You are here

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша қабылданып жатқан шаралары туралы

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың профилактикасы бойынша жұмыстарды  тұрақты негізде жүргізеді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспарларының орындалуына бақылау жүргізіледі, бюджеттің дұрыс жасалуы мен орындалуына мониторинг, көрсетілетін қызметтердің сапасына бақылау, профилактикалық және бұқаралық ақпарат құралдарында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу қамтамасыз етіледі.

Министрліктің веб-сайтына мақалаларды, баспасөз релиздерін, жаңалықтарды, баяндамаларды, Министрліктің блогына келіп түсетін жеке, заңды тұлғалардың хаттарына жауаптарды уақытында орналастыру жолымен оның қызметінің айқындығы мен ашықтығы қамтамасыз етілген.

Мемлекеттік сатып алу бекітілген жоспарға сәйкес жүргізіледі, мемлекеттік сатып алу туралы шарттар мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылады.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың болуына ықпал ететін себептерді анықтау және белгілеу мақсатында Министрліктің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті (бұдан әрі – Комитет) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына, сондай-ақ оларды жүргізу бойынша практикалық ұсынымдарға сәйкес  сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізеді.

Комитеттің аумақтық департаменттерінің бекітілген ережелеріне сәйкес негізгі міндеттердің бірі зейнетақымен қамсыздандыру, мүгедектерді әлеуметтік қорғау, міндетті әлеуметтік сақтандыру, өкілеттігі шегінде арнаулы әлеуметтік қызметтер, зейнетақылар мен жәрдемақылар тағайындау, медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу, себептерді, мерзімдерді, басталу уақытын айқындай отырып, мүгедектікті және еңбек ету қабілетінен айрылу дәрежесін белгілеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау мынадай бағыттар:

- мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі;

-  жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;

- қызметкерлер арасында Комитеттің және оның аумақтық департаменттерінің қызметінде қолданылатын нормативтік құқықтық актілердің нормалары мен талаптарын түсіндіру бойынша жүргізілетін жұмыс;

- персоналды басқару мәселесі бойынша жүргізіледі.

Алғаш рет мүгедек деп танылған еңбек етуге қабілетті жастағы адамдарға композиттік қызметтер ұсыну толық енгізілген: мүгедек медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінде бірінші куәландырудан өту кезінде әлеуметтік жәрдемақылар мен төлемдер тағайындауға құжаттарын өткізе алады.

Куәландырудан өткізу кезінде тұрақты негізде аумақтық департаменттердің медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімдерінде мүгедектерге анкета жүргізіледі. Анкета жүргізу кезінде қабылдауға келген адамдарға көрсетілетін қызметтердің сапасын, сол сияқты медициналық-әлеуметтік сараптама мамандарының қызмет көрсетілуін жеке бағалау мүмкіндігі беріледі. Анкеталар күту орындарында көрсетілетін қызметті алушыларға қолжетімді    жерлерде орналасқан. Жүргізілген анкета нәтижелерін басшының медициналық-әлеуметтік сараптама мәселелері жөніндегі орынбасары апта  сайын қарайды.

Сыбайлас жемқорлық оқиғаларын болдырмау мақсатында барлық зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру, медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімдерінде, холдарда бейнебақылау  жүйесі орнатылған.

Әлеуметтік салада көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді (мүгедектік беру, зейнетақылар, жәрдемақылар тағайындау) автоматтандыру Министрлікте жүргізілетін сыбайлас жемқорлық қызметі шеңберінде пәрменді шара болып табылады.

Мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес қазіргі уақытта әлеуметтік-еңбек саласында 38 мемлекеттік қызмет көрсетіледі, оның ішінде: 18 – орталық деңгейде көрсетіледі, 20 – Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы қалалардың жергілікті атқарушы органдары көрсетеді.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілуге жататын мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру, нәтижелерін ВАК-та қарау, іріктеу бойынша жұмыс шеңберінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары қазіргі уақытта 23 қызмет бойынша 13 Жол картасын бекітті.

Ағымдағы жылы, әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыру және мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру шеңберінде Министрлік  «Мүгедектікті, еңбек ету қабілетінен айрылу дәрежесін белгілеу және әлеуметтік қорғау шараларына қажеттілікті айқындау» мемлекеттік қызметті көрсету бойынша пилоттық жоба 7 өңірде – Ақмола,  Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай облыстарында, Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында электрондық форматта жүргізіледі.

Пилоттық жоба шеңберінде көрсетілетін қызметті алушыны көзбе-көз куәландырумен қатар, оның қатысуынсыз, ақпараттық жүйелердің интеграциялануы арқылы электрондық форматта келіп түскен медициналық құжаттар негізінде сырттай куәландыру  жүргізіледі. Сырттау сараптама жүргізу иесіздендірілген деректер бойынша өзге өңірлердегі медициналық-әлеуметтік сараптаманың тәуелсіз сарапшылары жүзеге асырады. Пилот қорытындылары бойынша одан әрі көрсетілетін қызметті алушының медициналық-әлеуметтік сараптама бөліміне жүгінуін алып тастау көзделеді.  Көрсетілетін қызметті берушімен тікелей байланысты жоя отырып, тиісінше сыбайлас жемқорлық тәуекелдері де жойылады.

Сыбайлас жемқорлықпен күрес және оның алдын алу бойынша шараларды іске асыруда ынтымақтастық, өзара іс-қимыл және әріптестіктің оңтайлы және тиімді жүйесін әзірлеуге септігін тигізу, қолда бар ресурстар мен тетіктерді жұмылдыру мақсатында Комитет 2018 жылғы 22 ақпанда «Алғашқы сыбайлас жемқорлыққа қарсы медиа-орталық» республикалық қоғамдық бірлестігімен Өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасап, қол қойды. 

Бұдан басқа, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмауға, құқықтық сауаттылықты және Министрліктің орталық аппаратының, ведомствосының және ведомство аумақтық департаменттерінің құзыреті саласында сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті арттыруға бағытталған ұсынымдар жүйесін белгілеу мақсатында  жауапты хатшының 2018 жылғы 1 қарашадағы № 10 хаттамасымен мақұлданған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты қолданылады.

Министрлік жоғарыда көрсетілген сыбайлас жемқорлық профилактикасына және оларға ықпал ететін себептерді жоюға бағытталған  іс-шараларды іске асыруы барысында  2018 жылы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық анықталмады.   Салыстыру үшін – 2017 жылы Министрлік Комитетінің аумақтық бөлімшелерінің 4 қызметкері сот өкімі бойынша сотталған болатын.

2019 жылғы 24 сәуірде Министрлік Комитетінің аумақтық департаменттері басшыларының қатысуымен өткен селекторлық кеңесте аумақтық департаменттердің 2018 жылғы жұмыс қорытындысы және 2019 жылға қойға міндеттері, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы тыңдалды. Аталған кездесу шеңберінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары «Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарында сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы» тақырыбында баяндама жасады.

Бұдан басқа, 2019 жылғы ақпанда  Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің құзыретті қызметкерлері Министрліктің, оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының және Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізді.

 

27 мамыр, 2019 - 16:26 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші