You are here

Менің анам зейнетке 2017 жылы қазан айында шықты. Бірақ еңбек өтілі дұрыс есептелмей тұр, 1998 жылдан 2017 жылға дейінгі аралықты зейнетақы аударымдарымен есептегендіктен толық шықпай тұр, зейнет.сы айсайын түспеген,стажы аз болып қалды. не істеуге бола

Менің анам зейнетке 2017 жылы қазан айында шықты. Бірақ еңбек өтілі дұрыс есептелмей тұр, 1998 жылдан 2017 жылға дейінгі аралықты зейнетақы аударымдарымен есептегендіктен толық шықпай тұр, зейнет.сы  айсайын түспеген,стажы аз болып қалды. не істеуге болады? ол кісі  31 жыл еңбек етті, бірақ зейнетақысының уақытында түспегендігінің кесірінен стажы аз болып қалды. осындай жағдайда қандай әрекет жасауға болады?  түспеген барлық  зейнетақыға   бухгалтер  анықтама расифровкасымен жасап берсе толық 1998-2017 жылдың аралығын қабылдайсыздарма?

Жауап: 

Құрметті Еркин Сактапбергенович! Қазіргі таңда «Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін бюджет қаражаты есебінен беру, сондай-ақ жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау және жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 223 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізілуіне байланысты міндетті зейнетақы жарналары аударылған кезеңдер жұмыс берушінің (құқықтық мирасқордың) немесе архивтік мекеменің растау анықтамасымен дәлелденеді. Осыған орай зейнетақы қорына уақытылы аударылмаған зейнетақы жарналарын бойынша жұмыс берушінің (құқықтық мирасқордың) міндетті зейнетақы жарналарын аудару туралы анықтамасын тұрғылықты мекенжайы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының бөлімшесіне ұсынуы қажет.

Сұрақтың нөмірі: 359741
17 сәуір, 2019 - 18:14 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші