басталғанға дейін хабарлануы тиіс..
  13. Қызметкерлерді хабарлау тәртібін жұмыс беруші дербес белгілейді.

Ұйымда еңбекті нормалау бойынша нормативтік материалдарды енгізу тәртібі   

6.1 Еңбекті нормалау үшін белгіленген тәртіппен бекітілген нормативтік материалдар ұйымның жұмыс орындарына олардың қолданылу саласы мен әрекет ету саласына сәйкес, басшының бұйрығы негізінде енгізіледі.

6.2 Нормативтік материалдарды тиімді енгізу мен игеруді қамтамасыз ету үшін мекемеде келесі іс-шаралар өткізу қажет:

- жұмыс орындарының жаңа нормалар бойынша жұмысқа ұйымдастырушылық-техникалық дайындығын тексеру (жұмыстарды орындаудың ұйымдастырушылық-техникалық шарттары жаңа нормативтік материалдармен көзделген шарттарға қаншалықты сәйкес келеді);

- еңбекті ұйымдастыруда анықталған кемшіліктерді жою, сондай-ақ еңбек жағдайларын жақсарту жөніндегі ұйымдастырушылық-техникалық іс-шараларды әзірлеу және іске асыру;

6.3 Жаңа нормалармен танысу жаппай түсіндіру жұмыстарын жүргізумен, қызметкерлерге нұсқау берумен, ал қажет болған жағдайда олардың жұмысына жаңа ұйымдастыру-техникалық жағдайларда оқытумен сүйемелденуі тиіс.

6.4 Жаңа нормативтік материалдармен қамтылмаған жұмыстарға еңбекті нормалау әдістерімен есептелген жергілікті негізделген уақыт нормалары белгіленеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

7. Еңбекті нормалау кезіндегі тиімділік критерийлерін, оның ішінде: кәсіпорында қолданылатын еңбек бойынша нормалар мен нормативтер жүйесін; еңбек нормаларын есептеу үшін пайдаланылатын салааралық, салалық нормалар мен нормативтердің қажетті базасын түгендеуді (жаңарту, толықтыру); жұмыстарды (жұмыскерлерді) еңбекті нормалаумен қамту дәрежесін бағалауды; қолданыстағы еңбек нормаларының сапасын талдауды ескере отырып әзірлеу

 

Еңбекті нормалау жағдайы мен оны жақсарту қорлары еңбекті нормалауды талдау нәтижесінде, яғни оларды айқындайтын бұл саладағы себептері мен факторларының  оң және теріс жақтарын анықтау мақсатында оның элементтерінің барлық құрамдауыштарын сыни қарау нәтижесінде анықталады. Экономикалық талдау материалдары еңбекті нормалауды жетілдіру бағыттарын анықтауға, нормалауды жақсарту шараларын әзірлеу және енгізуге арналған негіз болып табылады. Кәсіпорында еңбекті нормалауға талдау келесі негізгі бағыттар бойынша жүргізіледі:

еңбек пен оның сапасын нормалау үшін кәсіпорынның нормативтік-әдістемелік материалдармен қамтамасыз етілу дәрежесі анықталады;

еңбек нормасының қолданылу саласы, яғни барлық жұмысшылар санатын еңбекті нормалаумен қамтылу дәрежесі зерттеледі;

қолданылатын еңбек нормасының сапасы, олардың қауырттылық және үдемелілік дәрежесі тексеріледі;

еңбекті нормалаудың ұйымдастырылуы, нормалардың үдемелілігін қолдау тәртібі тексеріледі.

Әр бағытқа сай қандай да бір ереженің себептерін анықтауды, ашуды, сондай-ақ еңбекті нормалауды жақсарту шараларын әзірлеуді талап ететін жеке мәселелер ажыратылады.

Еңбекті нормалауды талдау экономикалық талдаудың әр алуан түрлерінде кеңінен қолданылатын тәсілдерді пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Ең маңызды әрі кең таралған тәсілдердің бірі – салыстыру тәсілі. Оның көмегімен жоспарлы көрсеткіштердің орындалуы бағаланады,  бір нысан бойынша әртүрлі кезең көрсеткіштері мен әртүрлі нысандардың бір кезеңдегі көрсеткіштері салыстырылады. Жалпы кәсіпорын бойынша жалпылауыш көрсеткіштер мен жеке бөлімшелер, жұмыс топтары, норма түрлері, бұйым түрлері бойынша көрсеткіштері салыстырылатын болады. Көрсеткіштердің дұрыс салыстырылуының міндетті шартына олардың салыстырмалылығы жатады: өлшем бірліктерінің тұтастығы, күнтізбелік кезеңдердің салыстырмалылығы, өнімдер сұрыпталымына, жұмысшылардың біліктілігіне және т.б. құрылымдық ілгерілеудің ықпалын есепке алу.

Талдау кезінде топтастыру тәсілі кеңінен қолданылады: құбылыстарды, факторларды, көрсеткіштерді жеке сипаттары бойынша топтарға біріктіру. Мысалы, кесімді жұмысшыларды өндіру нормасының орындалу дәрежесіне қарай топтастыру немесе нормаланған еңбек сыйымдылығының өзгерістерін (сындарлы өзгерістер, өндіріс және еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру және т.б.) негізгі факторлар бойынша топтастыру. Топтастыру тәсілі құбылыстың мәнін түсінуге, қандай да бір сапаның топтың қатыстылығын анықтауға және соның негізінде оларды жетілдіру жолдарын белгілеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар талдаудың басқа да тәсілдері қолданылады.

Қазіргі уақытта зерттелетін нысанға күрделі тәуелділіктерге байланысты көптеген факторлардың әсерін зерттеуге мүмкіндік беретін экономикалық-әдістемелік талдау әдісі кеңінен қолданылып келеді.

Еңбекті нормалаудың даму дәрежесін бағалаудың маңызды бағытына кәсіпорында қолданылатын еңбек жөніндегі нормалар мен нормативтер жүйесінің болуы жатады. Бұл жағдайда бағалау келесі көрсеткіштер бойынша жүзеге асырылады:

- ұйымда әзірленген нормалардың жалпы саны;

- тәжірибелік әдіспен бекітілген нормалар саны;

- нормалаудың талдамалы есептеу әдісімен, соның ішінде еңбек жөніндегі салааралық және салалық үлгілік нормативтердің негізінде бекітілген еңбек нормасының саны;

- нормалаудың талдамалы есептеу әдісімен нормалар саны;

- техникалық негізделген нормалар саны;

- еңбекті нормалаумен қамтылған қызметкерлердің (басшылардың, мамандар мен техникалық орындаушылардың) меншікті салмағы

Жоғарыда аталған көрсеткіштердің қолданылуы жеке алынған ұйымда еңбекті нормалау жағдайының жалпы суретін ұсынады.

Нормалаудың тиімділік өлшемшарттарын әзірлеу бағыттарының бірі – еңбекті нормалаудың жұмысшыларды қамту дәрежесін зерттеу – еңбекті нормалау  саласын кеңейту үшін қорларды анықтауды мақсат етеді. Мұнда бірнеше көрсеткіштер анықталады: еңбектері нормалануы мүмкін жұмысшылар саны; кәсіпорында еңбектері іс жүзінде нормаланатын жұмысшылар саны, соның ішінде техникалық негізделген нормалар бекітілген жұмысшылар саны мен еңбек жөніндегі салааралық және салалық нормативтердің негізінде нормалар бекітілген жұмысшылар саны.

Кәсіпорынның барлық жұмысшылар санының көрсеткіштерін есептеумен қатар, белгілі бір санаттар мен мерзімді жұмысшылар, көмекші жұмысшылар, қызметшілер мен басқа да сияқты жұмысшылар топтары бойынша, сондай-ақ жеке бөлімшелер (цехтар, қызметтер) бойынша көрсеткіштер шамасы анықталады.

Нормаланатын жұмыстардың үлесін (Тн.ж) есептеу үшін мына формула қолданылады:

 

Тнж. = Ун.ж / Ужалпы х 100; немесе Тнж = Жнж : Жжалпы х 100 (%),

 

мұндағы: Ун.ж – нақты пайдаланылған нормаланған жұмыс уақыты, ад.-с.;

Ужалпы – пайдаланылған уақыттың жалпы саны, ад.-с.; 

Ж – еңбектері нормаланатын жұмысшылар саны, ад.; 

Жжалпы – жұмысшылардың жалпы саны, ад. 

Техникалық негізделген жұмыстардың үлесін (Тт.н.н.) мына формуламен есептейді:

 

Тт.н.н. = Ут.н.н./ Унж х 100; немесе Тт.н.н. = Жт.н.н. / Жн.ж. х 100 (%)

мұндағы: Ут.н.н – техникалық негізделген нормалар бойынша бекітілген пайдаланылған нормаланатын жұмыс уақыты, ад.-с.; 

Жт.н.н – еңбектері техникалық негізделген нормалар бойынша нормаланатын жұмысшылар саны, ад.

Еңбекті нормалауды талдаудың келесі бағытына еңбек нормасының сапасын талдау жатады. Ол кәсіпорындарда әрекет ететін еңбек нормаларының негізділік және ілгерілеу дәрежесін анықтауды және оларды жетілдіру үшін қорларды анықтауды мақсат етеді.

Еңбек нормасының сапасы өндірістің ұйымдық-техникалық талаптарының деректері үшін қажетті еңбек шығындарына олардың сәйкестік дәрежесімен сипатталады. Әдетте, нақты жұмыс түріне қажетті еңбек шығыны нақты нормадан аз келеді. Олардың арасындағы айырмашылық аз болса, еңбек нормасының сапасы жоғары екендігін білдіреді. Жұмыс (бұйым) бірлігін өндіруге қажетті уақыттың кәіспорында бекітілген уақытқа  қатынасы норма қауырттылығының көрсеткіші болып табылады. Егер, мысалы, бұйымды жасауға қажетті уақыт шығыны 5 минутты, ал уақыт нормасы- 40 минут құраса, онда норма қауырттылығы 0,88-ге (35/40) тең, 38 мин. нормасы кезінде қауырттылық 0,95 (38/40) құрайды. Норманың тиімді қауырттылығы 1-ге тең.

Сәйкесінше, норма сапасы мен олардың қауырттылық дәрежесіне талдау жүргізу үшін қажетті уақытты дұрыс анықтап алу қажет. Бұл міндет екі жолмен шешіледі: 1) еңбекті техникалық нормалау әдісімен (жеке нормалардың іріктемелі тексеру үшін хронометраж жүргізу, салааралық және салалық нормативтік құжаттарды пайдалану және т.б.); 2) кәсіпорында және бөлімшелерде норма сапасын жаппай тексеру үшін есептік деректерді қолдану арқылы математикалық статистика әдісімен.

Соңғы жағдайда нормалардың орындалуының және жұмысшылардың нормалардың орындалуы деңгейі бойынша орналастырылуының орташа пайыздық көрсеткіштері қолданылады. Бұл жағдайда нормалардың жеке жұмысшылармен орындалу дәрежесі еңбек қауырттылығының деңгейімен қатар, жұмысшының жеке қасиеттік ерекшеліктеріне (оның дене күшіне, дарындылығы мен басқа да психикалық және физиологиялық көрсеткіштеріне), яғни еңбектің жеке өнімділігіне де байланысты келеді. Аталған жағдайлар бірқатар қиыншылықтарды тудырады, есептің дәлдігін бұрмалайды. Жұмысшылар мен нормалардың үлкен жиынтығы неғұрлым талдауға алынса, соғұрлым жұмысшылардың жеке өнімділігі нормалардың орындалу деңгейіне әсері төмендейді, және керісінше.

Еңбек нормасының қауырттылығын анықтаудың әртүрлі тәсілдері кездеседі. Мысалы, Ресей Федерациясы Еңбек министрлігінің ҒЗИ мамандары келесі көрсеткіштерді қоладануды ұсынады:

- техникалық негізделген нормалардың меншікті салмағы абсолютті көрсеткіш ретінде норма сапасы туралы шамаланған көрінісін береді;

- нормалардың орташа орындалу деңгейі нақты жұмсалған уақыттың нормаланған уақытқа арақатынасымен (Кн = Тн/Тн). Нормалардың қалыпты орындалу деңгейін анықтауға мүмкіндік беретін ғылыми негізделген өлшемшарттар болмағандықтан, институт мамандары өндіріс типіне байланысты келесілерді анықтады:

- ағындық-жаппай өндіріс – 110%;

- сериялы – 113;

- ұсақ сериялы және дара өндіріс – 117%.

Ықтималдықтар теориясын қолдана отырып, бөлімшелер бойынша нормалардың орташа орындалу пайызының кәсіпорын бойынша ұқсас көрсеткіштерден жалпы қолданыстағы нормалармен қандай ауытқу дәрежесінде туындағанын анықтауға болады. Осы мақсатта әр бөлімше бойынша мына формула арқылы жұмысшылардың жеке өнімділігіндегі айырмашылықтарының есебінен нормаларды орындау деңгейінде максималды ұйғарымды ауытқуы есептеледі:

Д= Квнп. х М :√ 100*Сж., мұндағы

Ккно – кәсіпорын бойынша нормалардың орташа орындалу пайызы;

М – жеке жұмысшылардың жеке еңбек өнімділігінің орта деңгейден максималды ауытқуы, машиналық және машиналық-қол жұмыстары үшін 33%-ға және тек қол жұмыстары үшін 50%-ға тең етіп алынады.

Сж – осы бөлімшедегі кесімді жұмысшылардың саны.

Егер бөлімшелер бойынша нормалардың орташа орындалуы Д шамасынан асып түссе, онда бұл қолданыстағы нормалардың сапасының төмендігін білдіреді.

Мысал: Кәсіпорын бойынша нормалардың орташа орындалу коэффициенті 115%, М =42%,

Сж = 353 ад.

Нормалардың орындалу деңгейінің максималды ұйғарынды ауытқуын анықтау.

Д = 115*42/√ 100*353 = 25,7%

 

Тәжірибеде еңбек нормасының қауырттылығын анықтауға басқа да тәсілдер қолданылады. Бұл көрсеткіш мына формула бойынша анықталады:

 

Кқ = (Ак х Кк) + (Ам х Км), мұндағы:

Кқ – еңбек нормасының қауырттылық коэффициенті;

Ак – келісімді жалақы түрін алатын жалпы жұмысшылар санының меншікті салмағы;

Ам - мерзімді жалақы түрін алатын жалпы жұмысшылар санының меншікті салмағы;

Кк – келісімді жалақы түрі кезіндегі өндіру нормасының қауырттылық коэффициенті;

Км - мерзімді жалақы түрін кезіндегі қызмет көрсету нормасының қауырттылық коэффициенті.

Өндіру нормасының қауырттылық коэффициенті төмендегі формула бойынша анықталады:

Кс = 100 : (100 + Ус), мұндағы:

Уо – келісімді жұмысшылардың өндіру нормасын артығымен орындауының орташа пайызы.

Қызмет көрсету нормасының қауырттылық коэффициенті төмендегі формула бойынша анықталады:

Кп = 100 : (100 х Уп)

Уп – бір жұмысшының қызмет көрсетуіне жататын жабдықтар бірлігінің орташа нормативтік санының (Нн) бір жұмысшымен қызмет көрсетілетін жабдықтар бірлігінің нақты санына (Нф) қатынасымен анықталады.

Уп = (Нн : Нф) х 100 – 100.

Нф көрсеткіші Нн көрсеткішінен аз немесе оған тең болған жағдайда Уп көрсеткіші нөлге тең болып алынады..

Еңбекті нормалаудың негізгі тиімділік көрсеткішіне оның өнімділігінің өсуі жататындықтан, оны есептелуін тәртіпке келтіру мақсатты болады..

  1. Еңбек өнімділігінің өнімнің өндірілуін арттыру есебінен өсуі (Өө) мына формула бойынша есептеледі:

 

Өө = (Ө2 х 100): Ө1 – 100, мұндағы:

 Ө1 мен Ө2 – норманы қайта қарауға дейінгі және қайта қараудан кейінгі бір жұмысшының салыстырмалы бағадағы бір жылдық өндіру көрсеткіштері.

Тәжірибеде бұл фактор мен оның еңбек өнімділігінің жалпы өсуіне әсер ету дәрежесін іс жүзінде белгілеуге мүмкін болмағандықтан, бұл формуланы тек нақты жұмысшы үшін ғана қолдануға болады.

  1. Норманы қайта қарастыру салдарынан өнімнің еңбек сыйымдылығын төмендету нәтижесіндегі еңбек өнімділігінің өсімі (∆Ө) мына формуламен анықталады:

 

Өө = (100 х Е) : (100 – Е), мұндағы:

мұндағы Е – өнімнің еңбек сыйымдылығын төмендету, %.

 

  1. Шығыстар мен жұмыс уақытының өнімсіз шығынының төмендеуі есебінен еңбек өнімділігінің өсуі (∆Ө) келесі формуламен анықталады:

 

Өө = (100 х Үуақ): (100- Үуақ), мұндағы:

 Үуақ – шығыстардың төмендеуінен уақыттың үнемделуі, %.

  1. Жұмысшылар санының азаюы есебінен еңбек өнімділігінің өсуі мына формуламен анықталады:

Өө = (100 х Үс): (Рср - Үс), мұндағы:

 Үс – жұмысшылар санның үнемделуі, ад.

Рср – жоспарланушы кезеңнің көлеміне базалық өндірулер бойынша есептелген саны, ад.

Еңбекті нормалау жүйесінің тиімділігіне еңбек нормасын есептеу үшін қолданылатын салааралық және салалық нормалар мен нормативтердің қажетті базасының жаңартылуы мен толықтырылуы айтарлықтай әсер етеді. Өкінішке орай, қазіргі таңдағы жағдай бойынша, жоғарыда аталып өткендей, салааралық үлгілік нормативтер базасы нормативтердің екі түрінен тұрады және бұл олардың тиімділігінің есептелуіне күмән тудырады. Еңбек жөніндегі салалық үлгілік нормативтерге қатысты келетін болсақ, олардың бар екендігі жөніндегі деректердің жоқтығын атап өту қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

8. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне еңбекті нормалауды мемлекеттік реттеу бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар әзірлеу

 

Нарықтық қатынаста дамыған елдердің тәжірибесі еңбекті нормалау саласында орын алатын үрдістерге мемлекеттің қандай да бір ықпалының жоқтығын анық куәландырады. Мұндай тәсілді осы елдерде еңбекті нормалау саласындағы мемлекеттік ықпалдың жұмыс берушілер мен  кәсіподақ өкілдері ұжымдық келіссөздер процесінде жұмыс берушілер әзірлейтін нормалар мен нормативтердің қолданылу мәселесіне байланысты өзара тиімді  шешімдерге келетін еңбек қатынасындағы тиімді ұжымдық-шарттық реттеу механизміне сәтті алмасуы тұрғысынан түсіндіруге болады. Бұған қоса нағыз нарықтық талаптарда жұмыс берушілер еңбек шығындарының негізделген нормаларын әзірлеуге аса мүдделі, өйткені осы негізде өндірістік шығындардың азаюына және сәйкесінше, шығарылатын өнімнің немесе көрсетілетін қызметтің бәсекеге қабілеттілігінің артуына қол жеткізуі мүмкін.

ТМД, ЕАЭО-қа қатысушы елдерде мүлдем басқа жағдай орын алып отыр. Бұл елдердің көбісінде мемлекеттік ықпалдың әртүрлі деңгейімен еңбекті нормалауды ұйымдастыру мәселелері реттелетін еңбек кодекстері қабылданып, әрекет етуде. Бұл туралы толығырақ осы есептің 1.3 бөлімінде мазмұндалған. Жоғарыдағыларды ескере отырып, Қазақстан Республикасында еңбекті нормалауды ұйымдастыруға мемлекеттік реттеудің негізгі бағыттарын анықтау объективті түрде қажет болып саналады.

Бұрын Қазақстанда жалпы еңбек қатынасының және соның ішінде еңбекті нормалаудың реттелуі дамыған елдерде қалыптасқан жағдайларға толық көлемде сәйкес келмейтіндігін аталып өткен болатын. Егер соңғыларында еңбекті нормалау мәселелерін ұжымдық келіссөздер үрдісі арқылы шешуді қарастыратын әлеуметтік диалог жүйесі әлдеқайда тиімді жұмыс атқарса, Қазақстан Республикасында бұндау реттеу кәсіподақтар мен басқа да жұмыс берушілер өкілдерінің әлсіздігіне байланысты формалды сипатқа ие. Бұған әртүрлі деңгейдегі әлеуметтік серіктестіктің келісімдерінде де, ұжымдық шарттардың басым көпшілігінде де еңбекті нормалау мәселелері іс жүзінде көрсетілмегені дәлел бола алады. Республиканың еңбек кодексімен жұмыс берушілерге кәсіпорындарда мемлекет тарапынан қандай да бір бақылауынсыз еңбек нормасын бекітуге толықтай құқығы берілген. Бұндай жағдайларда жалдамалы жұмысшылар жұмыс берушінің тым қатаң еңбек нормасын бекітуінен іс жүзінде қорғансыз болып қалады. Екінші жағынан, елімізде жұмыс берушілер жұмысшыларға өнім көлемдерін шығару және қызмет көрсету бойынша қисынсыз алынған көрсеткіштерді бекіте отыра, техникалық негізделген еңбек нормаларын әзірлеуге мүдделі еместігі жағдайы орын алып отыр.  Мысалы, соңғы үш жыл ішінде еңбек жөніндегі салааралық нормативтерді әзірлеу және бекіту құқығы берілген Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бір де бір бұндай құжаттарды әзірлеуге бастамашылық жасамады. Осыған ұқсас жағдай салалық үлгілік нормалар мен нормативтерді әзірлеу байқалады.

Бұндай жағдайда еңбекті нормалауды ұйымдастыру мемлекеттік реттеуден толықтай бас тарту ерте жасалған шара болып саналады. Бұған қоса, біздің ойымызша, зерттеліп отырған салада бұрын қолданылған нақты мемлекеттік кепілдіктерге жүгіну керек. Нарықта монополиялық орынды алып отырған ұйымдарда еңбекті нормалауға мемлекеттік реттеудің қолдану керектігіне себеп бар, өйткені ол бұндай ұйымдардың баға саясатына айтарлықтай ықпал жасай алады. Сол себепті ұйымдарда еңбекті нормалау мәселелерін заңнамалық реттемелеудің бағыттарына мыналар жатуы мүмкін:

- еңбек жөніндегі салааралық және салалық үлгілік нормативтерді әзірлеуде ұйымдастырушылық және реттемелеушілік қызметінің еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға берілуіне қатысты мемлекеттік кепілдікті орнату;

- жұмыс берушімен әзірленетін жан-жақты негізделген еңбек нормасының қолданылуын қамтамасыз ететін мемлекеттік кепілдікті орнату;

- еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен ұйымның әзірлеген бағаларға (тарифтерге, алым мөлшерлемесіне) мемлекеттік реттеу орнатылатын қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) арналған еңбек нормасын регламенттеуден (келістіруден) бас тарту;

- еңбек заңнамасына салалық келісімдер мен ұжымдық шарттардың құрамына еңбекті нормалау мәселелерінің міндетті кірістірілуін қарастыратын норманы енгізу.

Жоғарыда аталған бағыттардың нақты көрінісін Қазақстан Республикасының ағымдағы әрекет етуші Еңбек кодексіне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар ретінде білдіруге болады. Сонымен, кодекстің 101 бабын келесі редакцияға келтіру ұсынылып отыр.

1 т. Еңбекті нормалау саласындағы мемлекеттік кепілдік техникалық (ғылыми) негізделген еңбек жөніндегі салааралық және салалық нормалар мен нормативтерді әзірлеуді қамтамасыз етуден тұрады.

2 т. Ұйымдарда еңбек нормасын әзірлеу, енгізу, ауыстыру және қайта қарауды еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен тәртіпте жұмыс беруші жүзеге асырады.

3 т. Қолданылатын еңбек нормасының негізділігіне байланысты туындаған жеке немесе ұжымдық еңбек дауы кезінде жұмыс беруші олардың дұрыс бекітілгендігін еңбек қатынасын реттеу саласындағы жергілікті атқарушы органы немесе еңбек инспекциясының жергілікті органының қатысуымен жеке және ұжымдық еңбек дауларын реттеу бойынша органда дәлелдеуі қажет.

3 т. нұсқасы: Дұрыс емес бекітілген еңбек нормасына қатысты жұмысшының (жұмысшы өкілдерінің) дәлелді өтінішхаты еңбек дауларын қарастыру жөніндегі органдармен қарастырылады. Жұмыс беруші еңбек нормасының кәсіби тәуекелдерді, жұмыс уақыты шығындарын және еңбек қызметін атқару жағдайларын ескеріп отырып әзірленгенін дәлелдеуі тиіс.

101 бабының 6 тармағын алып тастау ұсынылады.

101 бабының 8 тармағы еңбекті нормалауға еш қатысы жоқ және сол себепті оны сәйкесінше еңбекақы мәселелерін реттемелейтін бапта көрсету қажет.

101 баптың басқа да тармақтарын алып тастап, оларды заңға тәуелді актілерде (Жұмыс берушімен бекітілетін еңбек нормасын әзірлеу, келісу және бекіту ережелерінде, еңбек жөніндегі салааралық және салалық үлгілік нормалар) көрсету қажет.

Сонымен қатар, бір уақытта Еңбек кодексінің еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекетті орган мен жергілікті атқарушы органдардың құзыреттерін реттемелейтін баптарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажет.

Еңбек кодексінің 10 бабының 10) және 11) тармақшаларын алып тастау.

10 баптың 8) тармақшасына мына мазмұнды енгізу: «еңбек жөніндегі салааралық және салалық үлгілік нормативтерді әзірлеу бойынша қызметті ұйымдастырады және үйлестіреді».

ЕК-нің 10 бабының 9) тармақшасына мына мазмұнды енгізу: «Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының келісімімен белгіленген тәртіпте әзірленген еңбек жөніндегі салааралық үлгілік нормативтерді бекітеді».

ЕК-нің 10 бабының 10) тармақшасына мына мазмұнды енгізу:  «белгіленген тәртіпте әзірленген салалық үлгілік нормативтерді үйлестіреді» және әрі қарай мәтін бойынша.

18 баптың 6) тармақшасын алып тастау.

ЕК 18 бабының 6) тармақшасына мына мазмұнды енгізу: «жұмыс беруші қолданатын еңбек нормасының негізділігіне байланысты туындаған жеке және ұжымдық еңбек дауларын реттеу жөніндегі органның жұмысына қатысады».

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің  салалық келісімдер мен ұжымдық шарттарды реттемелейтін баптарына еңбек шығындарының нормасын әзірлеу және қолдану мәселелерін енгізу мақсатты болып табылады.

Еңбек кодексінің 153 бабы 4) тармақшасын келесі редакцияда мазмұндау: «саладағы еңбекті нормалаудың және еңбекақының негізгі қағидаттары туралы, соның ішінде мыналарды бекіту:

еңбек жөніндегі салалық үлгілік нормативтерді» және әрі қарай мәтін бойынша.

157 баптың 1 тармағының екінші тарауын келесі редакцияда мазмұндау:

«Ұжымдық шартқа келесі ережелер кіріктіріледі:

  1. ұйымда техникалық (ғылыми) негізделген еңбек нормасын әзірлеу тәртібі және оларды енгізу кестесі» және әрі қарай мәтін бойынша.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

  1. Frederick W. Taylor. The Principles of Scientific Management. NY, 1947, рр. 36-48.
  2. Р. Хендерсон. Компенсациялық менеджмент. 8-ші басыл. / Н.А. Горелова ред. ағылш. аударылғ.  – СПб.: Питер, 2004. – 880 б.
  3. М. Блаут. Кейнсқа дейінгі 100 ұлы экономист. – М,, 2009. – 704 б.
  4. А.И. Василевский. Менеджмент тарихы. Ресей халықтар достығы университеті. Лекциялар курсы. Интернет ресурс: http://www.humanities.edu.ru\db\msg\2417.
  5. Уақыттың микроэлементтік нормативінің базалық жүйесі (МБЖ-1). – М.: Әдістемелік және нормативтік материалдар, 1989. – 123 б.
  6. ҒЗИ мен КБ мамандарының еңбегін нормалау. Салааралық әдістемелік ұсынымдар. – М.: Экономика, 1990. – 144 б.
  7. Қоғамдық ғимараттарға (ғимараттарға, құрылымдық және жобалық ұйымдар басқарламалары мен ғимараттарына) қызмет көрсетумен айналысатын жұмысшылар санының нормативі. – М.: Экономика, 1988. – 27 б.
  8. Л. Суэтина, Е. Коренева. «Еңбекті нормалау мен ұйымдастыру» ғылымының қайта жандануы мен дамуы туралы. - \\ Адам және еңбек. – 2001. – № 4. – Б. 70-73.
  9. Б.М. Генкин. Экономикалық теория негіздері және тиімді жұмысты ұйымдастыру әдістері. – М.: М.: НОРМА, 2009. – 448 б
  10. Г.Э. Слезингер. Нарықтық экономика жағдайындағы еңбек. Оқу құралы. – ИНФРА-М, 1996. – 336 б.
  11. Д.В. Черняева. Шет елдерде еңбектің нормалануы. - // Шет елдегі еңбек. – 2008. - № 1. – Б. 104-127.
  12. Barnes, R.M. Motion and Time Studi: Design and Measurement of Work.  N.Y.: Wiley, 1980. Р. 441- 454.
  13. Д.Н. Хайман. Қазіргі микроэкономика: талдау және қолданылуы.  2 томда. II т. Ағылш. аударылғ. – М.: Қаржылар және статистика, 1992. – 384 б.
  14. Интернет ресурс: https: //life-prog.ru/2_regulirovanie-tsen-predpiyatiy-monopolistov.html
  15.  Интернет ресурс: http://news.21.by/economics/2018/05/18/1493244.html

16. Литва Республикасының 2016 жылғы 14 қыркүйегіндегі № XXII-2603 «Еңбек кодексін бекіту, қолданысқа енгізу және жүзеге асыру туралы» Заңы. Заңмен 2017 жылы 06 шілдеде енгізілген № XIII-414 соңғы өзгерістерімен. Интернет ресурс: https://eseimas.lrs.lt/portal/legalAct/lt/TAD/77e984b2340a11e8a149e8cfbedd2503?jfwid=dg8d2zcw7

 17. Тәжікстан Республикасының 2016 жылғы 23 шілдесіндегі № 1329 Еңбек кодексі. Интернет ресурс: https://online.zakon.kz/Document/?doc_id=31960488

18. Қырғыз Республикасының Еңбек Кодексі. Интернет ресурс: http://cbd.minjust.gov.kg/act/view/ru-ru/1505

  1. Молдова Республикасының Еңбек Кодексі. Интернет ресурс: http://online.zakon.kz/Document/?doc_id=30398053#pos=1520;-52
  2. Ресей Федерациясының Еңбек кодексі. Интернет ресурс: http://xn-ptbqddc.xnp1ai/forum/index.php?PHPSESSID=11d7b7b375bbd83f79c282298ed9a5f7&topic=1526.0
  3. Ресей Федерациясының Еңбек кодексі. Мақалалық ғылыми-тәжірибелік түсініктер. Толықтырылған және нақтыланған екінші басылым. – М.: «Библиотечка «Российской газеты» Агенттігі (ЖАҚ), 2002. – 591 б.
  4. Молдова Республикасы Үкіметінің 04.02.2013 жылғы № 90 «Ұлттық экономика саласында еңбекті нормалауды ұйымдастыру тәртібі туралы Ережесін бекіту туралы» қаулысы. Интернет ресурс:

http://lex.justice.md/viewdoc.php?action=view&view=doc&id=346663&lang=2

  1. Интернет ресурс: http://diesel.elcat.kg/index.php?showtopic=42103923
  2. И.Б. Омельченко. Ресей Федерациясындағы еңбекті нормалау еңбек өнімділігін арттырудың маңызды элементі ретінде. Кіт.: Еңбекті ұйымдастыру және нормалау: ғылым, білім, тәжірибе. Ғылыми еңбектер жинағы. – Минск: БГНТУ, 2018. – 286 б.
  3. Т.Н. Миронова. Беларусь Республикасындағы еңбекті нормалау жүйесі. Кіт.: Еңбекті ұйымдастыру және нормалау: ғылым, білім, тәжірибе. Ғылыми еңбектер жинағы. – Минск: БГНТУ, 2018. – 286 б.
  4. В.В. Антропов. ГФР-да кәсіпорындарды басқаруда жұмысшылардың қатысуы. - \\ Шет елдегі еңбек. – 2001.  - № 1. – Б. 20-40.
  5. Klinkhammer, H.; Weslau, D. Mitbestimung in Deutschland und Europa. Berlin, 1995. S. 63.
  6. Groower, M.P. Work System: The Metods, Measurement and Management of Work. – Lenigh: Prentice Hall Publishing, 2007. P. 536.
  7. Lawrence, S.A. The Need for Work Measurement: Some Observations on the Current State of Affairs in the Business World // Institute of Industrial Engineers Solutions. 1997. Vol. 29. No. 12. P. 16/
  8. Қазақ КСР еңбек туралы заңдар кодексі. – Алма-Ата: «Казақстан», 1990. – 175 б.
  9. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы» Заңы. / Казахстанская правда, 24 желтоқсан 1999 жыл.
  10. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі. Қазақстан Республикасының  2007 жылғы 15 мамырындағы № 251- - ҚРЗ заңы(2014 жылғы 27 маусымындағы № 212 өзгерістерімен және толықтыруларымен). - // Қазақстандағы еңбек: мәселелер, фактілер, түсініктер. – 2014. - № 9. – 60 б.
  11. С.Х. Берешев. Қазақстан Республикасы кәсіпорындарында еңбекақы мен еңбекті нормалауды ұйымдастыру. Сұрақтар мен жауаптар.- Алматы: «ЭКО» Баспа үйі, 2011 / «Дәуiр» РПБК ЖШС, 2011. – 469 б.
  12. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі. Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашасындағы № 414 -V- ҚРЗ Кодексі. - \\ Қазақстандағы еңбек: мәселелер, фактілер, түсініктер. – 2015. - № 12. – 56 б.
  13. Көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алым мөлшерлемелерін) мемлекеттік реттеу енгізілетін ұйымдар қызметкерлерінің еңбек нормаларын және (немесе) еңбегіне ақы төлеу жүйесі бойынша параметрлерін ұсыну, қарау және келісу қағидалары. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсанындағы № 1037 бұйрығымен бекітілді. - \\ Қазақстандағы еңбек: мәселелер, фактілер, түсініктер. – 2016. - № 4. – Б. 29-32.
  14. Жұмыс берушінің еңбек нормаларынеңбек жөніндегі үлгілік нормалар мен нормативтерді, қызметтің барлық салалары үшін еңбек жөніндегі бірыңғай және (немесесалааралық үлгілік нормалар мен нормативтерді әзірлеубекітуауыстыру және қайта қарау қағидалары. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсанындағы № 1036 бұйрығымен бекітілді. - \\ Қазақстандағы еңбек: мәселелер, фактілер, түсініктер. – 2016. - № 2. – Б. 34-37.
  15.  Е.М. Карпенко. Қызметшілердің еңбегін нормалаудың әдістемелік негіздері. - Кіт.: Еңбекті ұйымдастыру және нормалау: ғылым, білім, тәжірибе. Ғылыми еңбектер жинағы. – Минск: БГНТУ, 2018. – Б. 123-137.
  16. А. Елин, Н. Каналов, В. Бокерия. Еңбек өнімділігін арттыру мәселесі жөнінде. - \\ Адам және еңбек. – 2011. - № 5. – Б. 53-55.
  17. Т.Н. Миронова, Л.Ф. Алексеенко. Беларусь Республикасында еңбекті нормалауды басқару жүйесі. - Кіт.: Еңбекті ұйымдастыру және нормалау: ғылым, білім, тәжірибе. Ғылыми еңбектер жинағы. – Минск: БГНТУ, 2018. – Б. 176-185.
  18. Әкімшілік персоналға жататын қызметкерлер лауазымдары атауларының тізбесін бекіту туралы. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 981 бұйрығы. - // Қазақстандағы еңбек: мәселелер, фактілер, түсініктер. – 2016. - № 2. – Б. 24-27.

 

22 сәуір, 2019 - 16:53 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші