You are here

Еңбек министрлігі мен БҰҰ Балалар қоры ынтымақтастықты нығайтуда

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев, сәрсенбі, 5 маусымда, Қазақстандағы ЮНИСЕФ-тің бұрынғы өкілі Юрий Оксамитныймен, сондай-ақ оны осы қызметте ауыстырған Артур ван Дизенмен кездесу өткізді.

Кездесудің мақсаты Қазақстандағы балалардың құқықтарын қорғау және ілгерілету саласындағы өзара іс-қимыл нәтижелерін, сондай-ақ тұрақты даму мақсаттарын іске асырудағы ынтымақтастықтың алдағы келешегін талқылау болды.

Еңбек министрі Юрий Оксамитныйге бірлескен тиімді жұмыс үшін алғысын білдірді, ЮНИСЕФ-тің Қазақстан Республикасы Үкіметімен ұзақ мерзімді табысты тарихын атап өтті және оны «Әлеуметтік-еңбек саласының үздігі» төсбелгісін табыс етті.

«Өздеріңіз білетіндей, еліміздің тәуелсіздігінің алғашқы күндерінен бастап Тұңғыш Президент - Елбасының әлеуметтік саясаты қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға және өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған. Посткеңестік кеңістігіндегі елдерде үлкен жұмыс тәжірибесі бар, Сіз осы бөлігінде елеулі қолдау көрсетесіз. Әсіресе, біздің әлеуметтік қызметкерлерді аз қамтылған азаматтармен тиімді жұмыс жүйесінде оқытудағы табысты жұмысты атап өткім келеді», - деп атап өтті Б. Сапарбаев.

Өз кезегінде, Юрий Оксамитный тараптардың одан әрі сындарлы ынтымақтастығын қажет ететін бірқатар бағыттарды атап өтті. Бұл ретте ол әлеуметтік саладағы жұмысты ерекше қиын деп атады.

«Бұл үлкен еңбек. Алайда, бүгінгі күні осы бағыттағы біздің бірлескен жұмысымыздың нәтижесі Орталық Азияның басқа елдерінде үлкен қызығушылық тудырады», - деп атап өтті ол.

Жаңа өкіл Артур ван Дизенді қарсы ала отырып, ведомство басшысы әлеуметтік көмек саясатын дамыту, мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдау, әлеуметтік қызметтер, көші-қон үдерістері және т. б. саласындағы ынтымақтастық басымдықтарын атап өтті.

Өз кезегінде Артур ван Дизен алдағы уақытта қол жеткізілген нәтижелерді нығайту және алға қойылған міндеттерді шешуде одан әрі алға жылжу үшін күш-жігер жұмсайтынына сенім білдірді.

Айта кетейік, Артур ван Дизен ағымдағы жылғы 1 маусымда Қазақстан Республикасындағы ЮНИСЕФ өкілі қызметіне тағайындалды. Бұрын ол Таяу Шығыс және Солтүстік Африкадағы әлеуметтік саясат жөніндегі өңірлік кеңесшісі болған (2015-2019 жж.).

18 маусым, 2019 - 09:28 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші