You are here

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 24 маусымдағы халық алдында есеп беру кездесуінде айтылған Форум арқылы тікелей залдан, сондай-ақ ел өңірлерінен бейнеконференция байланысы режимінде түскен сұрақтар мен жауаптар

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 24 маусымдағы халық алдында есеп беру кездесуінде айтылған Форум арқылы тікелей залдан, сондай-ақ ел өңірлерінен бейнеконференция байланысы режимінде түскен сұрақтар мен жауаптар

 

1 сұрақ  - залдан

Құрметті министр!

Мен өмірімнің 43 жылын мемлекеттік қызметке арнап, зейнетке шыққаныма биыл 7 жыл болды. Осы жылдар аралығында зейнетақы жүйесінде бірқатар оң өзгерістер болды. Олардың ішінде ауыз толтырып айтатыны базалық зейнетақының еңбек стажына байланысты есептелуі деп айтар едім. Мен алып отырған зейнетақы мөлшеріне ризамын, өміріме жетеді, Сіздерге алғыс білдіремін!

Енді сұраққа көшсем, біз 1998 жылға дейін жұмыс істегендіктен еңбек пенсиясын қатар алып отырмыз. Өзіңіз білесіз, еңбек пенсиясы қысқарып жатыр. Оның орнына не болмақ?

 

Жауап:

Сізге де алғыс білдіреміз!

Былтырғы базалық зейнетақы мөлшерін есептеуді өзгерткеннің нәтижесі жақсы. Орта есеппен 2,1 млн. адамның зейнетақысы 1,8 есеге артты.

Өздеріңіз білесіздер, елімізде 1998 жылдан бастап жинақтаушы зейнетақы жүйесі енгізілген. Осы уақытқа дейін бұл жүйеге тек жұмыс істейтін азаматтар 10 пайыз аударып келеді. Еңбек пенсиясының жыл сайын қысқаратынын ескеріп, келесі жылдан бастап жұмыс берушілер өз қызметкерінің атына 5 пайыз жарна төлейтін болады. Бұл шартты жинақ болмақ. Сонда жинақ мөлшері бүкіл табысының 15 пайызын құрайды. Ол келешекте еңбек өтіліне және жасалған аударымдарға байланысты екі күнкөріс шегіне дейін қосымша төлемдер алуға мүмкіндік береді.

Қазір зейнеткерлер үш деңгейлі, яғни базалық, еңбек және жинақтаушы зейнетақы алып отырса, келешекте базалық және жинақтаушы зейнетақысын алатын болады. Неғұрлым көп жұмыс істеген азамат, соғұрлым жоғары зейнетақы алатын болады.

 

2 сұрақ  - бейнеконференция байланысы арқылы

Құрметті Бердібек Машбекұлы!

Мен киелі Түркістан облысының тұрғынымын. Қазіргі таңда Үкімет оңтүстік өңірлерден солтүстікке азаматтарды көшіріп, жағдайларын жасап, жұмыспен қамтамасыз етіп жатқанынан хабардармын. Осы шараны қолдана отырып, Павлодар қаласына көшуді ойластырып жүрміз.

Менің сұрағым: Егер біз көшіп, тұрғын үй мәселесін өзіміз шешетін болсақ, басқа Үкіметтен көрсетілетін көмектер берілмей қоймай ма? Ең бастысы, жұбайымыз екеуімізге жұмыс мәселесі шешіліп, балаларды жайғастырсақ дейміз.

 

Жауап:

Сұрағыңызға рақмет.

Қазіргі кезде «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша жұмыс күші көп - Түркістан, Жамбыл, Алматы, Қызылорда, Маңғыстау облыстары, Шымкент қаласынан жұмыс күші тапшы өңірлерге көшіру жүзеге асырылады.

Көшірудің басты мақсаты көшкендерді жұмыспен қамту болып табылады. Сондықтан, еш алаңдаусыз көшуіңізге болады, жұмыспен қамтыласыз.

Сондай-ақ, отбасының әрбір мүшесіне көшуге кеткен шығынды өтеу үшін 35 айлық есептік көрсеткіш немесе 88 мың теңге мөлшерінде бір реттік материалдық көмек беріледі.

12 ай бойы тұрғын үйді жалдау үшін шығыстар өтеледі. Оның мөлшері отбасы мүшелерінің санына қарай қалаларда 75 мың теңгеге, ауылдарда 53 мың теңгеге  дейін құрайды.  Көшкен өңірлерде балаларды мектеп-балабақшамен қамтамасыз ету бойынша көмек көрсетіледі. Жеке ісіңізді ашқыңыз келсе мемлекеттік грант немесе микрокредит алу мүмкіндігі бар.

 

3 сұрақ интернет-форум арқылы

Құрметті Бердібек Машбекұлы!

Қазіргі таңда әлеуметтік мәселелер алға шығып отыр. Мен Сіздің әлеуметтік серіктестікті дамытып, бизнес өкілдерін қоғамға бағдарлап жүргеніңізді қолдаймын. Мен де шамам келгенше қолдағым келеді, бірақ нақты мұқтаждығы бар азаматтарды біле бермеймін. Желіде жүрген ақпараттарға сенбеймін. Оның үстіне жұмыспен арпалысып, уақытым тығыздау. Менің бір ұсынысым бар, мұқтаж азаматтар мен көмек бергісі келетін азаматтарды байланыстыратын ақпараттық жүйе орнату керек деп ойлаймын. Көмек бергісі келетіндер қазіргіден де көбірек сияқты, тек ұйымдастыру керек.

Қалай ойлайсыз?

 

Жауап:

Сұрағыңызға рахмет. Шынында, мұқтаж азаматтарды қолдауда қоғамдық бизнес өкілдерімен қатар, жанашыр азаматтардың аландаушылық білдіріп отырғаны қуантады.

Жалпы, әрбір әкімшіліктің әлеуметтік үйлестіру басқармалары өз өңіріндегі мұқтаж азаматтарды есепке алып отырады. Олар мүмкіндігінше көмектесу жолдарын қарастырады.

Ал біз өз тарапымыздан әрбір отбасының қажеттіліктерін жүйелі түрде анықтау үшін «Отбасының әлеуметтік картасын» әзірлеп жатырмыз. Бұл карта мемлекет тарапынан көрсетілетін барлық әлеуметтік қызметтерді көрсетуге мүмкіндік береді. Осы қартаны әзірлегеннен кейін, Сіздің ұсынысыңызды әзірлеу мүмкін деп ойлаймын. Әрі қарай қолға алып, қарастырайық.

 

4 сұрақ  –залдан

Құрметті Министр!

Мен қазіргі таңда жұмыссызбын. Осыған байланысты жәрдемақы алып жүрмін, 4 айға тағайындады Оның мөлшері мардымсыз, тіпті күнкөріс деңгейінен төмен. Сондай-ақ, Жұмыспен қамту орталығы маған бос вакансияларды беріп жатыр, оларға барсам айлықтары өте төмен, менің отбасыма жетпейді. Осыған байланысты менде 2 сұрақ бар:

Біріншіден, жұмыссыздық бойынша жәрдемақының мөлшері неге төмен?

Екіншіден, менің жағдайымда не істеуге болады?

 

Жауап:

Бірінші сұрақ бойынша, жұмысынан айрылуына байланысты әлеуметтік төлемнің жұмыссыз ретінде тіркелген күнге дейінгі соңғы 2 жылдағы табыстың 30 пайызын құрайды. Көпшілігінде азаматтар жұмыстан шығып қалса, өз бетімен жұмыс іздейді. Жұмыссыз ретінде тіркелуге кеш келеді. Бұл өз кезегінде төлемнің азаюына әкеледі. Былтырғы жылы төлемнің орташа мөлшері 24 816 теңгені құрады.

Осыны ескере отырып, төлемнің мөлшерін орта есеппен 30 пайызға арттыру және төлеу мерзімін 4 айдан 6 айға ұзартуды көздейтін Заң жобасын әзірледік. Қазір Мәжілістің қарауында.

Сонымен қатар, егер де отбасыңыздағы жан басына шаққандағы табыс күнкөріс деңгейінің 70%-ына жетпесе, атаулы әлеуметтік көмекке жүгінуге болады.

Екінші сұрақ бойынша, төлемдерді ала отырып, Сіз жұмыспен қамту шараларына қатыса аласыз.

Мәселен, қысқа мерзімде жаңа кәсіпті меңгеріп, жұмысқа орналаса аласыз. Кәсіпкерлікпен айналысамын десеңіз, жеңілдетілген шарттармен микрокредит немесе грант алуыңызға болады. Электрондық еңбек биржасына резюме қалдырып, бос лауазымдарды қарастыруыңызға болады.

 

5  сұрақ - бейнеконференция байланысы арқылы

Уважаемый министр!

Известно ли Вам о состоянии обеспеченности инвалидов средствами реабилитации?

Не скажу, что ничего не дают и не делают. Но, такое ощущение, что дают все для галочки. Не учитываются индивидуальные потребности инвалидов, элементарно выдаются памперсы не тех размеров и инвалидная коляска, которая не подходит по размерам.

Намерено ли Министерство принять меры для решения этой проблемы?

 

Ответ:

Спасибо за вопрос. Да мы рассмотрели эту проблему. Технические средства реабилитации закупаются в рамках госзакупок, где главную роль играет цена, а не качество.

Поэтому для обеспечения качественными техническими средствами реабилитации сейчас проводится работа по внедрению Портала социальных услуг. На портале будут размещены поставщики услуг и весь перечень средств реабилитации. То есть лица с инвалидностью смогут самостоятельно выбрать то или иное техническое средство, исходя из своих индивидуальных потребностей.

 

6 сұрақ  - интернет-форум арқылы

Уважаемый Бердыбек Машбекович!

У меня такой вопрос. Работник при исполнении трудовых обязанностей получает травму и ему устанавливают инвалидность. Прежнюю работу он выполнять не может. Насколько нам известно работодатель должен перевести такого работника на другую позицию, соответствующую его возможностям. Но работодатель все время обещает, но не выполняет свои обещания. Скажите пожалуйста, какие права имеет работник в данном случае?

 

Ответ:

Если работнику установили инвалидность, то ему положены 3 уровня выплат:

Первое. Государственное пособие по инвалидности из бюджета:

- при I группе инвалидности – 57 021 тенге (1,92 от ПМ);

- при II группе – 45 438 тенге (1,53 от ПМ);

- при III группе – 30 886 тенге (1,04 от ПМ).

Второе. Социальная выплата по утрате трудоспособности из Государственного фонда социального страхования. Размер выплаты зависит от дохода и группы инвалидности.

Третье. Выплата из страховой компании, с которой работодатель заключил договор обязательного страхования работника от несчастных случаев на производстве.

 

Если же работодатель не застраховал свою ответственность, возмещение ущерба осуществляется им самим в полном объеме. Размер выплаты также зависит от дохода работника.

В дальнейшем перевод работника на другую более легкую позицию, соответствующую его состоянию здоровья, производится актом работодателя по соглашению с пострадавшим работником.

В случае нарушения его трудовых прав, он может обратиться в местный орган по инспекции труда для защиты своих трудовых прав.

 

7 сұрақ – залдан

Уважаемый министр!

Я студент 4-курса, сейчас у меня летние каникулы.

Хотелось бы получить ответ на следующий вопрос: могут ли студенты, как я, в период летних каникул пройти обучение по «Бастау Бизнес»?

 

Ответ:

Спасибо за вопрос. Очень рад, что молодежь проявляет желание обучаться.

Обучение основам предпринимательства в рамках проекта «Бастау Бизнес» направлено на повышение экономической активности населения через привлечение к занятию предпринимательской деятельности самозанятого и безработного населения.

Поэтому, студенты не могут участвовать в Бастау Бизнес.

Но есть возможность участия в программе «Дорожная карта бизнеса-2020», где есть ряд проектов, направленных на обучение основам предпринимательства.

Так, по проекту «Бизнес-Советник» проводится обучение также и населения с предпринимательской инициативой.

Можете обучиться по данному проекту, для этого необходимо обратиться в региональную палату предпринимателей. Срок обучения составляет 2 дня.

 

8 сұрақ - бейнеконференция байланысы арқылы

Құрметті министр!

Мен көп балалы анамын. Үкіметтің жұмысын істемесем де, үйде отырып қол өнермен айналысамын, тоқимын, киіз басамын. Өз ісімді бастап, кәсібімді дамытқым келеді. Кредит алайын десем пайызы  өте жоғары, қорқып отырмын. Маған көмек бере аласыз ба?

Жауап:

Сұрағыңызға рақмет.

Жеке кәсіппен айналысуға ынтаңыз бар болғандығы қуантарлық жайт. Қазіргі кезде «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған, оның ішінде қажетті еңбек құралдарын, технологиялық жабдықтарды сатып алу үшін
250 мыңнан астам теңге (100 АЕК) мөлшерінде қайтарымсыз грант беріледі.

Сондай - ақ, Бағдарламаға енгізілген соңғы өзгерістерге сәйкес аз қамтылған көп балалы отбасы мүшелеріне, аз қамтылған мүмкіндігі шектеулі азаматтарға, жастарға аталған грант сомасы 2 есеге артып, 505 мың теңгеге жетті.

Бағдарлама шеңберінде жеңілдетілген шарттармен микрокредиттер де беріледі. Оның мерзімі 5 жылды құрайды. Cыйақы мөлшерлемесі – жылдық 6%-дан аспайды.

Сіз Талдықорған қаласында тұратындықтан - 16,4 млн. теңгеге дейін микрокредит ала аласыз.

 

 

9 сұрақ – интернет-форум арқылы

Уважаемый министр!

В прессе идет информация, что можно получить инвалидность без проведения экспертизы? Правда ли это?

 

Ответ:

Экспертиза будет проводиться. Речь, наверное, идет о новом формате заочного освидетельствования.

Действительно, с 2018 года, в семи регионах республики проводится пилот по заочному установлению инвалидности. В рамках пилота, параллельно с очным, проводится заочное освидетельствование человека, без его личного присутствия, на основании только медицинских документов, поступивших на МСЭ в электронном формате, посредством интеграции информационных систем Министерства здравоохранения РК и МТСЗН.

Так, в прошлом году документы 495 человек были направлены для заочного освидетельствования. По итогам пилота в дальнейшем предусматривается исключение обращения человека в отдел медико-социальной экспертизы.

Необходимо отметить, что переход на заочное освидетельствование в полном объеме возможен только при условии готовности информационных систем организаций здравоохранения, внедрения электронных паспортов здоровья и перехода на «безбумажные» больницы. По оперативной информации Министерства здравоохранения не ранее 2020 года. Поэтому сейчас работа идет в пилотном режиме.

 

10 сұрақ - залдан

Құрметті министр!

Өндірістегі қызметтің ауырлығын мен айтпасам да білесіз. Жұмысқа бара жатып, отбасымызға аман-есен қайтуды ойлаймыз. Жақында Астана-су арнасында орын алған жағдай қабырғамызды қайыстырмай қоймады. Айтыңызшы, өндіріс адамдарын қорғау үшін қандай жұмыстар атқарылуда?  Жұмыс берушілердің жауапкершілігін күшейту керек емес пе?

 

Жауап:

Бүгінгі күні өндірісте орын алып жатқан жазатайым оқиғалар бізді де алаңдатуда.

2019 жылдың 5 айында республика кәсіпорындарында жазатайым оқиғалардың нәтижесінде 520 адам зардап шегіп (2018 жылдың 5 айы - 579 адам), оның ішінде 51 адам қайтыс болды (2018 жылдың 5 айы -70 адам).

Өндірістік жарақаттың деңгейін және зиянды еңбек жағдайларындағы жұмыс орындарын азайту үшін а.ж. 1 тоқсанында 601 өндірістік объектілерде аттестаттау жүргізілді.

А.ж. 1 маусымда заманауи кәсіби тәуекелдерді басқару жүйесін енгізу мақсатында елдегі 2 231 кәсіпорын еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі стандарттарды (OHSAS 18001, ХЕҰ-ЕҚБЖ) енгізді. Республика кәсіпорындарда 14 792 өндірістік кеңестер құрылды және жұмыс істеуде.

2018 жылдың қорытындысы бойынша техникалық еңбек инспекторлары еңбек жағдайлары бойынша 70 735 -тексеру жүргізді, оның барысында 126 737 бұзушылық анықталып жойылды.

Сонымен қатар өндірістік жарақаттың деңгейін азайту мақсатында Министрлік мемлекеттік органдар және әлеуметтік әріптестермен бірлесіп, «Қазақстан Республикасында өндірістік жарақаттануды және еңбек жағдайлары зиянды жұмыс орындарын азайту жөніндегі 2019 – 2023 жылдарға арналған жол картасын» әзірлеп, Үкіметке бекітуге жолдадық.

Бұл Жол картада өндірістік кәсіпорындарда кәсіби қатерлердің алдын алу, анықтау, бағалау және еңбекті қорғаудың заманауи басқару жүйесін енгізуді көздейді.

Сондай-ақ, жұмыс берушілердің жауапкершіліген арттыру мәселесін қарастырады.

Сонымен бірге, осы жылы Министрлік әкімдіктермен және әлеуметтік әріптестермен бірлесе отырып «Қауіпсіз еңбек» ақпараттық науқанын өткізуде.

 

11 сұрақ - бейнеконференция байланысы арқылы

Уважаемый министр!

Добрый день! На сегодняшний день кресло-коляски закупаются через госзакупки. В большинстве случаев закупаются китайские коляски низкого качества. Рассматривается ли вопрос улучшения качества кресел-колясок и почему бы не производить их в Казахстане?

 

Ответ:

Как я уже говорил, для обеспечения качественными техническими средствами реабилитации, мы разрабатываем Портал социальных услуг, где каждый человек сам будет выбирать кресло-коляску, исходя из своих индивидуальных потребностей. При этом, будет установлена цена, которую будет платить государство, а если человек захочет купить более дорогую коляску, разницу он будет доплачивать сам.

Что касается отечественного производства кресел-колясок, мы тоже думаем, что было бы правильнее производить их в Казахстане. Для отечественных производителей предусмотрены права приоритетного закупа их продукции.

Сейчас по нашему заказу АО «Тыныс» начал работу по изготовлению опытных образцов кресел-колясок с электроприводом в количестве 3 штук.

По графику производства работ в июне текущего года планируется завершение производства опытных образцов и демонстрация их в Министерстве.

В дальнейшем если изготовленные кресла-коляски будут  качественными, Министерство рекомендует включить АО «Тыныс» в Перечень отечественных товаропроизводителей, с которыми закуп кресел-колясок будет осуществляться в приоритетном порядке.

 

12 сұрақ – интернет-форум арқылы

Уважаемый министр!

Вы говорили в одном из своих выступлений о том, что на каждую семью будет сформирована социальная карта по социально-бытовым условиям. Можно узнать об этом поподробнее.

 

Ответ:

В этом году, внедрена информационная система «Е-халық». В этой системе местными исполнительными органами формируется социальные карты каждой казахстанской семьи, чтобы узнать, работают ли они, в каких условиях живут, какой их средний доход, какие проблемы имеются. При этом большая часть данных приходит автоматически из информационных системах госорганов.

Все эти данные дадут нам полную картину каждой семьи и на их основе мы будем определять самых нуждающихся граждан для оказания им поддержки государства. То есть все положенные от государства услуги им будут оказаны в проактивном порядке без личной явки в госорганы.

Например, нуждается семья в адресной социальной помощи или в пособии по рождению ребенка. Это будет автоматически выявляться и соответственно этим семьям будет оказываться комплексная помощь.

Таким образом граждане находящиеся в трудной жизненой ситуации не останутся без внимания государства.

В настоящее время сформированы социальные карты на 18,2 млн. человек или 98,6% населения республики.

В целом внедрение социальных карт позволит:

  - выявить нуждаемость семей;

  - потребности семьи в разных сферах – медицинские, образовательные и др. услуги;

- проактивно без заявления граждан оказывать необходимые семье услуги.

 

13 сұрақ  - залдан

Уважаемый министр!

До выборов в соцсетях часто писали об отмене назначения АСП после выборов. Правда ли это? Будет ли пересмотрены программы оказания помощи малообеспеченным семьям?

 

Ответ:

Хочу сказать сразу, это не соответствует действительности. Тем, кому уже назначена АСП выплата продолжится, так как государство взяло на себя обязательство и выполнит их.

АСП назначается и выплачивается с 2002 года и с целью обеспечения адресности оказываемой помощи с каждой новой возможностью система реформируется, и пересматриваются подходы ее оказания.

Главная задача оказания АСП поддержка действительно нуждающихся граждан и выведения их из состояния бедности.

 

14 сұрақ - бейнеконференция байланысы арқылы

Уважаемый министр!

У меня брат инвалид первой группы после инсульта. Врачи говорят, чтобы восстановить функции конечности надо ежегодно пройти курс реабилитации. На сегодняшний день, к сожалению, у нас в области нет реабилитационных центров для проведения данных мероприятии.

Данный вопрос, наверное, волнует многих.

Пользуясь случаем, хочу спросить, рассматривается ли Министерством вопрос строительства реабилитационных центров для инвалидов?

 Ответ:

 Да, мы понимаем важность реабилитационных мероприятий для инвалидов. Только с помощью таких комплексных реабилитационных мероприятий, человек получает возможность восстановления нарушенных функций организма.

На сегодня действительно реабилитационные центры есть не во всех регионах. В целях полного охвата инвалидов реабилитационными центрами, мы в Национальном плане по обеспечению прав и улучшению качества жизни лиц с инвалидностью в Республике Казахстан предусмотрели строительство реабилитационных центров в каждом регионе по одному. В первую очередь в тех регионах, где нет реабилитационных центров.

Соответствующие расчеты по дополнительной потребности нами подготовлены, вопрос финансирования будем прорабатывать с Министерством финансов.

 

15 сұрақ  - интернет-форум арқылы

Құрметті министр!

Басқа елден көшіп келген қазақтарға зейнетақы тағайындалған кезде олардың бұрын тұрған елдеріндегі еңбек өтілдері ескеріледі ме?

Мені қызықтыратыны Моңғолиядан көшіп келген азаматтар. Олар зейнетақы алуда шектелмейді ме?

 

Жауап:

Елбасы V Дүниежүзі қазақтарының құрылтайында елге оралған этникалық қазақтардың шетелдегі жинақтаған еңбек өтілін есепке алу мәселесін қарастыруды тапсырған.

Осы тапсырманы орындау үшін Еңбек министрлігі «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңына тиісті түзетулер енгізді.

Енді Моңғолиядан тарихи еліне тұрақты тұруға келген этникалық қазақтардың шет елдегі еңбек өтілдері зейнетақы тағайындау кезінде қосылатын болды.

Осы өзгерістер енгізілгеннен бері Моңғолиядан және Қытайдан келген азаматтардың еңбек өтілдері ескеріліп, зейнетақы тағайындалады.

Қазіргі таңда бұл азаматтар қазақстандықтармен тең құқыда.

 

16 сұрақ - залдан

Уважаемый министр!

У меня к Вам очень важный вопрос, который интересует многих.  Почему раньше выплачивали пенсионные накопления из ЕНПФ единовременно, а сейчас не дают. Ведь это наши деньги и сегодня они требуются кому-то на лечение, а кому-то на погашение ипотечного кредита или оплату обучения внукам. Хотелось бы, чтобы платили наши накопления не ежемесячно, а один раз в год крупной суммой, как прежде.

Ответ:

Да, действительно, до недавнего времени выплаты из ЕНПФ осуществлялись по графику (один раз в год, ежемесячно или ежеквартально), при этом в основном люди забирали накопления единовременно.

Соответственно, получатели воспринимали ее не как пенсию, а как просто накопленную сумму и тратили эти накопления разово, тогда как целевым назначением изначально является обеспечение адекватного размера ежемесячной пенсии.

Из года в год солидарная пенсия сворачивается, соответственно  основу пенсии будет составлять накопительная часть. Пенсия является замещением дохода, соответственно она должна выплачиваться равномерно на ежемесячной основе. Если человек забирает накопления сразу, то размер пенсии в месяц соответственно уменьшается.

Поэтому, пенсионные выплаты из ЕНПФ сейчас осуществляются ежемесячно за исключением случаев, когда сумма их не превышает 12 минимальных пенсий (в 2019 г. – 433 296 тенге).

Это способствует увеличению совокупного размера ежемесячных пенсионных выплат, а также продолжительности выплат из ЕНПФ.

 

Справочно:

В 2018 году из ЕНПФ накопления получили порядка 620 тыс. человек, из них единовремененно 112 тыс.человек, ежемесячно  390 тыс. человек. Средний размер пенсионных накоплений за 2018 год -  930 тыс. тенге, средний размер пенсионных выплат из ЕНПФ составляет 19 185 тенге.

 

17 сұрақ -  бейнеконференция байланысы арқылы

Уважаемый министр!

Известно ли Вам, что на практике есть работодатели, которые не желают заключать трудовые договора. Нередко работник вынужденно соглашается на устные условия работодателя, чтобы получить работу. Не кажется ли Вам, что есть необходимость ужесточения ответственности работодателей, допустивших такие нарушения?

 

Ответ:

Как показывает результаты гос. контроля за последние 2 года инспекторами труда в процессе проверок выявлено более пятисот работодателей, которые использовали труд работников без заключения трудовых договоров, по которым они понесли административную ответственность.

Сегодня в отраслевом разрезе наиболее подверженными к теневым трудовым отношениям является сельскохозяйственная, строительная отрасли и сферы торговли и услуг.

В целях профилактики данных правонарушений Министерство выступило инициатором проведения в 2018-2019 годах общереспубликанской акции «Заключите трудовой договор», в рамках которого в настоящее время заключено более 42 тыс. новых трудовых договоров.

Однако, первые результаты акции показывают, что сами граждане ещё не готовы заявлять в контролирующие органы о теневых трудовых отношениях, в том числе и по телефонам доверия.

Данное обстоятельство значительно снижает темпы легализации трудовых отношений по причине того, что у ГИТ отсутствуют правовые основания для проверок предприятий и работа по формализации трудовых отношений в основном ограничивается мерами подворового обхода и разъяснительной работой.

В этой связи, в настоящее время Министерством прорабатывается ряд вопросов.

Первое, в целях более жесткого контроля мы работаем над внедрением электронной системы учета трудовых договоров;

Второе, прорабатываем вопросы увеличения штрафа работодателей от 150 до 200 МРП, при наличии работников без трудовых договоров;

Третье, для предоставления госинспекторам права оперативного реагирования на нарушения, прорабатываются предложения, предусматривающие исключению инспекции труда из общего порядка проведения проверки.

18 сұрақ – интернет-форум арқылы

Уважаемый министр!

Сегодня в очереди на получение жилья и государственного жилфонда стоят более 30 тыс. многодетных семей. Как решаются вопросы по обеспечению жильем многодетных малообеспеченных семей?

 

Ответ:

Вопросы формирования и реализации государственной политики в сфере строительной деятельности и жилищных отношений относятся к Министерству индустрии и инфраструктурного развития РК (ППРК от 29 декабря 2018 года № 936).

Также хочу отметить, что в рамках программы «Нұрлы жер» планируется финансирование строительства арендного жилья без выкупа для многодетных семей - ежегодно с 2019 по 2025 год по 50 млрд. тенге, всего 350,0 млрд. тенге за 7 лет.

Это обеспечит строительство по 6 000 арендных квартир в год, а всего за 7 лет более 40 тыс. квартир;

Также с 1 июля должен заработать новый льготный механизм кредитования жилья под 2% на 20 лет.

 

19 сұрақ  - залдан

Құрметті министр!

Мен қазіргі таңдағы сұранысқа ие мамандықтар туралы сұрайын деп едім. Бұл қандай мамандықтар?

Мамандықтардың үйлесімділігі әлі де шешілмей келе жатқан мәселе. Жалпы еңбек нарығының әхуалы қандай? Балаларымыздың бейімін қай бағытта дамытқанымыз жөн?

Жауап:

Министрлікпен Елбасының «Жас маман» бағдарламасын әзірлеу жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде сұранысқа ие 100 кәсіптер тізбесі әзірленді. Тізбеге жоғары білімді талап ететін, сұранысқа ие 35 кәсіп және техникалық пен кәсіби білімді қажет ететін, 65 кәсіптен тұрады. Оның ішіне жаңа 10 кәсіп қосылды.

Осы тізбедегі ең сұранысқа ие 10 мамандықты атап өтсем, олар:

1. Компьютерлік аппараттық жасақтама инженерлері және Инженер-электрониктер (IT-мамандар);

2.  3D модельдеу және толықтырылған нақтылық инженерлері;

3.  Аддитивті технология бойынша инженерлер;

4.  Машина аралық оқыту жүйесі бойынша инженерлер;

5.  Бағдарламалық жасақтама сәулетшілері және Жүйелік талдаушылар;

6.  Бағдарламалық жасақтама, Web және мультимедиалық қосымшаларды әзірлеушілер мен Тестілеушілер;

7.  Деректер қорының әкімшілері және талдаушылары;

8.  Желілік, жүйелік әкімшілер және серверлер әкімшілері;

9.  Телекоммуникация және телерадио хабарларын тарату инженерлері;

10. Өндірістік инженер-технологтар және олардың көмекшілері.

Еңбек нарығының тепе-теңдігін қалыптастыру үшін еңбек ресурстарын дұрыс болжау керек. Біз бұл арада еңбек ресурстарын болжамдаудың ұлттық жүйесін қолдану арқылы қысқа, орта және ұзақ мерзімді болжамдар жасаймыз.

Орта мерзімді кезеңге арналған болжау нәтижелерін Білім және ғылым министрлігіне жолдаймыз. Осы болжамға сүйене отырып Білім министрлігі қажет мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын (гранттар) қарастырады.

Жалпы мамандық таңдауда ең алдымен баланың қабілетіне, икеміне, әдеті мен мінезіне қарау, сондай-ақ, еңбек нарығының әхуалын, қандай мамандар сұранысқа ие екенін қарау керек.

2025 жылға қарай Еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныстың арасында орташа білікті кадрлардың тапшылығы байқалады, біліктілігі төмен еңбекке деген сұраныс қысқарады, ал жұмыс күшіне қойылатын талаптар артады.

20 сұрақ  - бейнеконференция байланысы арқылы

Құрметті Бердібек Машбекұлы!

Әлеуметтік желіден аналардың көтеріп жүрген мәселелерін көріп жүрміз. Осы орайда қоғамның ойы екіге бөлініп кетті. Мен де анамын, өмір бойы жұмыс істеп, өз жүгімді өзім арқалап келемін. Үйді де өзіміз несиеге алып, амалдап төлеп келеміз. Мен тегіннен тегін үй тарқатуды құп көрмеймін. Неге мен сияқты жұмыс істейтіндердің салықтары есебінен үй тарқатылуы керек? Онда бәріміз үкіметтен үй алып, жұмыс істемей отырайық. Сол дұрыс па? Оның орнына балаларды оқыту, жұмыспен қамту сияқты мәселелерді күшейту керек емес пе? Қалай ойлайсыз?

 

Жауап:

Сұрағыңызға рахмет. Қазіргі күні жергілікті атқарушы органдар арқылы беріліп жатқан тұрғын үйлер барлық азаматтарға емес, тек кезекте тұрған көп балалы және аз қамтылған отбасыларға белгілі шарттармен ұсынылады. Бұдан бөлек, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен көп балалы, аз қамтылған, мүгедек баланы тәрбиелеп отырған отбасыға 20 жылға 2% мөлшерінде жеңілдетілген несие беріледі.

Сонымен қатар, елімізде балалы отбасыларды қолдау мақсатында беріліп жатқан тұрғын үйлерден бөлек, аналарымыздың қатысуымен министрлікте құрылған жұмыс тобында білім беру, денсаулық сақтау, жер бөлу, жұмыспен қамтамасыз ету және ауылдық жерлерде, аудандарда тұрып жатқан отбасыларға кәсіпкерлікті дамытуға мүмкіндік беру мәселелері көтерілуде. Біз осы мәселелерді тиісті мемлекеттік органдармен қарастырып жатырмыз. Бұл өз кезегінде азаматтардың табысын арттырып, өз күшімен отбасылық жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді.

Біздің мақсатымыз нақты көмекке мұқтаж отбасыларды қолдау болып табылады.

21 сұрақ – интернет-форум арқылы

Уважаемый министр!

Я мать 5 детей, сейчас получаю пособие по потери кормильца. Не так давно получила 3 группу инвалидности. Могу ли я получать одновременно 2 вида пособия, по инвалидности и по случаю потери кормильца? Спасибо!

 

Ответ:

Пособие по потере кормильца назначают несовершеннолетним детям (иждивенцам) до 18 лет и до 23 лет, если обучается. То есть это пособие назначается для Ваших детей.

Пособие по инвалидности будет Вам назначено в связи с установлением Вам группы инвалидности.

Соответственно, Вы будете получать два вида пособия одновременно.

 

22 сұрақ - залдан

Құрметті Министр!

Менің Сізге айтар ренішім бар. Мен жалғызбасты анамын, күйеуім ерте қайтып кетті. Атаулы әлеуметтік көмекке табысым 300 теңгеге асып, ілінбей қалдым. Неге табысты есептеу кезінде қолға алатын табыс емес, пенсионкамен, кіріс салығымен бірге есептейсіздер? Ол ақша менің қолыма түспейді ғой. Біздің күніміз не болмақ?

 

Жауап:

Қазіргі таңда Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудің ережесіне еңбекақыны қолға алатын таза күйінде есептеуді көздейтін өзгерістер енгізу бойынша бұйрық жобасы әзірленді.

Қазір аталған бұйрық тиісті мемлекеттік органдармен келісуден өтіп жатыр. Бұл өзгеріс қолдау тапса, атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау барысында тек қолға алатын жалақы есептелетін болады.

 

23 сұрақ - бейнеконференция байланысы арқылы

Уважаемый министр!

Человек без ног, ему устанавливают инвалидность со сроком. Почему не установить инвалидность бессрочно?

Ответ:

Человеку без ног инвалидность устанавливается бессрочно, согласно утвержденному Перечню анатомических дефектов.

К примеру, бессрочно устанавливается:

первая группа инвалидности - при ампутации обеих нижних конечностей на уровне верхней трети бедра;

вторая группа инвалидности - при ампутации на уровне голеней;

третья группа инвалидности – при ампутации одной ноги.

 

Справочно: Если при ампутации одной ноги положена третья группа инвалидности, но имеются более выраженные сопутствующие нарушения функций, то устанавливается более высокая группа инвалидности (первая или вторая), но со сроком.

Например, у человека нет одной ноги и у него выраженное заболевание легких. В данном случае, установление 3 группы инвалидности бессрочно по ампутации нижней конечности, без учета нарушения дыхательных функций, ущемит его права. Поэтому устанавливается 2 группа со сроком.

24 сұрақ – интернет-форум арқылы

Уважаемый министр!

За пределами Казахстана проживает более 3 млн наших соотечественников. Как государство будет стимулировать этнических казахов к переезду на историческую родину? Какие меры поддержки предусмотрены для наших соотечественников?

Ответ:

Министерство труда и социальной защиты населения на постоянной основе ведет работу по совершенствованию законодательства, направленного на создание благоприятных условий для приема и обустройства этнических казахов.

Мы  также принимаем меры по их скорейшей интеграции в казахстанское общество.

Так, в соответствии законодательством в сфере миграции, этнические казахи, прибывшие в Казахстан с целью постоянного проживания имеют право на:

1) свободный выбор места жительства и приобретения статуса оралмана независимо от региона расселения в течение 5 рабочих дней со дня обращения;

2) обращение за получением разрешения на постоянное место жительства независимо от категории выданной им визы;

3) приобретение казахстанского гражданства в упрощенном порядке в течение 3 месяцев со дня обращения без подтверждения своей платежеспособности;

4) осуществление деятельности индивидуального предпринимателя;

5) временную регистрацию в центрах адаптации и интеграции оралманов, центрах временного размещения при отсутствии служебного или собственного жилья на срок не более одного года.

Также в рамках государственного образовательного гранта для этнических казахов, прибывших в республику с целью получения образования, выделяется квота в размере 4% от объема грантов.

Для этнических казахов, выбравших регион для расселения, определенный Правительством (Акмолинская, ВКО, Павлодарская, Костанайская, СКО) предусмотрены меры государственной поддержки в виде предоставления субсидии:

- на переезд – единовременная выплата каждому члену семьи по 35 МРП (88,4 тыс. тенге);

- для покрытия расходов по найму (аренде) жилья и оплате коммунальных услуг, которые выплачиваются ежемесячно в течение 12 месяцев от 15 до 30 МРП (от 37,9 до 75,7 тыс. тенге) на семью.

Также государственная поддержка включает:

- направление на обучение с техническим и профессиональным образованием и краткосрочные профессиональные курсы при необходимости;

- государственные гранты на реализацию новых бизнес-идей в размере до 100 МРП (до 252 тыс. тенге) на новом месте жительства.

25 сұрақ – залдан

Құрметті министр!

Бүгінгі таңда елімізде әлеуметтік жобаларды жүзеге асырып отырған әртүрлі үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық қорларға қандай қолдаулар көрсетілуде?

Жауап:

Министрлік үкіметтік емес ұйымдарды қолдау мақсатында 2009 жылдан бері қарттар, мүгедектер, тұрмыстық зорлық-зомбылық және адам саудасы құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету үшін республикалық бюджеттен қаражат бөліп келеді.

Бұл ұйымдарды қолдау бәсекелестік ортаны дамыту мен көрсетілетін қызметтің сапасын арттыруға мүмкіндік беруде.

Осы аралықта үкіметтік емес ұйымдардың саны 4-тен 177-ге дейін өсті.

2019 жылға 5 мыңға жуық адамды арнаулы әлеуметтік қызметтермен қамту үшін республикалық бюджеттен 1,5 млрд. теңге бөлініп отыр.

Сонымен қатар, 2010 жылдан бастап жүріп-тұруы қиын мүгедек адамдарға Инватакси қызметі енгізілген болатын.

Барлық өңірлерде әкімдіктер үкіметтік емес ұйымдарға мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс беру арқылы Инватакси қызметінің жұмысын жүргізуде.

2014-2018 жылдар аралығында Инватакси қызметін дамыту үшін республикалық бюджеттен 409 млн. теңге қаражат бөлінді.

Қазіргі уақытта елімізде 91 Инватакси қызметі жұмыс атқарады, онда 282 машина мүгедектерді тиісті баратын жерлеріне алып баруда.

 

26 сұрақ – бейнеконференция байланысы арқылы

Құрметті министр!

Мені зейнетақы жинақтарының жағдайы алаңдатады. Жалпы зейнетақы жүйесіне сенімсіздік бар. Себебі, бұл қаражаттың қалай басқарылып жүргенін көріп жүрміз. Неге біздің жинақтарымыз шетел асып жатыр? Қазақстандық жобаларды іске асыруға бағыттауға болмай ма? Сіз қаншалықты бұл жүйені басқаруға қатысасыз?

Ответ:

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қызметін Ұлттық Банкі басқарады. Зейнетақы жинақтары  Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңестің шешімімен инвестицияланады. Еңбек министрлігі бұл жұмысқа қатыспайды.

Зейнетақы активтерінің негізгі үлесі ел ішінде инвестицияланған – 80%-ға дейін, шет мемлекеттердің тек қана мемлекеттік бағалы қағаздарына – 14% шамасында салынған.

Соңғы үш жылда зейнетақы активтерінің табысы өсіп жатыр, 2016 жылы - 7,95%, 2017 жылы – 7,92%, 2018 жылы – 11,27% құрады.

  

27 сұрақ – интернет-форум арқылы

Уважаемый министр!

Я жительница поселка Астраханка Акмолинской области. Мы получаем АСП. У нас в поселке запрашивают чеки, подтверждаюшие на что потрачены выплаты АСП. Насколько это правильно? У меня есть родственники в других регионах, которые также получают АСП, но у них ничего не требуют.

Ответ:

Подтверждение документами, на что потрачена выплата АСП необходимо только при единовременном получении обусловленной денежной помощи (получает один раз за три месяца).

При ежемесячном получении АСП подтверждения не требуется.

Согласно заключенному социальному контракту, получатель помощи обязуется использовать полученные деньги на указанные цели. Это может быть -  развитие личного подсобного хозяйства (покупка домашнего скота, птицы и др.), организация индивидуальной предпринимательской деятельности (кроме затрат на погашение предыдущих займов, приобретение жилой недвижимости).

Для подтверждения целевого использования денежных средств ассистент (консультант) составляет отчет, с приложением подтверждающих фото, документов.

28 сұрақ – залдан

Құрметті Министр!

Мен 2015 жылы «Жұмыспен қамту» бағдарламасы арқылы кредит алып, өз ісімді айналдырып отырмын. Қазіргі таңда қол астымда 5 жұмыскерім бар, оның екеуі мүгедек жандар. Естуімше мүгедектігі бар азаматтар мемлекеттік сатып алу бойынша порталмен жұмыс істесе, қосымша жеңілдіктер беріледі екен.

Осы туралы тарқатып айтып беріңізші, бұл қаншалықты рас әңгіме?

Ответ:

Мемлекеттік сатып алу Заңына сәйкес мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері және (немесе) мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдар негізгі 2 критерий бойынша мемлекеттік сатып алу конкурстарына қатыса алады;

1) жұмыс істейтін мүгедектердің саны барлық жұмыскерлердің жалпы санының кемiнде 51 процентін;

2) мүгедектердің еңбекке ақы төлеу бойынша шығыстары ұйымның еңбекке ақы төлеуге арналған шығыстарының кемiнде 51 процентін (ал, есту, сөйлеу, көру қабiлетiнен айырылған мүгедектер жұмыс iстейтiн мамандандырылған ұйымдарда – кемiнде 35 процентін) құрауы қажет.

Сондықтан Сіздер мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері болып құрылған жағдайда ғана соларға тиесілі жеңілдіктерді пайдалана аласыздар.

29 сұрақ -  бейнеконференция байланысы арқылы

Уважаемый министр!

Я из г. Костанай. Мы получаем АСП, но проездные билеты нам не дают. Оказывается в Астане проездные билеты выдают. Почему разный подход? Мы такие же получатели выплат.

 

Ответ:

Спасибо за вопрос. Данный вопрос на самом деле поднимается во всех регионах.

В настоящее время по решению местных представительных органов на местах в зависимости от бюджетных возможностей самостоятельно определяются категории получателей и виды оказываемой помощи. Поэтому нет единого подхода.

В этой связи, в целях исключения социальной несправедливости и определения единого вида и размера оказываемой помощи по всей республики Министерством совместно с местными исполнительными органами проводится работа по разработке Единого пакета услуг и мер социальной поддержки.

В настоящее время, проводятся расчеты по определению дополнительных обязательств государства на эти цели.

При завершении работы Единый подход будет внедрен во всех регионах.

 

30 сұрақ – интернет-форум арқылы

Здравствуйте, Бердибек Машбекович! Сегодня полным ходом идет работа по цифровизации. Развиваются цифровые технологии и идет автоматизация услуг. К сожалению, не все люди знают о своих социальных правах. Конечно, мне как услугополучателю хочется, чтобы все было в одном месте, чтобы всю необходимую информацию можно было получить в одном месте всем, и инвалидам и многодетным и т.д. Ведь это же удобно всем. Как Вы думаете на счет этого? Спасибо.

 

Ответ:

Всего в социально-трудовой сфере 38 государственных услуг. Вся наша деятельность ориентирована на улучшение качества оказания и обеспечения доступности государственных услуг. Из года в год ведется работа по оптимизации и автоматизации госуслуг.

  Для этого внедрена возможность получения услуг через портал «электронного правительства» EGOV удаленно, без необходимости ходить по инстанциям. Также развиваем получение услуг в композите, когда несколько услуг оказывается путем подачи одного заявления.

Так, мы уже предоставляем 3 услуги в проактивном формате, при котором мы сами выявляем граждан, как только у них появляется право на получение услуги.

Например, с начала прошлого года Министерство совместно с другими государственными органами внедрило проактивную услугу, связанную с рождением ребенка. Теперь гражданам нет необходимости обращаться в государственные инстанции, тратить время на дорогу, ожидание в очереди и подачу заявления, так как социальное пособие (пособие по рождению ребенка и по уходу за ребенком до 1 года) можно оформить удаленно в течение 5 минут при помощи СМС сообщения.

В 2019 году планируется перевести в проактивный формат еще 18 услуг в сферах инвалидности, занятости, социального страхования. В результате, гражданам будут легче реализовать свои социальные права.

Для исключения неосведомленности граждан, ведется работа по обновлению сайта e-gov, где в структурированном виде будет представлена необходимая информация об услугах Министерства для каждой категории лиц.

 

 

ТіркемеМөлшер
Office presentation icon prezentaciya_na_otchetnuyu_vstrechu.ppt2.59 MB
Бөлімдер:
3 шілде, 2019 - 21:30 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
Көп балалы отбасыларға жәрдемақы тағайындау туралы ақпаратты тексеру
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші