check

You are here

Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды қорғау туралы

 

      Мен Мамбетжанова Назкен Шынгысовна 1988 жылы Қызылорда облысы, Арал ауданы, Сексеуіл станциясында дүниеге келдім және осы ауданда 2004 жылға дейін тұрдым. Осыған орай Қазақстан Республикасы 1992 жылғы 30-маусымындағы «Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды қорғау туралы» Заңының  6-бабының 1-тармағына сәйкес, экологиялық апат салдарынан зардап шеккен статусын алуға құқылы бола аламын ба және құқылы болған жағдайда айлық жалақымды есептеу барысында қандай коэффициент қолданылатындығын анықтап беруіңізді сұраймын.

Жауап: 

Құрметті Назкен Шынғысовна!

 

Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің 127-1-бабының ережесіне  жүгінсек, экологиялық апат пен радиациялық қатер аймақтарында еңбек қызметін жүзеге асыратын жұмыскерлер үшін кепілдіктер  егерде экологиялық апат пен радиациялық қатер аймақтарында еңбек қызметін жүзеге асырған жағдайда жұмыскерлерге беріледі делінген.

Заңның 13-бабына сәйкес,  экологиялық қасірет аймағында  тұрып жатқан халыққа, тұрып жатқан аймақтарының санатына қарай, коэффициенттер қолданылатын еңбекақы төленеді, қосымша еңбек демалысы беріледі (еңбектің зиянды жағдайында жұмыс істегені үшін берілетін демалыстың үстіне), сонымен бірге жыл сайын сауықтыруға арнап қолданылып жүрген төлемдердiң үстiне бiр айлық тарифтік ставка немесе қызметтiк айлықақы көлемiнде материалдық көмек көрсетiледi.

«Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы заңының 13-бабының конституциялылығын тексеру туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2005 жылғы 29 сәуірдегі № 3 Қаулысына сәйкес, экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккендер деп заң осы аймақта тұрып жатқан немесе бұрын тұрған азаматтарды таниды (6-8-баптар). Сонымен бірге, заңның 13-бабында көзделген өтемдер мен жеңілдіктер, азаматтар зардап шеккен деген мәртебе бар-жоғына қарамастан, экологиялық қасірет аймағында тұрып жатқан бүкіл халық үшін әлеуметтік қолдау болып табылады. Заң шығарушы бұл жағдайда адамға өзі тұрып жатқан ортаның зиянды әсер етуін ескереді.

Бұл жағдайда екеретін жайт, көші-қон заңнамасының талабына сәйкес ішкі көшіп-қонушылар ҚР Үкіметі айқындайтын тәртіппен ҚР аумағында тұрғылықты жері және уақытша болатын (тұратын) жері бойынша тіркелуге міндетті. Бұл ретте, вахталық әдіспен жұмыс істейтін адамдар уақытша болатын (тұратын) жері бойынша есепке алынуға (тіркелуге) жатпайды делінген (ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1427 қаулысымен бекітілген  Ішкі көшіп-қонушыларды тіркеу қағидаларына жүгінетін болсақ (13-тармақ).

Жоғарыда аталғанның негізінде Заңның 13-бабымен көзделген жеңілдіктер үшін Заңмен белгіленген экологиялық қасірет аймақтарында  тұратын және еңбек атқаратын қызметкерлерге қатысты (аталған аймақта вахталық әдіспен жұмыс атқаратындарға олардың заңды тіркелген мекен-жайына қарамастан) қолданылады.

Коэффициенттер және қосымша ақылы еңбек демалысының ұзақтығы Заңмен бекітілген экологиялық қасірет аумақтарында зардап шегу мәртемесіне қарай емес, онда еңбек қызметін жүзе асыратын жұмыскерге беріледі.

Сұрақтың нөмірі: 361157
13 маусым, 2019 - 11:44 өзгертілді
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші