You are here

Бірыңғай жиынтық төлем дегеніміз не және оны қалай төлейді?

Бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) – бейресми жұмыспен қамтылған адамдарға дара кәсіпкер ретінде тіркелмей кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға мүмкіндік беретін режим болып табылады.

БЖТ жеке адамдарға қызмет көрсететін жылдық жиынтық табысы 1 175 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын (2019 жылы 2 966 мың. теңге және айына 247,2 мың. теңге) азаматтар үшін енігізілген.

Мысалы, қалаларда – бала күтушілер, гувернанткалар, репетиторлар, тамадалар, жүргізушілер, ауылдарда – қосалқы шаруашылықтың жұмысшылары болып табылады.

Қазіргі күні олардың барлығында табыстары бар, бірақ олар өз қызметтерін тіркемейді. Демек олар, аударымдар мен жарналар жасамайды және әлеуметтік қорғалмайды.

БЖТ-ға 4 төлем кіреді – жеке табыс салығы, зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар, әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі аударымдар.

БЖТ төлеушілер үшін табыс салығы мен әлеуметтік төлемдерге ең төменгі мөлшерлеме белгіленген.

Қалалық және ауыл тұрғындарының табыстарының айырмашылығын ескере отырып, қалалық тұрғындар үшін БЖТ мөлшері 2019 жылы 1 бір айлық есептік көрсеткіш немесе 2 525 теңге. Ауыл тұрғындары үшін - бір айлық есептік көрсеткіштің жартысы -
1 263 теңге.

БЖТ мөлшері тіркелген,  яғни жарналардың мөлшерін дербес есептеу, бухгалтерия жүргізу, салық есептерін тапсыру қажет емес.

БЖТ төлеу механизмі өте қарапайым. Азаматтар өз ЖСН-дары арқылы Қазақстан Халық Банкі, Forte Bank, Сбербанк, Цеснабанк, Банк ЦентрКредит, Kaspi Bank, Қазпочта бөлімшелері, сондай-ақ мобильді банктік қосымшалар арқылы Бірыңғай жиынтық төлемді төлей алады.

 

 

20 наурыз, 2019 - 11:55 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші