You are here

Отбасылық табыс есептелген кезде соңғы 3 ай есептеледі са, әлде 6 ай есептеледі ма? Айлық көрсеткішінің оклады есептеледі ма әлде қолға түсетіні есептеледі ма?

Сұрақ тақырыбы: 

Сәлеметсіздер ме?  АӘК тағайындау кезінде табыстың оклады есептеледі ме, әлде қолға түсетіні есептеледі ма,  айлықтың оклады есептеледі ма?,  әлде қолға тиетіні ма? Соңғы 6 айдың табысының орта мәнін есептейді ма,  әлде 3 айы ма? 

Жауап: 

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 320 бұйрығымен бекітілген мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмектi тағайындау және төлеу қағидаласының 3 тармағына сәйкес атаулы мемлекеттік көмек күнкөрісі төмен адамдар (отбасылар) – жан басына шаққандағы орташа айлық табысы облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада белгіленген кедейлік шегінен төмен адамдарға (отбасыларға) тағайындалады.
Мемлекеттiк АӘК жәрдемақысын есептеу кезінде бiрге тұратын отбасының барлық мүшелерiнің жиынтық табыстары ескерiледi. Олар, еңбекақы, әлеуметтiк төлемдер түрiнде алынатын табыс, кәсiпкерлiк және басқа да қызмет түрлерiнен түсетiн табыс, жеке қосалқы шаруашылықтан түсетін табыс және өзге де табыстар. Адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеу кезінде АӘК тағайындауға жүгінген тоқсан алдындағы кезіңі (3 айдың табыстары) үшін есептейді.
Осыған орай, отбасыңыздың табыс мөлшері жоғарыда көрсетілген көрсеткіштен аспаған жағдайда осы жәрдемақыны алуға үміткер бола аласыз.
Аталмыш көмекті алу үшін тұрғылықты жеріңіз бойынша жұмыспен қамту орталығына, ал ауылдық жерлерде кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне жүгінуіңізді ұсынамыз.

Сұрақтың нөмірі: 359796
24 мамыр, 2019 - 19:40 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші