You are here

Еңбек министрлігінің делегациясы Женевада Халықаралық еңбек конференциясының 108-ші сессиясына қатысты

2019 жылғы 10 - 21 маусым аралығында Женева қаласында Халықаралық Еңбек Ұйымының 100 жылдығына орай 108-Халықаралық еңбек конференциясы өтті. 

Халықаралық еңбек конференциясы ХЕҰ шешімдерін қабылдаудың жоғары органы болып табылады. Бұл шара Ұйымға 187 мүше мемлекеттің үш жақты делегациясын жинай отырып, жыл сайын өткізіліп тұрады.

2019 жылғы 17 - 20 маусым аралығында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Вице-министрі А.А.Сарбасовтың төрағалағымен үшжақты қазақстандық делегация аталған конференцияға қатысты.

Пленарлық сессияларындағы пікірталастар Жаһандық комиссияның еңбек болашағы жөніндегі баяндамасын талқылауға бағытталды. Конференция қорытындысы бойынша ХЕҰ жүз жылдығына арналған Декларация қабылданды.

2019 жылғы 17 маусымда Халықаралық Еңбек Конференциясының пленарлық отырысы аясында Вице-министр А.Сарбасов Өз баяндамасында еңбек және жұмыспен қамту саласын мемлекеттік реттеудің қазақстандық моделі туралы баяндады. Бұл ретте, вице-министр еңбек нарығындағы өзгерістерге алып келуі мүмкін жаһандық сын-қатерлерді де атап өтті.

«Алғашқы сын-қатер - 4.0 Индустриясы, жасанды интеллект және робототехника секілді цифрландыру мен технологиялардың дамуына байланысты. Екіншісі-еңбек ресурстары құрылымындағы демографиялық өзгерістерге негізделген. Үшінші сын-қатер еңбек қатынастарының жаңа нысандарының дамуы мен байланысты» - деп атап өтті.

Осыған байланысты Қазақстанның Үкіметі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, Нәтижелі жұмыспен қамтудың және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруда. Еңбек нарығының инфрақұрылымын ауқымды жаңғырту бойынша екі нақты жоба, сондай-ақ еңбек ресурстары біліктілігінің Еңбек нарығының қажеттіліктеріне сәйкестігін қамтамасыз ететін Ұлттық біліктілік жүйесін жақсарту саласындағы ЭЫДҰ-ның негізгі ұсыныстары іске асырылды.

Сонымен қатар, 2019 жылғы 18 маусымда Еуропа және Орталық Азия бойынша Халықаралық еңбек ұйымы бюросының (ХЕҰ) Аймақтық директоры Хайнц Коллер, Шығыс Еуропа және Орталық Азия елдері үшін ХЕҰ бюросының директоры Ольга Кулаевамен, жұмысшылар бойынша және жұмыс берушілермен жұмыс жөніндегі департаменттердің өкілдерімен кездесулер өтті.

Кездесу барысында "1948 жылғы 9 шілдедегі қауымдастықтың бостандығы және ұйымдастыру құқығын қорғау туралы ХЕҰ № 87 Конвенцияны қолдану жөніндегі ХЕҰ сарапшылар комитетінің ұсынымдарын қарау бойынша Жол картасын" іске асыру бойынша қол жеткізілген нәтижелер, сондай-ақ ХЕҰ жаһандық комиссиясының еңбек болашағы жөніндегі баяндамасы талқыланды.

Кездесу соңында тараптар кәсіподақтар туралы заңнаманы және еңбек заңнамасын жетілдіру бойынша ынтымақтастықты жалғастыруға үміт білдірді.

4 шілде, 2019 - 23:52 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
Көп балалы отбасыларға жәрдемақы тағайындау туралы ақпаратты тексеру
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші