You are here

қосымша ақы төлеу бойынша

Саламатсыздарма! Менің лауазымым бас маман есепші. Алайда бас маман бас есепшінің болмауына байланысты бас маман бас бухгалтердің міндеттерін қоса атқарғаным үшін ақпан айынан бүгінгі күнге дейін қосымша ақы өндіріп алуға құқылымынба? функционалдық міндеттеріміз екі түрлі. Ақпан айынан бастап екі лаузымның міндеттерін қоса атқарып келемін.

Жауап: 

ҚР Еңбек кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 111-бабына сәйкес сол бір ұйымда, еңбек шартында көзделген өзінің негізгі жұмысымен қатар басқа немесе осындай лауазым бойынша қосымша жұмыс орындайтын не уақытша болмаған жұмыскердің міндеттерін өзінің негізгі жұмысынан босатылмай орындайтын жұмыскерлерге қосымша ақы төлеу жүргізіледі.
Бұл ретте, егер уақытша болмаған жұмыскерді алмастыру алмастыратын жұмыскердің лауазымдық міндеттеріне кіретін болса, уақытша болмаған жұмыскердің міндеттерін атқарғаны (алмастырғаны) үшін жұмыскерлерге қосымша ақы төлеу жүргізілмейді.
Осыған орай, Сіздің лауазымдық міндеттеріңізге бас бухгалтердің міндеттерін атқару кірмесе, Сізге уақытша болмаған жұмыскердің міндеттерін атқарғаныңыз үшін қосымша ақы төленуі керек деп есептейміз.
Сонымен бірге, егер Сіздің жағдайыңызда еңбек заңнамасын бұзушылық орын алса, жергілікті (жұмыс беруші) жердегі мемлекеттік еңбек инспекциясына өтініш жасауыңызға болады.

Сондай-ақ, Кодекстің 144-бабына сәйкес әскери қызметтегі адамдардың, арнаулы мемлекеттік, құқық қорғау органдары мен мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің еңбегі қызметке кірудің, оны өткеру мен тоқтатудың ерекше шарттары мен тәртібін, ерекше еңбек жағдайларын, еңбекке ақы төлеу жағдайларын, сондай-ақ қосымша жеңілдіктерді, артықшылықтар мен шектеулерді белгілейтін Қазақстан Республикасының арнайы заңдарында және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде көзделген ерекшеліктермен бірге Кодекспен реттеледі.
Осыған орай, мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша нақты және ресми ақпарат алу үшін мемлекеттік қызмет саласындағы уәкілетті орган – ҚР Ұлттық экономика министрлігі және ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне жүгінуіңізді ұсынамыз.

Сұрақтың нөмірі: 362463
12 тамыз, 2019 - 11:50 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші