You are here

балаларга арналган жәрдемақы

Сұрақ тақырыбы: 

Сәлеметсіздерме? менің сұрағым егіз босанған көп балалы анамын. Соңғы балада аз салмақтағы жедел дәрігерлердің көмегімен кесрова тілігін жасау арқылы алынған бала егіздер. олардың өзіне арнайы жағдай жасалу керек балалар . сол кесір тілігіне бір реттік төлем жасалған болатын. ол негізі денсаулыққа байланысты төлем табысқа кірмеу керек емеспе? кейеуім жеке кәсіпкер сомен осы бір реттік төлемдік қосқанда менікі 21 м асып кетеді. менің босанғаным 14.12.2018ж күні бырақ сол ақша ақпан айына түскен ол табыс көзіне жатама? мен сонда көп балалы ана бола тұра жәрдем ақы алалмайымнба? өзіміз 3 бөлмлі 0,4 сот жерде тұрамыз. тексеруші келіп қажет деп тапқан негізі?  м. сот: 87073846406 сіздер ден асыға жауап күтемін.

Жауап: 

Құрметті Эльвира!
Қазіргі уақытта аз қамтылған отбасыларға ұсынылатын көмектің негізгі түрі – атаулы әлеуметтік көмек жүйесі болып табылады. Бұл көмек «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңына сәйкес жан басына шаққандағы орташа табысы облыстарда, республикалық маңызы бар қалалар, астанада белгіленген кедейлік шегінен (күнкөріс деңгейінің 70 %) аспайтын адамға (отбасыға) шартсыз немесе шартты ақшалай көмек түрінде беруі көзделген.
Жиынтық табысты есептеу тақырыбына келсек, Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудің ережесіне сәйкес отбасының жиынтық табысын есептеу кезiнде құрамында бірге тұратын, ортақ шаруашылықты жүргізетін және тұрғылықты жері бойынша бір елді мекен төңірегінде тіркелген отбасының барлық мүшелерiнің жиынтық табыстары ескерiледi, оның ішінде бір жолғы жүктілікке және босануға байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін жәрдемақы.
Осыған орай, отбасыңыздың табыс мөлшері жоғарыда көрсетілген көрсеткіштен аспаған жағдайда осы жәрдемақыны алуға үміткер бола аласыз.

Сұрақтың нөмірі: 360875
31 мамыр, 2019 - 18:54 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші