You are here

Мен еңбекақымды басқа адамның банк карточкасымен сенім хат негізінде алуға болама.

Сұрақ тақырыбы: 

Салеметсізбе!  Мен мемлекеттік балабақшада 0,5ст есепші ретінде жұмыс істеймін. Декреттік демалыстан кейін жұмысқа шықтым. Менің 2 банктан өтелмеген кредитім бар. Енді сол банктер еңбекақы алатын карточка ашпай отыр. Кредитімді өтейтін жағдайым болмай тұр себебі алатын айлығым 30000тг ғана және 4 балам бар, куйеуімнің тұрақты жұмысы жоқ көбінесе үйде бала қарайды. Менің сұрағым басқа адамға сенімхат беріп сол адамнын банк карточкасынан еңбекақымды алсам болама? Зан жүзінде қалай істеген дұрыс?

Жауап: 

ҚР Еңбек Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 23-бабына сәйкес жұмыс беруші жұмыскерге Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде, еңбек, ұжымдық шарттарда, жұмыс берушінің актілерінде көзделген жалақы мен өзге де төлемдерді уақтылы және толық мөлшерде төлеуге міндетті.
Жұмыскер Кодекстің 22-бабына сәйкес еңбек, ұжымдық шарттардың талаптарына сәйкес уақтылы және толық көлемде жалақы төленуіне құқығы бар.
Жалақыны үшінші тұлғаға аударуы заңнамамен қарастырылмаған.
Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 8-бабына сәйкес азаматтар мен заңды тұлғалар өздерiне берiлген азаматтық құқықтарды, соның iшiнде өздерiн қорғау құқығын өз қалауынша пайдаланады. Азаматтар мен заңды тұлғалар өздерiне берiлген құқықтарды жүзеге асырған кезде адал, парасатты және әдiл әрекет жасап, заңдардағы талаптарды, қоғамның адамгершiлiк қағидаттарын сақтауға тиiс.
Осыған орай, келісім бойынша жұмыскердің жалақысын аударуын оның арызын нотариалды растаумен жалақысын аударуын мерзімін көрсете жұмыс беруші үшінші тұлғаға аударуға құқылы.
Сонымен қатар, басқа жұмыскердің карточкалық есеп шотына жалақыны аударуы бойынша жауапкершілікке жол жоқ.

Сұрақтың нөмірі: 360145
20 мамыр, 2019 - 12:38 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші