You are here

Әлеуметтік көмекке құжаттар тапсыру барысында шыққан мәселелер

Сұрақ тақырыбы: 

Саламатсызба! Менің жолдасым 2019ж шілде айында әлеуметтік көмекке құжаттарын тапсырды. осы айдын 30 күні базаға тіркеу кезінде базадан менің айлығымды тексеру барысында 01.06.2019ж 12 000 теңге көлемінде ақша түсті деп тұр. Өз тарапымнан оларға egov.kz және БЖЗҚ выписка шығарып апарып бердім ол жерде ол ақша көрініп тұрған жоқ. Басшыларына кіріп көмек сұрап барып едім ол кісі база солай шығарып тұр деді. База менің зейнетақы қорына түскен суммаларды тексеріп, сол жерде көрсетілген сумманы алу керек емеспа. Егерде базадағы сумма қате шығып тұрса оны алып жөндеуге болама? 

Жауап: 

Құрметті Мұрат !

2019 жылдың 1 сәуірінен бастап «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 шілдедегі №237-ө бұйрығына өзгерістер енгізілуіне байланысты атаулы әлеуметтік көмекті жаңа механизммен тағайындау жүзеге асырылуда.
Осы орайда, «Е-халық» ақпараттық автоматтандырылған жүйесі арқылы Сіздің отбасы мүшелеріңіздің жан басына шаққандағы табысы облыста белгіленген критерий мөлшерінен асып кетуіне байланысты мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындаудан бас тартылған.
Бұл ретте аталған мәселеге байланысты толық ақпарат алу үшін Сізге тұрғылықты жеріңіз бойынша аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жүгіну қажеттігін хабарлаймыз.

Сұрақтың нөмірі: 362478
8 тамыз, 2019 - 18:38 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші