You are here

Куйеуим 1-ши топ мугедеги озим коп балалы анамын. 6 балам бар. Ешкайсы камелетке толмаган. Прописка Шымкент каласы . Озимиз Ордабасы ауданында турамыз. Биз патерде кезекте турмыз 2016- дан бери. Атаулы Алеуметтик Комек аламай жатырмыз. Калай аламыз.

Сұрақ тақырыбы: 
Жауап: 

Құрметті Сапаргуль Абдуразаковна!

Атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – АӘК) жан басына шаққандағы табысы күнкөріс деңгейінің 70%-нан төмен (20 789 теңге) отбасыларға көрсетіледі.
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 шілдедегі № 237-ө бұйрығының 10-тармағына сәйкес отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде отбасы құрамында бірге тұратын, жақын туыс болатын, ортақ шаруашылықты жүргізетін және тұрғылықты жері бойынша бір елді мекен шегінде тіркелген отбасының барлық мүшелері ескеріледі.
Бұл ретте, «Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмектi тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 320 бұйрығының 4-тармағына сәйкес АӘК алуға үміткер адам немесе отбасы АӘК тағайындау үшін тұрғылықты жері бойынша Орталыққа, ал тұрғылықты жері бойынша Орталық болмаған жағдайда – кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне жүгінеді.
Осыған орай Сізге тұрғылықты мекен жайыңыз бойынша уақытша немесе тұрақты тіркеуге тұру қажет.

Сұрақтың нөмірі: 360048
24 сәуір, 2019 - 20:44 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші