You are here

Мен egovkz сайтындағы "МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ШЕҢБЕРІНДЕ ӨЗ ӘЛЕУМЕТТІК МӘРТЕБЕҢДІ АНЫҚТАУ" қызметі бойынша анықтағанда "жалданушы жұмыскер" деп ескі мәлімет берді. Ал мен 2018 жылдың 7 мамыр күнінен жасыма байланысты зейнеткермін.

Мен egovkz сайтындағы "МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ШЕҢБЕРІНДЕ ӨЗ ӘЛЕУМЕТТІК МӘРТЕБЕҢДІ АНЫҚТАУ" қызметі бойынша анықтағанда "жалданушы жұмыскер" (социальный статус "наемный работник") деп ескі мәлімет берді. Ал мен 2018 жылдың 7 мамыр күнінен жасыма байланысты зейнеткермін. Ол менің egovkz порталындағы жеке кабинетімде де көрсетіліп тұр. Сіздерден әлеуметтік мәртебемді жаңартуды өтінемін.

Жақында әлеуметтік статус мәселесімен 1414.kz порталына осы мәселе туралы шағым жазған едім. Осы шағымға мынадай жауап алдым:

Уважаемый пользователь,- -
Ваш запрос под номером: 2505190037 Разрешен.
(CRM ЕКЦ №$1905240726)
Дата и время регистрации: 25.05.2019 7:01

Решение:

Құрметті пайдаланушы!

Қызметте көрсетілген ақпарат Қазақстан Республикасы Еңбек Және Халықты Әлеуметтік Қорғау Министрлігі ақпараттық жүйесі арқылы ұсынған. Түсініктеме алу үшін аталған уәкілетті органға жүгінуіңіз қажет. 

Міне осы нұсқауға байланысты сіздерге жазып отырмын.

Сіздерден egov.kz порталы базасындағы менің әлеуметтік статусымды жаңалауды өтінемін.

Сіздерге дәл осы мәселе бойынша 14.06.19 күні өтініш жазған болатынмын - тақырыбы - «неправильный социальный статус на портале электронного правительства egovkz»

Сұрақтың нөмірі: 361449

Бөлімдер: 

Бірақ дұрыс жазылмады ма деп қайтадан жазып отырмын.

Жауап: 

Қайырлы күн!
2019 жылғы 26 маусымда электрондық үкімет порталында Сіздің ЖСН бойынша әлеуметтік статусыңыз «жалдамалы жұмыскер» статусынан «әлеуметтік төлем алушы» статусына ауыстырылды. Бұл ретте, «әлеуметтік төлем алушы» әлеуметтік статусына зейнеткерлер жататынын атап өтеміз.

Сұрақтың нөмірі: 361512
28 маусым, 2019 - 19:47 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші