You are here

Аз қамтылған отбасы деген кім? Критерийлері қандай?

Сұрақ тақырыбы: 

Атаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматы ұсынғалы, біраз жұрт қуанып қалып еді. Құжат тапсыруға ХҚКО барғанда кейбір нюанстермен қанағаттанбай қайтып жатыр. Мәселен, кейбіреулердің жылжымайтын мүліктеріне де жиынтық есебіне кіргізіп жатыр дейді. Ал, ресми сайтта Жиынтық табысқа кіретіндер:

  1. Еңбекақы;
  2. Алимент;
  3. Жеке қосалқы шаруашылықтан түсетін табыс;
  4. Кәсiпкерлiк қызметтен түсетiн табыс;
  5. Жылжымайтын мүлiктi және көлiк құралдарын жалға беруден және сатудан түсетiн табыс;
  6. Кредитті (шағын кредитті) пайдаланудан түсетiн табыс;
  • және басқа да табыс түрлері. 

делінген. Жылжымайтын мүлік пен көлікті есептеу қандай жүйеге байланысты есептелуде? Аз қамтылған деген қандай отбасы? Мәселен, бір отбасы жұмысынан айырылып қалды делік. Олардың жеке мүлігінде көлік және үй бар. Бірақ табыс көзі аз жұмыс атқарып жүр. Және олардың бала саны 3-еу ғана. Жалпы, табыс көзі ғ адамға шаққанда 20 789 теңгеге жетпей тұр. Жоғарыда көрсетілген жиынтық есебі бойынша  да табыс көздері жоқ. Олар АӘК-ке жүгіне алады ма? Жүгіне алмаса, қандай қағидаға сай? Осыны нақтылап берсеңіздер екен? Сайттарыңызға Аз қамтылған отбасы деген кім дегенге анықтама берсеңіздер екен.

Жауап: 

Құрметті Әдемі Бейбітқызы!

«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі № 246 Заңы (бұдан әрі – Заң)
1-бабының 5-2)-тармағына сәйкес аз қамтылған адамдар (отбасылар) – жан басына шаққандағы орташа айлық табысы облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада белгіленген кедейлік шегінен төмен адамдар (отбасылар) болып табылады және бұл адамдар атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар.
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің
2009 жылғы 28 шілдедегі № 237-ө бұйрығының 4-тармағына сәйкес отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде есептi кезеңде алынған табыстың барлық түрлерi ескеріледі, олар:
1) еңбекақы, әлеуметтiк төлемдер түрiнде алынатын табыс;
2) «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» 2011 жылғы
26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінде көрсетілген балаларға және басқа да асырауындағыларға алимент түрiндегi табыс;
3) жеке қосалқы шаруашылықтан - мал мен құс ұстауды, бағбандықты, бақша өсiрудi қамтитын үй жанындағы шаруашылықтан түсетін табыс;
4) кәсiпкерлiк қызметтен түсетiн табыс;
5) жылжымайтын мүлiктi және көлiк құралдарын жалға беруден және сатудан түсетiн табыс;
6) бағалы қағаздардан түсетiн табыс;
7) жылжымайтын мүлiктi, көлiк құралдарын және басқа да мүлікті сыйға тарту, мұрагерлiкке алу түрiнде алынған табыс;
8) кредитті (шағын кредитті) пайдаланудан түсетiн табыс;
9) өтеусіз алынған ақша түріндегі табыс;
10) ақша салымдары және депозиттер бойынша сыйақылар (мүдде) түріндегі табыс;
11) ақшалай аударымдар түріндегі табыс;
12) конкурстарда, жарыстарда (олимпиадаларда), фестивальдарда, лотереялар, салымдар мен борышкерлiк бағалы қағаздар бойынша алынған ұтыстарды қоса алғанда, ақшалай және (немесе) заттай түрдегi табыс.
АӘК тағайындау үшін қажетті ақпарат алу мақсатында тұрғылықты жеріңіз бойынша халықты жұмыспен қамту орталығына, ал ауылдық жерде тұрған жағдайда ауылдық кент, ауыл, ауылдық округ әкімдігіне жүгіну қажет екендігіне назар аударамыз.
Министрлік сайтына аз қамтылған отбасылардың анықтамасын беру туралы ұсынысыңыз мәліметке алынды.

Сұрақтың нөмірі: 360134
4 мамыр, 2019 - 21:17 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші