You are here

Бюджеттік және қызметтік пәтерді жекешелендіру

Саламатсыз ба!  Бізге 2002 ж әкімшілік шешімімен бюджеттік және қызметтік пәтерді  Жаңаөзен әкімшілігі берді. Комиссия шешімі қалдық құнымен жекешелендіруге де шешімін шығарды. Өзім мектепте 23 жыл еңбек өтілім бар, екі балам бар. Бұл үй нольдік қалдық құнымен әкімшілік балансында тұр. Үй 1972 ж (тех.паспорт бойынша)   салынған.  Бізге шешімді 2002 ж берген. Тәуелсіз бағалаушылар пәтердің бағасын да шығарды. Сұрақ: Қалдық құнын есептеу үшін физикалық тозуын шешім берілген уақытынан бастап па, әлде үйдің эксплуатацияға берілген уақытынан бастап азайту керек пе?             Рахмет

Жауап: 

Құрметті Рабиға Ордабаевна!

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті, Сіздің өтінішіңізді өз құзыреті шегінде қарап, төмендегіні хабарлайды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 ақпандағы №81 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Ережесіне сәйкес Министрлік әлеуметтік-еңбек саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Министрліктің негізгі міндеттеріне мемлекеттік саясатты жасақтау, халықты әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік басқару және салааралық үйлестіруді жүзеге асыру кіреді.
Мемлекеттiк қызметшiлер мен бюджеттiк ұйымдардың, мемлекеттік кәсіпорындардың жұмыскерлерi қызметтік тұрғынжайларға теңестірілген тұрғынжайларды қалдық құны бойынша жекешелендiру шарттары «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi № 94 Заңымен реттелген.
Осыған орай, көтерілген мәселелер бойынша Сізге тұрғылықты жеріңіздегі әкімдікке хабарласу қажеттігін хабарлаймыз.

Сұрақтың нөмірі: 358946
14 наурыз, 2019 - 17:50 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету
Ящик идей
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші