You are here

21000 тенге алу проблемасы

Сұрақ тақырыбы: 

Не деген масқара. Адамның ойна келмейтін қандай заң.
Түркістан облысы ордабасы ауданында 21 мың теңгені алу үшін ИП ашу керек екен. Балаға берілетін ақшаның жеке кәсіпкерлікке не қатысы бар. Жеке кәсіпеклік не үшін керек үйінде баласына қарап отырған ана кім болғаны сонда. Сонда не көп балалы ана емес бала өндіретін цех бол болғаныма қазақтың әйелдері. Бұны қалай түсінуге болады. Сіздер қалай түсінесіздер. Осы дұрыс па малың бар тауығың бар дегенді қойып енді ИП аш дегендері. Тұрмысы төмен болса қалай жеке кәсіпкер болады. Ананы бала табатын цехқа айналдыратын заманға жеттік па ағайын

Жауап: 

Құрметті Марғұлан Тұрғынбайұлы!
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі № 246 Заңына сәйкес жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын азаматтардың атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алуға құқығы бар.
АӘК екі түрге бөлінеді: шартсыз және шартты ақшалай көмек.
Шартсыз ақшалай көмек құрамында еңбекке қабілетті мүшелері жоқ отбасыларға (мысалы, мүгедектер немесе қария зейнеткерлер отбасылары), немесе еңбекке қабілетті мүшелері объективті себептер бойынша жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартыла алмайтын отбасыларға (мысалы, мектепке дейінгі жастағы балалары бар жалғыз басты ана) ұсынылады.
Шартты ақшалай көмек әлеуметтік келісімшарт жасасу және барлық еңбекке қабілетті отбасы мүшелерінің жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысу шартымен, құрамында кем дегенде бір еңбекке қабілетті мүшесі бар отбасыларға ұсынылады.
Шартты ақшалай көмек тағайындау үшін міндетті әлеуметтік келісімшарт жасасу шарт болып табылады.
Бұл ретте шартты ақшалай көмекті төлеу үшін жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысу тұрақты жұмысы бар адамдарға міндетті шарт болып табылмайды.
Осыған орай Сіз атап өткендей АӘК алу үшін жеке кәсіпкерлік қызметін (ИП) ашу міндетті шарт болып табылмайды.
Ал отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде отбасы құрамында бірге тұратын, бірақ «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 1-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес жақын туыс болып табылмайтын адамдардан басқа, бірге тұратын, ортақ шаруашылықты жүргізетін және тұрғылықты жері бойынша бір елді мекен шегінде тіркелген отбасының барлық мүшелері ескеріледі.
Дегенмен қазіргі таңда жеке қосалқы шаруашылық (аула алдындағы учаске, мал мен құс), саяжай және жер учаскесі (жер үлесі) туралы мәліметтер бойынша табысты есептеу әдістемесін қайта қарау жұмысы Министрлікте қарастырылуда.

Сұрақтың нөмірі: 360732
22 мамыр, 2019 - 12:54 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету
Ящик идей
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші