You are here

Еңбек ақы төлеу мәселесі

Сұрақ тақырыбы: 

мен Астана каласында мектепте жұмыс жасаймын. 1 ставка іс жүргізуші және 0,5 ставка архивариус, енді  отпускке шығайын деп едім. Сұрағым маған оздоровительный төленеді ме және де архивариуска за вредность төленеді ме екен? Мектепте төленбейді дейді? Кітапханашылар шаң-тозаң деп за вредность алады гой, бізде архивте шаң - тозаң көп, денсаулыққа зиян дегендей. Рахмет Осы сұрақты анықтап берсеңіз.

Жауап: 

Лауазымдарды қоса атқару кезінде

ҚР Еңбек кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 139-бабына сәйкес мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын азаматтық қызметшілерге лауазымдық айлықақы мөлшерінде сауықтыруға арналған жәрдемақы төлене отырып, ұзақтығы күнтізбелік отыз күннен кем болмайтын жыл сайынғы ақы төленетін негізгі еңбек демалысы беріледі.

Кодекстің 1-бабына сәйкес азаматтық қызметші – бұл Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қазыналық кәсіпорындарда, мемлекеттік мекемелерде ақы төленетін штаттық лауазымды атқаратын және олардың міндеттері мен функцияларын іске асыру, мемлекеттік органдарға техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыру мен олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында лауазымдық өкілеттіктерді жүзеге асыратын адам.

Сонымен бірге, мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысы (бұдан әрі – Қаулы) негізінде жүргізіледі.

Қаулыға 18-қосымшаға сәйкес мемлекеттік мекемелердің және қазыналық кәсіпорындардың негізгі лауазымы (мамандығы) бойынша жұмыс уақытының шегінде қосымша жұмыс орындайтын қызметкерлеріне лауазымдарды қоса атқарғаны (қызметтер көрсету аймағының кеңейгені) үшін қызметкердің өзінің лауазымдық айлықақысынан     50 %-ға дейін қосымша ақы белгіленген.

Осыған орай, лауазымдарды қоса атқару кезінде жалақыға қосымша ақы белгіленеді, ал тиісті қосымша ақылар мен үстемеақылар, сондай-ақ сауықтыруға арналған жәрдемақы (егер штаттағы қызметкер болса) тек негізгі лауазымы бойынша жүргізіледі.

 

Қоса атқарылатын жұмыс кезінде

Кодекске сәйкес жұмыскердің негізгі жұмысынан бос уақытында еңбек шарты жағдайында тұрақты, ақы төленетін басқа жұмысты орындауы қоса атқарылатын жұмыс болып табылады.

Бұл ретте, қоса атқарылатын жұмыс кезінде бөлек еңбек шарты жасалуы қажет.

Осыған орай, егер Сізбен архивариус лауазымына қоса атқарылатын жұмыс ретінде бөлек еңбек шарты жасалынса, барлық тиісті төлемдер, оның ішінде сауықтыруға арналған жәрдемақы (егер штаттағы қызметкер болсаңыз) негізгі жұмыс орны бойынша, сондай-ақ қоса атқаратын жұмыс бойынша бөлек төленеді.

Сонымен бірге, Қаулыға 7-қосымшаға сәйкес қызметкерлерге шаң-тозаң басқан, зиянды химиялық реакциялардың ошағы болатын кітапханалық және мұрағаттық қорлармен жұмыс істегені үшін базалық лауазымдық айлықақыдан 30 % қосымша ақы қарастырылған.

Бұл ретте аталған қосымша ақы ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1053 бұйрығымен бекітілген Өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен лауазымдардың тізіміне, ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстардың тізбесіне сәйкес жүргізіледі.

 

Сұрақтың нөмірі: 361263
13 маусым, 2019 - 11:08 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші