You are here

Сәлеметсіздер ме? Мектепте аптасына 6 сағатпен қосалқы мұғалім ретінде жұмыс істеген кезде педагогикалық стаж жүре ме, еңбек кітапшасына жұмыс істегендігі туралы жазыла ма?

Сұрақ тақырыбы: 
Жауап: 

Құрметті Ардақ Сүннатаәлиұлы!

Ұйымдарда лауазымдарға орналасу республикада қолданыстағы біліктілік анықтамалары мен сипаттамалары негізінде жүзеге асырылады (ҚР ЕК 101-б. 8-т).
Сондай-ақ, бюджет саласындағы қызметтің қызметкерлерінің еңбек ақы төлеу жүйесі қызметкерлерді мамандығы (ұқсас) бойынша ұзақ мерзімде жұмыс істеуін ынталандырады, яғни қызметкердің лауазымдық жалақысы мамандығы бойынша еңбек өтіліне теңдес өсетіндігін айту жөн.
«Мамандық» ұғымы аталған кәсіп шеңберінде еңбек қызметінің белгілі түрін орындауға қажет арнайы даярлық, жұмыс тәжірибиесі арқылы алынған білім және дағдылар жиынтығын білдіреді. «Ұқсас» деп бір нәрсенің екінші нәрсемен сәйкес келуі, бірдейлігі ұғынылады. Ұқсас болып функционалды міндетінің мазмұны ұқсас лауазымдардағы жұмыс танылуы мүмкін (мысалы, базалық деңгейдегі медициналық білімі және денсаулық сақтау жүйесінде мамандық бойынша еңбек өтілі болған жағдайда).
Бұған қоса, мамандығы бойынша жұмыс өтілін есептеу кезінде уәкілетті органдармен әзірленген және бекітілген қағидалары қолданылады.
ҚР Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 14 маусымдағы № 302 бұйрығымен бекітілген бiлiм ұйымдары мен ғылыми ұйымдардың қызметкерлерiне мамандық бойынша жұмыс стажын есептеу ережесi ұйымдық-құқықтық нысандарына қарамастан бiлiм ұйымдары мен ғылыми ұйымдардың педагогикалық қызметкерлерінiң және оларға теңестiрiлген адамдардың, ғылыми-педагогикалық, ғылыми қызметкерлерiнiң және мемлекеттiк қызметшi емес қызметкерлерінің жұмыс стажын анықтау кезiнде қолданылады.
Көрсетілген Ережесінің 2-тармағына сәйкес педагогикалық жұмыс стажына осы Ережеге Қосымшада көрсетілген ұйымдардағы педагогикалық жұмыс есептеледi.
Бұған қоса кәсiпорындар, мекемелер және ұйымдар қызметкерлерiнiң бiлiм беру ұйымдарындағы сағаттық төлем шарты бойынша орындалатын педагогикалық жұмысы, егер оның көлемi оқу жылында 180 сағаттан кем болмаса, педагогикалық стажға қосылады. Педагогикалық жүктеме аз көлемде орындалған жағдайда жұмыс уақыты нақты орындалған жұмыс уақытына тепе-теңдікте есептеледi (Ережесінің 6-тармағы).
Қызметкердің мамандық бойынша жұмыс стажын анықтау үшін еңбек қызметін растайтын құжаттар, оның ішінде еңбек кiтапшасы, жұмыс берушінің қолы қойылған, ұйымның мөрімен расталған не нотариат растаған қызмет ету тізімі (қызметкердің жұмысы, еңбек қызметі туралы мәліметтер тізбесі) және басқа да құжаттар болып табылады (Ережесінің 1-т. 3 абзац).
Нормативтік актілердің (тиісті құрылымдық бөлімшелердің ережесінің, лауазымдық нұсқаулықтардың, еңбек кітапшаларының, білім туралы құжаттың) негізінде мамандық бойынша жұмыс өтiлiн есептеудің әрбір нақты жағдайы бойынша шешімді ұйымының басшысымен бекiтілетін еңбек өтiлiн белгiлеу жөнiндегi ұйымның комиссиясы қабылдайды.
Осыған орай, Сізге ұйымдағы кадр қызметіне немесе «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 480-V Қазақстан Республикасы Заңының 60-бабына сәйкес қосымша түсініктеме алу үшін ҚР Білім және ғылым министрлігіне жүгінуіңізге қажет.

Сұрақтың нөмірі: 361300
11 шілде, 2019 - 10:30 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші