You are here

атаулы әлеументтік көмек туралы

Сұрақ тақырыбы: 

Сәлеметсіздер ма! Мен  Тараз қаласының тұрғыны, үйленгем, 3 балам бар /балдарымның туылған жылдары -2013,2015,2017/. Қазіргі таңда жұмыс жасамаймын, бала күтіміне байланысты демалыста үйде отырған анамын. Бүгінгі күні отбасымызда тек жолдасым жұмыс атқарады. Жолдасымның айлығы 170 мыңды құрайды /осы жылдың ақпан айынан бастап, бұған дейін 80-120 мың теңге болған/. Осы ақшадан 90 мыңын айсайын үй алуға алынған несиені жауып отырмыз. Қалған 80 мың 3 баланың шығындары мен коммунальдік шығындарға әрең жетеді. ЦОНға барып атаулы элеументтік көмекті біздің отбасымызға алуға болады ма десем, болмайды дейді. Сіздердің табыстарыңыз 5 адамға жетеді, несие ол өз мәселелеріңіз дейді. 1.Неге атулы әлеументтік көмек менің отбасыма тағайындалмайды?

Жарайды бұл көмекті сұрамас едім, егер жұмысыма шықсам. Жұмысқа шығайын десем сенің бөлімің қысқарып кеткен, жұмысқа шықсаң қысқартуға түсесің дейді. Сонда бала күтіміне отырған аналардың құқықтары қорғалмайды ма, бұл деген Еңбек кодексінің 52, 54 баптарының бұзу емес па? 

Өтінем сіздерден осы сұрақтарға жауап берулеріңізді.

Байланыс телефоны 7021451652

 

Жауап: 

Құрметті Майя Қуанышқызы!

Атаулы әлеуметтік көмекке қатысты
Атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – АӘК) жан басына шаққандағы табысы күнкөріс деңгейінің 70%-нан төмен (20 789 теңге) отбасыларға көрсетіледі.
Сіз ұсынған ақпаратқа сәйкес отбасыңызда жан басына шаққандағы табыс 34 000 теңгені (170 000 / 5 = 34 000 теңге) құрап, АӘК критерийінен жоғары болғандықтан АӘК тағайындалынбайды.
Бала күтімі бойынша демалыстан қайта жұмысқа шығуға қатысты
ҚР Еңбек кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 100-бабының 3 және
4-тармақтарына сәйкес бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалыс уақытында жұмыскердің жұмыс орны (лауазымы) сақталады.
Егерде бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалыс аяқталғанға дейін жұмысқа шыққан жағдайда жұмыскер жұмыс берушіге өзінің ниеті туралы жұмыс басталғанға дейін бір ай бұрын ескертуге міндетті.
Сонымен қатар, Кодекстің 54-бабының 2-тармағына сәйкес жұмыс берушіге жүктілік туралы анықтаманы ұсынған жүктi әйелдермен, үш жасқа дейiнгi балалары бар әйелдермен, он төрт жасқа дейінгі баланы (он сегіз жасқа дейінгі мүгедек баланы) тәрбиелеп отырған жалғызілікті аналармен, аталған балалар санатын анасыз тәрбиелеп отырған өзге де адамдармен осы Кодекстiң 52-бабы 1-тармағының 2)-тармақшасындағы жұмыскерлер саны немесе штаты қысқартылған негіз бойынша жұмыс берушінің бастамасымен еңбек шартын бұзуға жол берілмейді.
Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының бұзылуына кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды мемлекеттік еңбек инспекторлары жүзеге асырады және тексеру Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес өткізіледі.
Сондықтан, егер жұмыс беруші еңбек заңнамасын бұзатын болса, онда жұмыскер еңбек құқығын қорғау үшін еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті орғанға шағымдану қажет (Жамбыл облысының Еңбек инспекциясы басқармасының мекен-жайы: Тараз қаласы, Желтоқсан көшесі, 78, тел: (7262)55-53-71.
Еңбек инспекциясы түскен арыз негізінде мекемеде тексеру жұмыстарын жүргізіп, бұзушылық анықталған жағдайда заңнамаға сәйкес тиісті шараларды қабылдайтын болады.

Сұрақтың нөмірі: 360047
4 мамыр, 2019 - 21:16 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші