You are here

1 сәуірден берілетін жәрдем ақы

Сұрақ тақырыбы: 

          Мен  Мырзабеков Ескендир Койшыбаевич  Түркістан облысы  Созақ ауданы Шолаққорған ауылының тұрғынымын. Көп балалы отбасының иесімін.

Менің сұрағым:  2019 жылдың сәуір айынан бастап берілетін атаулы әлеуметтік көмекті, атап айтқанда әр балаға берілетін ай сайынғы 20 789 теңге  көлеміндегі қаржылай жәрдемақыны алу  үшін заңда әлеуметтік қамсыздандыру мекемесімен келісім-шартқа отыруым міндеттелген ба?

Себебі Созақ аудандық «Халықты әлеуметтік қолдау және жұмыспен қамту» орталығының маған қойған талабы осы болды.

        Нақтылап айтар болсам ,  менің отбасымда әйелім жұмыссыз, 3 ұл және  3қыз, жалпы саны 8 адамбыз. Осыған қарамастан орталық мамандарының  маған айтқан жауабы: « егер сіз ай сайын қаржының қалай жұмсалынғандығы туралы есеп беруді міндеттейтін келісім шартқа отырсаңыз ғана сізге қаржы тағайындалады, ал егер олай болмаса берілмейді» деп  құжаттарымды қабылдамай қойды.

        Осыған орай,  сізден  осының  дұрыс жауабын және қосымша осы заң турасында толыққанды мәліметті беруіңізді сұраймын

 

 

Тел:  8 701 389 35 11

Жауап: 

Құрметті Ескендір Қойшыбаевич! «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес атаулы әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы орташа табысы АӘК көрсету критерийінен аспайтын адамдарға тағайындалады. АӘК отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы күнкөріс деңгейінің 70%-нан төмен болғанда тағайындалады және атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың әрбір баласына 20 789 теңге мөлшерінде әлеуметтік көмек төленетін болады. Отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу барысында Қазақстан Республикасының аумағында алынған барлық табыс түрлері, соның ішінде еңбекақы, әлеуметтік төлемдер ескеріледі. АӘК тағайындаған кезде отбасының жиынтық табысынан көп балалы отбасыларға, «Күміс алқа» және «Алтын алқа» төс белгілерімен марапатталған көп балалы аналарға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар, сондай-ақ мүгедектігі бойынша балаларға берілетін жәрдемақылар мен шәкіртақы алынып тасталады. Жаңа нысандағы АӘК 2 түрге бөлінеді: шартсыз және шартты ақшалай көмек. Шартсыз ақшалай көмек құрамында еңбекке қабілетті мүшелері жоқ отбасыларға (мысалы, мүгедектер мен қарт зейнеткерлер отбасылары) немесе еңбекке қабілетті мүшелері объективті себептер бойынша жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатыса алмайтын отбасыларға (мысалы, мектепке дейінгі жастағы балалары бар жалғыз басты ана) ұсынылатын болады. Мұндай отбасылардан жұмыспен қамту шараларына қатысу талап етілмейді. Шартты ақшалай көмек әлеуметтік келісімшарт жасасу және отбасының еңбекке қабілетті барлық мүшелерінің жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына міндетті түрде қатысу шартымен құрамында кем дегенде бір еңбекке қабілетті мүшесі бар отбасыларға ұсынылатын болады. Сіздің өтінішіңізде аталған келісімшарт мәселесін айтатын болсақ, әлеуметтік келісімшарт ол екі тараптың – әлеуметтік көмек алушы мен әлеуметтік қорғау қызметінің міндеттемелері қамтылған, қаржылай көмек алуға арналған құжат. Яғни, мемлекет осы келісімшарт аясында өз тарапынан отбасының өмірлік қиын жағдайдан шығуы үшін кәсіптік және әлеуметтік бейімдеу шараларын қолданатын болады, оларға қаржылай көмек те қосылады (жаңа форматтағы АӘК), ол үшін алушыдан сәйкес әрекеттер талап етіледі (жұмыс іздеу, әлеуметтік-кәсіптік бейімдеу). Келісімшарт бойынша аз қамтылған азаматтар өзіне жұмысқа орналасу бойынша міндеттемелер қабылдайды (көбінесе Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының аясында), мемлекет жергілікті деңгейдегі атқарушы орган ретінде (Жұмыспен қамту орталығы және жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері) оларға жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын, ал қажетті жағдайларда – әлеуметтік бейімдеу шараларын көрсетуге міндеттеледі.

Сұрақтың нөмірі: 360058
23 сәуір, 2019 - 16:44 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші