check

You are here

«Мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асыруға жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдардың жұмыс орындарын құруына, жұмыс орындарын құру туралы мәліметтер ұсынуына мониторингті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы

     «Мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды

іске асыруға жауапты орталық және жергілікті

атқарушы органдардың жұмыс орындарын құруына,

жұмыс орындарын құру туралы мәліметтер

ұсынуына мониторингті жүзеге асыру қағидаларын

бекіту туралы» Қазақстан Республикасының

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің

2018 жылғы 19 маусымдағы № 260 бұйрығына

өзгеріс енгізу туралы

«Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 26-2) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асыруға жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдардың жұмыс орындарын құруына, жұмыс орындарын құру туралы мәліметтер ұсынуына мониторингті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 19 маусымдағы
№ 260 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізімінде № 123754 болып тіркелді, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актіліердің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2018 жылғы 1 тамызда жарияланды) мынадай өзгеріс енгізілсін:

Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асыруға жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдардың жұмыс орындарын құруына, жұмыс орындарын құру туралы мәліметтер ұсынуына мониторингті жүзеге асыру қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты жұмыспен қамту және еңбек нарығын дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін ресми жариялау және «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет ресурсында орналастыруды;

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Н.Н. Мұқышевқа жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасы

Еңбек және халықты әлеуметтік

қорғау министрі                                                                   Б. Сапарбаев

 

КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрлігі

 

КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрлігі

 

КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрлігі

 

КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасы

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

 

КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасы

Мәдениет және спорт министрлігі

 

КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрлігі

 

КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасы

Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш

өнеркәсібі министрлігі

 

КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасы

Энергетика министрлігі

 

 

 

ТіркемеМөлшер
Package icon prikaz_na_sayt.zip300.91 KB
Package icon prikaz_na_sayt.zip300.91 KB
Бөлімдер:
15 шілде, 2019 - 16:23 өзгертілді
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші