check

You are here

Әлеуметтік көмек

Сұрақ тақырыбы: 

Ассалумағалейкум менің сұрайын дегенім Мен 2010 жылдан бері қарай ауылда мектепте жұмыс істеймін. Өзім пәтер жалдап тұрамын. 2015 жылдан бастап танысымның үйіне пропискаға отырған едім. Қазір енді олар пропискадан шығарып жіберсе менің басқа пропискаға тұратын жерім жоқ. Олар 1 ай мерзімге срок беріп отыр. Енді не істеуге болады. 2015 жылдан "Дипломмен ауылға бағдарламасы бойынша кезекке тұрғанмын. Әлі кезегім келгені жоқ, жылжымайды бір орында тұр.Мүмкін кезегім келгенде үйлі болып пропискаға тұраалатын шығармын. Оған дейін не істеуім керек Қайда қалай пропискаға тұрам. Бұл ауылда жұмысым бар туысқаным жоқ. Ақыл кеңесіңізді айтсаңыздар. 

Жауап: 

Құрметті Алибек!

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 ақпандағы №81 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Ережесіне сәйкес Министрлік әлеуметтік-еңбек саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Министрліктің негізгі міндеттеріне мемлекеттік саясатты жасақтау, халықты әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік басқару және салааралық үйлестіруді жүзеге асыру кіреді.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжайлар немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайлар осы елді мекенде тұрақты тұратын, тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарына пайдалануға беріледі. Қазақстан Республикасының азаматтарын республикалық маңызы бар қалаларда, астанада есепке қою үшін кемінде үш жыл тұрақты тұруы талап етіледі (негіз: «Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР Заңы).
Тұрғын үй, жалға берілетін тұрғын үй алу, тұрғын үй алуға кезекке тұру және т.б. мәселелері жергілікті атқарушы органдар арқылы жүргізіледі.
Сонымен бірге, тұрғылықты мекенжайға тіркеуді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы жүзеге асырады.
Осыған орай, көтерген сауалыңыз бойынша Сізге тұрғылықты жеріңіздегі әкімдікке немесе Халыққа қызмет көрсету орталығына жолығу қажеттігін хабарлаймыз.

Сұрақтың нөмірі: 360470
13 мамыр, 2019 - 20:41 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші