check

You are here

Жұмыс берушіні қызметкерлермен ұжымдық шартты жасасуға міндеттіме?

Еңбек кодексіне сәйкес,  ұжымдық шарт еңбек қатынастары тараптарының  бірі  екіншісіне оны  бекіту  туралы  ұсыныспен шыққан кезде ғана жасалады.

Кодекстің 156-бабына сәйкес, жұмыс беруші және жұмыскерлер атынан белгіленген тәртіппен уәкілеттік берілген олардың өкілдері ұжымдық шарттың тараптары болып табылады.

Ұжымдық келіссөздерді бастау және ұжымдық шартты жасасу туралы ұсынысты тараптардың кез келгені жасауы мүмкін.

Екінші тараптың ұжымдық шарт жасасу жөніндегі келіссөздерді бастау туралы ұсынысы бар хабарламасын алған тарап оны он күн мерзімде қарауға және  Кодекспен белгіленген тәртіппен келіссөздерге кірісуге міндетті.

 Осы орайда, егер  мысалы қызметкерлер (олардың өкілдері) жұмыс берушіге  ұжымдық шарт әзірлеу  туралы ұсыныс жасайтын болса, жұмыс беруші  оны бекіту бойынша келіссөздерге кірісуге міндетті. 

Сәйкесінше, жұмыскерлерден мұндай ұсыныс түспеген жағдайда, жұмыс берушіде ұжымдық шартты  жасасу  міндеті туындамайды.

 

20 наурыз, 2019 - 16:43 өзгертілді
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші