You are here

Еңбек қызметі процесінде өтініштердерді дайындау кезінде электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалануға қатысты түсіндірме

   Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 34-бабына сәйкес жұмысқа қабылдау жасалған еңбек шарты негізінде шығарылатын жұмыс берушінің актісімен ресімделеді.
   Осылайша, жұмыс берушінің актілерін шығаруға немесе еңбек шартын жасасуға қызметкердің алдын-ала жазбаша өтінішін беру заңнамада көзделмеген.
Сонымен қатар еңбек қызметі барысында қызметкер және жұмыс беруші белгілі бір әрекеттерді жасау туралы бір-біріне хабарлауға міндетті. Мысалы, Кодекстің 33-бабының 2-тармағына сәйкес еңбек шартына өзгерістер мен толықтырулар, оның ішінде басқа жұмысқа ауысу кезінде тараптар 33-баптың 1-тармағында көзделген тәртіппен қосымша келісім жазбаша түрінде жүзеге асырады.
Еңбек шартының талаптарын өзгерту туралы хабарлама еңбек шарты тараптарының біреуі тарапынан беріпжәне ұсынған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде екінші тарап қарайды. Еңбек шартының оның ішінде басқа жұмысқа ауысу туралы хабарлама алған тарап қабылданған шешім туралы осы бапта көрсетілген мерзімде басқа тарапты хабардар етуге міндетті. Еңбек қатынастары процесіндегі ұқсас талаптар көзделген 37 - бапта көзделген (жұмысқа қабылдау үшін тестілеудің нәтижелерін хабарлау) 39 - бапта (қызметкерді жұмыс берушімен бірге басқа жерге ауыстыру туралы хабарлама) 46 - бапта (еңбек жағдайларының өзгеруі) 50 - бапта (тараптардың келісімі бойынша еңбек шартын бұзу туралы хабарлама) 53 - бапта (жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзу туралы хабарлама) 56 - бапта (қызметкер бастамашы еңбек шартын бұзу туралы хабарлама) 59 - бапта (қызметкерді таңдаулы жұмысқа ауыстыруына байланысты еңбек шартын бұзу туралы хабарлама) 93- бапта (демалыс кестесін өзгерту туралы хабарлама) 97 - бапта (төлемсіз демалыс туралы хабарлама) және Кодекстің 115- бапта (жалақыны шегеру туралы хабарлама).
Кодекстің 1-бабының 89) - тармақшасына сәйкес хабарлама қызметкердің немесе жұмыс берушінің жазбаша өтініш немесе басқа (курьерлік почта, почта байланысы, факсимилдік байланыс, электрондық пошта және басқа да ақпараттық-коммуникациялық технологиялар) тәсілмен ұсынылған өтініш болып табылады Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар электрондық ақпараттық ресурстармен жұмыс істеудің әдістер жиынтығы және аппараттық-бағдарламалық кешен мен телекоммуникация желісі арқылы жүзеге асырылатын ақпараттық өзара әрекеттесу әдісі ретінде түсініледі. Осылайша, қолданыстағы еңбек заңнамасында қызметкер мен жұмыс берушінің еңбек қатынастары барысында электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдаланып, өтініш беруі көзделген.
ТіркемеМөлшер
PDF icon spravka_po_ecp_kaz_sayt.pdf71.15 KB
18 ақпан, 2019 - 18:08 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету
Ящик идей
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші