You are here

Мемлекет басшысы 2019 жылғы 1 маусымнан бастап бюджеттік саладағы жалақысы төмен қызметкерлердің жалақысын арттыруды тапсырды. Жалақы қандай тұлға санаттарына және қалай арттырылады?

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының 2019 жылғы 27 ақпанда «Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII съезінде берілген тапсырмасына және ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес 2019 жылғы 1 маусымнан бастап бюджеттік саладағы жекелеген қызметкерлердің жалақысы 30%-ға дейін арттырылды.

Бұл тікелей денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау, мәдениет, спорт, ауыл шаруашылығы және басқа салаларда қызмет атқаратын 1 миллионнан аса азаматтық қызметшілерді қамтыды.

Жалақының 30%-ға дейін артуын келесі қызметкерлер алды: 1 разрядтан 8 разряд аралығындағы жұмысшылар, қосалқы (техникалық), әкімшілік және негізгі персоналдардың қызметкерлері, сондай-ақ лауазымдар арасында тиісті разрядаралық интервалдарды сақтау үшін басқару персоналының кейбір қызметкерлері.

Аталған қызметкерлердің жалақысы олардың лауазымдық айлықақыларын есептеуге арналған еңбек өтілі бойынша коэффициенттерді көбейту жолымен сараланып арттырылды.

Аталған жалақының артуын жүзеге асыру үшін «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы 1193 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» ҚР Үкіметімен 2019 жылғы 21 мамырда № 302 қаулы қабылданды.

12 маусым, 2019 - 12:08 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші