You are here

е-халық базасы жөнінде

Сұрақ тақырыбы: 

Салематсызба! «Е-халық» ақпараттық жүйесі - ауылдық округтер әкімдерінің шаруашылықтар бойынша кітабының электрондық нұсқасы делінген. Аудандық маңызы бар Құлсары қаласы әкімі аппаратына е-халық базасымен жұмыс жасау жөнінде тапсырма берілді. Алайда Аудандық маңызы бар Құлсары қаласы әкімі аппаратында шаруашылық бойынша кітап жүргізбейді.  Себебі «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы №257- IV Заңына сәйкес  шаруашылық кітапты кент, ауылдық округтер жүргізеді. Қазіргі таңда жұмыс жасау барысында көп қиыншылықтар кездесуде. Мысалға тіркеп отырған адамның мал шаруашылығы, ауыл шаруашылығы техникасы, жер телімдері жөніндегі мәліметтер жоқ. Осыған сәйкес Атырау облысы Жылыой ауданы Аудандық маңызы бар Құлсары қаласы әкімі аппараты "е-халық" базасымен жұмыс жасауы дұрыспа? 

Жауап: 

Құрметті Назгүл Қобыландықызы!

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) Сіздің «Е-Халық» ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі - «Е-Халық» АЖ) қатысты өтінішіңізді қарап келесіні хабарлайды.
Бүгінгі күні бүкіл республика бойынша «Е-Халық» АЖ енгізілді, ол халық туралы мәліметтердің толық есепке алынуын және азаматтардың елдің кез келген нүктесінде әлеуметтік игіліктерге тең қол жеткізуін қамтамасыз етеді.
«Е-Халық» АЖ әрбір Қазақстандық отбасының әлеуметтік картасын қалыптастыруға және оның негізінде өңірлердің, жеке алынған елді мекеннің, тіпті ауылдық округтің шегінде халықтың әлеуметтік әл-ауқатының мониторингін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Бүгінгі таңда оның базасында атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге өтініштер қабылдау іске асырылды.
Жоғарыда айтылғанды ескере отырып Аудандық маңызы бар Құлсары қаласы әкімі аппараты «Е-Халық» АЖ жұмыс жасауы орынды деп санаймыз.
Сонымен бірге бүгінгі таңда Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Мемлекеттік жер кадастры», «Ауыл шаруашылық жануарларын бірдейлендіру» және «Ауыл шаруашылық техникаларын мемлекеттік тіркеу» ақпараттық жүйелерінің «Е-Халық» АЖ интеграциялау жұмыстары жүріп жатқандығын және интеграцияланғаннан соң барлық қиыншылықтар жойылатындығын хабарлаймыз.

Сұрақтың нөмірі: 360564
17 мамыр, 2019 - 19:00 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші