You are here

«ҚР ЕХӘҚМ Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты» РМҚК 2018 жылға арналған қызмет қорытындылары бойынша ақпарат

 

1. Ғылыми-зерттеу қызметі.

№187 «Еңбек қауіпсіздігі мен гигиенасына жәрдемдесетін негіздер туралы» Халықаралық еңбек ұйымының ратификацияланған конвенция ережелеріне сәйкес ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу еңбекті қорғаудың ұлттық жүйесінің міндетті элементі болып табылуы тиіс.

Осыған байланысты, «ҚР ЕХӘҚМ Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты» РМҚК (бұдан әрі – Институт) қызметінің негізгі бағыты еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелерін мемлекеттік реттеудің тиімділігін арттыруға, еңбек заңнамасын жетілдіруге, өндірістік жарақаттану мен кәсіптік аурулардың алдын алуға, ұлттық қауіпсіз еңбек мәдениетін дамытуға жәрдемдесуге және еңбек ресурстарын сақтауға бағытталған ғылыми зерттеулерді жүзеге асыру болып табылады.

2018 жылы «Қазақстан Республикасы экономикасының басымды секторларында қауіпсіз еңбекті қамтамасыз етудің ғылыми әдістемелік негіздерін әзірлеу» тақырыбына ғылыми-техникалық бағдарлама бойынша зерттеулердің                               1 кезеңі іске асырылды, жүзеге асыру мерзімі 2018-2020 жылдар.

Жұмыстың 1 кезеңінің нәтижелері арасында:

 - Қазақстан Республикасында ЕҚжЕҚ саласындағы реттеу жағдайын еңбекті қорғауды басқарудың инновациялық үрдістері мен халықаралық стандарттарына сәйкестігі тұрғысынан талдау;

 - қауіпсіз еңбекті қамтамасыз етуде халықаралық тәжірибені ескере отырып, ЕҚжЕҚ саласындағы реттеу және даму перспективалары бойынша ғылыми-талдамалық шолу;

- экономикалық қызмет түрлеріне байланысты және олардың мөлшерін ескере отырып, ҚР экономикасының басым секторлары кәсіпорындарындағы ЕҚБЖ-нің қолданыстағы жағдайын бағалау;

 -экономикалық қызмет түріне және кәсіпорынның мөлшеріне байланысты сараланған кәсіби тәуекелдерді басқару негізінде біріктірілген ЕҚБЖ әзірленді, енгізу үшін 4 нұсқаулық түріндегі құжаттар жобаларын қоса алғанда.

Ғылыми-зерттеу жұмысы туралы аралық есеп Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама нәтижелері бойынша жоғары балл алды.

2018 жылғы қарашадан бастап зерттеудің 2 кезеңі басталды, ол күнтізбелік жоспарға сәйкес республика кәсіпорындарында ғылыми әзірлемелерді сынақтан өткізу және енгізу болып табылады. Осы мақсатта мыналар әзірленген:

- ЕҚБЖ енгізудің әрбір кезеңі үшін кезеңдері мен тапсырмаларын қамтитын әдістеме;

- еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мамандардың және енгізу процесіне қатысатын өзге де қызметкерлердің біліктілігін арттыруға арналған оқу бағдарламасы. Бағдарламаның модульдері анықталды және тақырыптық жоспар жасалды;

- кәсіпорында ЕҚБЖ енгізу процесінің жоспары (бағдарламасы).

ҚР-ның 4 өңірінде ЕҚБЖ-ін сынақтан өткізу және енгізу үшін алдын ала                              20 «пилоттық» кәсіпорын айқындалды. Ғылыми әзірлемелерді сынақтан өткізу жұмыстары 2019 жылдың ақпан айынан басталды.

Ғылыми жұмыс нәтижелері кәсіби тәуекелдерді басқару негізінде қауіпсіз еңбекті қамтамасыз етудің ұлттық жүйесінің әдістемелік құжаттар кешенін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Институт тарапынан ғылыми-техникалық бағдарлама аясында қарастырылатын ғылыми мәселелер шеңбері ұлттық ауқымда үлкен маңызға ие.

2. Ғылыми зерттеулердің нәтижелерін насихаттау.

Ғылыми зерттеулердің нәтижелерін насихаттау ғылыми қызметтің міндеттерінің бірі болып табылады. 2018 жылы Институттың ғылыми қызметкерлері алдыңғы қатарлы отандық және шетелдік ғылыми басылымдарда, сондай-ақ салалық журналдарда 90 ғылыми мақала жариялады.

Институт қызметкерлері халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларда баяндама жасады, олардың арасында:

 – «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау-2018» Халықаралық форумы, Мәскеу қ.;

-Еңбек қауіпсіздігі және гигиенасы бойынша 9-шы Халықаралық Конгресс, Ыстамбұл қ.;

- Бүкілресейлік еңбекті қорғау апталығы 2018, Сочи қ.;

- «Еңбекті ұйымдастыру және нормалау: ғылым, білім, тәжірибе» Халықаралық конференция, Минск қ.;

 - «Хризотил және қауіпсіздік» Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы, Астана қ.;

- «Хризотил және Денсаулық» Қазақстандағы еңбек медицинасының өзекті мәселелері» халықаралық конференциясы, Қарағанды қ. ;

 - «KIOSH 2018» еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша                     8-ші Қазақстандық халықаралық конференция және көрме және т. б.

Институт тұрақты негізде Еңбек министрлігі мен оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының көрме павильонын және конференцияның ғылыми сессиясын ұйымдастырушысы бола отырып, жыл сайынғы KIOSH Еңбекті қорғау жөніндегі халықаралық конференция мен көрмені ұйымдастыруға және өткізуге қатысады.

Жарияланымдар және ғылыми іс-шараларға қатысу арқылы Институт алдыңғы қатарлы отандық тәжірибені жариялауда және басқа елдерде әзірленетін және енгізілетін инновациялармен танысудан тұратын ғылым міндеттерін жүзеге асырады.

3. Еңбек заңнамасының негіздеріне құқықтық жалпы оқыту.

2013 жылдан бастап Институт Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай жиырма қадам» бағдарламалық мақаласының тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы бойынша құқықтық жалпы оқытуды ұйымдастыруға және өткізуге белсенді қатысады.

Қызметкерлерді оқыту және Еңбек кодексі мен еңбек қатынастарын реттейтін басқа да нормативтік-құқықтық актілердің негізгі ережелерін түсіндіру қызметкерлердің барынша қатысуымен кәсіпорын аумағында (цехтарда, учаскелерде) жүргізіледі.

Осы бағдарламаның жұмыс істеу уақытында Институт республиканың                       4 мың кәсіпорнының 100 мыңнан астам жұмыскерін қамтыды.

2018 жылы Институттың 8 облыстық филиалы осы бағдарламаға қатысты. Аудан орталықтары мен ауылдық округтердің шағын бизнес қызметкерлері (бөлшек сауда, қоғамдық тамақтану саласы, құрылыс және ауыл шаруашылығы және т.б.) жалпыға бірдей оқумен қамтылды.

2018 жылы Институт құқықтық жалпы оқыту аясында барлығы 872 курс өткізді, оған 21 мың тыңдаушы қатысты.

Бұл оқыту еңбек қатынастары саласында қызметкерлердің құқықтық сауаттылығы мен қорғалу деңгейін арттыру, азаматтардың еңбек құқықтарын іске асыру сапасын жақсарту, өндірістік жарақаттану жағдайларын болдырмау үшін негіз болып табылатын маңызды алдын алу шарасы ретінде әрекет етеді.

4. ЕҚжЕҚ саласындағы біліктілікті арттыру.

Жұмыскерлердің өндіріс қауіпсіздігі мен өндірістік еңбегін қамтамасыз ету еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты персоналдың кәсіби сауаттылығы мен құзыреттілігі деңгейінің артуымен тығыз байланысты. Сауатты басшылар мен мамандардың белсенді қатысуынсыз еңбекті қорғауды басқарудың бірде-бір заманауи жүйесінің жұмыс істеуі өтпейді.

Институтта жұмыс істейтін еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы біліктілікті арттыру курстарында кәсіпорын басшылары, басшылардың орынбасарлары, бас инженерлер, техника қауіпсіздігі, өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі мамандар, келісу комиссияларының мүшелері және т.б. оқытудан өтеді.                      50 мыңнан астам маман бізде оқудан өтті. Біліктілікті арттыру курстарын Астана қаласындағы бас кәсіпорын және Институттың 12 облыстық филиалы жүргізеді.

2018 жылы кәсіпорындарда еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, электр қауіпсіздігі, өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі мәселелерін қамтитын бағдарламалар бойынша барлығы 4 762 тыңдаушы оқытылды.

Оқу және білімін тексеру нәтижелері бойынша тыңдаушыларға белгіленген үлгідегі сертификаттар және/немесе куәліктер табыс етілді.

5. Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау

Институт қызметінің бір бағыты өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау және еңбек жағдайларына өндірістік бақылау жүргізу болып табылады.

Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау және өндірістік бақылау өндірістік жарақаттану мен кәсіптік аурулардың алдын алуға нақты бағытталған қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау жөніндегі жұмыс берушілер қызметінің қажетті элементтері болып табылады.

Жұмыс орнындағы еңбек жағдайларының жай-күйін білу - өндірістегі ықтимал жазатайым оқиғанының, сондай-ақ жұмыскерлерде кәсіптік аурулардың пайда болуын ескерту мүмкіндігінің болуы.

Институт құрылған сәттен бастап 2 мың кәсіпорында 90 мыңнан астам жұмыс орны бағалаумен қамтылды.

2018 жылы республиканың 373 кәсіпорнында 9874 жұмыс орны тексерілді.

Жұмыс орындарын тексеру нәтижелері ғылыми зерттеулер жүргізу кезінде пайдаланылады. Еңбек жағдайларын бағалауға тікелей қатысу зиянды өндірістік факторларды анықтау және бағалау әдістері мен процестерін, арнайы ұйымдарға қойылатын талаптарды жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлеуге, жұмыс орындарында тәуекелдерді басқару мақсатында, сондай-ақ қызметкерлерді сақтандыру, жеңілдіктер мен өтемақылар ұсыну жүйелерінде нәтижелерді және оларды пайдалану жолдарын талдауға мүмкіндік береді.

Тиімді ғылыми негізделген мемлекеттік шараларды жүргізу нәтижесінде Қазақстанда өндірістік жарақаттану динамикасы жылдан жылға төмендеуде.                      2018 жылы жазатайым оқиғалардың жалпы саны 1424 оқиғаны құрады, бұл 2017 жылға қарағанда 47 оқиғаға аз. Жазатайым оқиғалар жиілігінің коэффициенті де                   0,29-дан 0,25-ке дейін төмендеді (110 адамға кеміді) және 2018 жылы өткен жылға қарағанда өндірісте 24 адамға аз қаза болды.

Соңғы жылдары өндірісте зардап шеккендердің санының азаюына байланысты жарақаттану және кәсіби аурулар себептері бойынша жұмыс адам-күндердің шығындарының азаюының оң динамикасы байқалады (Статистика комитетінің деректері бойынша: 2016 жылы 92 278 а/к-нен 2017 жылы - 87817-ге дейін).

Біз жүргізетін ғылыми зерттеулер бұзушылықтарды жоюға, еңбек жағдайларын жақсартуға, әзірлемелерді қолдану арқылы, олардың ішінде өндірістегі кәсіби тәуекелдерді бағалау және басқару әдістемесі мен еңбекті қорғауды басқару жүйесі, өндірістегі жарақаттануды төмендету бойынша тиімді шаралар қолдануға мүмкіндік береді.

Бөлімдер:
19 наурыз, 2019 - 16:22 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші