You are here

Сәлеметсіз бе?Мен көпбалалы анамын,жолдасымның айлығы 42500тг;әр балаға берілетін 21 мың теңге әлеуметтік көмекке құжат тапсырғанымда "жеке жоспар жөнінде әлеуметтік келісімшартқа" қол қоймайынша жәрдемақы берілмейді деді,сол қаншалықты заңды?

Сұрақ тақырыбы: 
Жауап: 

Құрметті Айнур Канатқалиқызы!

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік көмек саясатын дамыту департаменті атаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматын тағайындау барысында туындаған сұрақтарды қарап, келесіні хабарлайды.
«Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмектi тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 320 бұйрығына сәйкес шартты ақшалай көмек тағайындаудың ең маңызды шарты, бұл жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына және (немесе) бейімдеу бағдарламаларына еңбекке қабілетті отбасы мүшелерінің қатысуын көздейтін әлеуметтік келісімшарт жасасу болып табылады.
Бұл ретте, отбасының еңбекке қабілетті мүшелерін жұмыспен қамту белсенді шараларына тарту 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңы шеңберінде жүзеге асырылады.
Осылайша, жұмыс іздеуші адам тұрғылықты жері бойынша халықты жұмыспен қамту орталығына жұмыс іздеуші немесе жұмыссыз ретінде тіркелуге тиісті. Тіркелген уақыттан кейін он жұмыс күннің ішінде тұрақты жұмыс орындарын іздеу және кәсіби оқыту жолымен қамтамасыз етіледі.
Әрі қарай, егер өтініш берген күннен бастап 10 жұмыс күннің ішінде лайықты жұмыстар болмаған жағдайда Жұмыспен қамту орталығы кәсіптік оқыту, жастар практикасы, қоғамдық жұмыс орындарына жолдау, кәсіпкерлік бастамашылыққа жәрдемдесу бойынша шараларды ұйымдастырады.
Сонымен қатар, өзара жауапкершіліктің принціпі мемлекет ақшалай көмекті тек әлеуметтік келісім шартта көрсетілген міндетті орындаған жағдайда ғана, оның ішінде уақытша жұмыс орындарына орналасу болып табылады.

Сұрақтың нөмірі: 360191
21 мамыр, 2019 - 18:19 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші