You are here

қөмек кімге буйырлады

Сұрақ тақырыбы: 

Ассалаумағаликум, құрметты мырзалар ханымдар .Меным атым Нұрмұхамет Қалибай ұлы.жасым 35де .Алты баланың әкесымын.жолдасым бар.есымы Бағила Махаббат қызы. мамандығы -үй балатәрбиешы .бір үй  де сегіз жанбыз, үй өзбасымызда  .өзіміз енбеқ етып  салғанбыз.отағасы мен ғана жұмыс істеймын.айлық табыс 120000-140000теге арасын дамын .жолдасым Алматы обылысы жанбыл ауданы ұзынағаш ауылы на барып әлеуметтық қөмекке  құжат өткізсе, атқаз берып ды.себебі менын жағыдайым жақсы .,үш айлық  табыс ортағы 19820 теге .басым да үй бар деп қайтарыпты  .сіздерден сурағаным сіз дер қалай төлейсыз дер бул жардем ақыны .кімге бересыздер .үй өзіміз салдық.қөмек сурамай, мен жалғыз өзім  жұмыс істеймын .телевизорда орташа 20789ден төмен дегенсоң барғанбыз әкімшіліқ ге.ондай дорекы қорсетуге боллама, солжердеғы маман әлиа деген қыз .нақты себеп неге түсындірмеген жолдасымқа .нақты қандай адамдар алады бул қөмекты?айтынңызшы?

Жауап: 

Құрметті Нұрмұхамет!

Қазіргі уақытта аз қамтылған отбасыларға ұсынылатын көмектің негізгі түрі – атаулы әлеуметтік көмек жүйесі болып табылады. Бұл көмек «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңына сәйкес жан басына шаққандағы орташа табысы облыстарда, республикалық маңызы бар қалалар, астанада белгіленген кедейлік шегінен (күнкөріс деңгейінің 70 %) аспайтын адамға (отбасыға) шартсыз немесе шартты ақшалай көмек түрінде беруі көзделген.
АӘК екі түрге бөлінеді: шартсыз және шартты ақшалай көмек.
Шартсыз ақшалай көмек құрамында еңбекке қабілетті мүшелері жоқ отбасыларға (мысалы, мүгедектер немесе қария зейнеткерлер отбасылары), немесе еңбекке қабілетті мүшелері объективті себептер бойынша жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартыла алмайтын отбасыларға (мысалы, мектепке дейінгі жастағы балалары бар жалғыз басты ана) ұсынылады.
Шартты ақшалай көмек әлеуметтік келісімшарт жасасу және барлық еңбекке қабілетті отбасы мүшелерінің жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысу шартымен, құрамында кем дегенде бір еңбекке қабілетті мүшесі бар отбасыларға ұсынылады.
Жаңа тәртіпке сәйкес атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткерлерге тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту орталығына, ал ауылдық жерде - кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне бекітілген нұсқа бойынша өтінішпен және бірдейлендіру үшін жеке куәлікпен жолығу қажет.
Орталық атқарушы уәкілетті органмен айқындалатын тізіміне сәйкес қажетті құжаттарды жинау тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту орталығымен, ал ауылдық жерде - кент, ауыл, ауылдық округ әкімімен мемлекеттік органдардың және (немесе) мекемелердің ақпараттық жүйелері арқылы жүзеге асырылады.
Осыған орай, отбасыңыздың табыс мөлшері жоғарыда көрсетілген көрсеткіштен аспаған жағдайда осы жәрдемақыны алуға үміткер бола аласыз.

Сұрақтың нөмірі: 360040
26 сәуір, 2019 - 19:21 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші