You are here

Әлеуметтік көмек алу үшін

Сұрақ тақырыбы: 

Әссаламу алейкум! Министр мырза,Әлеуметтік көмек алу үшін Менін отбасым 5 адам үш бала баримиз жалдамалы патерде турамыз. Және сол патерде уакытша тіркеудеміз. Ал туракты тіркеуде Мен және 3 балам агамнын уйнде турамыз. жубайым озінің анасының үйінде тұрақты тіркеуде. Енді Сұрақ Бізді барлығың бір жерде тұрақты тіркеуде болуларың керек деп құжаттарымызды қабылдамай қойды.Содан сон ХҚКО барып мәселемді айтсам олар заңнама түсіндірмесінде былай түсіндірілген - сіздер уакытша патерде бірге тұрасыздар. Сол себепті  солай деп арыз өтініш жазасыздар және сіздерден еш кедергісіз құжат қабылдау керек дейді. Осы міселе бойынша анығын түсіндіріп берсеніз

Жауап: 

Атаулы әлеуметтік көмек жан басына шаққадағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің жетпіс пайызынан төмен отбасыларға ұсынылады, сонымен қатар кәмелет жасына толмаған тұлғаларға, сондай-ақ кәмелетке толғаннан кейін оқу орындарын бітірген уақытына дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын тұлғаларға АӘК мөлшері өңірлерде белгіленген кедейлік шегінің мөлшерінде төленетін болады.
Жиынтық табысты есептеу тақырыбына келсек, Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудің ережесіне сәйкес отбасының жиынтық табысын есептеу кезiнде құрамында бірге тұратын, ортақ шаруашылықты жүргізетін және тұрғылықты жері бойынша бір елді мекен төңірегінде тіркелген отбасының барлық мүшелері ескеріледі.
Бұл ретте, қолданыстағы заңнама сәйкес барлық отбасының жиынтық табыстарын есептеген кезде тұрғылықты мекен-жайы бойынша тұрақты немесе уақытша тіркеу міндетті шарт болып табылады.
Отбасыңыздың табыс мөлшері жоғарыда көрсетілген көрсеткіштен аспаған жағдайда осы жәрдемақыны алуға үміткер бола аласыз.
Осыған орай, атаулы әлеуметтік көмекті алу үшін Сіздерге барлық отбасыңызбен бір мекен жай бойынша тіркеліп (тұрақты немесе уақытша) жұмыспен қамту орталығына (ал ауылдық жерлерде кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне) жүгінуіңізді ұсынамыз.

Сұрақтың нөмірі: 360571
24 мамыр, 2019 - 19:39 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету
Ящик идей
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші