You are here

"Еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесін қалыптастыру және оның нәтижелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы" ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығы

         Астана қаласы                                                                                                                        город Астана                                                                                                               

Еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық

жүйесін қалыптастыру және оның

нәтижелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы

«Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 26-5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесін қалыптастыру және оның нәтижелерін пайдалану қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты жұмыспен қамту және еңбек нарығын дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми-интернет ресурсында орналастыруды;

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген
іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Н.Н. Мұқышевқа жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Еңбек және

халықты әлеуметтік қорғау министрі                                    Б. Сапарбаев

КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасының

Ауыл шаруашылығы министрлігі

КЕЛІСІЛДІ                                                             

Қазақстан Республикасының

Білім және ғылым министрлігі

КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасының

Денсаулық сақтау министрлігі

КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасының

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

 

КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасының

Ұлттық банкі

 

КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика министрлігі

 

 

КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасының

Ішкі істер министрлігі

 

КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасының

Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасының

Энергетика министрлігі

 

 

 

ТіркемеМөлшер
Package icon pi-23158-mt_rk-pr-2019-prilozhenie_rus_12.03.2019.zip252.25 KB
Бөлімдер:
6 мамыр, 2019 - 12:05 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші