check

You are here

«Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісімге қол қою туралы ұсыныс енгізу туралы» ҚР Үкіметі қаулысының жобасына баспасөз релизі

Қаулы жобасы «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» 2005 жылғы 30 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының                           5-бабына сәйкес әзірленді.

Мүше мемелекеттердің еңбекшілерін және олардың отбасы мүшелерін зейнетақымен қамсыздандыру мәселелерін реттейтін жеке халықаралық шартты әзірлеу қажеттілігі 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартта көзделген (98-баптың 3-бөлігі).

Жобаның мақсаты Еуразиялық экономикалық одаққа (бұдан әрі – ЕАЭО) мүше мемлекеттердің аумағында зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы тең құқықты қамсыздандыру, еңбекшілердің иеленген зейнетақы құқықтарын қорғау, сондай-ақ ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер арасында зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы ынтымақтастықты дамыту көзделетін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісімге                                (бұдан әрі – Келісім) қол қою болып табылады.

ЕАЭО-ға  мүше мемлекеттер арасында Келісімге қол қою мынадай негізгі міндеттердің шешілуін көздейді:

- жұмысқа орналастырушы мемлекеттің азаматтары сияқты шарттарда және сондай тәртіппен мүше мемлекеттер еңбекшілерінің зейнетақы құқықтарын қалыптастыру;

- зейнетақымен қамсыздандыруға зейнетақы тағайындауға құқықты айқындау кезінде  ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер аумақтарында азаматтар иеленген зейнетақы құқықтарын есепке алу;

- ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің арасындағы ынтымақтастықты дамыту.

Келісімде Қазақстан Республикасында еңбекші көшіп-қонушыларға зейнетақы төлемдері Қазақстан Республикасының ұлттық зейнетақы заңнамасында белгіленген тәртіппен және шарттарда жинақтаушы зейнетақы жүйесінен ғана жүзеге асырылады деп көзделеді.

Зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісімнің күшіне енуі мүше мемлекеттердің азаматтарына олар мүше мемлекеттер аумақтарында еңбек қызметін жүзеге асырған кезде иеленген зейнетақы құқықтарының іске асырылуын және қорғалуын қамтамасыз етеді.

12 маусым, 2019 - 18:02 өзгертілді
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші