You are here

Алуметтек комек

Сұрақ тақырыбы: 

Менин 4балам бар 4шиси жакында босанды 19.03.2019айелiм 3ши топтагы мугедик осыган кандай комек карастырылган? 

Жауап: 

Құрметті Алиреза!

 

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес бала тууға байланысты біржолғы мемлекеттік жәрдемақы (жұмыс істейтін және жұмыс істемейтін аналар үшін) және бала туғанда берілетін жәрдемақы өтініш берген күннен бастап тағайындалады. Екі және одан да көп бала туған кезде бала туғанда берілетін жәрдемақы әр балаға тағайындалады және төленеді.

2019 жылы бала тууға байланысты біржолғы мемлекеттік жәрдемақы мөлшері төрт және одан да көп балаға – 159 075 теңгені құрайды.

Бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты ай сайынғы жәрдемақы (жұмыс істемейтін әйелдер үшін) міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы болып табылмайтын адамдарға республикалық бюджеттен тағайындалады. Бір жасқа толмаған екі және одан да көп балаға күтімді жүзеге асырған жағдайда бала күтімі жөніндегі жәрдемақы әр балаға тағайындалады және оның көлемі 14 544 теңгеден 22 473 теңгеге дейін белгіленген. Бала күтімі жөніндегі жәрдемақы бала туған күннен бастап ол бір жасқа толық толғанға дейін тағайындалады.

Сонымен бірге, бүгінгі таңда аз қамтылған отбасыларға ұсынылатын көмектің негізгі түрі – атаулы әлеуметтік көмек жүйесі болып табылады.

Бұл көмекті «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңына сәйкес жан басына шаққандағы орташа табысы облыстарда, республикалық маңызы бар қалалар, астанада белгіленген кедейлік шегінен (күнкөріс деңгейінің 70 %) аспайтын адамға (отбасыға) шартсыз немесе шартты ақшалай көмек түрінде Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың, босқындардың, шетелдіктердің және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, азаматтығы жоқ адамдардың алуына құқығы бар.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудің ережесіне сәйкес отбасының жиынтық табысын есептеу кезiнде құрамында бірге тұратын, ортақ шаруашылықты жүргізетін және тұрғылықты жері бойынша бір елді мекен төңірегінде тіркелген отбасының барлық мүшелерінің жиынтық табыстары ескерiледi.

Осыған орай, отбасыңыздың табыс мөлшері жоғарыда көрсетілген көрсеткіштен аспаған жағдайда осы жәрдемақыны алуға үміткер бола аласыз.

Бұл ретте, Сізге аталған жәрдемақыларды тағайындау тәртібі бойынша қосымша мәлімет алу үшін тұрғылықты жеріңіз бойынша халыққа қызмет көрсету және жұмыспен қамту орталықтарына немесе ауылдық округ әкіміне жолығуға болатынын хабарлаймыз.

Сұрақтың нөмірі: 359932
11 маусым, 2019 - 19:04 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші