check

You are here

Атаулы әлеуметтік көмек

Сұрақ тақырыбы: 

Мен Сарсенгалиева Галия, Атаулы әлеуметтік көмекке құжаттар тапсырайын деп едім. Менің жолдасым Өзбекстан Республикасының азаматы. Көп балалы анамын. Жолдасыммен заңды некедемін. Бірақ, Жолдасымның Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға ыхтиярхаты жоқ, әрі жұмыссыз. Атаулы әлеуметтік көмекке құжаттар тапсыру үшін үйдегі еңбекке қабілетті жұмыссыз жолдасым жұмыспен қамту орталығына жұмыссыз ретінде тіркелу керек  дейді. Жолдасымның Қазақстан республикасында тұрақты тұруға ыхтиярхаты болмаса жұмыссыз ретінде  тіркеле алама?  Маған атаулы әлеуметтік көмек тиісті болама?

Жауап: 

Құрметті Галия!

Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу мәселелерінде бірқатар өзгерістер енгізілді.
Атап айтар болсақ, аз қамтылған отбасыларды қамтуды кеңейту мақсатында атаулы әлеуметтік көмекті көрсету үшін күнкөріс деңгейінен 70 пайызға дейін критерийі көтерілді. Атаулы әлеуметтік көмекті алуға құқылы балалары бар отбасыларды атаулы қолдау үшін көп балалы отбасылардағы әр балаға ең төменгі төлемді 20 789 теңге мөлшерінде белгіленді.
Бұл ретте, отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде бірге тұратын кәмелетке толмаған төрт және одан көп балалары бар отбасыларға төленетін арнаулы мемлекеттік жәрдемақы, «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқасымен марапатталған көп балалы аналардың жәрдемақысы, баланың мүгедектік жәрдемақысы және шәкіртақы алынып тасталды.
Бұл ретте отбасының жиынтық табысына бiрге тұратын және тұрғылықты бір жерге тiркелген және үй шаруашылығын бірге жүргізетін адамдардың табыстарының жалпы сомасы есепке алынып, есептеледі.
Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар, Қазақстан Республикасында тұратын шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар жұмыссыз ретінде тіркелу үшін тұрғылықты жері бойынша өтініш жасай алады.
Әлеуметтік көмек отбасына тағайындалып, төленетін ескере отырып, Сізге толық ақпарат алу үшін тұрғылықты жеріңіз бойынша Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөліміне жолығуыңызға кеңес береміз.

Сұрақтың нөмірі: 360551
13 мамыр, 2019 - 20:43 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші