You are here

Әлеуметтік көмек туралы

Сұрақ тақырыбы: 

         Саламатсыздар ма?  

         Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Тараз қалалық өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарды қайта әлеуметтендірілуге арналған орталығы»  (әрі қарай - Орталық)  коммуналдық мемлекеттік мекемесінде, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 26 наурызындағы  №165 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттары» бойынша жұмыс жүргізілуде.

         Орталық, 18 жастан асқан үй-жайы жоқ, туған туыстарынан айрылып, қаңғыбастық күй кешкен және бас бостандығынан айыру мекемелерінен босатылып, пробация қызметі есебінде тұрған адамдарға тиісті әлеуметтік көмек түрлерін көрсетуде.

         Ал, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 5 сәуірдегі № 165 бұйрығының 2-тарау, 4-тармағында, Өтініш берушінің тұрақты немесе уақытша тіркелген жері болмаған жағдайда Орталық немесе әкім атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау мақсатында өтініш берушіні Тұрақты жері жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейімдеу орталығына уақытша тіркеуге тұруына ықпалдасады – деп көрсетілген.

         Сонда, Орталықта тұрмайтын адамдарды атаулы әлеуметтік көмек алу мақсатында кәмілеттік жасқа толмаған балаларымен бірге, Орталыққа уақытша тіркеуге тұрғызу керек пе? Егер, Орталыққа тіргелген азамат онда тұрмайтын болса, ол сол аралықта түрлі жағдайға (жол апаты болса, қылмыс жасаса, ауырып қалса, дүниеден өтсе, несиесін уақытылы өтемесе, т.с.с. түрлі себептер болса) ұшыраған кездер болса, жауапты кім болып табылады?

          Осыған орай, Сіздерден осы жоғарыда айтылған проблемалық мәселені жан-жақты қарастырып, нәтижелі жауап жолдауларыңызды сұраймыз.

       

 

 

 

Жауап: 

Құрметті Динара Балтабаевна!

«Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмектi тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 320 бұйрығының 4-тармағына сәйкес атаулы әлеуметтік көмекке өтініш берушінің тұрақты немесе уақытша тіркелген жері болмаған жағдайда Орталық немесе әкім атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау мақсатында өтініш берушіні Тұрақты жері жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейімдеу орталығына уақытша тіркеуге тұруына ықпалдасады.
Бірақ бұл қағидаға сәйкес объективті себептер бойынша (қауіпсіздік техникасына сай келмейтін құрылыстарда, тұруға арналмаған ғимараттарда тұратын немесе үй салып оның құжаттары рәсімделмеген жағдайда) тұра алмайтын адамдарды уақытша тіркеу қажет.
Бұл атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау барысында өтініш берушілерге ықпалдасу шарасы болғандықтан, осындай мекемелерде уақытша тіркелген адамдар өздері және отбасы мүшелері үшін дербес жауап береді.

Сұрақтың нөмірі: 360365
2 мамыр, 2019 - 10:08 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші