You are here

атаулы әлеуметтік көмек бойынша

Сұрақ тақырыбы: 

Сәлеметсіздер ме!? Алдын ала рақмет! Менің сұрағым мынадай. Қайын ағаларымның 3 баласы жоғарғы оқу орнында Шымкент қаласында оқиды, бізбен бірге тұрады. Менің өзімнің 4 балам бар, оның екеуі мектепте, біреуі балабақшада, кішісі 2 жаста. Күйеуімінің айлығы 150000. Өзіміз туысқанымыздың үйінде тұрамыз, коммунальный шығынымыз да жетерлік, денсаулығымызға байланысты кредит алуға мәжбүр болып, кредит төлеп отырмыз. Сонда күйеуімнің айлығына өмір сүріп емес тірі қалудың амалымен жүрміз. Қайын ағамның бізбен бірге тұрып жатқан балаларын есепке алады ма атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаж деп тану кезінде?

Жауап: 

Атаулы әлеуметтік көмек жан басына шаққадағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің жетпіс пайызынан төмен отбасыларға ұсынылады, сонымен қатар кәмелет жасына толмаған тұлғаларға, сондай-ақ кәмелетке толғаннан кейін оқу орындарын бітірген уақытына дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын тұлғаларға атаулы әлеуметтік көмек мөлшері өңірлерде белгіленген кедейлік шегінің мөлшерінде төленетін болады.
Жиынтық табысты есептеу тақырыбына келсек, Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудің ережесіне сәйкес отбасының жиынтық табысын есептеу кезiнде құрамында бірге тұратын, ортақ шаруашылықты жүргізетін және тұрғылықты жері бойынша бір елді мекен төңірегінде тіркелген отбасының барлық мүшелері ескеріледі.
Осыған орай, атаулы әлеуметтік көмек тағайындалу мәселесі бойынша тұрғылықты жеріңіз бойынша халықты жұмыспен қамту орталығына, ал ауылдық жерлерде кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне жүгінуіңіз жөн.

Сұрақтың нөмірі: 360682
23 мамыр, 2019 - 19:15 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету
Ящик идей
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші