You are here

біліктілік талаптары

Денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының біліктілік сипаттарын бекіту туралы ҚРДСМ м.а. 2009 жылғы 26 қарашадағы №791 Бұйрығының 1 параграф, 1 бөлімінде республикалық маңызы бар денсаулық сақтау ұйымының басшысы (бас директор/директорына) төмендегі біліктілік талаптары қойылған:

      медицина саласындағы жоғары білімінің (санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдары үшін - бейін бойынша);

      экономика/қаржы және кердит/құқық/бизнес әкімшілендіру саласында екінші жоғары білімінің болуы немесе "Қоғамдық денсаулық сақтау", "Денсаулық сақтау менеджменті", "Менеджмент" немесе "Медицина" (2011 жылға дейін ғылыми-педагогикалық магистратурада оқуын аяқтаған адамдар үшін), "Бизнес әкімшілендіру", "Іскерлік әкімшілендіру", "Экономика", "Қаржы және кредит" мамандықтары бойынша магистр дәрежесінің немесе ғылыми дәрежесінің/ PhD докторы дәрежесінің болуы;

      денсаулық сақтау саласында басшылық лауазымдарда кемінде 5 жыл еңбек өтілінің болуы;

Бас дәрігер ретінде 8 жыл жұмыс өтілі бар, емдеу ісі бойынша дәрігер дипломына ие, мемлекетті және жергілікті басқару мамандығы бойынша мемлекеттік басқару 2006 жылы екінші жоғарғы білімін алған дәрігер республикалық маңызы бар қалада бас директор болып жұмыс жасай алатыны немесе алмайтыны жөнінде түсіндірме беруіңізді өтінемін.

Жауап: 

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 480-V ҚРЗ Заңының 60-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне сұрау жолданған.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынған ақпаратына сәйкес келесіні хабарлаймыз.
Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексіне сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті мемлекеттік басқару органдарының құзыретіне жас мамандарды әлеуметтік қолдау және бекіту шараларын қоса алғанда, мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарын кадрлық қамтамасыз ету бойынша шаралар қолданады.
Денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлерінің лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министірінің м.а. 2009 жылғы 26 қарашадағы № 791 «Денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» бұйрығымен анықталған.
Осыған орай, жоғарыда айтылған заңнамаға сәйкес, лауазымдық міндетін атқара алады.

Сұрақтың нөмірі: 362486
13 тамыз, 2019 - 11:29 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші