You are here

2019 жылдың 9 айында азаматтардың өтініштеріне шолу

Министрлікте келіп түскен өтініштерді қарау және олармен жұмыс істеу «Заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» және «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарының талаптарына сәйкес жүргізіледі.

Статистика.

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне 2019 жылдың 9 айында жеке және заңды тұлғалардан                           11492 өтініш тіркелді.

2018 жылғы есепті кезеңмен салыстырғанда ағымдағы кезеңде                              7237 құжатқа немесе нақты 3 есеге ұлғайды (2019 жылғы 2-тоқсанда өтініштердің жалпы саны 4255 құжат тіркелді). Бұл ретте Министрліктің құжат айналымының жылдық көлемі 2018 жылы барлығы 5791 өтінішті құрады.

Министрліктің атына келіп түскен өтініштер санының күрт өсуі  қыркүйек айында байқалады. Ағымдағы кезеңде 5322 өтініш немесе ағымдағы есепті кезеңнің барлық өтініштерінің 74% тіркелген.

Азаматтардың өтініштерінің көптеп келіп түсуі халықтың кредиттер бойынша берешектерін есептен шығаруға байланысты және ол 5-10 қыркүйек күндері басым болды: орташа есеппен күніне  шамамен 1300-1500 өтініш келіп түсті. 11 қыркүйектен бастап Министрлікке келіп түсетін өтініштер санының азаюы байқалды, күніне орта есеппен 250-300 өтініш келіп түскен. Нәтижесінде, 9 айдың қорытындысы бойынша 11492 өтініштің ішінде мұндай өтініштер 4754 (41%) құжатты құрады.

  Өтініштердің айрықша бөлігі жеке тұлғаларға келеді –11051 (96%) және заңды тұлғаларға – 441 (4%).

Өтініштердің түрлері бойынша серпіні тұрақты сақталады. Өтінішпен 11172 азамат (97,2%) жүгінді, ұсыныстары мен пікірлерімен –79 (0,7%), сұрау салумен – 182 (1,6%) және арыздармен – 59 адам (0,53%) жүгінді.

Өтініш беру тілі бойынша 2019 жылғы 9 айда азаматтардың өтініштер беру тілінің серпіні өзгерді. Егер, өткен кезеңдерде орыс тіліндегі өтініштер басым болса, ағымдағы кезеңде  қазақ тілінде келіп түсетін өтініштер саны жартысынан көбін құрайды. Атап айтқанда, 5787 құжат мемлекеттік тілде жіберілген,   5083 (44%) - орыс тілінде келіп түскен өтініштер және қалған                      622  құжат (6%) – қазақ және басқа тілдердегі өтініштер, оның ішінде 1-еуі орыс және ағылшын тілінде, 1-еуі – ағылшын тілінде. Өтініш берушілерге жауап қолданыстағы заңнамаға сәйкес өтініш тілінде беріледі.

Сондай-ақ ағымдағы кезеңде өтініш берушілердің статусы бойынша өтініштердің статистикасы өзгерді. 11 492 өтінішпен жүгінгендердің 5739-ы                    (50 %) азаматтар болып табылады. Көпбалалы отбасылардан келіп түсетін өтініштердің  саны айтарлықтай артты. Аталған санат бойынша 2153 (18,7%) өтініш тіркелді. Сондай-ақ мүгедектерден, бала кезінен мүгедектерден келіп түсетін өтініштер 1080-ді (9,4%) құрады.

Өтініш иелерінің 893-і (7,8%) – зейнеткерлерді, 432-сі (3,8%) – кәсіпорындар мен фирмаларды, 301-і (2,6%) – үкіметтік емес және халықаралық ұйымдарды, 60-ы (0,8%) – ұжымдарды, 83-і (0,7%) – адвокаттарды, қорғаушыларды, қамқоршыларды,  80-і (0,7%) - жетімдерді,  58-і (0,5%) – оралмандарды, 47-сі  (0,4%)  – БАҚ мен журналистерді, 28-і (0,2%) – шетелдік азаматтарды  және 36-сы (0,5%) өзгелерін құрайды.

Келіп түскен өтініштердегі мәселелердің сипаты бойынша  белгілі өзгерістер байқалады. Айтарлықтай бөлігі, атап айтқанда, 4754 өтініш                          (41,3 %) кредитті кешіру мәселелерінен тұрады.

Қалған өтініштер келесі кезеңділіктен тұрады: 1243 (10,8%) – өтініш еңбек және халықты жұмыспен қамту мәселелеріне жатады, 1053 (9,2%)   – әлеуметтік қамсыздандыру мен қызмет көрсету,  989 (8,6%) – зейнетақымен қамсыздандыру, 951 (8,3%) – өтемақылар мен жәрдемақылар, оның ішінде АӘК төлеу, 889 (7,7%) – еңбек заңнамасын бұзушылық, 362 (3,2%) – тұрғын үй мәселелері, 330 (2,9%) – мүгедектер, оның ішінде мүгедектік тобын белгілеу мәселелері, 200 (1,7%) – еңбекке ақы төлеу, 37 (0,3%) –көші-қон және 684 (6%) – өзге мәселелер.

Өңірлер бөлінісінде қыркүйек айындағы тұтынушылық кредиттер бойынша борыш жүктемесін есептен шығару мәселелесі бойынша басым болғандықтан, азаматтардың өтініштерінің серпіні күрт өзгерді. 3-тоқсанда өтініштер бойынша алдыңғы орынға Қызылорда облысы ие болды, есепті кезеңде тіркелген өтініштер саны 2579 өтінішті құрады.  

Қызылорда облысынан кейін Нұр-Сұлтан қаласы – 1887 өтініш, Алматы қаласы – 1119 өтініш, бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысы (қазір Түркістан облысы және Шымкент қ.) – 926 өтініш, Алматы облысы – 574 өтініш және Жамбыл облысы – 502 өтініш.

Бұл ретте Қызылорда облысы Жамбыл облысы сияқты, бұрын халықтың аса белсенділігімен танылмаған. Аталған факті бойынша жергілікті атқарушы органдардың халықпен түсіндіру жұмыстары деңгейінің төмен екендігін көрсетеді.

Бұл ретте кредиттерді есептен шығару бойынша өтініштерді есепке алмағанда, өңірлер бойынша азаматтардың өтініштері бұрынғыдай қалуда.

Аса белсенділікті әдеттегідей Нұр-Сұлтан (1674), Алматы (932) қалалары,  Шымкент қаласын қоса алғанда, Түркістан облысы (662), Қарағанды облысы (363),  Шығыс Қазақстан облысы (321) және Алматы облысы (294) көрсетеді.

Байланыс арналары бойынша. Егер азаматтардың өтініштерінің келіп түсу арналарын қарайтын болсақ, онда Министрлікке 3-тоқсанда келіп түскен 11492 өтініштің:

1) Электрондық үкімет порталы арқылы 4360 өтініш;

2) қолма-қол енгізілген немесе пошта қызметтер арқылы қағаз тасығышта  1398 өтініш;

3) басқа мемлекеттік органдардан қайта жіберілгендер есебінен                           3020 өтініш, оның ішінде Президент Әкімшілігінен – 734, Премьер-Министр Кеңсесінен – 626, Парламент – 388, мемлекеттік орталық және жергілікті атқарушы органдардан – 1049,   саяси  партиялардан – 205 өтініш  және 18 өтініш мемлекеттік емес ұйымдардан;

4) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпарация арқылы                       116  бейне-өтініш;

5) басшылықтың азаматтарды қабылдауы шеңберінде – 117 өтініш;

6) электрондық почта арқылы – 28 өтініш

Статистика көрсеткендей, барлық келіп түскен өтініштің 46%-ы Министрлікке тікелей Электрондық үкімет порталы арқылы келіп түсті, ол халықтың цифрлық сауаттылығының өскенін көрсетеді. Бұл ретте 2860 өтініш немесе барлық өтініштердің 25%-ы Министрлікке қолма-қол немесе поштамен келіп түсті.  Ол өтініш берушілердің аталған бөлігі негізінен  зейнеткерлер мен зейнеткерлікке дейінгі жастағы адамдар болуына байланысты, өтінішті мемлекеттік органдарға  қағаз тасығышта бергенді қалайды.

Өтініштердің қайталануы мәселесі бойынша ІІІ тоқсанда келіп  түскен өтініштердің негізгі бөлігі бастапқы сипатта қалады, ол өтініштердің барлық санының 94%-ын құрайды. 11492 өтініштің 10767 өтініш бірінші рет енгізілген, 58-і қайталанған және 667-сі басқа мемлекеттік органдардан қайта жіберілген телнұсқалар.

Бақылау.                                                                                  

Келіп түскен өтініштерді сапалы және уақтылы қарауды қамтамасыз ету мақсатында Министрлік тұрақты негізде орындаушылық тәртіп мәселелері бойынша аппараттық кеңестер өткізіп тұрады, онда негізгі мәселелердің бірі заңды және жеке тұлғалардың өтініштерінің орындалуын бақылау болып табылады.

 Осылайша, 2019 жылғы 3 қазандағы жағдай бойынша 11492 өтініштің 8427-сі орындалды, орындалу мерзімі қазан айындағы 3065 өтініш қаралуда.

 2019 жылғы ІІІ тоқсанның қорытындысы бойынша 5 өтініштің қаралу тәртібін бұзғаны үшін Министрліктің 2 қызметкері жауапкершілікке тартылды.

Азаматтарды қабылдау

Министрліктің жанында Қоғамдық қабылдау бөлімі жұмыс істейді, оны құрудың мақсаты жеке тұлғаларды және заңды тұлғалар өкілдерін қабылдау және  Министрліктің лауазымды адамдарының ведомство құзіретіне жататын өзекті мәселелерді шешуде халыққа консультация жүргізуі болып табылады.

 Қоғамдық қабылдау бөлімі Қоғамдық қабылдау меңгерушісі штат бірлігі ретінде жеке құрылым болып қызмет көрсетеді. Қоғамдық қабылдау меңгерушісінің функциясына азаматтарды Министрліктің басшылығына жеке қабылдау, қабылдауды ұйымдастыру, атап айтқанда, қабылданатын адамдардың тізімін құру және мониторингтеу, қабылдау хаттамасын жүргізу,  қабылдау карточкаларын тіркеу, сондай-ақ халықтан жазбаша өтініштерді қабылдау және ведомствоның лауазымды адамдарының азаматтардың әлеуметтік мәселелері бойынша консультация беруін қамтамасыз ету болып табылады.

Қоғамдық қабылдау бөлімі күн сайын дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді. «Министрліктер үйі» ғимараты кіру шектеулі  режимдік объект болғандықтан, Қоғамдық қабылдау бөлімі төле қабаттағы рұқсаттама бюросында жеке кабинетте орналасқан.

2019 жылғы 9 айында бекітілген кестелерге сәйкес Министрліктің басшылығы Қоғамдық қабылдау бөлімі арқылы 295 адам қабылдады. «Нұр Отан» партиясының республикалық қоғамдық қабылдауында ағымдағы жалғы 3 тоқсанда өткізілген 2 қабылдауында 36 адам қабылданды.

Сонымен бірге, Министрлік басшылығының және қызметкерлерінің графиктен тыс  Министрліктің Қоғамдық қабылдау базасында азаматтарды қабылдауды жүзеге асыратынын атап өту қажет. Орташа есеппен күніне Қоғамдық қабылдау арқылы  50-ден 400 адамға дейін өте алады.

Егер 2018 жылы Қоғамдық қабылдау бөлімінде барлығы 1 570 адам қабылданса, ағымдағы жылғы есептік кезеңде Қоғамдық қабылдау бөлімі арқылы 5 мыңнан астам адам қабылданды. Олардың негізгі ағыны атаулы әлеуметтік көмек, материалдық көмек көрсету, тұрғын үй беру, сондай-ақ кепілсіз кредиттер бойынша берешекті есептен шығару мәселелері бойынша жүгінген көпбалалы аналар болып табылады. Қыркүйек айының өзінде Қоғамдық қабылдау бөліміне кредиттік амнистия мәселесі бойынша 2604 адам жүгінді.

 Бекітілген графикке сәйкес Қоғамдық қабылдау бөлімінде күн сайын Министрліктің және  Комитеттің 6 қызметкері борыш жүктемесін азайту мәселесі бойынша консультациялар жүргізеді.

 Сонымен қатар азаматтарды қабылдауды реттеу мақсатында, Министрлік 2019 жылғы 2 тамыздағы №399 бұйрығымен  жеке тұлғаларды және заңды тұлғалар өкілдерін Министрліктің лауазымды адамдарының жеке қабылдау тәртібін бекітті, ол Мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылған.

 Сондай-ақ, ай сайынғы негізде Министрліктің сайтында, Мемлекеттік органдардың интранет-порталында және Электрондық үкімет порталының ашық деректерінде Министрлік басшылығының азаматтарды қабылдау графигі орналастырылады.

 Аталған шаралар халықпен тиімді іс-қимылды қамтамасыз етуге және азаматтардың әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерін шешу кезінде қиындықтарды болдырмауға бағытталған.

22 қараша, 2019 - 13:43 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
Көп балалы отбасыларға жәрдемақы тағайындау туралы ақпаратты тексеру
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші