You are here

ҚР Еңбекмини 2017 – 2021 ж. арналған стратегиялық жоспарына енгізілген әлеуметтік–еңбек саласының көрсеткіштерін есептеу (қалыптастыру) әдістемесін бекіту туралы» ҚР Еңбекмини 2017 ж. 28 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2017 – 2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспарына енгізілген әлеуметтік–еңбек саласының көрсеткіштерін есептеу (қалыптастыру) әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2017 жылғы 28 тамыздағы № 284 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

 

            «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының                16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 19 ақпандағы № 64 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын, Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасын, мемлекеттік бағдарламаларды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын және аумақтарды дамыту бағдарламаларын әзірлеу жөніндегі әдістеменің 58-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2017 – 2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспарына енгізілген әлеуметтік-еңбек саласының көрсеткіштерін есептеу (қалыптастыру) әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2017 жылғы 28 тамыздағы № 284 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген  бұйрықпен бекітілген 1, 2, 3, 4, 5 және 6-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, 3, 4, 5 және 6-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Стратегиялық даму департаменті 2018 жылғы 5 қыркүйекке дейінгі мерзімде:

  1.  осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялауды;
  2.  осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне жіберуді қамтамасыз етсін.
  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы                            А.Д. Құрманғалиеваға жүктелсін.

4.   Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

Қазақстан Республикасының

Еңбек және халықты

әлеуметтік қорғау министрі                                           М. Әбілқасымова

«КЕЛІСІЛДІ»
          Қазақстан Республикасы

          Ұлттық экономика  

          министрлігі

          Статистика комитетінің

          төрағасы

          _________Н. Айдапкелов

          2018 жылғы  _______

 

 

ТіркемеМөлшер
PDF icon prikaz_kaz_373.pdf1.16 MB
Microsoft Office document icon prilozh_gos.doc220 KB
2 мамыр, 2019 - 11:33 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
Көп балалы отбасыларға жәрдемақы тағайындау туралы ақпаратты тексеру
Статусын тексеру
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші