You are here

«Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын (4-шығарылым) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

БТБА (4-шығарылым) 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 16-бабының 16-1) тармақшасына сәйкес әзірленген.

1. Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік біліктілік анықтамалығы (4-шығарылым) (бұдан әрі - БТБА) мыналарды:

1) арнайы мақсаттағы метрополитендер, туннельдер және жерасты ғимараттарының құрылысын;

2) байытуды, агломерациялауды, кесекшелеуді (жалпы кәсіптер);

3) кен және алтын араласқан пайдалы қазбаларды шығаруды және байытуды;

4) кендерді агломерациялауды;

5) көмір және сланец өндіру, көмір және сланец шахталары мен разрездері құрылысын;

6) қоңыр көмір мен озокерит кендерін қайта өңдеуді;

7) құрылыс материалдарын шығаруды және байытуды;

8) тау-кен және тау-кен-күрделі жұмыстарды (жалпы кәсіптер);

9) тау-кен-химиялық шикізатты шығаруды және байытуды;

10) шымтезек шығару және қайта өңдеуді қамтиды.

Тарифтік-біліктілік  сипаттамалары сегіз разрядты тарифтік кестеге лайықталып  әзірленді.

БТБА (4-шығарылым) «сульфидті кенді байыту учаскесінің әмбебап операторы» (3-6 разрядтар диапазоны) және «тау-кен техникасының әмбебап операторы» (5-8 разрядтар диапазоны) кең профильді кәсіптер қосылған.

БТБА мазмұны (4-шығарылым) Қазақстан Республикасының тілдер туралы заңнамасына сәйкес толықтай қайта қаралды, мамандықтар мемлекеттік тілдегі алфавиттік тәртіппен берілді.

Қолдануға ыңғайлы болу үшін БТБА (4-шығарылым) жұмысшы кәсіптерінен, разрядтар аралығынан және беттердің нөмірленуінен тұратын алфавиттік көрсеткішпен беріледі (1- қосымша).

БТБА 4-шығарылымы бөлімінде бұрын қолданлыған жұмысшы кәсіптерінің атаулары көрсетілген тізбесі БТБА 2 –қосымшада (4-шығарылым) келтірілген.

БТБА (4-шығарылым) ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында, уәкілетті еңбек органның ведомстволық веб-сайтында орналастырылған, барлық мүдделі тараптармен келісілген, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі Қоғамдық кеңестің оң қорытындысын алған.

Тарифтік-біліктілік сипаттамалар осы БТБА-да көрсетілген өндірістер мен жұмыс түрлері бар ұйымдардың меншіктік нысанына және ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, олардағы жұмысшылардың жұмыстарын тарификациялаған және біліктілік разрядтарын белгілеген кезде қолданылады.

Бұл нормативтік акт мемлекеттік шығындардың ұлғаюын немесе республикалық немесе жергілікті бюджеттердің кірістерінің азаюын көздемейді.

Анықтама: Бұрын қолданыста болған «Жұмысшылар мен кәсіптердің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын (4-шығарылым) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013 жылғы 29 сәуірдегі № 180-ө-м  бұйрығы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2013 жылғы 13 мамырда № 8463тіркелді.

8 сәуір, 2019 - 16:17 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету
Ящик идей
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші