check

You are here

«ОРАЛМАН» ААЖ ЖЕТІЛДІРУ

    «Оралман» ААЖ модернизациялаудың мақсаты этникалық қазақтарды есепке алу процестерін жылдамдату арқылы қызмет берушінің жұмыс жасау тиімділігін арттыруда қорытылады. Қазақстан Республикасы егемендік алған кезде оның шегінен тыс жерде тұрақты тұрған үміткерлерді есепке алу жөніндегі мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу  қолайлылығын ұлғайту әлеуметтік-экономикалық сипатты дамытудың басым бағыты болып табылады. Этникалық қазақтарды (оралмандарды) мониторингіді автоматтандыру осы саланы мемлекеттік жоспарлау мен бақылаудың сапалы жаңа деңгейіне көшу үшін үшін қажетті алғышартты құрады.

   Осы жүйені жетілдіру үміткерлердің өтініш білдіруін ыңғайлы жүйеленген есепке алуды құруға, сұраулар өңдеу процесін жылдамдатуға мүмкіндік береді, регламенттердің орындалуын дамыған мониторингі мен бақылауды ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, «Оралман» ААЖ үміткерлерді, сондай-ақ олардың мемлекеттегі әрі қарайғы рөлдерін есепке жөніндегі бірегей жүйе болып табылады.

     Жобаның мақсаты төмендегілер есебінен берілетін қызметтің сапасын арттыру болып табылады:

  • статистикалық есептілік бөлігінде ҚР ЕХӘҚМ, оралман мәртебесін беру бөлігінде ЖАО функцияларын автоматтандыру;
  • электрондық архивті қалыптастыру;
  • қағаз құжаттарды көшірмелерін электрондық аналогтарына ауыстыру жолымен мемлекеттік қызметтерді көрсету процесін оңтайландыру;
  • қызмет көрсетуді 5 жұмыс күнінен 3 жұмыс күніне қысқарту;
  • мемлекеттік қызметті көрсетуге әсер ететін қызметті берушілердің сыртқы қызметінің бизнес-процестері барысының сапасын арттыру.
  • өтініш берушілер бойынша атауландырылған тіркеу есебі.

      «Оралман» ААЖ модернизациялау жобасының міндеттері болып табылады:

  • Карточкаларды толтыру процесін автоматтандыруға «КҚП» АЖ-мен ықпалдасу жолымен қол жеткізіледі. Оралмандардың талондарын құру (редакциялау) кезінде ЖАО мамандарының бизнес-процестерін автоматтандыру. Яғни, Жүйеде пайдаланушылардың жұмыс істеуі кезінде оралмандар талондарының құрылымданған деректерінің электрондық архиві қалыптастырылады.
  • Есептерді қалыптастыру процедураларын автоматтандыру. Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген жеңілдіктерді, өтемақыларды және әлеуметтік көмектердің басқа да түрлерін алушылардың құрылымданған деректерінің құрылатын электрондық архиві негізінде есептіліктің кез келген түрлерін алу мүмкіндігі ұсынылады. Кез келген есепті алу уақыты бірнеше секундтан бірнеше минутқа дейінгі уақытты құрайды.
  • Талдау. Қазақстан Республикасына келген оралмандар бойынша статистикалық ақпаратты бірыңғай деректер қорына жинақтау аудитті, болжау, жүргізу және т.б. алдағы уақытта өте толыққанды талдаулық деректер алуға мүмкіндік береді.
  • Тарихи отанына қайта келген этникалық қазақтардың атауландырылған тіркеу есебін құру;
  • Оралманның бірыңғай талонын құру, олардағы деректерді редакциялау, және Талонның өмірлік циклы ішінде қажетті операциялардың барлығын жүзеге асыру.
Бөлімдер:
29 наурыз, 2019 - 20:10 өзгертілді
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші